Читайте также: |
|
Құбырлар сапасының мемлекеттік стандарттарға және әртүрлі техникалық талаптарға сайлығын қамтамасыз ету мақсатында, құбырларды бақылайды және сынайды. Бұл тәсілдердің біреулері барлық металл өнімдеріне тән, кейбіреулері құбырлардың сапасын бақылауға арнайыландырылған болады (1‑кесте).
Химиялық құрамын, макроқұрылымын, кристаларалық тоттану, микроқұрылымы, металдың металемес қосындылармен ластануын сынау, металл өнімдерін сынаудың жалпы тәсілдеріне жатады. Құбырларды сынау түрлері 2‑суретте келтірілген.
2‑сурет. Құбырларды сынау түрлері:
а‑ құбырларды иіліске сынау; б‑ құбырларды шетін қайыруға сынау; в‑ құбырларды алдын‑ала құралбілікпен кеңейту; г‑ құбырды кеңеюге сынау; д‑ құбырларды қысылуға сынау
1‑кесте. Құбырлардың сапасын бақылау әдістері
Бақылау әдістері | Жіксіз құбырлар | Пісірілген құбырлар | |||||||
Мұнайгаз жолдарына арналған | Жылу қондырылғыларына арналған | Мойынтіректерге арналған | Бұрғылауға арналған | Шегендеу құбыры | Тоттанбайтын | Мұнайгаз жолдарына | Су газ жолдарына | Құрылғылық | |
Қирататын әдістер | |||||||||
Механикалық сынақтар: созылуға соққы тұтқырлығына қаттылыққа Технологиялық сынақтар: иіліске кеңейтуге жалпайтуға | * * - - - - | * * - - * * | * - * - - - | * * - - - - | * * - - - - | * - - - - - | * * - - * * | * - - * * * | * - - * * * |
Киратпайтын әдістер | |||||||||
Геометриялық өлшемдерін бақылау Беттік қызуын бақылау Жалпайтуға сынау Жік сапасын бақылау Бұранды бақылау Өлшеу | * * * - - - | * * * - - * | ** * - - - * | * * * - * * | * * * - * * | * * * - - * | * * * * - * | * * * - * * | * * * * - * |
* - таңдап бақылау, ** - 100% бақылау, «-» - бақылау қажеттілігі жоқ |
Сынақтарды жүргізу үшін сынақтың түріне сай стандарттар бойынша тиісті үлгілер дайындалады.
Жіксіз және пісіру құбырларын ең үлкен қысымы р=200S Gдоп /dвн қысыммен сынайды (МЕСТ 3845‑75). Сынағанда қысымды, гидравликалық соққысыз, баяу көтеру керек. Құбырларды берілген қысыммен ұстап тұру уақыты құбырдың нормативті‑техникалық құжаттарымен анықталады. Сынағанда құбырда тамшылау және ылғалдану белгілері болмаса, онда ол сынақтан өткен болып саналады.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 324 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі. | | | Пісіру құбырларының түржиыны мен техникалық талаптары |