Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбекақы есебі және оны төлеу

КІРІСПЕ | Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы | Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері | Меншікті капитал есебі | Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі | Инвестициялар есебі |


Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі
  2. Адам қызметiн басқару және топты басқару
  3. Атқарушы билік және мемлекеттік қызмет
  4. Бүлінген және вирус жұққан файлдар
  5. Бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
  6. Бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
  7. Басқарылыну және бақылану

 

Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері.Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің котегориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шарт жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін. Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланады- кесімді(өнім сасынына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).

Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшермесі бойнша еңбеккерлергек есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімділік және сыйақылы мерзімділік және сыйақылы- мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерезімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді.Енді осы жүйегесандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылық- мерзімділік төлем болып табылады.

Тариф мөлшермесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және біріңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді. Ол келесі кестеде көрініс табады:

 

Кесте 6 - Тариф сеткасының біріңғай разряды:

Тариф сеткасының біріңғай разряды Тариф коэффицент (1 разрядқа қатынасы) Тариф сеткасының бірыңғай разряды Тариф коэффицент (1 разрядқа қатынасы)
  1,0 1,07 1,15 1,24 1,33 1,43 1,54 1,66 1,78 1,91 2,05   2,20 2,37 2,55 2,74 2,95 3,17 3,41 3,67 3,94 4,24

 

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлерді екіншіден жиырма біріншіге дейін бырыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірңіңғай тарифтік – мамандырылған анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.

Тарифтік мөлшермесін және әртүрлі машықтық – мамандырылған топтарындағы қызмет иесінің айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалқыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшермесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік –мамандарылған коэффиценттер бойынша анықтайды.

Тарифтік – мамндырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.

Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін,мамндығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді.олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.

Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбекақы туралы мәселесін ұжымдық келісім- шарттың негізінде дербес түрде шеше алады.Ал тарифтік- мамандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.

Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді(дана, ткм, килограмм т.б.).Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

Кесімді – сыйлық - бұл қосымша марапаттау төлемін қарстырылды, белгіленген белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пйдаланылады;

Кесімді - прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шыққандағы процентімен анықталады;

Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырмсаның немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нораларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды.Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады.Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар(уақыт, нормалары, өнімдер) мен бағалар негізіде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүреген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Еңбек ақы есебі және нормативтік реттеу:

Кәсіпорын шаруашылық қызметі барысында қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығарып отырады, яғни қызмет барысында олардың сандары өзгереді. Бұл өндірістер есебін кадрлар жүргізеді. Ол бүкіл субъектіге қызметкерлердің санын, оның өзгеру себептерін, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылданған кезде еңбеккерлермен жеке өзара келісім-шартын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түрдегі келісім. Онда жұмыс орны келісім-шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалыс жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

Жалақы деңгейін жұмыс беруші берлгілейді. Ол еңбек келісім-шартында тіркеледі.

Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:

1. Белгілі мерзімді;

2. Белгісіз мерзімді;

Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек кітапшасын жеке төл құжатын, жеке әлуметтік кодын (СИК, РНН) зейнеткерлік еңбек кітапшасын, білімі туралы құжат талап етуге құқылы.

Жұмыстан шығу 2 түрге бөлінеді:

1. Өз еркімен

2. Тәртіп бұзғаны үшін

Жұмыс уақыты еңбеккердің келгені, келмегені табельда көрсетіледі.

Тариф ставкасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады. Әр бір разряд үшін өзіндік тариф каефиценті белгіленеді.

Жұмыскердің мамандығы 1-8 разряд аралығында, ал 9-21 разряд аралығында біріңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады.

Кесімді прогрессивті еңбек ақы – төлемі жұмысшылырдың белгіленген нормада артық өндіргені үшін пайдаланады.

Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3450 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа олардың еңбек ақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады.

Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады. Жеке табыс салығын ұстауға бір мысал келтіріп көрейік. 2014 жылдың 22 желтоқсанында Шойбекова Жанар Жарасқызы «БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке еңбек келісімшартын үзеді. Желтоқсан айында Шойбекова Жанарға пайдаланбаған демалысы үшін 70570 теңге компенсация төленген болатын. Сонымен, Шойбекова Жанар Жарасқызының жылдық жиынтық табысы 640434 теңге құраған, оның ішінде ай бойынша:

Қаңтар 48 700 Шілде 48 700

Ақпан 48 700 Тамыз 48 700

Наурыз 63 700 Қыркүйек 68 700

Сәуір 48 700 Қазан 48 700

Мамыр 32 580 Қараша 48 700

Маусым 87 632 Желтоқсан 46 922

Жиыны: 640 434

Қызметкерлер мен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Баскітаптағы жазулар мен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын баланысындағысы мен салыстыру қажет.

Мысал. Бухгалтерияға Калмыкова О.С. 10.05.2014ж. 5-ші разрядтағы слесарь С-дан Калмыковтан В.Н. алимент ұстау туралы атқарушы құжаты келіп түскен, ондағы ұсталатын алименттің мөлшері жалақысының бестен бірін құраған.

<Слесарь Калмыков В.Н. мамыр айында толық жұмыс істеген, яғни 21 күн, 168 сағат.

Кәсіпорында аптаның бес күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 25 000 теңге құраған.Ағымдағы айда Калмыковқа негізгі жалақысының 75% мөлшерінде сыйақы есептелінген.

Сонымен, Калмыковтан ұсталатын алименттің сомасы мынаны құраған:

1. Алынған табыстың сомасын есептеу: </h4>

Мамыр айында есептелген жалақының сомасы - 33 250 теңге (25000 х 1,33);

Мамыр айында, алынған сыйақының сомасы - 24 937,5 теңге (33 250 х 75%);

Табыстың жалпы сомасы - 58 187,5 теңге;

1. Алынған табыстан ұсталатын сомасын есептеу:

- жинақ зейнеткерлік қорға аударылатын

міндетті зейнеткерлік жарнасының сомас- 5818,8 теңге;

- ағымдағы айда ұстауға жататын,

жеке табыс салығының сомасы - 3370,9 теңге;

Мамыр айында алынған табыстан

Ұсталынатын ұсталымның жиыны - 9189,6 теңге; (3370,9 +3370,9);

2. Ағымдағы айда слесарь Калмыковтың В.Н. алатын сомасы 48997,9 теңге (58 187,5-9189,6) құраған.

3. Атқарушы құжаты 10.05.2011 ж. Түскендіктен, элемент 10 мамырдан 31 мамырға дейіегі аралықтағы уақытқа (яғни 16 күнге) есептелінген; 7466 теңге = 48998/21 х 16 х 0,2. Келесі айларда алимент жалақының толық көлеміне есептелінеді.

Айырмашылық табылғанда олардың есептерін анықтау керек. Сондай – ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормаларымен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмысы үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар – жоқтығы, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар – жоғын тағы басқа толық анықтайды.

Жұмыс уақытымен нарядтар есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар жоқтығын анықтау қажет бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтармен жұмыс уақытының есебі табельіндегі жұмысшылардың аты – жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтері мен салыстыру керек.

Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар – жоқтығын, бір адамның аты – жөндері бірнеше есептеу – төлемдік тізімдемелерде (ведомствелерде) қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай - ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.

Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталады: жеке табыс салығы, зейнет ақы қорына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті, сондай – ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің кәсіпорынға материалдық зиянның орнын толтыруға; ақшалай начеттер (заңсыз жұмсаған қаржыны біреудің мойнына жазу); кредитке сатып алынған тауарға; газет пен журналдарға жазылғандары үшін; орындалатын (үкім) құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен ғана ұсталады.

Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексімен белгіленген тәртіп пен мөлшерде ұсталынады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 2418 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі құралдар есебі| Табыстар мен шығыстар есебі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)