Читайте также:
|
|
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Сол себепті кәсіпорынның экономи-калық жағдайын талдау кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдаудан бастауы тиіс. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.
Баланс мәліметтері бойынша 2013-2014 жылдары актив баптарының құрамы мен орналасуын 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1 - «БР-Берон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі активтерінің құрамы мен құрылымы, жыл соңына
Сомасы, мың тг | Құрылымы, % | |||
Активтер | 2013ж. | 2014ж. | 2013ж. | 2014ж. |
І. Қысқа мерзімді активтер: | ||||
Ақша қаражаты | 15,7 | 20,8 | ||
Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері | - | |||
Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | 3,4 | 4,3 | ||
Ағымдағы табыс салығы | 0,1 | 0,04 | ||
Қорлар | 1,4 | 1,0 | ||
Өзге де қысқа мерзімді активтер | (134) | 1,2 | 1,3 | |
Қысқа мерзімді активтер жиыны | 21,8 | 27,4 | ||
Сатуға арналған активтер | ||||
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер: | ||||
Жабуға дейін ұсталатын қаржы активтері | ||||
Туынды қаржы құралдар | ||||
Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | ||||
Үлестік қатысу тәсілімен есептелетін инвестиция | ||||
Негізгі құралдар | 47,1 | 51,4 | ||
Материалдық емес активтер | ||||
Кейінге қалдырылған салық активтері | ||||
Өзге де ұзақ мерзімді активтер | ||||
Ұзақ мерзімді активтер жиыны | 58, 7 | 78,2 | ||
Баланс | 100,0 | 100,0 |
1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорын мүлкінің құны 2014 жылы 63544 мың теңгені құрап отыр және ол 2013 жылмен салыстырғанда 53972 мың теңгеге не 13,7%-ға кеміген. Кәсіпорын мүлкі толықтай ұзақ мерзімді активтерден тұрады деп айтуға болады. Атап өткенде 2014 жылы қысқа мерзімді активтер құны 36353 мың теңгені ғана құрап отыр, бұл барлық мүліктің 27,4% ғана құрайды. Қысқа мерзімді активтердің негізгі бөлігін ақша қаражаты құрап отыр, егер 2013 жылы барлық мүліктің ішінде ақша қаражатының үлес салмағы 15,7% болса, 2014 жылы оның үлес салмағы 20,8% болып отыр.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
− жарғылық капитал;
− резервтік капитал;
− бөлінбеген пайда.
Кәсіпорынның мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен динамикасы
2 -кестеде келтірілген.
Кесте 2 «БР-Берон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншікті капитал динамикасы, жыл соңына
Капитал көздері | Сомасы, мың тг | Құрылымы, % | ||
2013 жыл | 2014 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | |
Жарғылық капитал | ||||
Эмиссиялық кіріс | - | - | - | - |
Сатып алынған меншіктің улес құралдары | ||||
Резервтер | ||||
Бөлінбеген пайда | ||||
Барлығы | 100,0 | 100,0 |
2-кесте мәліметтері бойынша меншікті капитал сомасы 2014 жылы 33239 мың теңгені құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 38493 мың теңгеге немесе 18,6 %-ға жоғарылаған.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері | | | Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі |