Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялар есебі

КІРІСПЕ | Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы | Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері | Меншікті капитал есебі | Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі | Негізгі құралдар есебі | Еңбекақы есебі және оны төлеу |


Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі
  2. Еңбекақы есебі және оны төлеу
  3. Меншікті капитал есебі
  4. Негізгі құралдар есебі
  5. Табыстар мен шығыстар есебі
  6. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша В2 рефлексивті есебі

 

Инвестициялар деп өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

 

Инвестициялық жылжымайтын мүлік келесі кестеде берілген:

 

Кесте 10 - Жыл соңына инвестициялық жылжымайтын мүлік қозғалысы:

 

Мың теңгемен

 

     
Бастапқы құн
1 қаңтарға    
31 желтоқсанға    
Құнсызданудан жинақталған тозу мен шығын
1 қаңтарға (1264) (1264)
31 желтоқсанға (1264) (1264)
Баланстық құн
1 қаңтарға - -
31 желтоқсанға - -

 

10 - кесте мәліметтері бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік мемлекеттік мекемелерге жалға беру мақсатында салынған офис ғимараты түрінде берілген.

2013 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша 1264 мың теңге көлеміндегі құнсыздану оның өтелетін құнына дейін есептен шығаруды білдірді. Өтелетін құнды бағалау сату шығыстарын шегергендегі пайдалану құнын және әділ құнды талдау негізінде жүргізілді, 2013 және 2014 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша нөлге тең болып бағаланды. Өйткені, Кәсіпорынның оның құрылысына кетер шығын өтеуін офистік ғимаратты сатып алу немесе жалгерлік төлемдер түрінде алуы екіұшты. Бұл бағалаулар болашақта өзгеруі мүмкін. Топ басшылығының ойынша, инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны 1663000 теңге құрады.

2.9 Өндірістік шығындар есебі (басқару есебі)

 

Кіріс пен шығыс есебі – бұл белгілі бір уақытта ұйымның қызметінің ойдағыдай болғанын өлшейтін есеп беру. Іскерлік және инвестициялық орталарда ол ұйымның рентабельдігін, инвестициялық құндылықтарды, несиеге қабілеттілікті анықтау үшін қолданылады. Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына ақша қаражаттары қозғалысының болашағын әртүрлі әдістермен болжауға көмектеседі.

Шығындар функциясы немесе сатылған өнімнің өзіндік құны деп аталынады және шығындарды олардың функцияларына сәйкес сатылған өнімнің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет түрінде жіктейді. Бұл әдісті ұсыну қолданушыларға шығындарды сипатына қарай жіктеуден неғұрлым нақты ақпарат береді. Бірақ функцияларына қарай шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін және субьективті елеулі үлесті болжайды.

Келесі кестеде қаржы шығыстары мен кірістері берілген:

 

Кесте 11 - Жыл соңына қаржы шығыстары мен кірістері мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

     
Қаржыландыру шығыстары
Кредиттер бойынша пайыздар    
Қаржылық жалдау міндеттемелері бойынша пайыздар    
Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау    
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді дисконттау    
     
Қаржыландыру кірісі
Ақша қаражатының қалдықтары бойынша кіріс    
Депозиттер бойынша пайыздық кіріс    
Шығарылған кепілдіктер бойынша пайыздық кіріс    
Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау амортизациясы    
Ұзақ мерзімді берешекті дисконттау амортизациясы    
     

 

Келесі кестеде қызметкерлерге шығыстардың корреспонденциялық шоттарда көрсетілген:

 

Кесте 12 – Жыл соңына қызметкерлерге арналған шығыстар мынадай шоттармен берілді:

Мың теңгемен

      Дт Кт
Жалақы     7010, 7210  
Еңбекке ақы төлеу қорынан салықтар        
Қызметкерлерге сыйақы беру туралы шығыстар     7010,7210  
         

 

Келесі кестеде пайда салығы бойынша шығыстар берілген:

 

Кесте 13 – Жыл соңына табыс салығы бойынша шығыстар мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

     
Ағымдағы корпоративтік табыыс салығы бойынша шығыстар    
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша жеңілдік (2757) (1232)
Салық ставкасының өзгеруінен пайда болған мерзімі ұзартылған табыс салығы бойынша шығыстар   -
     
20% (2013ж.: 20%) көлеміндегі ресим ставканы пайдалану арқылы есептелген салық салынғанға дейінгі пайдаға қатысыт табыс салығы бойынша шығыстарды 2014 жылдың ағымдағы корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстармен салыстыру төменде берілген:
     
Салық салынғанға дейінгі жалғасатын қызметтен пайда    
Салық салынғанға дейінгі тоқтатылған қызметтен пайда    
Cалық салынғанға дейінгі пайда   54.281
20% ресим салық ставкасы бойынша есептелген табыс салығы    
Қауымдастырылған компаниядағы салық салынбайтын үлес (5207) (6499)
Танылмаған кейінге қалдырылған салық активтеріндегі өзгеріс (702) (64)
Салық ставкасының өзгеруінен кезең басындағы кейінге қалдырылған салық нәтижесі   -
Шегеруге жатқызылмайтын шығыстар   (194)
Пайда салығы бойынша барлық шығыс    

 

Кесте мәліметтері негізінде бір мысалға келтірілген корреспонденциялар:

Дт Кт Сомасы, мың тг.

Ағымдағы корпоративтік 7710 3110 5330

табыс салығы бойынша

шығыстар


 

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР

 

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде» теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын. Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым. Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «1С: Предприятие» бағдарламасы бухгалтерияны жүргізуде қолайлы істер атқарады. Салық есептемелерін ЭФНО, ИСИД, ИНИС, НДС, СГДС бағдарламалары жүргізеді.

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр. Салық басқармасына есептілікті жалпыға бірдей қолданылатын режиммен өткізеді. Салық органдарымен электронды есептілік туралы келісімі болғандықтан декларацияларды СГДС-клиент арқылы ұсынады.

Осы жұмыстың қортындысы ретінде талау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дағдарыс кезеңінде өзін өндірістік бірлік ретінде сақтап қала алды.

Кәсіпорын өзінің өндірістік қарқынын өсіре отырып кірістілгін арттырып отыр.

Кәсіпорын жылдан жылға өндірістік жылды пайдамен аяқтап отыр.

Кәсіпорынның одан ары дамуының перспективасы бар және нарық заманында өз орынын нықтай алады.

Кәсіпорынға жетіспейтін негізгі және айналымды құралдарды толтыру үшін сырттан қарыздық құралдармен инвестициялық қорларды белсенді түрде тарту керек.

Жоғарғы айтылған мәліметтерге сүйене отырып төменгідей ұсыныстар жасауға болады:

Тауарлық-материалдық құндылықтардың бей-берекет жұмсалмау үшін және сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында бар материалдық, ақшалық қозғалыстарды қатаң қадағалап отыру.

Қойма шаруашылығын керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, ТМҚ-ы сақтау технологияларын қатаң ұстану.

Өндірістік қорлардың түсуі, жіберілуі мен өңделуіне ішкі бақылауды күшейту және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану керек.

Ақша құралдарын мақсатты және нәтижелі пайдалану үшін ішкі бақылауды жолға қою керек.

Жауапкершілікпен есеп тәртібін көтере түсу үшін қойма меңгерушілер мен басқада материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың күнделікті есеп беруін іске асыру керек.

Ай сайын жүйелі түрде мердігерлермен және жабдықтаушылармен салыстыру тексерулерді іске асырып, сонымен қатар дебиторлар мен кредиторлар арасындағы есеп айырысуды жолға қою керек.

Нормативтен жоғары қорлардан және жойылымы жоқ материалдардан құтылу үшін айналымдағы құралдар көлемін нормалап отыру керек.

Ұжымның сенім-хатымен жұмыс істейтін адамдар тізімін анықтап, қатаң есепке алу керек.

Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.

 


 

1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

2. Халықаралық аудит және сапа бақылау стандарт жинағы, - Халықаралық бухгалтер федерациясы, Алматы. 2009

3. Аудиторлық қызмет туралы ҚР-ның заңы.2007 жыл, 26-наурыз. (2012.10.07 жылғы берілген толықтырулар мен өзгертулер енгізілді)

4. Қаржылық есептіліктің аудиті, Байболтаева, Н.ә., Алматы 2011 Эл.р

5. Қаржылық есептіліктің аудиті, Байболтаева, Н.ә., Алматы 2011 Эл.р

6. Аудит бизнеса. Практика и проблемы развития-Булыга Р.П., Мельник М.В.- Юнити-Дана, 2013 г.

7. Аудит: Учебное пособие Е. Р. Баханькова, 2013, Мягкая обложка

8. Абленов Д.О. Аудит негіздері – Алматы, 2010,

9. Қазакстан аудитының халықаралық стандарттары – Алматы. 2010

10. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: Теория, әдіснама, практика: Оқу құралы. / Д.О. Абленов.- Алматы: Экономика, 2010.- 528 б.;

11..Қаржылық талдау: оқу құралы /В.З.Черняк, Ү.Ж.Шалболова.- Астана:Фолиант, 2013. - 160 б.

12..Қаржылық талдау: оқулық / Т. Ж. Демесінов. - Алматы: Дәуір - 2011. - 320 б.

13. Қаржылық талдау: оқулық / Б. С. Өтебаев. - Астана: ҚазЭҚХСУ, 2008. - 220 б

14. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары және оларға әдістемелік нұсқаулар

15. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2010 жыл

16. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2010 жыл

17. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2010 жыл

18. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2010 жыл

19. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2011 жыл

20. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2011

21. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2010

22. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2011

23. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2010 жыл

24. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2011 жыл


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 612 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Табыстар мен шығыстар есебі| Запись относится к месту:Германия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)