Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша В2 рефлексивті есебі

Читайте также:
  1. I Қаржылық есеп» пәні бойынша
  2. IV МЕНЕДЖМЕНТ САПА ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ МАМАН ДАЯРЛАУ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР
  3. Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі
  4. А) Серіктестікті дамыту бойынша қызметті бағалау туралы ақпарат
  5. Аудиториядағы студенттерді оқутышымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ) шеңберіндегі сабақ жобалары.
  6. Аудит» пәні бойынша
  7. Гидропоршеньді сораптар бойынша есептер құрылысы.
Мұғалімнің жазбалары Тренердің ескертпелері
  Сабақтың тақырыбы:Оқу құралдары. Негізгі түйінді идея: Оқу құралдарының оқушы өміріндегі маңыздылығын түсіну. Сабақтың мақсаты: Оқу құралдары туралы толық білім алу. Мен тәжірибеге мектепке барған кезде уақыттың шектілігінен және тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша осы сабақ өткізетін 5 «Б» сыныбы бойынша дәл осы «Менің мектебім» тарауы тұр екен және тізбектеліп тұрған осы тақырыптар болды, сондықтан көп ойланбастан жоспар бойынша келіп тұрған тақырыптарды алдым. Ал сабағымды өткізу үшін мен орта буындағы 5 «Б» сыныбын таңдап алдым. Себебі бұл сынып жаңа дүниеге тез бейімделгіш, жауапты және өзге ұлт өкілді оқушылар саны көп сыныптардың бірі. Ал білімдері орта деңгейде. Осы сабағыма оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отыра орташа білімді, өзге ұлт өкілдері мейлінше көбірек сыныпта сабақ өтілгеннен кейін қандай өзгеріс, болатынын білгім келді. Осы тәсіл дәл осындай дәрежедегі сыныпқа қандай нәтиже беретіні жайлы білгім келді. Міне, сондықтан мен осы сыныпты алдым. Сыныбыма тоқталып кетсем, сыныптағы оқушылар саны – 15 оқушыны құрайды.Оқушылардың жас мөлшері әртүрлі. Жеке жүргізілетін сабақтарға аралас жас шамасындағы оқушылар келеді. Оқушылардың қабілеттеріне қарай топқа бөлмеймін. Сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей оқуға ынталы емес.Олардың білім алуына тек ата-аналары итермелейді. Олар әртүрлі пәндер бойынша бірдей белсенділік танытпайды. Оқу барысында оларға түрлі сергіту сәттерін өткізген ұнайды, жаңа тақырыпты меңгеру азырақ ұнайды.Мен оқушыларымның қазақ тілінде таза сөйлеу сияқты қабілеттерін әлі аша алмадым. Сондықтан мен сабақтарымда диалогтық тәсілді көбірек қолданып, оқушылардың қазақ тілінде таза сөйлей алуға бағыттауым керек.Оқу барысында оқушыларға өз ойын толық жеткізе алмау сияқты қиындықтар кездесіп тұратынды. Сабағыма диалогтық тәсілді қолдану оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ойларын толық жеткізуде оң нәтижесін береді. Менің тұжырымдамам бойынша, дәл осы диалогтық тәсіл әр сабағымда қолданылу керек. Оқушыларым білім алуда дәстүрлі тәсілді қолданады. Олар өз беттерімен жұмыс атқарғанда тек орта деңгейде ғана нәтиже көрсете алады. Ал оқытуда 7-модуль кіріктірілген жаңа әдісті қолданғаннан кейінгі оқушылардың қалай өзгергендіктері жайында әлі де көретін боламыз. Алатын өзгеріс нәтижелі болу үшін әр сабағыма оқытудың 7-модулін енгізуге тырысып, әр жаңа тәсілді нақты бір модульмен ұштастырдым. Ал сабағыма келетін болсақ, осы сабағымды амандасып, «Шаттық шеңбері» тренингін өткізуден бастадым. Өйткені сабағымда оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдаланатын болғандықтан, сыныптағы оқушылардың арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру, мен үшін өте маңызды болды. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне арналған жүрекжарды тілектерін айтты. Тренинг барысында өзге ұлт өкілді оқушылар қазақша тілек айтуға кішкене қиналды, бірақ сонда да тілдерін бұрмалап, ойларын жеткізуге тырысты. Мысалы: (В) есімді оқушы (Д) есімді оқушыға «Сабак бес ал!» деді, ол сабақта бес алуына тілектеспін дегені. Ал (Д) есімді оқушы (А) есімді оқушыға тілек айтудың орнына «Сен әдемі!» деп тапсырмадан ауытқып жатты. Бірақ осындай жағдайда үндемей тұрып қалмай әйтеуір амалын тауып, бір сөзді қатемен айтса да, қазақша айтуға тырысып жататындықтарын байқадым. Ал бір-біріне қазақша айтылған тілектерді оқушылар қуанып жақсы қабылдап жатты. Тренинг барысында оқушылардың көкірегі сайрап тұрса да, шығарып айта алмайтындықтарын байқадым. Менің мақсатым олардың іштеріндегі ойларын таза қазақ тілінде сыртқа шығарып жеткізе білуге үйрету. Осы тренинг сәтті ұйымдастырылды, себебі сыныпта ынтымақтастық орта қалыптасып, оқушылар зейіні жаңа сабаққа шоғырланды. Одан әрі қиылған оқу құралдарының суреттерін құрастыру арқылы оқушылар топқа біріктірілді.Себебі сабақта оқушылар өздігінен білім алуға үйрену үшін топтық жұмыс ұйымдастыру керек. Өйткені жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл ғой! Жалғыз оқушының ойы өзіне аз болады, ал бірігіп айтылған бірнешеуінің ойы әр түрлі. Сан-алуан ойдан оқушы тек өз ойымен шектеліп қана қоймай өзіне керек жаңа идеяны, пікірді алып жатады. Мұғалімнің айтқанынан гөрі оқушылардың бір-біріне айтқаны мейлінше өздерінің тілдерімен тиімді болады. Бір-бірінің айтқанын тез қағып алады. Осының нәтижесінде олар бірігіп жұмыс жасауды, мәселені талқылауды, ақпарат алуды және өздігінен білім алуды үйренеді.Топтық жұмыстың осындай жақсы нәтижелері болғандықтан оқытудың жаңа тәсіліне бағдарламаны құрастырушылар топтық жұмысты енгізген деп ойлаймын. Осы әдіс арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылды. Үй тапсырмасын сұрауда мен «Бес саусақ» тәсілін қолдандым. Осы тәсіл үй тапсырмасын сұрауға маған өте тиімді болды, өйткені тек белсенді, озат оқушылар ғана үй тапсырмасына жауап беретін, ал қалған оқушылар шетте үндемей қала беретін. «Бес саусақ» тәсілін арқылы мен сыныптағы барлық оқушылардың үй тапсырмасына жауап беруін қамтыдым. Үй тапсырмасын оқушылар «Бағдаршам тәсілі» арқылы бағалады. Бағалаудың бұл формативті түрі өте сәтті болды. Себебі оқушылар бір-бірінің қатесін ашып айтып, әділ бағаларын қойды. Үй тапсырмасына жауап беріп тұрған оқушы бойында бағалау бойынша еш сұрақ немесе реніш болған жоқ және осы формативті бағалау тәсілі арқылы оқушылар өз-өзін бағалауды, бір-бірін бағалауды үйренді. Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Жұмбақ шешу» арқылы ой қозғадым. Осы тапсырманы орындау барысында, олар жұмбақ жауаптарын сабақпен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбын тез ашты. Сабақтың тақырыбын жұмбақтар шешу арқылы анықтағандары оқушылар арасындағы ашық сұрақтар қоя отырып, диалогтік тәсілді қолдануға ықпал етті және бұл мені қатты қуантты, өйткені осы тәсіл арқылы оқушыларым сабақтың басынан бастап сыни тұрғыдан ойлауға бағытталды. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларға «Бес саусақ» тәсілі арқылы оқу құралдары атауларына байланысты сөздермен сөйлем құрау сияқты топтық тапсырмалар берілді. Осы тапсырма сәтті болды, себебі оқушылар қандай сөйлем құрастыратындары туралы ақылдасып, топпен жақсы жұмыс жасады, құрастырған сөйлемдерін «Бес саусақ» тәсілі бойынша оқып, аударды және осы тапсырма орындау барысында барлығы атсалысты. Оқулықтағы «Оқу құралдары» атты мәтінді талдауда «Диалогтік тәсілді» қолдандым, бірақ мәтіннің ішінен омоним, синоним, антоним сөздердерді табу сияқты грамматикалық тапсырмалар орындау сәтсіз болды. Өйткені өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілі пәнінен грамматикалық тапсырмалар орындау қашанда оңайға соқпайды. Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында ережелерді еске түсіріп,талдап көп уақыт алды және өздеріне берілген шектеулі уақыттан асып кетті. Осы тапсырманы қорытындылағанда диалогтік тәсілді қолданғаным өте тиімді болды. Себебі оқушылардың тапсырма бойынша жеткізе алмай тұрған ойларын мен сұрақ-жауап арқылы, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы диалог арқылы алып шығуға бағыттадым. Сонда да оқушылар диалогтік тәсіл бойынша ойларын таза қазақ тілінде жеткізе алмады, бірақ мен өз ойларын орыс тілінде болса да айтып жеткізуге мүмкіндік бердім. Бұл осы сабақтағы өте сәтсіз кезі болды деп есептеймін. Бірақ осы тапсырма мүлдем орындалмай қалды деп айта алмаймын, өйткені мен тапсырманың толық орындалуы үшін оқушыларға барынша бағыт бердім. Мысалы: өздерінің ойын қазақша толық айтып жеткізе алмаса да, орыс тілінде өз ойларын толық жеткізді. Сәтсіз тапсырма болғанымен, бір жақсы тұсы болды. Мысалы: грамматикалық тапсырманы орындау барысында диалогтік тәсілді қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай алатынын байқадым және Мерсер сипаттаған, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында - оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) тең құқылы серіктестер болып табылады деген тұжырымдамасына көз жеткіздім. Осы жағдай мені қатты қуантты. Келесі сабақта грамматикалық тапсырма бермес бұрын, ережелерді еске түсірту керек екенін түйдім. Қанша дегенмен оқушылармен осыған дейін дәстүрлі түрде сабақ өтілгендіктен, барлық ережелер көбінің есінде тұрақты қала бермейді. Өйткені менің ойымша ол жаттанды дүние болғандықтан, оқушылардың біразы оны кейіннен осындай тапсырмалар барысында қолдана алмай қалады. Сондықтан грамматикалық тапсырма бермес бұрын оларға ережеге шолып, еске түсіртіп не болмаса осы ережелерді толық қайтадан түсінетіндей тапсырмалар орындату керек. Неғұрлым осындай тапсырмаларды орындатып, оқушыларды грамматикалық тапсырмалар орындауға бейімдеп алсам, соғұрлым осы тапсырма сәттірек өтер еді. Келесі сабақтарымда осы жағдайды ескеретін боламын. Осы тапсырманы оқушылар арнайы бағалау критерийлері арқылы бағалады. Сонда осы тапсырма бойынша алған бағалары орташа болды, бірақ оқушыларға бұл сабақтағы соңғы тапсырма емес, сондықтан бағаларын жөндеуге әлі де уақыттары бар екенін айтып, жігерлендірдім. Оқушылар жақсы баға алуға әлі де мүмкіндіктері бар екендерін түсініп, келесі тапсырмаларды жақсы деңгейде орындауға зейіндерін шоғырландырды. Келесі тапсырмам топтық жұмыс жасауға бағытталған болды. Әр топқа жеке-жеке тапсырма берілді. Мысалы: бірінші топқа - оқу құралдары туралы толық ақпарат берілген постер дайындау; екінші топқа - оқу құралдарының оқушы өміріндегі маңыздылығы туралы постер салу; үшінші топқа - оқу құралдарының өмірмен байланысы туралы постер салу сияқты тапсырмалар. Аталған топтық тапсырмалар өте сәтті болды. Себебі оқушылар бірігіп жұмыс жасады. Олар топта отырып, бір-бірімен ақылдасты, тапсырманы талқылады, өзара еңбекті бөлісті, әрқайсысы өз пікірін айтты, тақырыптың мазмұнын ашуға тырысты, өздерінің жұмысы басқа топтарға қарағанда ұтымдырақ болуына атсалысты, оны қалай қорғайтындары, ұтымды ұсынатындары туралы ойланды. Осы кезде мен сыныптағы топтық жұмыстың оқушылардың өз бетінше білім алуға жетелейтініне көзімді жеткіздім. Өйткені олар дайын тұрған ақпатратты емес, өздері жасаған жұмысты көрсетулері керек еді.Сондықтан өз беттерінше ізденіп, оқу құралы тақырыбын жан-жақты зерделеді. Бір-бірінің ойын толықтыра отырып, білімдерін кеңейтті. Топтық жұмыс барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдылары айқын көрініп тұрды. Демек сыныптағы топтық әңгіме оқушыларға тек өз беттерінше білім алуға ғана бағыттамай, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытатындығы туралы тұжырымдамаға келдім. Оқушылар топтық жұмыстарын ортаға шығып қорғай бастады. Топтық жұмысты қорғау барысында, орташа немесе төмен оқитын оқушылардың ортаға шығып, постерлерін қорғауға қызығушылықтарын танытып, ұмтылатындарын байқадым. Олар постерлерін қысқаша, нақты қорғауға тырысты. Бірақ осы тапсырмадағы бір ғана сәтсіздік, жұмыстарын қорғауда ойларын толық қазақша жеткізе алмаулары болды. Осы жағдайда мен оқушыларым оқу құралдары туралы тапсырмаларын толық айтып берулері үшін оларға жасаған жұмыстары бойынша сұрақ қою арқылы диалогтік тәсілді қолдандым. Мен қойған сұрақтар бойынша оқушылар жауап беруге қиналған кезде, тіпті орысша болса да жауап берулеріне мүмкіндік бердім. Сабақтағы менің осы әрекетім арқылы оқушылар орысша болса да, өз ойларын толық жеткізе білді. Әрине алдағы уақытта осындай жағдайды болдырмауға көп көңіл бөлетін боламын. Себебі қазақ тілі сабағы болғандықтан, сабақтың басынан аяғына дейін оқыту таза қазақ тілінде жүргізілуі керек. Тәжірибемдегі мұндай жағдайда мен қапаланған жоқпын, өйткені бәрі уақыт желісімен болады ғой, бастамай тұрып бірден дайын бола қойған әлі ешнәрсе жоқ. Бәрі де өз уақытымен, біртіндеп қалыптасады. Мен қалай оқытудағы 7-модульді сабағыма біртіндеп енгізуді үйреніп жатырсам, оқушыларым да, дәл солай таза қазақ тілінде өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді. Әр топ өз жұмыстарын қорғап болған соң, бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы формативті бағалады. Жалпы осы бағалауға келетін болсам, әр тапсырмадан кейін жасалатын формативтік бағалау түрлері сабақта оқушыларды оқу үшін ынталандыратын, білім алуға құштарлығын оятатын тәсіл екенін білдім. Формативті бағалау менің оқушыларды бағалауыма көмегін тигізді, себебі оқушы, мұғалім, ата-ана арасында баға үшін қашанда дау, түсініспеушілік болып жатады. Ал әр тапсырмадан кейін жасалған «Бағдаршам түстері; тәтті таратылым; екі жұлдыз,бір тілек; бағалау парақшалары» сияқты формативті бағалау түрлері арқылы барлық оқушы өздерінің сабақта қаншалықты жұмыс жасағандарын және өздеріне тиісті бағанын қандай екенін біледі. Мен формативті бағалау түрлері арқылы осы уақытқа дейін дәстүрлі сабақтардағы өзімді қиналтатын оқушыны бағалау мәселесінен арылдым. Бұл менің мектептегі тәжірибемдегі ең жақсы нәрсе болды. Сабақ басында әр оқушы алдына бағалау парақшаларын таратқан едім. Сабақ соңында оқушылар алдарындағы бағалау критерийлері жазылған парақшалары бойынша өз бағаларын айтты, ал мен болсам, сол бағаларын журналға қойдым. Келесі кезекте оқушыларға үй тапсырмасын бердім, ол тапсырмада оқу құралдары тақырыбына байланысты сөздерге сөйлемдер құрау, эссе жазу керек. Осы сабақтың қаншалықты меңгерілгені туралы білу үшін сабақ соңында кері байланыс орнаттым. Осы кері байланыс орнату осы сабақты келесі сабақпен байланыстыру сияқты оң әсерін берді. Себебі осы сабақты әр оқушының қандай дәрежеде меңгергенің, алдағы сабақта не қызықтыратыны, осы сабақта оларға қандай тапсырма ұнағаны жайлы білдім. Мысалы (А) есімді бала «Маған осы сабақ ұнады, мен бұл сабақта сурет салдым, топпен жұмыс істеген жақсы екен» деп жазды, ал (Я) есімді оқушы «Келесі сабақты да, осы сияқты өткізіңізші!» деп жазыпты. Көбі сабақ ұнады деп жай ғана жаза салыпты. Сондықтан келесі сабақта кері байланысты орнату үшін арнайы сұрақтар қойып, сол арқылы ойларын жазғызу керек деген шешімге келдім. Сабағыма мен өтіп жатқан курстың 70 пайыздығынан өткен мұғалім қатысқан еді.     Соның сабақ соңында айтқан пікірі: «Сабақ басынан аяғына дейін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Бұл өте тамаша, өйткені берілген әр тапсырмадан мен арнайы бір модульдің нышанын байқадым. Оқушылар сабақта топтық жұмыстың не екенін біледі және бірлесіп білім алуға бейімделгендіктерін байқадым. Оқытудың 7-модулін сабаққа енгізуді енді ғана үйреніп жатырғанына қарамастан әр тапсырманда жүйелілік бар, бірақ грамматикалық тапсырма барысында оқушыларын жақсы жауап беруі үшін алдын-ала грамматиканы жиі еске түсіру керек немесе мұндай тапсырманы жеңілдетіп ұйымдастыруға тырыс. Жалпы, сабақта оқушылардың сапалы білім алғандығы көрінді.» Мектептегі тәжірибемдегі өткізген сабағымның осылай бағаланып, ұсыныстардың айтылғанына қатты қуандым. Сабақ соңында үлгерімі орташа және төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасының артқанын, орысша болса да, өз ойларын толық жеткізуге қорықпайтындықтарын, топта бірлесіп жұмыс жасай алатындықтарын, кейбірінің көшбасшылық қасиеттерін және ең бастысы өздігінен білім алуға бағытталғандықтарын байқадым. Ал өзіме келетін болсам, дәстүрлі сабақпен салыстырғанда, сабақта оқытудың 7-модулін қолданғанда, оқушылардың алған білімі жаттанды емес, өздері оқып, талқылағандықтан кейін қолдана алатындай есте сақталады, оқуға қызығушылықтары артқаны соншалық, мен көп сөйлеп, күш-жігерімді жұмсап бұрынғыдай шаршаған жоқпын, тек бағыт беріп тұрдым. Сабақ соңында «Алдағы уақытта барлық сабақтарымды дәл осындай оқытудағы 7-модульді пайдалану арқылы өткізетін боламын!» деген тұжырымдамаға келдім.        

 

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 1662 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Арктичні грунти| Общая характеристика программы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)