Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері

КІРІСПЕ | Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі | Негізгі құралдар есебі | Еңбекақы есебі және оны төлеу | Табыстар мен шығыстар есебі | Инвестициялар есебі |


Читайте также:
  1. Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәнінен сұрақтар
  2. Есептің қойылымы
  3. Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы
  4. Олданылу ерекшеліктері

 

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен ұйымдастырылуына жауапты тұлға болып кәсіпорынның бас бухгалтері табылады. Бас бухгалтер бухгалтерлік есептің жүргізілуінің басты сұрақтарына жауап береді,сонымен қатар ішкі бақылауды ұйымдастыру мен Бас кітапқа жазбаларды енгізу, қаржылық есеп беруді құрастыруды жүзеге асырады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерия жұмыскерлерінің қызметтік бағдарламасын қалыптастыра отырып, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне қатысты кәсіпорын қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді.

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның болғандығын растайтын бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Меншікті капитал, кәсіпорын активтері, міндеттемелері, пайдасы мен шығынына әсер етуі мүмкін барлық шаруашылық операциялар мен шаруашылық қызметтің басқа да жағдайлары кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табады. Бухгалтерлік жазбалар компьютерлік жүйе арқылы немесе қолмен де енгізілуі мүмкін. Бастапқы құжаттар келесі міндетті реквизиттерден тұрады:

- құжат атауы

- құралу мерзімі

- құжат жасаушы субъект атауы

- шаруашылық операция мазмұны

- шаруашылық операцияның жүзеге асырылуына жауапты тұлғалар атаулары

- жеке қолтаңба, қолтаңба иелерінің аты-жөні.

Бастапқы құжаттар операциялардың орындалған немесе аяқталған кезінде жасалынады. Кассалық немесе банктік құжаттарға өзгертулер енгізу қарастырылмайды, қалған жағдайларда түзетулер шаруашылық операцияға қатысушы тұлғалардың келісімімен түзету уақытын көрсете отырып,сол тұлғалардың жеке қолымен бекітіліп жүргізіледі. Бастапқы құжаттарда берілген ақпарат жинақталып бухгалтерлік есеп регистрлеріне көшіріледі. Бухгалтерлік есеп регистрлерінде берілген ақпарат жинақтала отырылып сәйкесінше қаржылық есеп беруде көрсетіледі.

Еншілес ұйымдар сатып алынған күннен бастап толықтай Кәссіпорынға біріктіріледі және ол күн Кәсіпорынның еншілес ұйымда бақылауға алған күні болып табылады, әрі осындай бақылауды жоғалтқан сәтке дейін біріктіру жалғастырылады. Еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі Кәсіпорын компанияларының барлығы үшін есеп саясатын ретпен қолдану негізінде бас компанияның есептілігі дайындалған кезеңге дайындалады.

Қабылданған есеп саясаты 2011 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген бұдан әрі қаралатын жаңа және қайта қаралған Стандарттар мен Интерпретацияларды қоспағанда алдыңғы қаржы жылында қолданылған есеп саясатына сәйкес келеді:

· 2011 жылғы 1 қаңтарда бастап күшіне енген 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» ҚЕХС (IAS) түзету;

· 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енген 32 «Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну» ҚЕХС (IAS) түзету;

· 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 14 «Минималды қаржыландыру туралы талаптарға қатысты алдын ала төлем» IFRIC интерпретациясы;

· ҚЕХС жетілдіру (2010 жылғы мамыр).

Шоғырландырылған қаржылық есептілік Компанияның және оның негізгі еншілес ұйымдарының функционалдық валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылады.

Шетел валюталарындағы операциялар тану критерийлерін қанағаттандырған күні қолданыстағы спот-бағам бойынша функционалдық влютада ескеріледі.

ҚР-ң ресми айырбастау бағамы ретінде Қазақстан қор биржасы белгілеген орташа мөлшерленген валюта бағамдары пайдаланылады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы| Меншікті капитал есебі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)