Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоримдер.

Косымша | Ескерту. | ЛАРИНГОСПАЗМ | Сабак №9 | Сабак № 9 | Сабак №11 | Сабак № | Есеп №7. | Миокардиттер | Сабак № 14 |


Читайте также:
  1. Алгоримдер
  2. Алгоримдер
  3. Алгоримдер
  4. Алгоримдер
Иммунды алдын алудың принциптері Принциптерді жүзеге асыру
1. Егілетін баланың толық денсаулығы · Егу алдында баланың даму тарихында десаулық жағдайы мен белгілі бір екпені жасауға болатыны туралы жазуды тексеру.
2.санитарлы-гигиеналық тәртіпті міндетті түрде сақтау принципі · Екпелерді жасауға тек дені сау; қолы, терісі, шырышты қабаттары жарақаттанбаған, медициналық қызметкерлерге рұқсат беріледі. · Екпе жасау алдында егу кабинетінде еденді, қабырғаларды, жихазды дез. ерітіндімен сүртіп алу; үстөлді, кушетканы эалалсыздандырылған ақжаймамен жабу; · Мед. қызметкер тырнақтарын қысқалап алып, таза қалпақ пен халат киіп, қолындағы сақиналарын, білезіктерін алып тастап, қолын сабындап жуып, саусақтар ұшын спиртпен сүртеді. · БЦЖ мен туберкулинді бөлек сақтау
3. Екпе препараттарын дүрыс сақтау принципі · Барлық вакциналарды салқындатқышта сақтау · Ашылғаннан кейін ампуладағы вакцинаны тек бірінші 2-4 сағат арасында ғана қолдану (қолдану шарты: беті дәке салфеткамен жабық болу және БЦЖ, қызылша, «Тримовакс» вакциналары үшін жарықтан қорғайтын конус болу керек).
4. Қолдану алдында вакцинаны тексеру принципі Қолдану алдында вакцинаны тексер: · Вакцинаның атауын, жарамдық мерзімін, ампуланың қалпын, ішіндегі препараттық өзгермеуін.
5. Еңгізу іс әрекетін ұқыпты сақтау принципі · БЦЖ-ны тек тері ішіне жасау · АКДС- ны бұлшық етке · АДС, АД-анатоксинін тері астына не бұлшық етке · Полиомиелитке қарсы вакцинаны ауыз арқылы · Паротит, қызылша моновакциналарын – тері астына · «Тримовакс»-тері астына · «Энджерикс» (гепатитке қарсы)
6.Жасалған вакцинаны тіркеу принципі · Жасалған екпе туралы мәліметтерді (жасалған мерзімін, атауын, еңгізу техникасын, мөлшерін, сериясын) алдын алу екпе журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына еңгізу.
7.Екпеден кейінгі асқынуларды тізімге алу принципі · Екпеден кейін бірден баланы бір сағат бақылау, келесі үш күн бойы тағы да бақылау (ата-анасын асқынулардың мүмкін болуы туралы айтып қою) · Екпеден кейін болушылық әсерлер туралы дәрігерге хабарлау

 

тыныс алудың түрі мен жиілігін анықтау

Көрсеткіші: тыныс алудың негізгі сипаттамаларын анықтау.

Керекті құралдар: сағат, қалам,температуралық парақ.

Ескерту: тыныс алуды қозғалыссыз күйде 1 минут бойы санау.

 

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру •анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Тыныштық жағдайды қамтамасыз ету • балалардың тыныс алу ритмі ырғақсыз, мазасыздық, айқай-шу тыныстың жиіленуіне себепкер болады.
3.Ќолды жуу, бессаусақты қолғапты кию •жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
4. Баланы ынғайлы жағдайда, кеудесі мен ішін көретіндей қылып, жатқызу •емшара нәтижесін қамтамасыз ету үшін
5. Кеуде торы мен іштің алдынғы қабырғасы қимылдарын көзбен бақылау • тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі.
6. Тыныс алудың түрін белгілеу және 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау. • балалардын тыныс алуы ырғақсыз болуына байланысты, емшара қорытындысын қамтамасыз ету
7. Тыныс қимылдар жиілігін көзбен бақылау арқылы санау мүмкін емес болса, онда қолды кеудеге не ішке орналастырып, 1 минут бойы тыныс алу жиілігін санау (бала жасына сай). • тыныс алудың түрі бала жасына байланысты: бір жасқа дейінгі сәбилерде – іш түрі, 1-2 жаста - аралас, 8 жастан ер балаларда – іш түрі, қыздарда – кеуде түрі; •жас балалардың тыныс алуы ырғақсыз.
8.Температуралық параққа зерттеу қорытындысын жазып алу; •емшара қорытындысын қамтамасыз ету үшін  
9. Қолды жуып,құрғату. •жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

БЦЖ - ВАКЦИНАСЫН ЕГУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: туберкулездіңалдын алу

Керекті құралдар:

• мақта домалақшалары, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел, резеңке бессаусақты қолғап, БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі, ампула қоюға арналған мензурка,ғ қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус, 2 шприц (туберкулин шприці және 2 мл), қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап, қолданылған заттарды салатын дез ерітіндісі бар ыдыс, стерильді спирттелген дәке салфеткасы

 

Кезеңдер Негіздемесі
1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • вакцинациядан кейінгі асқынулардың алдын алу. •емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау
2. Керекті құралдарды дайындау   • емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету.
3.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию. • Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
4.Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды альш, мойынын стерильді спирттелген дәке салфеткасымен сүрту. 5.Стерильді салфеткамен жауып сындыру. 6.Қолданылған салфетканы әдейіленген қорапқа салу. 7.Ампуланы мензуркаға қою.   •инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. • құрғак вакцина қоршаған ортаға тарамау мақсатымен ампуланы салфетка көмегімен ашу. • қоршаған ортаны кірлетпеу үшін вакцинаның қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. • ампула сынуының және тірі вакцина қоршаған ортаға түсуінің алдын алуы
8.2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағы мен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу.   • жұмыс кезінде инені түсіріп алмаудың профилактикасы • вакцинаның бір дозасына 0,1 мл ерітінді көлемі алынады (ампулада вакцинаның 20 дозасы бар).
9.Ерітіндіні БЦЖ вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының бойымен). Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру. Шприцті әдейіленген қорапқа салу. • вакцинаны қоршаған ортаға түсірмеудің алдын алуы  
10.БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка мен конус жауып калдыру. Вакцинаны жарық көзінде тексеру. • туберкулез таяқшасы күн сәулесінен қорқады
11.Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2 мл вакцинаны сорып алу. • вакцинаның нақты есебі • осындай аз көлемді вакцинаны тек туберкулин шприціне сорып алуға болады
12.Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу. • ерітілген вакцинаны жарық көзі мен күн сәулесі әсерінен сақтау керек
13. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару. Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою. • вакцина қоршаған ортаға таралуының алдын алуы • вакциның нақты есебі
14.Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін спирттелген дәке салфеткасымен өңдеу. Спирт кепкенше дейін тосу. • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. • БЦЖ вакцинасы тек қана сол жақ иыққа жасалады
15.Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керу, иненің қиылысын жоғары қаратып, шприцті 10-15° үстап, жайлап тері ішіневакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы») • БЦЖ вакцинасы тек қана тері ішіне жасалады
16.Инені суырып алу. Инъекция орнын спиртпен өндеуге болмайды.Туберкулин шприцін арнайы қорапқа салу. • БЦЖ вакцинаның белсенділігі этил спирті әсеріне байланысты нашарлайды
17. Бессаусақты қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру. • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
18.Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын үйымдастыру және орындау • вакцинациядан кейінгі реакцияны есепке алу
Ескерту. БЦЖ ревакцинациясын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын кою қажет.

 

МАНТУ СЫНАМАСЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: диагностикалық

Керекті қүралдар:

• мақта домалақшалары, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел, резеңке бессаусақты қолғап, стандартгы туберкулин, ампула қоюға арналған мензурка, туберкулин шприці, қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап, қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс, стерильді спирттелген дәке салфеткасы

Кезеңдер Негіздемесі
1.Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын үйымдастыру және орындау. • егуден кейінгі асқынулардың алдын алу.
2.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. •емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау
3.Керекті құралдарды дайындау • емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету.
4.Қолды гигиеналық әдіспен еңдеу, қүрғату. Резеңке бессаусақты қолғап кию. • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5.Қораптан туберкулин ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын спирттелген дәке салфеткасымен сүрту. Стерильді құрғақ салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған спирттелген дәке салфеткасын, құрғақ салфетканы өндеу. Ампуланы мензуркаға қою. • туберкулин ерітіндісі қоршаған ортаға тарамау мақсатымен ампуланы салфетка көмегімен ашу • ампула сынуының алдын алуы
6.Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Туберкулин ерітіндісі бар ампуладан 0,2 мл препаратты сорып алу. • осындай аз көлемді ерітіндіні тек туберкулин шприціне сорып алуға мүмкін
7.Қалған туберкулині бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәке салфеткасымен жабу.  
8.Шприцтен ауаны стерильді домалақшаға 0,1 мл дейін шығару. Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою. • стандартты туберкулиннің 0,1 мл-де 2 ТБ бар
9.Баланың білегінің орта бөлігін спирттелген дәке салфеткасымен өңдеу. Кепкенше тосу. • инъекция жасайтын орынды зарарсыздандыру үшін
10.Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керу, иненің қиылысын жоғары қаратып, шприцті 10-15° ұстап, жайлап тері ішінетуберкулинді енгізу (белгісі - «лимон қабықшасы»). • Манту сынамасы тек тері ішіне жасалады
11.Инені шығарып алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды! Туберкулин шприцін арнайы қорапқа тастау. • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
12.Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру. • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
13.Сынаманы бағалау үшін 72 сағаттан кейін келуін сұрау (3 күні).     • Манту сынамасын бағалау 72 сагаттанкейін өткізіледі: «Теріс қорытынды»-ине ізі «Күдікті»- кез келген мөлшердегі гиперемия немесе папула 1-4 мм «Оң» - папула 5мм және одан жоғары «Гиперергиялық реакция» - папула 15 мм және одан жоғары

БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ҰСТАМАСЫ

Клиникасы: - бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды

(ортопноэ). Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Дем алысы ысқырық тәріздес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бүлшық еттер қосылады, дем шығаруы қиындалады - экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою. Аускультация: көп мөлшерде құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар.

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу, қысып түрған киімнен босату.   • тыныс алуы жақсарады, жақсары.
2. Тыныштық жағдай жасау. Жедел түрде дәрігер шақыру. • қорқыныш сезімі азаяды
3. Таза ауа жіберу және оттегі беру.   • оттегімен қамтамасыз ету жақсарады
4. Алдандыру шараларын өткізу - қолына және аяқтарына ыстық ванналар жасау  
5. Ингаляция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу), немесе беротек, немесе астмопент, немесе алупепт және т.б. Ингаляциялар тәулігіне 3-4 рет. Тиімді болмаса: тері астына 0,1% адреналин, 15 мин кейін 5% эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада). Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4% эуфиллин - тамшылатып - 1 мл/жасына, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде. •бронхтардың тегіс бұлшық еттер спазмын басу үшін •қан айналымындағы қысымды төмендетеді.
6. Ауыр жағдайда - гормон - преднизолон 1 -2 мг/кг тәулігіне    
7. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромтексин   Қақырық шығуына және сұйылуына көмек береді.
8. Антигистаминдер - тавегил, супрастин және т.б.   Антигистаминдік ем.

БАЛАНЫ ҚАЛТА ИНГАЛЯТОРЫМЕН МҰРЫНҒА ДӘРІ ҚҰЮДЫ ҮЙРЕТУ

 

Мақсаты: емдік, оқыту

Көрсеткіштері: жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің аурулары

Жабдықталуы: 2 қалта ингаляторы - біреуі қолданылған, екіншісі - дәрімен

 

Кезеңдері Негіздемесі  
1. Емделушімен кездеспей тұрып, ол туралы мәлімет жинау. Сыпайы түрде оған өзін таныстыру. Оны қалай атауға болатынын нақтылау. Осындай манипуляцияны бұрын жасағаны туралы, қандай себеппен, оны қалай көтергенін анықтау.   Емделушімен қарым-қатынас орнату.  
2. Емделушіге болатын емшараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіру. Емделушінің құқықтарын сақтау    
3. Оның келісімін алу Манипуляцияға психологиялық тұрғыда дайындау. шығару.    
4. Дәрігер тағайындаған 2 ингалятор дайындау. Жарамдылық мерзімін тексеріңіз.    
5. Қол жуу (әлеуметтік деңгей).   Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
6. Дәрісі жоқ ингаляторды қолдана отырып, емшараны орындау ретін емделушіге көрсету   Ептілікті қалыптастыруға қажетті шарт.  
7. Емделушіні отырғызыңыз (егер емделушінің жағдайы емшараны тұрып жасауға мүмкіндік берсе, тұрғаны жөн, себебі тыныс алу экскурсиясы бұл жағдайда тиімдірек болады)   Емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.
8. Ингалятордың қорғаушы қақпағын апыңыз.   Емшараға дайындық.  
9. Аэрозолі бар баллонды төңкеріп ұстап, бір сілку   Емшараға дайындық.  
10. Емделуші басын шалқайтуын өтініңіз. Дәрінің неғұрлым жақсырақ кетуін қамтамасыз ету
11. Емделуші мұрнының оң қанатын мұрынның аралық пердесіне басуын өтініңіз. Емшараның тиімділігін қамтамасыз ету.
12. Емделуші ауызбен тыныс алуын өтініңіз. Дәрі тыныс алу жолдарына неғұрлым тереңірек кету тиіс.
13. Ингалятордың ұштығын мұрынның сол жағына салу. Емделуші мұрынмен терең тыныс алып, сол кезде баллонның түбін басу. Тыныс алу жолдарына дәрі құю
14. Ингалятордың ұштығын мұрыннан алып, емделуші тынысын 5-10 секунд ұстап қалуын нұсқаңыз. Терапиялық әсер алуды қамтамасыз ету
14. Емделуші асықпай демін алсын. Баллонды аударып, қақпағын жабу. Емшараны аяқтау. Дәріні дұрыс сақтауды қамтамасыз ету.
15. Емделушінің істегі ингалятормен емшара орындау әрекеттерін тексеру. Ептілікті қалыптастыруды бақылау.
III. Емшараны аяқтау: 16. Қол жуу (әлеуметтік деңгей). Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Жаңа білімді бекіту кезеңі


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 434 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Туберкулез.| Туберкулез

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)