Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоримдер. Стоматиттер кезінде ауыз Қуысын ӨҢдеу алгоритмі

Сабак № 9 | Сабак №11 | Сабак № | Есеп №7. | Туберкулез. | Алгоримдер | Туберкулез | Миокардиттер | Сабак № 14 | Алгоримдер |


Читайте также:
  1. Алгоримдер
  2. Алгоримдер
  3. Алгоримдер
  4. Алгоримдер

СТОМАТИТТЕР КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі.

Керекті қүралдар:

• өңдеуге арналған ерітінді (шөп түнбалары, антисептиктер);

• мақта, дәке салфеткалары;

• қолданылған заттарға арналған лоток;

• резеңке қолгап;

• шпатель.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Оң колдын екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфеткасын орап алып бір үшын үлкен саусақпен бекітіп үстау. • бала терісінде өзгерістер, жарақаттанулар болмау қажет
5. Сол қолдың үлкен саусағымен баланын иегін абайлап басып аузын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану). • емшара жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.  
6. Дайын мақтаны ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу. • емшара жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
7. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит Өндеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет: • 2% ас содасының ерітіңдісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу; • 20% бураның глицерин ерітіндісі; Саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу). 2.Катаральді стоматит Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин, шөп тұнбалары және т.б.). 3. Герпесті және ойық жаралы стоматиттерӨңдеуді күнделікті келесі реттілікпен өткізу қажет: • залалсыздандыратын ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганат, 3% су асқын тотығы, 1:5000 фурациллин ерітінділері; • 1% жасыл бриллиант ерітіндісі; • ауырсынған кезінде - новокаин немесе анестезин ерітіндісі. Ескерту: 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар колданылады (0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы). 2. Стоматитгер кезінде диета механикалық, химиялық және термиялық қолайлы болу керек. 3. Ауыз қуысын оңдеу кезінде абай болу қажет - шырышты қабаттың зақымдануының алдын алу. 6. Өндеуді тәулігіне 5-6 рет қайталап откізу қажет. 7. Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезеңінде сауығу кезеңіне қарағанда төмен болу қажет. Қолданылатын ерітінділердің температурасы 37-38° С болу қажет.

АСҚАЗАНДЫ ШАЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: баланың улануы

Керекті күралдар:

• асқазан зонды, воронка, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, дәке салфеткалары, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Алжапқышты кию •киімді кірленуден және суланудан қорғау
4. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, үстіне жөргек төсеу •емшараның тиімді өтуіне қажетті шарт
5. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. • емшараны өткізу үшін қажет шарт
7. Балаға су өтпейтін алжапқыш кигізу. • киімді сулану мен ластанудан қорғау.
8. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою.  
9.Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі үзындықты өлшеу (қүлақ үшынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
10.Зондтың бітеу жағын сулау. •зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.
11.Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
12.Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі үзындықта асқазанға енгізу.  
13.Шпательді алып тастау, зондқа оймышты немесе Жане шприцін жалғау • зонд ішіне сұйықтықты еңгізу үшін жағдай тудыру
14.Оймышты асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Оймышты сәл қисайта ұстап, оған суды қүю. • «бірлескен ыдыстар жүйесі» заңы бойынша су асқазанға бармайды
15. Оймышты жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су оймыштың мойнына дейін түсу керек). • физикалық заңдылық бойынша су асқазанға барып, қайтадан шұңғымаға келеді.
16.Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сүйықтықтың молшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет).  
17.Воронкаға сүйықтық қүйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанаға дейін. • шараның тиімділігін қамтамасыз ету
18.Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. • құсып қоюдың алдын алуы • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. • гигиеналық шаралар мен жағым-ды жағдайды) қамтамасыз ету
20.Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. • уланудың себептерін анықтау
21.Қолданылған қүралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
22.Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту. · Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет. · Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады. · Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады: · 1 жасқа дейін - 100 мл/кг; 1 жастан жоғары - 1 литр/жасына  

ҰЛТАБАРДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ЗОНДТАУ

Мақсаты: өт шығару жолдарынығ дискинезиясын анықтау, лямблияларды табу

Керекті күралдар:

резеңке қолғап, оливасы бар стерильді дуоденалді зонд, орамал, 39-40°С дейін жылытылған 33% магний сульфат ерітіндісі, стерилді шприц, қайнатылған су, жылы су құйылған және 4 қабатты жөргекке оралған жылытқыш, асқазан сөлін жинау үшін ыдыс, сағат, қағаз, қалам, белгіленген 7 пробиркалармен штатив: А — 1 пробирка, В - 5 пробиркалар, С - 1 пробирка.

 

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Лабораторияға жолдама жазу. • емшараны өткізу үшін қажет шарт
4. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5. Баланы отырғызу • емшараны өткізу үшін қажет шарт
6. Зондта бірінші белгіні баланың қүлақ сырғалығынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен не мұрын ұшынан семсер тәріздес өсіндіге дейін өлшеу. •асқазанға дейін қашықтықты анықтау үшін
7. Зондта екінші белгіні семсер тәріздес өсіндісінен кіндікке дейін + 2 см өлшеу. • 12-елі ішекке дейін қашықтықты анықтау үшін
8. Оң қолға «бітеу» жағынан 10-15 см қашықтықта зондты алу, ал сол қолмен бос жағын ұстау. •асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
9. Зондтың «бітеу» жағын қайнаған сумен сулау   • зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.
10.Баланың аузын ашқызып, зондтың «бітеу» жағын тіл ұшына ортанғы сызық бойынша салу. •құсудың алдын алу
11. Баланың ауызын жапқызып, терең тыныс алуын және жұтқандай қимыл жасауын сұраймыз • жұтқандай қимыл жасағанда зондтың асқазанға жетуі жеңілдейді.
12. Зондты абайлап, сенімді ширақ қозғалыспен бірінші белгіге дейін асқазанға енгізу. Енгізіп жатқанда бала жөтелсе не қақалса, зондты бірден алып шығу. •тыныс жолдарына түскендіктің белгісі.  
13. Баланы 4 рет қабатталған орамалға не жөргекке оралған жылытқыш үстіне оң бүйіріне жатқызу. •зондтың 12-елі ішекке ығысуы оливаның ауырлық күші мен асқазан перисталь-тикасының әсерінен пайда болады.
14. Зондтың бос жағын зондтың жылжу кезінде жиналған асқазан сөлін жинауға арналған ыдысқа салу.  
15. Баланы жұтыну кезде өздігінен 20-30 минут бойы зондты екінші белгіге дейін баяулап ығыстыруды сұрау. •құсудың алдын алу
16 Зондты оң қолдын сұқ саусағымен тісінің артына кіргізу.  
17. Бала тісін қысып, зондтаудың аяғына дейін жазбауын сұраймыз. • аузын ашса, зонд тілдін ұшына түсіп, құсу рефлексін қоздыртады
18.Ыдыста ақшыл сары түсті секрет пайда болғанда зондтың бос жағын «А» пробиркаға орналастыру және «А» үлесін жинап алу (таусылғанға дейін не түсі өзгергенше дейін). • «А» үлесінің түсі өзгеруі Одди сфинктерінің тонусы нашарлығына және «В» үлесінің өздігінен ағуына байланысты.
19. Шприц көмегімен зонд арқылы жылы магний сульфат ерітіндісін 20-30 мл көлемінде енгізу.   Енгізу уақытын белгілеу.   • 33% магний сульфат ерітіндісі Одди сфинктерінің ашылуына көмектеседі және өт қабының жиырылуына себептеседі • 33% магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен Одди сфинктері ашыла бастайды.
20. Зондтың бос жағын жоғары көтеріп, 1-2 минутке қысып ұстау. •магний сульфат ерітіндісінің өту және әсер ету шарттарды жасау.
21. Зондты босатып, оның бос жағын бірінші «В» пробирканың ішіне сұғу. •магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен кейін «В» үлесі пайда болғанға дейін өткен уақытОдди сфинктері ашылған уақытына сәйкес
22. «В» үлесі пайда болған уақытты жазып алу. Өт қабында пайда болған «В» үлесін әр5 минут сайын төрт пробиркіге жинау, зондты бесінші пробиркада өт түсі өзгергенше дейін қалдыру Есте сақта:«В» үлесі көп болса – қосымша резервтегі пробиркаларды қолдан. • пробиркалардағы өт денгейін салыстырып, өттін ағу бірқалыптығын анықтау •түсі өзгеруі бауырдан шығатын «С» үлесінің пайда болғандығының белгісі.  
23. «С» үлесі пайда болған уақытты жазып алу. Зондты «С» пробиркаға ауыстыру   •«В» үлесінің пайда болғанынан түсі өзгергенге дейің өткен уақыт «В» үлесінің ағу уақытына тең.
24.Бауырда пайда болған «С» үлесін 5-10 мл көлемде жинап алу •зерттеу үшін жеткілікті көлем  
25.Орамал арқылы зондты тез қимылмен шығарып алу • құсудың алдын алу
26.Зондты лотокқа салу • зондтың механикалық тазаруы  
27.Барлық қолданған құралды не дезинфекциялау не утилизациялау. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
28.Бессаусақты қолғапты шешу және қолды жуып құрғату. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
29. Алынған материалды жолдамамен бірге лабораторияға жеткізу. • өттің үш үлесін зерттеу және қорытындысын алу үшін.

Демьянов бойынша тюбаж (соқыр дренаж)

Мақсаты: Өт шығару жолдары дискинезиясының гипотониялық түрінде өт.жолдарынан өттің шығуын ынталандыру.

Керекті күралдар: сорбит; бөлмелік температурасындағы қайнатылған су, шай қасық, жөргек, 60 °С жылы сумен жылытқыш, газсыз минерал суы,түтік; сағат.

Есте сақта: аш қарынға өткізіледі

Кезеңдер Негіздемесі
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
•Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
•Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
• Бөлмелік температурасындағы қайнатылған суда сорбитті еріту және шай қасықпен араластыру • Сорбиттің өт шығару әсері
• Сорбит ерітіндісін балаға ішкізу • өт шығаруды ынталандыру
•Баланы төсекке оң жақ бүйіріне жылытқыштың үстіне жатқызу • осы жағдайда өттің шығуы жақсарады •жылудың әсерінен спазм жойылады  
• 2 сағат бойы балаға түтік арқылы аздап минерал суын ішкізу • Минерал суы өт шығаруды ынталандырады • түтіктің арқасында бала суды бүйірінде жатып іше алады
• 2 сағаттан кейін шараны тоқтату   •2 сағаттың ішінде өт шығуы аяқталады  
• қорытындыны жазып алу •зерттеу қорытындысын құжаттандыру  
• Қолды жуып құрғату • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Энтеробиозға қырын алу

Мақсаты: энтеробиозға тексеру

Құралдар: заттық шынылар (2); 50% глицерин ерітіндісі; тамызғыш; сірінкі; жолдама, стеклограф, резенке бессаусақтар, крафт-қағаз, резинке доңгелек.

Міндетті шара:зерттеу алдында баланың тақымын жумау. Мақсаты: перианалды қатпарлардан гельминт жұмыртқаларын механикалық жолмен кетіріп алмау.

Кезеңдер Негіздемесі
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету.
•Керекті құралдарды дайындау. • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету.
• Стеклографпен заттық шыныларға жолдаманың нөмеріне сәйкестендіріп нөмір жазып қою Бөлмелік температурасындағы қайнатылған суда сорбитті еріту және шай қасықпен араластыру • зерттеудің шындығын қамтамасыз ету.
• Заттық шыныға тамызғышпен бір тамшы глицерин тамызу  
•Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, бессаусақты қолғапты кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
•Баланы үстінгі аяғын тізе буынында бүгіп, төсекке оң жақ бүйіріне жатқызу • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
• Сол қолдың саусақтарымен баланың жанбасын ашып, фиксациялау •материалды дүрыс алу үшін қалыпты жағдай.  
• Заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына сірінкі ұшын малу және перианалды қатпарлар мен тік ішектің төменгі бөлігінен қырын жасау   • острицалардың жұмыртқаларын салатын типтік орындары.  
• Глицерин тамшысы тамызылған заттық шыныға сірінкімен жақпа жасау   • энтеробиозға зерттегенде глицерин консервант болып келеді.  
• Бірінші заттық шыныға екінші заттық шыныны салу, резенке дөңгелекпен біріктіру, крафт қағазға орау.   • зерттеудің шындығын қамтамасыз ету.
• Бессаусақты қолғап киілген қолды жуып антисептик ерітіндісімен өндеу, сонан соң шешу     • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• Қолды жуып құрғату • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• Қалай болса солай материалды тез лабораторияға жолдамамен бірге жіберу     • алынған материалды тез зерттесе оның оң қорытындысының % жоғарлайды  

Нәжісті құрттарға тексеру алгоритмі

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіштері: ас қорыту мүшелерінің аурулары, профилактикалық қарау.

Құралдар: жолдама, резенке бессаусақтар, тығыны бар таза құрғақ шыны флакон, таяқша, судно

Кезеңдер Негіздемесі
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету.
•Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету.
• Баланы судноға дәрет сындыруын сұрау   • нәжісті зерттеу үшін қажетті шара
•Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, бессаусақты қолғапты кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• Темір таяқшаны алып үш жерден 30-50 грамм қан, шырыш аралас нәжісті алу. • зерттеу үшін керекті көлем  
• Нәжісті дайындалған флаконға, шеттеріне тимей, орналастыру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• Флаконды тығынмен жауып, жолдаманы тіркеп, лабораторияға жеткізу үшін контейнерге орналастыру.     • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
•Жиналған материалды клиникалық лабора­торияға 1 сағат арасында жеткізу   •қорытындысы оң болу үшін

бактериологиялық анализге нәжіс жинау

Мақсаты: жедел жұпалы аурулар, екі жасқа дейінгі ауруханаға түскен балаларда, «бала үйлеріне» бірінші рет орналасып жатқан балаларда,тасымалдаушыларда.

Әзірле: ішінде темір не ағаш таяқшадағы мақта тампондарымен тығыз жабылатын залалсыздандырылған пробиркалар; консервант флаконы, бессаусақты қолғап, жолдама, стеклограф.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 916 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабак №15| Алгоримдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)