Читайте также: |
|
Жұқпалы ауруларының алдын алуы
Жұқпалы аурулармен күресу жолындағы шаралар:
Аурудың көзі | 4.науқас адам, 5.тасымалдаушы, 6.реконвалесцент | · Аурудың көзін тез анықтау · Аурудың көзін оңашалау · Санитарлы-эпид. станцияға хабар жіберу · Қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру және бақылау |
Берілу жолдарыы | 6.Ауа-тамшылы 7.Нәжіс-ауыз арқылы 8.Қарым-қатынас арқылы 9.Бала жолдасы арқылы 10. Трансмиссивтік жол | · Бет перделі тәртіп · Залалсыздандыру · Зарарсысдандыру · Дезинсекция · Дезинфекция |
Қабылдаушы | · Белсенді иммунизация · Белсенді емес иммунизация · Химиялық алдын алу · Жалпы нығайтушылық шаралар |
Белсенді иммунизацияны өткізу ұшін әртүрлі биологиялық заттарды қолданады, олардың арасында ең негізгілері болып вакциналар мен анатоксиндер саналады. Белсенді иммунизация аурулардың алдын алуы ұшін қолданылады. Екпелер антигендерін еңгізу арасындағы үзілістерді міндетті түрде сақтау керек, себебі, бала организмі иммунизациядан кейін бірден жаңа антигендік тітіркендіргішке
иммунитеттің пайда болуымен жауап бере алмайды (иммунитеттің теріс фазасы). Екпелер антигендерін еңгізу арасындағы интервалдарды қысқартқанда әртүрлі асқынулар мен реакциялар артуы мүмкін.
Екпелерден кейінгі асқынулардың түрлері:
1. жергілікті реакциялар мен асқынулар (инфильтраттар, абсцесстер, флегмоналар); 2. интоксикациямен және дене қызуымен ере жүретін қатты жалпы реакциялар; 3. орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен реакциялар; 4.аллергиямен сипатталатын реакциялар; 5. әртүрлі мүшелердің зақымдануымен өтетін реакциялар, әртүрлі жедел инфекциялардың қосылуы, созылмалы аурулардың шиеленісуі және жасырын (латентті) жұқпалардың жандандырылуы.
Екпеден кейінгі асқынулардың алдын алу жолында екпелерді қолдануға болмайтын қарамақайшылықтарға, егу және сақтау ережелеріне, егуден кейінгі сақтану және гигиеналық тәртіпке назар аудару керек.
Иммунды алдын алудың принциптері | Принциптерді жүзеге асыру |
1. Егілетін баланың толық денсаулығы | · Егу алдында баланың даму тарихында десаулық жағдайы мен белгілі бір екпені жасауға болатыны туралы жазуды тексеру. |
2.санитарлы-гигиена-лық тәртіпті міндетті түрде сақтау принципі | · Екпелерді жасауға тек дені сау; қолы, терісі, шырышты қабаттары жарақаттанбаған, медициналық қызметкерлерге рұқсат беріледі. · Екпе жасау алдында егу кабинетінде еденді, қабырғаларды, жихазды дез. ерітіндімен сүртіп алу; үстөлді, кушетканы эалалсыздандырылған ақжаймамен жабу; · Мед. қызметкер тырнақтарын қысқалап алып, таза қалпақ пен халат киіп, қолындағы сақиналарын, білезіктерін алып тастап, қолын сабындап жуып, саусақтар ұшын спиртпен сүртеді. · БЦЖ мен туберкулинді бөлек сақтау |
3. Екпе препарат-тарын дүрыс сақтау принципі | · Барлық вакциналарды салқындатқышта сақтау · Ашылғаннан кейін ампуладағы вакцинаны тек бірінші 2-4 сағат арасында ғана қолдану (қолдану шарты: беті дәке салфеткамен жабық болу және БЦЖ, қызылша, «Тримовакс» вакциналары үшін жарықтан қорғайтын конус болу керек). |
4. Қолдану алдында вакцинаны тексеру принципі | Қолдану алдында вакцинаны тексер: · Вакцинаның атауын, жарамдық мерзімін, ампуланың қалпын, ішіндегі препараттық өзгермеуін. |
5. Еңгізу іс әрекетін ұқыпты сақтау принципі | · БЦЖ-ны тек тері ішіне жасау · АКДС- ны бұлшық етке · АДС, АД-анатоксинін тері астына не бұлшық етке · Полиомиелитке қарсы вакцинаны ауыз арқылы · Паротит, қызылша моновакциналарын – тері астына · «Тримовакс»-тері астына · «Энджерикс» (гепатитке қарсы) |
6.Жасалған вакцинаны тіркеу принципі | · Жасалған екпе туралы мәліметтерді (жасалған мерзімін, атауын, еңгізу техникасын, мөлшерін, сериясын) алдын алу екпе журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына еңгізу. |
7.Екпеден кейінгі асқынуларды тізімге алу принципі | · Екпеден кейін бірден баланы бір сағат бақылау, келесі үш күн бойы тағы да бақылау (ата-анасын асқынулардың мүмкін болуы туралы айтып қою) · Екпеден кейін болушылық әсерлер туралы дәрігерге хабарлау |
«В» ВИРУСТЫ ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛУ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші:
• вирусты «В» гепатитінің алдын алу.
Керекті құралдар:
• стерильді үстел, мақта домалақшалары, салфеткалар, пинцет; резеңке бессаусақты қолғап; «ЭНДЖЕРИКС-В» вакцинасы; шприц (1,0 немесе 2,0 мл); колданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс; колданылған шприцтерге арналған арнайы қорап; стерильді спирттелген дәке салфеткасы
Кезеңдер | Негіздемесі |
1.Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын үйымдастыру және орындау. | • егуден кейінгі асқынулардың алдын алу. |
2.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | •емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау |
3.Керекті құралдарды дайындау | • емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету. |
4.Қолды гигиеналық әдіспен еңдеу, қүрғату. Резеңке бессаусақты қолғап кию. | • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
5.Вакцина флаконын алып біркелкі қоймалжың жағдайға келтіріп қағу. Стерильді спирттелген дәке салфеткасын алып, флаконның металл қалпағын сүрту. Колданылған салфетканы өндеу. Металл қалпақтың ортаңғы жағын алып тастау. Спирттелген дәке салфеткасымен резеңке тығынды сүрту. | • инъекция жасау уақытында инфекциялық қауіпсіздікті сақтау. |
6.Шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпақпен инені кигізу, инені канюляға бекіту Инеден қалпағын шешу. | • жұмыс кезінде иненің түсіп қалуының алдын алу |
7. Шприцке вакцинаның егу дозасын сорып алу (10 жасқа дейін - 0,5 мл; 10 жас және жоғары - 1 мл. | |
8. Пинцетпен стерильді үстелден салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару. Салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканың астына қою. | • қоршаған ортаға вакцина тарамау мақсатымен |
9. 5-7 жасқа дейінгі балаларда-санның алдыңғы-жан бөлігін, 7 жастан бастап - иықтың дельта тәріздес бұлшық ет маңын спирттелген дәке салфеткасымен сүрту (бір спирттелген дәке салфеткасын қолда қалдыру керек). | • вакцина тек қана бұлшық етке жасалады |
Инеден қалпақты шешіп, вакцинаны бұлшық етке салу. Инені алу. | |
Инъекция орнын қолда қалдырылған дәке салфеткасымен залалсыздандыру. Шприцті арнайы қорапқа, дәке салфеткасын дезерітіндісі бар ыдысқа салу. | • инъекциядан кейін пайда болатын абсцесстің алдын алуы • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
15. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру | • инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
16. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау. | • вакциның нақты есебі • вакцинациядан кейінгі реакцияларды есепке алу |
Міндеттерді шешу
1.Диагнозыңыз.
2.Тактикаңыз.
3.Карантиндық шаралар
4.Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
40,0 °С дейін көтерілді, бала мазасыз, емшек алмайды, денесңнде бөрітпе пайда болды.
Қарағанда: жағдайы ауыр, бала солғын, дене қызуы жоғары, терісі ақшыл, бүкіл денесінің терісіде 3-5 мм көлемді, геморрагиялық, жұлдыз тәрізді бөрітпе, көбіне жамбасында, санында, кабағында орналасқан. Тахикардия, жүрек үндері күнгірт. Денесіне тигенде бала мазасызданып жылайды. Эпид. анамнез: анасында бір жұма бұрын тамағы қышыған, мұрынынан шырышты кілегей аққан.
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
· Сіз ФАПтың фельдшерісіз. Үш жасар балаға шақырым түсті. Қарау кезінде балада жөтел ұстамасы пайда болды. Ұстама бірінен бірі пайда болатын жөтел итерістерінен басталды, сонан соң терең, қиынсынған тыныс пайда болды да, қайтадан жөтел пайда болды. Бала қызарды, сонан соң көгерді. Ұстама ұзақ уақытқа созылды, құсумен аяқталды.
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
· Сіз бала бақшасының фельдшерісіз. Кішкентай балалардың тобында үш жасар балада дене қызуы 37,8 °С дейін көтерілді, тұмау пайда болды, денесінде мөлдір сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болды, бір нешеуі баста орналасқан.
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
38 °С. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, көзінен жас ағу, конъюнктивит, тынысы қатаң, жүрек соғуы жиі. Йегінің шыррышты қабаттарында азу тістеріне қарама қарсы ұсақ ақ бөртпелер, жұмсақ таңдайында — энантема.
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
Сіз — фельдшерсіз. төрт жасар балаға шақырым түсті. Ауырғанына төрт күн болды, дене қызуы 37,5-37,8 °С, тәбеті төмен, солғындық пайда болды. Анасы бүгін зәр түсі мен нәжіс түсі өзгергенін байқады: зәрі қара қоңыр, нәжісі ақшыл түсті.
1.Диагнозыңыз.
2. Тактикаңыз.
3. Карантиндық шаралар
4. Емі және алдын алу
5. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ
Пән: «Балалар аурулары»
Тақырыбы
Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы. Құрысу синдромы, гипертермиялық синдром, талып қалу, анафилактикалық шок, коллапс, құсу, іштің кебуі, мұрыннан қан кету кездерінде көрсетілетін шұғыл көмектің негізгі қағидалары.
Құрастырған Ажаева А. С.
Павлодар, 2013 ж
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы. Құрысу синдромы, гипертермиялық синдром, талып қалу, анафилактикалық шок, коллапс, құсу, іштің кебуі, мұрыннан қан кету кездерінде көрсетілетін шұғыл көмектің негізгі қағидалары.
Сабақ мақсаты
32. Оқытушылық
Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.
Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау
2. Дамытушылық
Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік
Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.
Болашақ нәтижені сипаттау
Білім:
· Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауының себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құрысу синдромы, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Гипертермиялық синдром, түрлері, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Талып қалу, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Анафилактикалық шок, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Коллапс, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құсу, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Іштің кебуі, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Мұрыннан қан кету, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
Икемділік:
· Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауында көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құрысу синдромында шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Гипертермиялық синдромда шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Талып қалуда шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Коллапс кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құсу кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Іштің кебу кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Мұрыннан қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
Дағды:
· Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауында көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құрысу синдромында шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Гипертермиялық синдромда шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Талып қалуда шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Коллапс кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құсу кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Іштің кебу кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Мұрыннан қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы
Әдіс – тәсілдер: Практикалық
Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы
Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет
С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
Лекция конспекті.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы
№ | Сабақ бөлімінің атауы | Уақыты - 180 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин. | |
Ұй тапсырмасының актуализациясы | 20 мин. | |
Эксперттік топшалармен жұмыс істеу | 20 мин. | |
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу | 85 мин. | |
Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту | 45 мин. | |
Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру | 5 мин. 2 мин. 3 мин. |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері | Оқытушы іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар |
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі | |||
· Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау | · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру | · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу | Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар |
2. Операция-танымдық кезеңі | |||
2.1 Үй тапсырмасын тексеру. | · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді | · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады | өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер |
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі | Ауырған балаларға шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидаларын студенттерге жетілдіреді | Ауырған балаларға шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидаларына уйренеді | Оқулықтар, фонендоскоптар, тонометр, ауру тарихтары, қалам, дәптер, мақта, дәке салфеткалары; қолданылған заттарға арналған лоток; катетерлер, резеңке қолгап; шпатель, асқазан зонды, воронка, дәке салфеткалары, алжапқыш – 2, |
асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2,шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді | |||
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені | Сабақтың алдында курация үшін дайындалған пациенттерді студенттер арасында үлестіріп, курация кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін анықтайды.Өткізіліп жатқан курация сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды | Курация өткізу үшін керек материалдармен танысып, пациенттердің аты жөнін, палатасының нөмірін жазып алады Алдын ала дайындалған пациенттермен жұмыс істейді. Курациясын өткізеді. Алдын ала диагнозын қойып, қандай шұғыл көмек көрсету керектігін анықтайды | Курация үшін балалар, ауру тарихтары, қалам, дәптер, тонометр, фонендоскоптар, |
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі | Әрбір студенттің жасалған жұмысы: курация, лабораторлық анализдерін шешу, алдын ала диагноз қою туралы мәліметтерді тыңдайды. | өткізілген курациясы туралы мәлімет жасайды, қалғандары жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. | өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тестілер |
3. Рефлексивті бағалау кезеңі | |||
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі | Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді | Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады | Жіті және созылмалы гломерулонефриттер. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы және пиелонефриттер |
3.2 Сабақты қорытындылау | ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады | әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі |
І. Операция-танымдық кезеңі
Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.
№1 қосымша
Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы
· Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауының себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Құрысу синдромы, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Гипертермиялық синдром, түрлері, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы
· Талып қалу, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Анафилактикалық шок, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Коллапс, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы
· Құсу, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Іштің кебуі, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
· Мұрыннан қан кету, себептері, клиникасы, шұғыл көмек көрсетудің негізгі қағидалары
№2 қосымша
ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА КӨРСЕТІЛЕТІН ЖЕДЕЛ КӨМЕК
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 546 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Management. | | | ГИПЕРТЕРМИЯ |