Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоримдер

Сабак № | Есеп №7. | Туберкулез. | Алгоримдер | Туберкулез | Миокардиттер | Сабак № 14 | Сабак №15 | Алгоримдер | ГИПЕРТЕРМИЯ |


Читайте также:
  1. Алгоримдер
  2. Алгоримдер
  3. Алгоримдер
  4. Алгоримдер

ДИАБЕТТІК (ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ) КОМА

Гипергликемиялық кома - қант диабеті асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде айқын ацидоз бен кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдары қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдай.

Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргештірге реакция болмайды.

Себептері:

1) Емделмеген немесе анықталмаған қант диабеті.

2) Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.

3) Диетаны бүзу - көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.

4) Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.

5) Жедел ірінді инфекциялар.

Симптомдары:

Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде - бастың ауырсынуы, әлсіздік, үйқышылдық, тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бүл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.

Шүғыл көмек:

1. Тез арада госпитализациялауға тырысу.

2. Ауруды жатқызу және жылыту

3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет:

а) көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaСІ изотониялық ерітіндісінде;

6) асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің
бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);

в) қуыққа катетер қою;

г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау;

д) оксигенотерапия;

е) физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы
сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.

4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкоза-түзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен
емдеуден түрады.

а) инфузиялық ерітінділер - Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.;
б) инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг
сағатына есебінен откізіледі.

5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және
көкөніс шырындары, ққрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар
қабылдауға болады. Екінші күні - ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.

ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА

Гипокликемиялық кома - бүл бас ми жасушаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды.

Себептері:

1) Инсулин дозасының артық болуы

2) Физикалық салмақтар

3) Инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау

4) Тамак кабылдау ара қашықтығының ұзаққа созылуы.
Симптомдары: Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, аяқ-қолдарының дірілі, шаршағыштық. Ерін мен тілдің жансыздануы тен болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағытталуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.

Шұғыл комек:

Команың ауырлығына байланысты:

1. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады.

2. Ауыр жағдайда, есін жогалтқанда - тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл -20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі.

3. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет.

4. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала
есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады.

5.Оксигенотерапия.

6.Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.

 

Қантты диабет кезінде комалық жағдайлардың

дифференциалдық диагностикасы

Гипергликемиялық жағдай Гипогликемиялық жағдай
Бас ауруы Шөлдеу Ттәбеті жоғары Полиурия Іші ауруы Тері мен шырышты қабықтарының құрғақтығы Тіндер тургор жоғары Көз алмасының тонусы жоғары Тыныс алуы шулы, терең Тыныс шығарғанда—ацетон!!! АД жоғары Физ. ерітіндімен 0,1 ЕД/кг инсулин 150-300 мл тамыр арқылы Физ. ерітінді тамыр арқылы тамшылатып құю Госпитализация Үрейі ұшу Қарны ашу Қым-қуыты жоғары (Возбуждение) Тремор, тырысу Терлеу Гипергидроз Тургор - қалыпты Тонус глазных яблок— қалыпты Тыныс алуы үстірт Қалыпты АД - қалыпты 4% глюкоза ерітіндісі 40,0 - 60,0 мл тамыр арқылы Тәтті шай, кофе, варенье, бал  

тестілер

Қант диабеті

1. Бір мүшеден басқалары эндокрин жүйесіне жатады:

1. гипофиз

2. лимфатүйіндер

3. қалқанша безі

4. асқазан асты безі

2. Инсулин пайда болады:

1. гипофизда

2. асқазан асты безінде

3. қалқанша безде

4. айырша безде

3. Қант диабетінде қанда холестерин мөлшері:

1. қалыптан жоғары

2. қалыпта

3. қалыптан төмен

4. жойылады

4. Қант диабетінің диагнозын қ ою үшін назар аударылады:

1. қан және нәжіс анализдеріне

2. зәр және нәжіс анализдарына

3. қан және зәр анализдеріне

4. баланың дамуына

5. Қант диабетінің жасырын түріне жататын белгі:

1. фурункулез

2. глюкозурия

3. полиурия

4. ретинопатия

6. Предиабеттің ағымы:

1. симптомсыз

2. қан тамырларының бұзылыстарымен

3. диабеттік комамен

4. басқа мүшелер бұзылыстарымен

7. Қант диабетінің негізгі белгісі:

1. мұрын асты ұшбұршының көгеруі

2. буындардың көшпелі ауырсынуы

3. бетінің қызаруы

4. зәр бөлуі ауырсынумен қабаттасады

8. Қант диабетінде кездеспейтін белгі:

1. қатты шөл

2. жиі кіші дәретке отыру

3. тершендік

4. терінің құрғақтығы

9. Қант диабетінің негізгі себебі:

1. ағзаға стрептококк ену

2. тұқым қуалаушылық

3. нашар күтім

4. күн тәртібінің бұзылуы

10.Қант диабетіндегі зәр өзгерісі:

1. протеинурия

2. глюкозурия

3. альбуминурия

4. пиурия

11. Қант диабетімен ауыратын баланың негізгі диетасы:

1. жеңіл қортылатын көмірсуларды бермеу

2. облигатты аллергендерді бермеу

3. майларды шектеу

4. ақуызды шектеу

12. Гипогликемиялық кома кезіндегі жедел көмек:

1. тамыр арқылы глюкоза

2. тамыр арқылы инсулин

3. тамыр арқылы Рингер ерітіндісі

4. ауыз арқылы тәтті сусын

13. Қант диабетімен ауыратын баланың негізгі күтімі:

1. тамақтандыру тәртібін сақтау

2. ұйқы тәртібін сақтау

3. гигиеналық тәртіпті сақтау

4. басқа балалардан оңашалау

14. Гипергликемиялық кома кезіндегі жедел көмек:

1. тамыр арқылы глюкоза

2. тамыр арқылы инсулин

3. тамыр арқылы Рингер ерітіндісі

4. ауыз арқылы тәтті сусын

15. Инсулин енгізіледі:

1. тамаққа дейін 30 мин. бұрын

2. тамақтан кейін 2 сағат өткенде

3. тамақтан кейін бірден

4. тамақ кезінде

16. Қант диабетінің кеш пайда болатын асқынулары:

1. катаракта

2. уремия

3. жүрек жетіспеушілігі

4. жүйке-психикалық дамуы қалып қоюы

17. Қант диабетіндегі диета:

1. 1 2. 5 3. 9 4. 10

18. Қант диабетінің алдын алуы:

1. иммунизация

2. тазалықты сақтау

3. диета

4. күн тәртібін бұзбау

19. Балаларда кездесетін қант диабетінің түрі:

1. инсулинге тәуелді

2. инсулинге тәуелсіз

3. нефриттік

4. гипертониялық

20. Зәрдегі қант мөлшерін анықтау үшін жинайды:

1. ертенгі зәр үлесін

2. үш сағат бойы жиналған зәрді

3. он сағат бойы жиналған зәрді

4. тәулік бойы жиналған зәр мөлшерін

21. Қант диабетінің алдын алуы:

1. иммунизация

2. диспансеризация

3. табиғи тамақтандыру

4. гамма-глобулин енгізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Жәншау. Жел шешек. Қызылша. Қызамық.

Көк жөтел. Індетті паротит (мысқыл). Дифтерия.

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

 

Павлодар, 2013 ж

 

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Жәншау. Жел шешек. Қызылша. Қызамық. Көк жөтел. Індетті паротит (мысқыл). Дифтерия.

Сабақ мақсаты

30. Оқытушылық

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

· Жәншау. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Қызылшамен, кызамыкпен, желшешекпен саралау днагностнкасын жургізу

· Желшешек. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

· Қызылша. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

· Кызамық. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.Аягы ауыр әйел кызамыгының ұрыкка тигізетін әсері

· Көк жөтел. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.Көк жөтелмен ауыратындарға апноэ кезіндегі жедел көмек.

· Індетті паротит. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

· Дифтерия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

Икемділік:

Дағды:

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы

 

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі
  · Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар,
2. Операция-танымдық кезеңі
2.1 Үй тапсырмасын тексеру.   · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады     өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі Сабақтың алдында курация үшін дайындалған пациенттерді студенттер арасында үлестіріп, курация кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін анықтайды. Курация өткізу үшін керек материалдармен танысып, пациенттердің аты жөнін, палатасының нөмірін жазып алады Курация үшін балалар, ауру тарихтары, қалам, дәптер, фонендоскоп, тонометр, резеңке қолғап, маска; стеклограф; стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта домалақ-шалары бар штатив; стерильді шпатель; лабораторияға жолдама-бланк,  
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені Өткізіліп жатқан курация сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды Алдын ала дайындалған пациенттермен жұмыс істейді. Курациясын өткізеді. Алдын ала диагнозын қойып, болашақ емін жоспарлайды.
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі Әрбір студенттің жасалған жұмысы: курация, лабораторлық анализдерін шешу, алдын ала диагноз қою туралы мәліметтерді тыңдайды. өткізілген курациясы туралы мәлімет жасайды, қалғандары жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тестілер
3. Рефлексивті бағалау кезеңі
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады Менингококк инфекциясы. А, В, С, Д, Е, вирус гепатиттері. Иммунды алдын алу.  
3.2 Сабақты қорытындылау ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі    

І. Операция-танымдық кезеңі

Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

· Жәншау. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Қызылшамен, кызамыкпен, желшешекпен саралау днагностнкасын жургізу

· Желшешек. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

· Қызылша. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

· Кызамық. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.Аягы ауыр әйел кызамыгының ұрыкка тигізетін әсері

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

· Көк жөтел. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.Көк жөтелмен ауыратындарға апноэ кезіндегі жедел көмек.

· Індетті паротит. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

· Дифтерия. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Күтімі. Асқынулары. Емдеу және алдын алу. Белсенді иммунизация. Індетке қарсы жүргізілетін шаралар.

№2 қосымша


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 2308 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоримдер| Очки для дали правый -5, левый -1

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)