Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак №15

Сабак № 9 | Сабак №11 | Сабак № | Есеп №7. | Туберкулез. | Алгоримдер | Туберкулез | Миокардиттер | Алгоримдер | Алгоримдер |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 4
  6. Сабак № 5
  7. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Гемофилия, тромбоцитопения, геморрагиялық васкулит.

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

Гемофилия, тромбоцитопениялық қанталау бөртпесі, геморрагиялық васкулит.

Негізгі синдромдары. Қан кету кезінде алгашқы комек көрсету принциптері. Ішектен қан кеткен кезде шұғыл көмек көрсету.

Икемділік:

1. Науқас баланың шағымын, анамнезін жинау, оны қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жасау, алғашқы диагнозын қою

2. Науқас жағдайының ауырлығын бағалау

3. АҚ өлшеу, ТЖ, тамыр соғысын есептеу

4. Мұрыннан, өкпеден және асқазаннан қан кеткен кезде көмек көрсету

5. Гематологиялың мәліметтерді, миелограммаларды бағалау

6. Қан трансфузиясын бақылау

Дағды:

1. АҚ өлшеу, ТЖ, тамыр соғысын есептеу

2. Мұрыннан, өкпеден және асқазаннан қан кеткен кезде көмек көрсету Гематологиялың мәліметтерді, миелограммаларды бағалау

3. Қан трансфузиясын бақылау

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, тонометрлер, Секундомері бар сағат, фонендоскоптар
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды   Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлық жүйесінің аурулары.   - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

  1. Гемофилия
  2. Негізгі синдромдары

3. Қан кету кезінде алгашқы комек көрсету принциптері.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1. Тромбоцитопения

2. Негізгі синдромдары

3. Ішектен қан кеткен кезде шұгыл комек корсету.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Геморрагиялық васкулит

2. Негізгі синдромдары

3. Өкпеден қан кеткен кезде шұгыл комек корсету.

 

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Тамыр соғысын санау алгоритмі

Әзірле: - секундомер тілі бар сағат.

1. Науқас білегінің тұсынан қармай ұста.

2. Бірінші саусақты шынтақтың шеткі қырына қой, ал екінші және үшінші саусақпен шыбық артерияның тербелісін тап.

3. Уақытты белгілеп, 1 минуттағы тамыр соғысын есепте.

4. Алынған мәліметті қызу қағазына толтыр.

Есте сақта!

- тамыр соғысының негізгі қасиеттерін: ырғағын, жиілігін, тонусын мен серпімділігін анықта.

- ересек адамдарда тамыр соғысы қалыпты жағдайда 1 минутта 60-80 рет соғады;

- тамыр соғысын өзге тамырларда самай, ұйқы, сан, тізе буын асты және т.б. табуға болады.

- тамыр соғысын табатын жерлер, артериалды менаққанда артерия тамырынңы үстінен басуға болады.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

Артериалды қысымды өлшеу алгоритмі

 

Әзірле: тонометр; фонендоскоп.

1. Науқасты ыңғайлы отырғыз (немесе жатқыз).

2. Науқас қолын алақанын жоғары қаратып жатқыз.

3. Манжетканы жаңалаш иықтың, шынтақ буынынан 2-3 см жоғарырақ сал, манжетканы тығыз бекіт, бірақ саусақ сыйуы керек.

4. Науқас қолын дұрыс қой: жайған күйде, алақаны ашық, бұлшық еттері босаңсыған болу керек. Егер науқас отыратын күйде болса, онда шынтақ буын астына, жастықшаны қой.

5. Тонометрмен манжетканы қос, монометр тілінің күйін тексер, ол “нөл” күйде тұру керек.

6. Шыбық артерия тамыр тербелісін шынтақ бетінен іздеп тап және осы жерге фонендоскопты қой.

7. Грушадағы бұранданы жап және манжеткаға ауа айда. Ауаны толтырғанда манжеткадағы монометр көрсеткіші 30 мм сынап бағанын көрсеткенде шыбық артерия тербелісі жойылады.

8. Бұранданы ашып, ақырын 20 мм сынап секунд жылдамдықпен манжетка ауасын жібер. Фонендоскоппен иық артериясының үнін ести отырып, монометр шкала көрсеткішін бақыла.

9. Иық артериясының үстіндегі бірінші дыбыс (Коротков үні), бұл систолалық қысым деңгейі делінеді.

10. Диастолалық қысымды белгілеу үшін, иық артериясының үні соңғы рет естілмеген кезде белгіленеді.

11. Алынған артерия қысымы, “0” немесе “5”пен айналдырып бөлу түрінде көрсет (бөлгіште – систолалық қысым, ал бөлінгіште – дистола қысымы). Мысалы: 120/75 мм сын. бағ. Қызу қағазға жаз.

Есте сақта! Балаларда керекті қан қысымы келесі формула арқылы анықталады:

Бiр жасқа дейiн: 70+2n(n- баланың айы)

Бiр жастан кейiн: Қ Қmax = 80+2n(n – баланың жасы)

ҚҚmin = 1/2 – 2/3 Ққmax

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

МҰРЫННАН ҚАН КЕТУ

 

Жедел көмек алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу.   • аспира­цияның, қан жұтып қоюдын және алқызыл қан аралас құсықтың алдын алу
2. Қысып тұрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын жақсарту
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   тыныс алуды жеңілдету
4. Тыныштық жағдай жасау.   •баланың үрейі ұшады, бала мазасыз
5. Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.   қан ағуды механикалық тоқтату
6. Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.   мұрын қуысына келетін қан көлемін азайту
7. Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою: 3% су асқын тотығымен, немесе суық сумен (түзды ерітінді, ерте жастағы балаларда ана сүтімен); мүрын қабырғасына орамалға оралған мұз кесектерін қою.   жергілікті қан ағуды азайту
8. Бұлшық етке енгізу: - витамин К - жасына сәйкес дозада; - 10% Са глюконат - Імл/жасына   • қан тоқтатушы әсер
9. Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет. • қан тоқтатушы әсер
10.Қан кетудің себебін анықтау және жою. • қан кету - симптом, диагноз емес

ІІІ ҚАН КЕТКЕНДЕ КӨРСЕТІЛЕТН КӨМЕК

Ас қорыту мүшелерден қан аққанда көмек

Негізгі белгілері:

1. Қан аралас құсық

2. Қан аралас нәжіс

3. Қан аралас құсықпен қан аралас нәжіс.

Аз көлемде және асқазанда ұзақ уақыт тұрып қалғанда түсі «қою кофе» тәріздес, көп көлемде ашық қызыл түсті. 8-10 сағаттан кейін және қан жұтқан кезде «қарамай» тәріздес нәжіс пайда болады. Көмек қан ағудың түріне байланысты көрсетіледі:

1. Нәрестенің меленасы бір жұмаға дейінгі балаларда кездеседі. Себебі: асқазан не ішек капиллярларынан диапедездік қанағуға байланысты.

Көмек: 0,2 мл 1% викасол (4 мг - нан тәулігіне артық емес), 10-15 мл/ дене салмағына жас қанды.

Госпитализация!

2. Меккель дивертикулы. Меккель дивертикулының шырышты қабығы жараланғанда ішектен қан кетуі мүмкін.

Көмек: науқасты тамақтандырмау. Викасол: 1жасқа дейін назначают детям

до года 0,002-0,005 г, 2 жасқа дейін 0,006 г, 3-4 жасқа дейін - 0,008 г, 5-9 жасқа дейін -

0,01 г, 10-14 жасқа дейін - 0,015 г, 2-3 рет ауыз арқылы (1 таблетка - 0,015 г) немесе бұлшық етке 1% ерітінді (1 мл - 10 мг); көктамыр арқылы 1-5 мл 10%

кальций глюконаты немесе кальций хлорида + аскорбин қышқылы

(1-3 мл 5% ерітінді)

өкпеден қан кету

Түрлері: өкпеден, өкпеден-плеврадан, плеврадан.

5-7 жастан кейін пайда болуы мүмкін.

Себептері: жұқпалы аурулар(ЖРВИ, грипп, қызылша, көкжөтел)? Тыныс алу жолдарының бөгде заттары, бронхит, бронхоэктаздар, т.б.

Сипаттамасы: ашық қызыл түсті, бүктетілмейтін, сілтілі реакциялы, ауа қосылған.

Көмек: баланы жартылай отырған жағдайда аяқтарын салбыратып отырғызу. Қан 10 мл/кг дене салмағына, реополиглюкин - 10-15 мл/кг, викасол: 1жасқа дейін назначают детям

до года 0,002-0,005 г, 2 жасқа дейін 0,006 г, 3-4 жасқа дейін - 0,008 г, 5-9 жасқа дейін -

0,01 г, 10-14 жасқа дейін - 0,015 г, 2-3 рет ауыз арқылы (1 таблетка - 0,015 г) немесе бұлшық етке 1% ерітінді (1 мл - 10 мг); 10% 0,1-1 г/кг желатин тамыр арқылы;: аскорбин қышқылы - 0,5-2 мл 5% көктамырға, рутин 1 жасқа дейін - 0,0075 г, 1 - 4 жас - 0,02 г, 5-14 жас-0,03 г.

Аминокапрон қышқылы 1 мл 5% 1 кг дене салмағына 4-6 сағат сайын. Кіші қанайналым шенбердің ішінде қысымды төмендету үшін эуфиллин көктамыр арқылы; жөтелді басу үшін кодеин 0,005-0,01 мг күніне 3 рет. Госпитализация!

Енді барлық студенттер келесі бұйрық үзілісімен таныссын:

Қан трансфузиясын бақылау

 

Денсаулық сақтау Министірінің

міндетін атқарушы

2009 ж. «___» __________ № _____

бұйрығына 3-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарында қанды және

оның құрауыштарын, қанның препараттарын құю

ережелері (үзілістер)

 

36. Трансфузиядан кейін бақылау:

1) реципиент екі сағат бойы төсек тартып жату режимін сақтайды;

2) трансфузиядан кейінгі реакциялар мен асқынуларды уақытынан бұрын диагностикалау үшін:

әр сағат сайын үш реттен реципиенттің дене температурасын және артериялық қысымын өлшеп, бұл көрсеткіштер эритроцитқұрамды трансфузиялар құралдарының хаттамасында 2005 жылғы 08 шілдедегі № 332 Денсаулық сақтау Министрінің бұйрғымен бекітілген 005/е нысаныны (бұдан әрі – 005/е нысанасы) немесе қан құрауышы және препараттары трансфузиялар хаттамасында 2005 жылғы 08 шілдедегі № 332 Денсаулық сақтау Министрінің бұйрғымен бекітілген 005-1/е нысанында 005-1/е нысаныны (бұдан әрі – 005-1/е нысанасы) бойынша белгіленеді;

зәрдің бөлінуі, зәрдің түсі, бір тәуліктегі диурез бақыланады, бұл көрсеткіштер 005/е немесе 005-1/е нысанында белгіленеді; зәрдің түсінің өзгеруі жіті гемолизді растауы мүмкін;

трансфузиядан кейін келесі күні қанның және зәрдің клиникалық анализін жасайды;

3) құю аяқталғаннан кейін реципиент үш сағаттан кем емес уақыт бойы дәрігердің бақылауында болуы қажет.

37. Қанның қажетті құрауыштары болмаған кездегі жіті көлемді қансырау немесе ауыр геморрагиялық синдром жағдайларын айтпағанда, өңделмеген (цельный) консервацияланған донор қанын құюға көрсетілімдер жоқ.

 

5. Қанның эритроцитқұрамды компонеттерінің педиатрияда құюдың ерекшеліктері

67. Педиатрияда қанның құрамында эритроцит бар құрауыштарын құюдың тактикасының нәрестенің жаңа туылу кезеңінен басқа кезде ересек емделушілерге құюдан принципті айырмасы жоқ. 4 айға толғанға дейінгі жаңа туған нәрестелер (бұдан әрі – жаңа туған нәрестелер) келесілермен ерекшеленеді:

1) гиповолемияға және гипотермияға жоғары сезімталдығымен;

2) қан формуласының ерекше физиологиялық параметрлерімен (ОЦК – 85 мл/кг; гематокрит – 45-60%, эритроциттер саны – 4,0-5,6 х 10ˡ²/л);

3) фетальды гемоглабиннің болуымен (60-80%), бұл оттегіне жоғары ұқсастыққа және оның тіндерге берілісінің азаюына себепші болады;

4) иммуносупрессиямен (бұл нәрестелерге тән);

68. Жаңа туылған кезеңде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құюды тағайындау үшін критерийлер мен көрсетілімдер мыналар болып табылады: ауыр жүрек-өкпе дерттері бар нәрестелерде гематокритті 40%-дан жоғары, гемоглабинді 130г/л-ден жоғары ұстау қажеттілігі; орташа білінген жүрек-өкпе функцияларының жеткіліксіздігі кезінде гематокрит деңгейі 30%-дан жоғары және гемоглобин 100г/л-ден жоғары болуы керек; тұрақты жағдайда, жоспарлы шағын операциялар жасаған кездегідей гематокрит 25%-дан жоғары, гемоглобин 80г/л-ден жоғары болу керек.

69. Төрт айлықтан бір жасқа дейінгі нәрестелер үшін қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құю гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен кездегі операция алдындағы анемия, гемоглобиннің операция кезінде және операциядан кейінгі 80г/л-ден төмен деңгейі кезінде және анемиялық синдромның клиникалық айқын белгілері кезінде көрсетіледі. Бір жастан асқан сәбилер үшін жіті қансырау кезінде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарының трансфузиясына көрсетілімдер ересектерге арналған көрсетілімдерге ұқсас.

70. Созылмалы анемия кезінде бір жастан асқан сәбилерде қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын құю гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден төмен және анемияның клиникалық белгілері кездерінде көрсетіледі.

71. Жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін барлық трансфузиялар, олардың гипотермияға жоғары сезімталдығы, қанның иондық құрамы мен қышқылды-негізгі жағдайының күрт ауытқулары есепке алына отырып, массивті ретінде қаралады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін трансфузиялар, құрамында эритроцит бар құйылған трансфузиялық орта көлемімен қатар, сондай-ақ анализе алынған қанның көлемі қатаң бақылауға алынып жүргізілуі қажет. Бір жасқа дейінгі сәбилердің барлық анализдері алынған қанның көлемін көрсетумен анализге қан алу парағында белгіленуі керек.

72. Гемодинамика және тыныс алу көрсеткіштерін міндетті бақылаумен ЭМ-ді құю жылдамдығы сағатына 2-5 мл/кг дене массасын құрайды.

73. Құрамында эритроцит бар ортаны алдын ала бөлме температурасы кезінде 60 минут ішінде міндетті жылыту. Суық ЭМ немесе ЭВ-ні құю, сол сияқты оны тым жылытып құю кезінде асқынулар туындауы мүмкін

74. Қан құрауыштарының донорын іріктеп алу кезінде жаңа туған нәресте үшін анасының қалаусыз плазма доноры болып табылатынын еске сақтаған жөн, себебі ана плазмасының құрамында жаңа туылған сәбидің эритроциттеріне қарсы аллоиммундық антиденелер болуы мүмкін, ал әке қалаусыз эритроциттер доноры болып табылады, олардың тегіжаттарына қарсы жаңа туған нәрестенің қанында, анасының қан қан ағынынан баланың жолдасы арқылы енген, антиденелер болуы мүмкін.

75. Жаңа туған нәрестелерге қанның құрамында эритроциттер бар құрауыштарын, сондай-ақ ТК құю алдында келесілерді орындау қажет:

1) АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтау. Табиғи агглютининдер сәбилік шақта әдетте анықталмайтындықтан АВО-тестілеу анти-А және анти-В реагенттерді пайдаланумен реципиенттің эритроциттерімен ғана жүргізіледі. 2-қосымшада жаңа туған нәрестелерге құю үшін эритроциттерді АВО жүйесі бойынша іріктеп алу кестесі келтірілген. Егер реципиенттің қанының тобын АВО жүйесі бойынша анықтауда қиыншылықтар болса, онда жаңа туған нәрестенің және анасының қан сарысуымен үйлесетін 0(1) эритроциттерді құйған жөн. Анасы болмаған жағдайда сәбидің қан сарысуымен үйлесетін 0(1) эритроциттер құйылады;

2) жаңа туған нәрестенің қанының резус-тиесілігін анықтау; анти-Д антиденелерден болған гемолитикалық ауру кезінде резус-теріс қанды ғана құяды, егер патогендік антиденелер анти-Д антиденелер болып балмаса, жаңа туылған сәбиге резус-оң қан құюға болады.

3) иммунды антиденелерді іздеу және жеке үйлесімдікке сынама жаңа туған нәрестенің, сондай-ақ оның анасының қан сарысуына жүргізіледі; егер анализ жасау үшін жаңа туған нәрестенің қанын алу мүмкін болмаса (әсіресе шала туған сәбилердің, себебі анализ үшін қажет сынама ОЦК 1-2 % құрайды), тестілеу анасының қан сарысуымен жүргізіледі;

4) ана құрсағының ішіне құю үшін ЭМ, ЭВ- ті ғана, немесе ананың қан сарысуымен үйлесімді, өңделмеген (цельную) консервацияланған донор қаны пайдаланылады.

 

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

Келесі тесттерге жауап беріңіз:

  1. Қанағыштық – ол... сипаттаммасы:

1. анемияның

2. геморрагиялық диатездердiң

3. лимфогранулематоздың

4. лейкоздың

2. Геморрагиялық диатездерге жатпайтын ауру:

13. гемофилия

14. тромбоцитопения

15. капилляротоксикоз

16. анемиялар

3. Гемофилия – ол:

13. жұқпалы ауру

14. жұқпалы - аллергиялық ауру

15. тұқым қуалаушылыќ ауру

  1. эндокрин жүйесiнiң ауруы

4. Гемофилияның клиникалық көрiнiсi

  1. Терi бүтiндiгi бұзылғандағы ұзақ қан кетуi
  2. денеде ұсақ бөртпелер пайда болуы
  3. қанда гемоглобин мөлшерi төмендеу
  4. қанда тромбоцит саны азаю

5.Гемофилияның ең жиi кездесетiн белгiсi

  1. буындарға қан құйылу
  2. терiде розеолалар пайда болу
  3. бауыр және көкбауырдың үлкейуi (гепатосплекомегалия)
  4. терi түсi сарғаю.
  1. Гемофилияның емi:
  1. криопреципитат
  2. темiр препараттары
  3. спленэктомия
  4. индометацин
  1. Емдеуге байланысты гемофилияның болжамы:

15. сәттi

16. күдiктi

17. сәтсiз

18. мүгедектiкке соқтырады

  1. Тромбоцитопениялық пурпураның сйпаттамасы

1. анемия

2. лейкопения

3. тромбоцитопения

4. леикоцитоз

9. Тромбоцитопениялық пурпураның себебi:

1. жұқпалы аурулар

2. темiр тапшылық жағдай

3. радиация

4. эритроциттер уақытынан тез ыдырауы

10 .Тромбоцитопениялық пурпураның сипаттамасына жатпайтын белгi:

1. әр түрлi көлемдi экхимоздар

2. макулопапулар

3. әр түрлi түстi геморрагиялар

4. лимфотүйіндер үлкейюi

11.Спленомегалия кездесетiн ауру:

1. капилляротоксикоз

2. тромбоцитопениялық пурпура

3. гемофилия

4. Нерв-артритикалық диатез

12.Ќан ауруларының қандай түрiнде симметриялық емес бөрiтпелер кездеседi:

1. капилляротоксикоз

2. анемия

3. тромбоцитопениялық пурпура

4. гемофилия

13.Тромбоцитопениялық пурпураның емi:

1. эпсилон –аминокапрон қышқылы

2. темiр дәрiлерi

3. транквилизаторлар

4. калъций хлорид ерiтіндісi.

14. Пурпура кезiндегі диспансерлiк бақылау:

1. 2 жыл. 2. 6 ай 3. 4жыл. 4. 5 жыл.

15.Ацетилсалицил қышқылы, аналгин, карбенициллин беруге болмайтын ауру:

1. Трмбоцитопениялық пурпура. 2. анемия.

3. лейкоз 4.гемофилия.

16. Геморрагиялық васкулит – ол:

  1. аллергиялық ауру.
  2. инфекция - аллергиялық ауру.
  3. жұқпалы ауру.
  4. жаңа туған баланың ауруы.

17. Геморрагиялық васкулитте кездесетiн бөрiтпе сипаттамасы:

  1. симметриялық ұсаұ нүктелi бөрiтпе. 3. везикулалар.
  2. пустулалар. 4. дақтар бүкiл денесiнде.

18. Геморрагиялық васкулиттың жiктелуi:

  1. терiлiк түрi 2. iсiңкi түрi.
  2. гематуриялық түрi. 4. жасырын түрi.

19. Геморрагиялық васкулит ауруындағы бөртпе сипаттамасы:

  1. симметриялық, буындар қасына орналасады.
  2. ассимметриялық, түрлi-түстi, түрлi көлемде.
  3. қызыл шектi везикулалар.
  4. iрi шектi, тегiс емес дақтар.

20. Геморрагиялық васкулитте сирек кездесетiн сндром:

  1. тері-геморрагиялық
  2. буындар синдромы.
  3. абдоминалды синдром.
  4. басқа мүшелер синдромы.

21. Геморрагиялық васкулитты ажырату диагнозы өткiзiледi:

  1. терi ауруларымен 3.қант диабетiмен.
  2. анемиямен 4. лейкозбен
  1. Капилляротоксикоздың емi:

1. дене шынықтары3.диетотерапия

2. антибиотиктер 4. витамин “Д”

  1. Диспансерлiк бақылау:

1.педиатрде 5 жыл3. оториноларингологта 2 жыл

2.стоматологта 1 жыл 4. Ревматологта 6 ай.

 

 

Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, Асқазан-ішек жолдарының және биллиарлық жүйесінің аурулары.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы:

Гастриттер, гастродуодениттер. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары.

Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холециститтер. Гельминтоздар

 

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2012 ж

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Гастриттер, гастродуодениттер. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары. Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холециститтер. Гельминтоздар

Сабақ мақсаты

1. Оқытушылық

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

Гастриттер, гастродуодениттер. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары. Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холециститтер. Гельминтоздар

Себептері, клиникалық коріністері, емі. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Икемділік:

1.Науқас баланың шағымын, анамнезін жинау, оны қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жасау, алғашқы диагнозын қою

2.Стоматит кезінде ауыз қуысын тазарту

3.Нәжісті құрт жұмыртқасына жинау

4.Энтеробиозға қырынды алу

5.Копрологияға, дисбактериозға, бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу

6.Ауруды зондтау

7.Асқазанды жуу

8.Асқазан және ішекті жуу.

9.Құсқан кездегі көмек көрсету

10. Демьянов бойынша тюбаж

Дағды:

1.Стоматит кезінде ауыз қуысын тазарту

2.Нәжісті құрт жұмыртқасына жинау

3.Энтеробиозға қырынды алу

4.Копрологияға, дисбактериозға, бактериологиялық зерттеуге нәжісті алу

5.Ауруды зондтау

6.Асқазанды жуу

7.Ішекті жуу.

8.Құсқан кездегі көмек көрсету

9.Демьянов бойынша тюбаж

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар Оқулықтар, фонендоскоптар, тонометр, ауру тарихтары, қалам, дәптер

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы

 

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі
  · Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар.
2. Операция-танымдық кезеңі
2.1 Үй тапсырмасын тексеру.   · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады     өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі Сабақтың алдында курация үшін дайындалған пациенттерді студенттер арасында үлестіріп, курация кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін анықтайды. Курация өткізу үшін керек материалдармен танысып, пациенттердің аты жөнін, палатасының нөмірін жазып алады Оқулықтар, фонендоскоптар, тонометр, ауру тарихтары, қалам, дәптер, мақта, дәке салфеткалары;
      қолданылған заттарға арналған лоток; резеңке қолгап; шпатель, асқазан зонды, воронка, дәке салфеткалары, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2,шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені Өткізіліп жатқан курация сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды Алдын ала дайындалған пациенттермен жұмыс істейді. Курациясын өткізеді. Алдын ала диагнозын қойып, болашақ емін жоспарлайды. Курация үшін балалар, ауру тарихтары, қалам, дәптер, тонометр, фонендоскоптар,
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі Әрбір студенттің жасалған жұмысы: курация, лабораторлық анализдерін шешу, алдын ала диагноз қою туралы мәліметтерді тыңдайды. өткізілген курациясы туралы мәлімет жасайды, қалғандары жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тестілер
3. Рефлексивті бағалау кезеңі
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады Жіті және созылмалы гломерулонефриттер. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы және пиелонефриттер
3.2 Сабақты қорытындылау ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі    

І. Операция-танымдық кезеңі

Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. Ауыз қуысының аурулары. Гастриттер, гастродуодениттер.

2. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

3. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

3. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары. Гельминтоздар

4. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

5. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

3. Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холециститтер.

4. Себептері, клиникалық коріністері, емі.

5. Алдын алу, емдәм, күтім жасау.

 

№2 қосымша


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 463 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабак № 14| Алгоримдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.065 сек.)