Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 5

Сабак № 1 | Сабак № 2 | Алгоримдер | Пульс жиiлiгiн санау. | Бала гемограммасы | МЕТЕОРИЗМ | Сабак № 6 | Ескерту | Сабак № 7 | Сабак №8 |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 4
  6. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Аралас және жасанды тамақтандыру. Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім: Гипогалакгияның себептері және олармен күрес жүргізу жолдары. Сүт қоспалары.. Аралас және жасанды тамақтандыруды жүргізу техни- касы. Бейімделген және бейімделмеген сүт қоспалары. Тағам қоспаларын енгізу. 1 жастан асқан балаларды тамақтандыру. Мектепке дейінгі және мектептегі балаларды тамақтандыруды үйымдастыру.

Икемділік:

Балаларды қарап тексеру, емшектегі баланың физикалык жағдайын бақылау. Мэзір құрастыру, асүйдің санитариялық жагдайын бакылау.

Дағды:

1. Баланың дене салмағын өлшеу

2. Бақылаушылық өлшеу өткізу

3. Нәрестені емізік, қасық арқылы тамақтандыру

4. Тәуліктік және бір реттік тамақ көлемін санау.

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

Ежова Н.В., 57-92 бет

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, емізік, шыны, емізікті тесу үшін жуан ине, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы, бессаусақты қолғап, бас орамал, маска, 37-38 градусқа дейін жылытылған сүт, залалсыздандырылған асқазан катетері, қысқыш, жиырма мл-лік шприц, құралдарға арналған лоток, электр сорғыш не резенке баллон.

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, емізік, шыны, емізікті тесу үшін жуан ине, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 


І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. Аралас тамақтандыру деген не?

2. Қандай себептерге байланысты пайда болады?

3. Аралас тамақтандырудың принциптері?

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1.Неге аралас тамақтандыруда таза сиыр сүтін нәрестеге бірден беруге болмайды?

2.Жасанды тамақтандыру деген не?

3.Қандай себептерге байланысты пайда болады?

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Қоспалардың түрлері қандай?

2. Берілеті қоспалар ерекшеліктері?

3. Аралас және жаасанды тамақтандыруда қосымша тамақ беру мерзімі?

 

2. сұрақтардың жауаптары дұрыс болса, «Д» деп қойыңыз, дұрыс болмаса «Ж» деп белгілеңіз:

  Табиғи жолымен бала қоректенгенде ішек микрофлорасында ішек таяқшасы көбейеді  
  Аралас тамақтандыруда бала ана сүтіне қосымша бейімделген қоспалар ішеді  
  Қосымша тамақ табиғи тамақтандыруда 4-5 айдан бастап беріледі  
  Анасында тұмау болса баланы емізуге болмайды  
  Табиғи жолымен тамақтандырғанда баланы әр екі сағат сайын емізеді  
  Жаңа туған баланы тамақтандырғанда түнгі үзіліс болу керек  
  Ана сүті пайда болуына пролактин әсер етеді  
  Уыз бала үшін өтпелі жағдай болып саналады  
  Пассивті иммунитет 2 жасқа дейін сақталады  
  Қосымша тамақ бейімделген және бейімделмген болып жіктеледі  
  Сүт тістер 6 - 7 айда пайда болады  
  Физиологиялық дене салмағы жойылуы – 15 –20 %  
  Гипогалактия – ол ана сүтінде гормондар аз болуы  

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

Баланың салмағын электронды таразымен өлшеу

Көрсеткіші:

29. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

30. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

31. электрондық таразы;

32. резеңке бессаусақты қолғап;

33. дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

34. қағаз, қалам.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру. 3.Керекті құралдарды дайындау. өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету
4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. шараның айқындығын қамтамасыз ету
5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
35. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
36. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.  
37. Баланы таразыға жатқызу.  
38. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету
39. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу. Тексеру қорытындысын құжаттандыру
40. Таразыдан жөргекті алып тастау. таразының дұрыс реттелуін сақтау
41. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
42. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

БаҚылау тамақтандыруды Өткізу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Бала ана сүтімен қоректенгенде емген сүттің орташа көлемін анықтау үшін

Керекті құралдар:

· таразы, памперс, сүрткіш, дез.ерітінді, қағаз, қалам, емізуге арналған жабдықтар

Есіңде сақта: сүт көлемі тәуілік бойы өзгеріп тұруына байланысты бақылаушылық өлшеуді тә»уілік бойы ең кемі үш рет өткізу

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті қуралдарды дайындау шараның айқын түрде өтуін себептендіру
3.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
4.Нєрестеге памперс кигізу мәліметтер қателерін болғызбау мақсатымен памперс қолданылады
5.Анасын емізуге дайындау жұқпалық қауіпсіздікті сақтау емізу үшін қанағатты жаңдай тудыру
6.Таразыны залалсыздандыру жєне қолдануға дайындау жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
7.Баланы өлшеу және қорытындысын жазып алу баланың шығыңқы салмағын тіркеу
8.Баланы анасына 20 мин. көлемінде емізуге беру сүттің керек көлемін еміп алуға және ему рефлексін қамтамасыз етуге осы уақыт жеткілікті
9.Баланың салмағын қайталап өлшеу және болып шыққан қорытындыны бекіту. 10.Өлшегенге дейін және өлшегеннен кейін болып шыққан қорытындылардың айырмашылығын анықтау (тамақтануға дейінғі және кейінгі салмақтары). бала емген сүт көлемін анықтау
11.Баланы анасына беру не керуетке жатқызу баланың қауіпсіздігін сақтау
12.Таразыны дез.ерітіндімен сүрту. 13.Бессаусақты қолғапты шешіп, қолды жуу жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
14.Бала еміп алған сүт кµлемін қажетті сүт көлеміне сәйкестігін бағалау анасында пайда болатын сүт көлемінің дәрежесі бағаланады. нәрестені тамақтандыру жолында қандай түрін қолдануға болатыны туралы мәселені шешу

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

НӘрестені емізік арҚылы тамаҚтандыру АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Баланы толық сапалы тамақтандыру

Керекті құралдар:

· орамал, маска, емізік жєне шыны, бір рет тамақтандыруға керек сүт қоспасы, емізікті тесу үшін жуан ине.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нєресте анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу шараның айқын түрде өтуін себептендіру
3.Орамал мен масканы кию. 4. Қолды ұқыпты жуу, құрғату. Нәрестене тамақтандыруға әзірлеу. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.Шыныға жаңа ғана әзірленген қажетті сүт мөлшерін немесе басқа қоспаны құю ас қорыту мүшелердің жұқпалы ауруларының алдын алуы
10. Емізік жаңа болса, жуан инемен тесік тесу тесігі үлкен болса - ему кезінде нәресте асқазанына көп мөлшерде ауа түсуі мүмкін, тесігі тар болса – ему кезінде бала тез шаршайды
11. Емізікті шыныға кигізу шыны ішіндегі сүт сирек тамшылармен ағу тиіс
12. Қолдың білезік сүйегі терісіне сүтті тамшылатып, ыстықтыңы мен ағу жылдамдығын тексеру жылы сүт асқазан бұлшық еттерінің тырысуын қоздырмайды, жақсы ыдырайды, шырышты қабатты күйдірмейді
13. Бас жағын көтеріп, баланы қолға жатқызу аспирацияның алдын алуы
14. Шыны мойыны үздіксіз сүтке толы болуын байқап төрып, баланы тамақтандыру аэрофагияның алдын алуы
15. Баланы тік жағдайда бірнеше минут ұстап тұру тамақтандыру кезінде асқазанға түскен ауаны кетіру үшін
16. Керуетке баланы бір бүйіріне жатқызу не басын бір жаққа бұру құсып қойғанда – аспирацияның алдын алуы
17. Емізікті шыныдан алып, екеуін де ағынды су астында жуу, сонан соң 3% сода ерітіндісінде он бес мин. бойы қайнату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
18. Шыныдан су қалдықтарын төгіп, жабық ыдыста сақтау жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Зонд арҚылы тамаҚтандыру АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Бала ана сүтімен қоректенгенде емген сүттің орташа көлемін анықтау үшін

Керекті құралдар:

· бессаусақты қолғап, бас орамал, маска, 37-38 градусқа дейін жылытылған сүт,

залалсыздандырылған асқазан катетері, қысқыш, жиырма мл-лік шприц, құралдарға арналған лоток, электр сорғыш не резенке баллон.

Міндетті шаралар: Асқазан катетерінің көлемі бала денесінің салмағына байланысты:

№ 4 мұрын немесе №5 ауыз катетері- баланың дене салмағы 1000 граммнан кем болса,

-№6 мұрын немесе ауыз катетері - баланың дене салмағы 1000-2500 г болса,

№6 мұрын немесе №10 ауыз катетері - баланың дене салмағы 2500 артық болса.

Шала туған балаға зонд еңгізу алдында және еңгізгеннен кейін оттегі беру керек.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу шараның айқын түрде өтуін қамтамасыз ету
3.Анасының басына орамал, маска кигізу жұқпалық қауіп-қатерлікті жою
4.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
5.Бас жаңын көтеріп баланы бүйіріне жатқызу, валик көмегімен осы жағдайды нығайту аспирацияның алдын алуы
6.Катетердің енгізу тереңдігін анықтау: құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді өсікке дейін өлшеу. Белгі жасау керек. катетер ас қазан ішінде екендігінің белгісі.
7.Шприцке шамалы ауа алып, зондқа бекітіп, өткізгіштігін тексеру үшін шприцпен асқазанға ауа еңгізу.  
8.Шприц ішінен поршеньді алып тастау. Шприцті сол қолға алып, қосылып тұрған катетерді екінші-үшінші саусақ арасына өткізу. Катетердің соқыр жағы үстіне қарап тұруы керек. катетерді сүтке толтырған кезде ішіндегі сүт ағып кетпеуінің алдын алуы
9.Ана сүтімен 1/3 көлеміне дейін шприцті толтыру.  
10.Зондтың соқыр жағын оң қолға ұстап, зондты ақырын төмен түсіріп, сүтке толтыру (зондтың соқыр жағынан бірінші тамшысы пайда болғанша дейін). баланың асқазанына ауа кірмес үшін өткізілетін алдын алушылық шара.
11. Соқыр жағын үстіне қаратып тұрып зондты сол қолға алу, бұрынғы жағдайына келтіру.  
12. Шприц жағынан 5-8 см қашықтықта каттерге қысқыш салу. катетерден сүт ағып кетпес үшін
13. Қысқыштың дөңгелегін сол қолдын үлкен саусағына орналастыру. катетер шприцтен жылжып кетпес үшін
14. Соқыр жаңынан 7-8 см ығысып, зондты оң қолға алу ылғал зондты еңгізу жеңілге түседі
15. Зондты сүтке малу. шырышты қабықтарды жарақаттамау үшін
16. Зондты мұрын не ауыз арқылы белгіге дейін еңгізу зондтың тыныс алу жолдарына түспеуінің алдын алуы
17.Шприцке сүт құю сүттің асқазанға баяу түсуі асқазан перистальтикасының күшеюін төмендетеді және құсұдың алдын алады
18. Шприцті көтеріп катетерден қысқышты алып тастау, баланың асқазанына сүтті баяу еңгізу  
19. Сүт еңгізіліп болғаннан кейін зондты қайтадан қысқышпен жабу. асқазанға ауа түспеудің алдын алуы
20. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта оң қолдың бірінші жєне екінші саусақтар арасына зондты қысып, тез қимылмен салфетка арқылы шығарып алу. құсудың алдын алуы.
21. Бас жағын көтеріп оң жақ бүйіріне баланы жатқызу аспирацияның мүмкіндігі төмендейді, асқазан тамақтан тез босайды.
22. Бессаусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату. 23.Пайдаланған құралдарды дез. ерітіндіге салу. жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

Бала жасына сәйкес тамақ мӨлшерін


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 352 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабак № 4| Есептеу жолы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)