Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 7

Сабак № 1 | Сабак № 2 | Алгоримдер | Пульс жиiлiгiн санау. | Бала гемограммасы | МЕТЕОРИЗМ | Сабак № 4 | Сабак № 5 | Есептеу жолы | Сабак № 6 |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 14
  4. Сабак № 2
  5. Сабак № 4
  6. Сабак № 5
  7. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім: Іріңді - сепсистік аурулар. Клиникасы, диагностикасы. Емдеу және алдын алу шаралары. Құрсақішілік инфекциялар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы, гемолитикалық ауруы, сарғаюы, геморрагиялық синдромдары, перинатальды энцефалопатиялары және туылу кезінде жарақат алуы, қарап тексеру, себептерін анықгау. Емдеу және алдын алу принциптері.

Икемділік:

1. Оксигенотерапия.

2. Люмбальды пункцияны өткізуге аспаптарды дайындау

3. жылытқыны және мұзы бар қапшықтарды қолдану

4. мұрын-жұтқыншақган сілемейді сорып алу,

5. сүңгі арқылы, қасықпен тамақтандыру

6. тері мен кіндікті тазалау

7. биохимиялық талдауға қан алу

8. дене қызуын олшеу

9. құрысу, құсу, дене қызуының көтерілуі кезінде көмек корсету.

Дағды:

1. Оксигенотерапия.

2. Люмбальды пункцияны өткізуге аспаптарды дайындау

3. жылытқыны және мұзы бар қапшықтарды қолдану

4. мұрын-жұтқыншақтан сілемейді сорып алу,

5. сүңгі арқылы, қасықпен тамақтандыру

6. тері мен кіндікті тазалау

7. биохимиялық талдауға қан алу

8. дене қызуын олшеу

9. құрысу, құсу, дене қызуының көтерілуі кезінде көмек корсету.

Сабақ типі Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 


І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

1. іріңді емес тері аурулары, себептері, жою жолдары.

2. Іріңді - сепсистік аурулар:тері, кіндік аурулары, сепсис. Клиникасы, диагностикасы. Емдеу және алдын алу шаралары.

Эксперттердін екіші тобы тапсырмасы

1.Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы,

2.Гемолитикалық ауруы, сарғаюы, геморрагиялық. Емдеу және алдын алу принциптері.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

1. Құрсақішілік инфекциялар. Синдромдары

2. Перинатальды энцефалопатиялары және туылу кезінде жарақат алуы, қарап тексеру, себептерін анықгау. Емдеу және алдын алу принциптері.

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

ОМФАЛИТ КЕЗІНДЕ КІНДІК ЖАРАСЫН ӨНДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• кіндік жарасының қабынуы.

Керекті қүралдар:

стерильді мақта таяқшалары - 3; 3% сутегі асқыны тотығы; 70% этил спирті; 5% калий перманганат ерітіндісі; немесе бриллиант жасылының спиртті ерітіндісі; стерильді тамызғыш;

жөргектейтін үстөлдегі жөргектеуге арналған жинақ; резеңке қолғап; колданылған заттарға арналған лоток; дезерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

Кезеңдер Негіздемесі
1Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2. Керекті қүралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өндеп, оның үстіне жөргек төсеу. • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету • балаға жағымды жағдай тудыру
5.Баланы отырғызу немесе үстөлдің үстіне жатқызу. • балаға ыңғайлы жағдай тудыру  
6. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу. • кіндік жарасының түбіне жетуді қамтамасыз ету
7. Кіндік жарасына тамызғыштан 1-2 тамшы сутегі асқыны тотығының ерітіндісін тамызу, кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен атып тастау (іштен сыртқа қарай). • кіндік жарасының механикалық тазартуына жету
   
8. Кіндік жарасын (керек жағдайда) 5% калий перманганат немесе жасыл бриллианттың ерітіндісімсн күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей). 9. Кіндік жарасының шеттерін керілген жағдайда сақтай тұрып, ішінен сыртқа қараған қимылмен 70% этил спиртіне малынған стерильді мақта таяқшасы арқылы өндеу, таяқшаны лотокқа тастау. 10. Ішінен сыртқа қимылымен 70% этил спиртіне малынған стерильді мақта таяқшасы арқылы кіндік жарасының аймағын өндеу (таяқшаны лотокқа тастау). • залалсыздандыру және құрғату ңәтижелерді қамтамасыз ету.  
11. Мақта таяқшасы көмегімен (қажет болған кезде) 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе бриллиант жасылының спирт ерітіндісімен кіндік жарасын өндеу (таяқшаны лотокқа тастау). • залалсыздандыру және құрғату нәтижелерді қамтамасыз ету. • калий перманганаттың «күшті» ерітіндісі теріні күйдіруі мүмкін.
12.Баланы жөргектеп төсекке жаткызу. •баланың қауіпсіздігіні қамтамасыз ету
13.Жөргектейтін үстөлден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жүмыс үстөлін дезерітіндімен сүрту. 14. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және қүрғату. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

АСҚАЗАНДЫ ШАЮ АЛГОРИТМІ

 

Көрсеткіші: баланың улануы

Керекті күралдар:

• асқазан зонды, воронка, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, дәке салфеткалары, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3.Алжапқышты кию •киімді кірленуден және суланудан қорғау
4. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, үстіне жөргек төсеу •емшараның тиімді өтуіне қажетті шарт
5. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. • емшараны өткізу үшін қажет шарт
7. Балаға су өтпейтін алжапқыш кигізу. киімді сулану мен ластанудан қорғау.
8. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою.  
9.Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі үзындықты өлшеу (қүлақ үшынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
10.Зондтың бітеу жағын сулау. •зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету.
11.Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт.
12.Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі үзындықта асқазанға енгізу.  
13.Шпательді алып тастау, зондқа оймышты немесе Жане шприцін жалғау • зонд ішіне сұйықтықты еңгізу үшін жағдай тудыру
14.Оймышты асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Оймышты сәл қисайта ұстап, оған суды қүю. • «бірлескен ыдыстар жүйесі» заңы бойынша су асқазанға бармайды
15. Оймышты жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су оймыштың мойнына дейін түсу керек). • физикалық заңдылық бойынша су асқазанға барып, қайтадан шұңғымаға келеді.
16.Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сүйықтықтың молшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет).  
17.Воронкаға сүйықтық қүйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанаға дейін. • шараның тиімділігін қамтамасыз ету
18.Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. • құсып қоюдың алдын алуы • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. • гигиеналық шаралар мен жағым-ды жағдайды) қамтамасыз ету
20.Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. • уланудың себептерін анықтау
21.Қолданылған қүралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
22.Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату.  
   

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен түрады. Бүл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексерү (өткізгіштігі сақталған ба?).

«С» - тыныс алуын тексерү (бала тыныс алып жатыр ма?):

- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз
- тыныс алу дыбысын тындаңыз

- баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз
«Д» - циркуляцияны тексеріңіз - жүрегі соға ма?

- пульсін іздеңіз (бір жасқа дейінгі балада иық артериясы, бір жастан асқан балада үйқы артериясы).

Егер тыныс алүын аныктай алмасаңыз- «жасанды дем берү» еткізү; Егер пүльсін аныктай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

Жасанды дем беруді өткізу сатылары:

Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды дем бергенде үш ерекшеліктерді ұмытпау керек:

4. ауыз бен мұрынға ауаны бір уақытта үріп енгізу

5. емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуандау екенін есте сақтай тұра, басын абайлап шалқайтыңыз

6. альвеолалар жыртылмау үшін сәбидің тыныс жолдарына ауаны өзіңіздің толық емес көлеміңізде үріп енгізіңіз.

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу.   •тыныс жолдарының өткізгіштігі жақсарады
2. Иық астына валик салу.   • тыныс жолдары тікейеді
3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалкайту, иегін көтеру.   • емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуан • баланың тілі ішіне түсіп кетпеуінің алдын алуы
4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту - резеңке грушамен немесе электросорғышпен.   •тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
5. Баланың аузына және мүрнына салфетка салу.   • инфекциялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету
6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мүрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мүрынының үстіне (ересек жастағы балаға).   • өткізіліп жатқан шаралар оңды болу үшін
   
7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу • бала өкпесінің ауаға толуы • альвеолалар жыртылмауының алдын алуы
8. Үзіліс жасап баланың кеудесі темен түскенге дейін тосу.   • пассивті ауа шығаруды қамтамасыз ету
9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлімдік таңбалар пайда болғанға дейін.   • өкпеге оттегінің пассивті түрінде түсуін қамтамасыз ету

Жүрекке тікелей емес массажды өткізу алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу. Баланың оң жағына орналасу. • реанимациялық шаралардың түбіне жетуіне қажетті шарттар
2. Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ «семсер» тәріздес өсіндіге емес: а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкең саусақтарымен баланың кеудесін айналдыра ұстау қалған саусақтарды баланың арқасына салу; б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар); в) 1-7 жасқа дейінгі балаларда - бір қолдың алақанының кең бөлігі; г) 7жастан асқан балаларда - екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау. • «семсер» тәріздес өсіндіні жеңіл сындырып алуға болады  
3. Кеуде торына басқанда, төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктер шекарасы келесі терендікке төмен қарай түседі: а) жаңа туған нәрестелерде - 1-1,5 см б) 1 жасқа дейінгі балаларда - 1-2,5 см в) ересек жастағы балаларда -3-3,5 см • кеуде торын әлсіз басу жасанды систола фазасында қан айналым шенберлер арқылы қанның толық өтуін қамтамасыз ете алмайды, ал қатты басқанда қабырғалар және төс сүйегі сынықтары пайда болуы мүмкін
4. Кеудеге қысымды азайтып, оны бастапқы қалыпқа келтіреміз (қолды нүктеден алмаймыз). • жасанды диастола пайда болады
5. Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде: егер екі адам өткізсе 1:5 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 5 рет кеудеге басу); егер бір адам өткізсе 2:10; 3:15қарым қатынасымен.   • Тыныс алу жиілігі мен пульстің ең жарамды қарым қатынасы
Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірлік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі). • шараның түбіне жеткендігін тексеру үшін
7. Шараны жалғастыру қажет: қызметтері қалпына келгенге дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлідік таңбалар пайда болғанға дейін. • өлілік таңбалар биологиялық өлімнің белгісі  

 

Зонд арҚылы тамаҚтандыру АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· Бала ана сүтімен қоректенгенде емген сүттің орташа көлемін анықтау үшін

Керекті құралдар:

· бессаусақты қолғап,

· бас орамал,

· маска,

· 37-38 градусқа дейін жылытылған сүт,

· залалсыздандырылған асқазан катетері,

· қысқыш,

· жиырма мл-лік шприц,

· құралдарға арналған лоток,

· электр сорғыш не резенке баллон.

Міндетті шаралар: Асқазан катетерінің көлемі бала денесінің салмағына байланысты:

№ 4 мұрын немесе №5 ауыз катетері- баланың дене салмағы 1000 граммнан кем болса,

-№6 мұрын немесе ауыз катетері - баланың дене салмағы 1000-2500 г болса,

№6 мұрын немесе №10 ауыз катетері - баланың дене салмағы 2500 артық болса.

Шала туған балаға зонд еңгізу алдында және еңгізгеннен кейін оттегі беру керек.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Нәрестенің анасына шараны өткізу жолын түсіндіру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қажетті жабдықтарды әзірлеу шараның айқын түрде өтуін қамтамасыз ету
3.Анасының басына орамал, маска кигізу жұқпалық қауіп-қатерлікті жою
4.Қолды жуу, бессаусақты қолғапты кию жұқпалық қауіпсіздікті сақтау
5.Бас жаңын көтеріп баланы бүйіріне жатқызу, валик көмегімен осы жағдайды нығайту аспирацияның алдын алуы
6.Катетердің енгізу тереңдігін анықтау: құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді өсікке дейін өлшеу. Белгі жасау керек. катетер ас қазан ішінде екендігінің белгісі.
7.Шприцке шамалы ауа алып, зондқа бекітіп, өткізгіштігін тексеру үшін шприцпен асқазанға ауа еңгізу.  
8.Шприц ішінен поршеньді алып тастау. Шприцті сол қолға алып, қосылып тұрған катетерді екінші-үшінші саусақ арасына өткізу. Катетердің соқыр жағы үстіне қарап тұруы керек. катетерді сүтке толтырған кезде ішіндегі сүт ағып кетпеуінің алдын алуы
9.Ана сүтімен 1/3 көлеміне дейін шприцті толтыру.  
10.Зондтың соқыр жағын оң қолға ұстап, зондты ақырын төмен түсіріп, сүтке толтыру (зондтың соқыр жағынан бірінші тамшысы пайда болғанша дейін). баланың асқазанына ауа кірмес үшін өткізілетін алдын алушылық шара.
11. Соқыр жағын үстіне қаратып тұрып зондты сол қолға алу, бұрынғы жағдайына келтіру.  
12. Шприц жағынан 5-8 см қашықтықта каттерге қысқыш салу. катетерден сүт ағып кетпес үшін
13. Қысқыштың дөңгелегін сол қолдын үлкен саусағына орналастыру. катетер шприцтен жылжып кетпес үшін
14. Соқыр жаңынан 7-8 см ығысып, зондты оң қолға алу ылғал зондты еңгізу жеңілге түседі
15. Зондты сүтке малу. шырышты қабықтарды жарақаттамау үшін
16. Зондты мұрын не ауыз арқылы белгіге дейін еңгізу зондтың тыныс алу жолдарына түспеуінің алдын алуы
17.Шприцке сүт құю сүттің асқазанға баяу түсуі асқазан перистальтикасының күшеюін төмендетеді және құсұдың алдын алады
18. Шприцті көтеріп катетерден қысқышты алып тастау, баланың асқазанына сүтті баяу еңгізу    
19. Сүт еңгізіліп болғаннан кейін зондты қайтадан қысқышпен жабу. асқазанға ауа түспеудің алдын алуы
20. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта оң қолдың бірінші жєне екінші саусақтар арасына зондты қысып, тез қимылмен салфетка арқылы шығарып алу. құсудың алдын алуы.
21. Бас жағын көтеріп оң жақ бүйіріне баланы жатқызу аспирацияның мүмкіндігі төмендейді, асқазан тамақтан тез босайды.
22. Бессаусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату. 23.Пайдаланған құралдарды дез. ерітіндіге салу. жұқпалық қауіп-қатерлікті жою.
       

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

М ҰЗДЫ МҰЙЫҚ ҚОЮ АЛГОРИТМІ

· Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

· Керекті кұралдар:

· мұзға араналған мүйық;

· су 14-16°С; ағаш балға;

· мұз кесектері;

· жөргектер - 3-4;

· мұзы бар флакондар; сағат.

 

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. • Ұсақталған мұз мұзды мұйықта біркелкілей жайғасады
5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру. • еріп жатқан мұз су температурасын 10-12° деңгейде болуына қолдайды
6.Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. • мұз еріп жатқанда пайда болатын суға бос кеңістікті қамтамасыз ету
7.Мұйықтың қақиағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру. • Обеспечение и проверка герметикалық (саңылаусыз) жағдайды қамтамасыз ету және тексеру
8. Мұйықты жөргекке орау • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы
9.Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен бала басының аралығында алақан отетіндей болу қажет. • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы •жылылықтың беруін жақсарту
10.Мұзы бар флакондарды салфеткамен (жөргекпен) орау және ірі тамырлар маңына орналастыру. • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы  
11.20-30 минут уақытқа қалдыру, 10-15 минут үзілістен кейін қайталап өткізуге болады. 12.Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет. • қан тамырлардың жергілікті тарылуына байланысты патологиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуы
13.20-30 минуттан кейін мұйық пен флакондарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу. • шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін •шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек
Ескерту: дене қызуы 20-30 минуттан кейін 0,2-0,3°С дейін төмендесе - өткізіліп жатқан шаралар тоқтатылады. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу

Қанды ауыстырып құю АЛГОРИТМі

 

1. Балаға құятын қанды әуелі 280 С дейін жылытады
2. Операцияға дейін асқазан ішіндегі сөлді сорып алады
3. 7 см дейін кіндік венасына катетер енгізіледі
4. Процедура балаңа 40-50 мл қан енгізуден басталады, жылдамдығы 3-4 мл мин.
5. Енгізілген қанның көлемі шығарылған қан көлеміне тең, 50 мл
6. Соңынан енгізілген және шығарылған қан көлемі 20 млден артпайды
7. Әр 100 мл енгізілген қан көлеміне 1 мл 10% кальций глюконат ерітіндісі қосылады
8. Операцияның ұзақтығы 2 сағаттан артпайды
9. Қанды құйғаннан кейін 1-3 сағат ішінде қандағы глюкоза денгейі өлшелінеді

Қ¥РЫСЫП - ТЫРЫСУ СИНДРОМЫ

Құрысулар - дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бүлшық еттердің жиырылуы.

Фебрильді қүрысулар - жоғары температура кезінде жаңа туған және ерте жастағы балаларда пайда болады.

Афеб рильді - тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады. Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.

Қурысу синдромының кезеңдері:

1 фазасы - тоникалық 2 фазасы - клоникалық
1. сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы 2.көз қарасы бір орында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жақка тігіледі 3. басын артқа шалқайту 4. қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған 1. басында бет, аяқ-қолдарының бүлшық еттері жиырылады және жылдам одан әрі барлық денесінің бұлшық еттеріне жайылады   2. тері қабаттары бозарған

Жедел көмек алгоритмі

езеңдері Негіздемесі
1. Баланы тегіс, жүмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.   • зақымданудың алдын алу
2. Қысып түрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • құрысулар кезінде қолданылатын оттегі көлемі көбейеді
4 Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен (бинтпен) оралған шпатель салу.   • тілді тістеп алмау үшін  
5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көк тамырға немесе бүлшық етке): - реланиум (седуксен) - 0,1 мл/жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе - дроперидол - 0,2мл/кг немесе - 25% магний сульфат - 0,2мл/кг немесе - ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл - 200 мг)    
6. Оттегі беру.    
7. Құрысудың себебін анықтау және жою.   • құрысу - аурудың себебі. Себеп анықталмаса, құрысу қайталай береді

 

Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту

міндет шешу

 

№ 1. балалар ауруханасына 13күндік қыз бала көршісімен жеткізілді. Анасы маскүнем, удай мас болып үйінде жатыр. Анамнез белгісіз. Қарағанда: дене қызуы 36,7°, дене салмағы 2600 г, бойы 48 см. Бала мазасыз, қатты айқайлап жатыр, қолында тремор, аяқтарында клонус. Рефлекстері күшейген, бүгу бұлшықетерінің гипертонусы.. Терісі ақшыл, мрамор түсті. Цианоз білінбейді, көзінен іріңді бөлшектер. Тілі мен ұртында ақ жақпа. Микроцефалия, маңдайы төмен, мұрыны көтерінкі, маңдайында шаш өсуі төмен, құлақ раковиналары төмен орналасқан. Жүрек соғуы 134 бір мин. Аускультациялағанда жүрек ұшында және Боткин нүктесінде дөрекі ұзақ систолалық шу, сол аксиллярлы аймаққа өткізіледі. Тыныс жиілігі –38-40 1 мин, перкуторлы дыбыс өкпелі, сырылдар жоқ. Бауыры қабырға доғасы астынан 1 см шығып тұр.

1. Диагнозыңыз?

2. зақымданудың себебі неде?

 

№ 2. 16 күндік балаға патронаж жасалды. Бала жасы келген қант диабетімен ауыратын (30 жас) әйелден. Инсулин алады. Жүктілік кезінде дұрыс бақыланған жоқ. Бала 39 жұмада гипоксия жағдайында туды. Апгар кестесі бойынша 6/8 балл. Дене салмағы 4240, бойы 52 см. Туғаннан кейін бірінші күндері жүрее жетіспеушілігі дамыды. Зерттелгенде туа біткен жүрек ақауы жоқ. Қарағана - солғын, тері түсі сарғыш, қол - аяқтары ісінкі. Кіндік аймағындағы тері асты майының қалындыңы – 1 см. Беті дөңгелек. Басы кішкентай, қол - аяқтары қысқа. Жүрек шегіі кеңейген, 180 1 мин. Бауыры қабырға доғасы астынан 2,5 см шығып тұр, көк бауыры 0,5. см. Гипотония мен гипорефлексия.

· Жатыр ішілік кезеңде қандай жағымсыз факторлар әсер еткен?


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Тамақтанудың созылмалы бұзылуы. Рахит (Мешел). Конституция ауытқулары, аллергоздар. Спазмофилия.. Темір тапшылықты анемия. Шала туған баланың анемиясы. Дәрумен тапшылықты анемиялар

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2012 ж/г


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 326 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ескерту| Сабак №8

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)