Читайте также: |
|
• Алғашқы гигиеналық ваннаны кіңдік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет.
• Тамақтандырғаннан кейін бірден суға түсіруге болмайды.
• Суға түсіргенде бөлме температурасы 22-24°С болу тиісті.
• Ваннадағы судың температурасын тек су термометрінің көмегімен анықгалады.
Кезеңдер | Негіздемесі |
1. Нәрестенің анасына (туыстарына) шараны өткізу жолын түсіндіру. | • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету |
2. Керекті қүралдарды дайындау. Ваннаның ішін дезерітіндімен өңдеу. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3.Ваннаны тұрақты жағдайда орналастыру. | • шара өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, қолғапты кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
5.Ваннаның ішін дезерітіндімен залалсыздандыру 6. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю. 7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу, су термометрін салу. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету •Балаға жағымды жағдай тудыру |
8. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету •балаға жағымды жағдай тудыру |
9.Ваннаның түбіне бірнеше рет бүктелген жөргекті салу (жөргектің шеттері ваннаның қабырғаларына жетпеуі тиіс) | •балаға жағымды жағдай тудыру • ваннада жөргектің дұрыс жағдайын сақтау |
10. Ваннаға су термометрін салу. 11. Ваннаны 1/2 немесе 1/3 бөлігіне дейін температурасы 37-38° С суға толтыру. Ескерту: а) ваннаны суға толтырғанда салқын суды ыстық сумен кезекпе-кезек құю; б) су температурасын тек термометр көмегімен тексеру. | • күйіктердің алдын алуы • баланың қауіпсіздігін сақтау • көп мөлшерде будың пайда болуын шектеу |
12.Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды құмыраға толтырып алу. | • баланы суға түсіріп жатқанда құмырадағы су 1 - 2° С дейін салқындап шынықтыру эффектін қамтамасыз етеді. |
13. Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағынды сумен жуу). 14.Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған капқа салу. | • баланы суға түсіруге әзірлеу • қоршаған орта кірленуінің алдын алуы |
15. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу. | |
16. Баланы абайлап суға салу (әуелі - аяғы мен жамбасын, одан кейін денесінің жоғары болігін). Су деңгейі баланың тек сүт бездерінің сызығына дейін жетуі керек, кеуденің үстіңгі бөлігі ашық қалады. 17.Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғарғы бөлігін сүйеп түрып оң қолды босатып алу. | • бұлшық еттерінің максималды босансуы қамтамасыз етіледі • баланың қатты ысуы (ыстықтауы) жойылады • шараны өткізгенде баланың ең ыңғайлы фиксациясы • баланың құлақ жолдарына су түспеуінің алдын алуы |
18. «Қолғапты» бос қолға киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) - мойын - дене - аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу). Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу. | • тері жарақаттануының алдын алуы • баланың көзіне су мен сабын түспеуінің алдын алуы • терінің ең кірлеген жерлерінен басқа жерлеіне көшірудің алдын алу |
19. Қолғапты шешіп баланы судың үстінде көтеріп үстау. Баланың бетін төмен қаратып аудару. • Баланы құмырадағы арнайы сумен шайындыру (су 35-36° С дейін салқындайды). | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету • баланың көзі мен құлағына су түспеуінің алдын алуы • шынықтыру эффектін қамтамасыз ету |
20. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстөлге жатқызу. 21.Баланы абайлап қүрғата сүрту. | • бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету • тері қабатының тітіркенуінен сақтау |
22. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала үнтағымен өңдеу. | • базданудың алдын алуы |
23. Баланы жергектеп төсекке жатқызу. | •балаға жағымды жағдай тудыру |
24. Жөргектейтін үстөлдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу. (қолғапты міндетті түрде қайнату) 25. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю. 26. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстөлдің үстін дезерітіндімен сүрту. 27.Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру. | • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету |
БАЛАНЫ ҚҰНДАҚТАУ АЛГОРИТМІ
Бала тырнағының күтімі
Көрсеткіші:
• дене гигиенасын сақтау;
• тері қабатын қасу, оған жұқпаны жұқтыру
Керекті құралдар:
• шет жағы дөңгелендірілген қайшы;
• 70% этил спирті;
•мақта домалақшалары;
•лоток
Өсуіне байланысты бала тырнағын 7-10 күнде бір реттен кем емес алып тұру
Кезеңдер | Негіздемесі |
1Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету |
2. Керекті қүралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
4. Спиртке малынған мақта домалақшасымен қайшының кесетін жағын өндеу | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
5.Баланы ыңғайлы жағдайда қолда ұстау. | • шараны өткізген кезде баланы жарақаттап алмаудың алдын алуы |
6. Бала тырнағын алу: а) қолында -дөңгелендіріп; б) аяқтарында -тура сызықпен | •тырнақтың ішке өсуінің алдын алуы |
7. Баланы керуетке жатқызу | • бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту бойынша тесттер
1. Шала туған баланың салмағы:
1. 4000-5000 г 3.3000-3500 г
2. 2000-2500 г 4. 4500-6000 г
2. Шала туылудың II дәрежесiне жатады:
1. 1500-2000 г 3. 3000-3500 г
2. 1000-1500 г 4.2000-2500 г
3.Шала туғандықтың себебiне жатпайды:
1.әйел токсикозы 3.жиi аборттар
2. анасындағы дерматит ауруы 4. психикалық стресттер
4.III –IV дәрежедегi туған балалардың күтiмi:
1. жылытқышпен жылыту 3. кювезге салу
2. 4 жөргекке орау 4. жылылыѓы 280 бөлмеде
5. Емiздер алдында шала туған балаға:
1. оттегi бередi 3. таза ауаға шығарады
2. су iшкiзедi 4. антибиотик еңгiзедi
6.Шала туған баланың ерекшелiктерi:
1. үлкен еңбегi жабылмаған
2. тұқым қуалау аурулар кездеседi
3. ему және жұтыну рефлексi жоқ
4. нерв- психикалық дамуы жетiлiп туған құрдастарына тез жетiп алады
7. Шала түған баланың ерекшелiгi:
1. физиологиялық сарғаю
2. физиологиялық қызару
3. ер балалардың аталық бездерi ұмаға түспеген
4. физиологиялық дене қызуы көтерiлу
8. Шала туған баланың ерекшелігі:
1. даусы зор 3. қимылы пысық
2. салмағы 1000,0 төмен 4. терi түсi қызыл
9. Шала туған ден.. туған бала саналады
1. 40 жұмдада 2. 42 жұмада 3. 39 жұмада 4. 37 жұмдада
10. Апгар кестесi бойынша шала түған боп саналады:
1. салмағы 2,5 кг артық 3. салмағы 1 кг кем
2. салмағы 1 кг артық 4. салмағы 1,8 кг артық
11. Физиологиялық сарғаю кезiнде:
1. эритроциттер жарылып,билирубин бөлiнедi
2. терiге қалыптан тыс қан толады
3. жыныс мүшелерiнде өзгерiстер пайда болады
4. несеп қышқылдары көбейедi
12. БЦЖ-егуi өткiзiледi:
1. 0-3күнде 2. 5-7 күнде 3.1 айда 4.2айда
13. Физиологиялық жағдай:
1. гипотрофия 2. эритема
3. диаррея 4. анемия
14. Ж аңа туған баланың қанағатты жағдайы:
1. 5 –6 балл 2. 7-8 балл 3.8-10 балл 4.1-4 балл
15. БЦЖ- вакцинаның енгiзiлетiн мөлшерi:
1. 0,1мг 2. 0,05мг 3. 0,5мг 4. 0,01мг
16. БЦЖ-вакцинаны еңгiзуге қарсылықтар:
1. шала туғандықтыњ 1 дәрежесі2. тұншығу
3. шала туғандықтыњ 3 дәрежесі 4. фенилкетонурия
17. Жаңа туған кезеннiң созылуы:
1. 9 күн 2. 1 ай 3.1жыл 4.3 ай
18. Әйелдер босанатын бөлменiң температурасы:
1. 18-200 2. 26-280 3. 22-240 4. 30-320
19. Жаңа туған баланың шектi жағдайы:
1. гемолиздық ауру 2. транзиторлық қызба
3. омфалит 4. тершеңдiк
20. Жаңа туған баланың физиологиялық дене салмағы азаю:
1. 5%-ке дейін 2.10%-ке дейiн 3.20%-ке дейiн 4.30%-ке дейiн
21. Физиологиялық сарғаю пайда болады:
1. туғаннан кейiн бiрден 2. ұрықтық даму кезеңде
3. 2-3 күнінде 4. 5-7 күнінде
22. Физиологиялық мастопатия кезіндегі кµмек:
1. сары суды сығып тастау 2. майлы компресс ќою
3. шөптер ішкізу 4. асептикалық таңба тану
23. Сәбидiң бiрiншi патронажi өткiзiледi
1. туғаннан кейiн 3 күн аралығында
2. перзентханадан шыққасын бiрiншi 3 күнде
3. 2 -3 жұма аралығында
4. 1 ай iшiнде
24. Жетiлiп туған баланың кiндiк жарасы жазылады:
1. 3-5 күн 3. 12-15 күн
2. 7-10 күн 4. 1 айда.
25. 33 жұмада туған бала шала туғандықтың... дәрежесiне жатады:
1. I 2. II 3. III 4. IV.
26. Шала туған бала күтiмiнiң I кезеңi өткiзiледi:
1.Перзентханада 3.үйде
2.Бала ауруханасында 4. Бала емханасында
27. Гепатитке қарсы егу өткiзiлетiн уақыт:
1. 0-1 күн. 3. 1 ай.
2. 3-5 күн. 4. 3 ай.
28. Бiр айға дейiнгi жетiлiп туған балалардың бақылау жиiлiгi:
1. айына бiр рет. 3. 5 күнде бiр рет.
2. жұмасына бiр рет. 4. 2-3 күнде бiр рет
29. Меконий - ол:
1. алғашқы нәжiс. 3. ±лтабар сµлініњ ‰лесі
2. зәрдiң бiрiншi үлесi. 4. бiрiншi иммунизация.
30. Кiндiк жарысының күтiмi:
1. Сутегi тотығы 3% ерiтiндiсiмен 3. Стрептоцид ұнтағымен.
2. йод ерiтiндiсiмен. 4. резорцин ертiндiсiмен
31. Жетiлiп туғандықтың белгiсi:
1. Салмағы 2500г-нан артық. 3. терi түсi ақ.
2. Салмағы 2000г 4. Баланың бойы 45 см.
32. Жетiлiп туған балада физиологиялық сарғаю аяқталады:
1. 2-3 күнiнде. 3. 15-20 күнiнде.
2. 7-10 күнде. 4. 20-25 күнiнде.
33. Шала туған балада физиологиялық сарғаю аяқталады:
1. 3-4 жұмада. 3. 7-10 күнде.
2. 2-3 жұмада. 4. 2-3 күнде.
Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия, жаңа туған балалардың аурулары
«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ
Пән: «Балалар аурулары»
Тақырыбы
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Құрастырған Ажаева А. С.
Павлодар, 2012 ж/г
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 240 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сабак № 6 | | | Сабак № 7 |