|
1.Шараны шомылдырудан 2 сағат бұрын өткізу.
2. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.
Кезеңдер | Негіздемесі |
1Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету |
2. Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
4. Жөргектейтін үстөлді дезерітіндімен өндеп, оның үстіне жөргек төсеу. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету • балаға жағымды жағдай тудыру |
5.Баланы отырғызу немесе үстөлдің үстіне жатқызу. | • балаға жағымды жағдай тудыру |
6. Бастың шашты бөлігіндегі гнейстің көп мөлшерде орналасқан жерлерін стерильді майға батырылған мақта тампоңдарымен абайлап отырып өндеу. | •гнейс қабықтарының жұмсаруын қамтамасыз ету |
7.Өнделген аймаққа дәке салфеткаларын салу, балаға бас киім кигізіп біраз уақытқа қалдыру (кемінде 2 сағатқа). | •қабыршақтардың жібуіне және олардың сылынуына жергілікті жылылық әсерін (эффектісін) тудыру |
8. Баланы анасына беру не керуетіне жатқызу. | •баланың қауіп-қатерсіздігін қамтамасыз ету |
9. Жөргекті алып кір киімдерге арналған қапқа салу және үстөлдің үстін дезерітіндімен өндеу. 10. Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру. | •жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
11. 2 сағат өткеннен кейін баланы шомылдыру, жуындыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау. | •шашты бөлікте зақымданудың не жұқпаландырудын алдын алуы |
М ҰЗДЫ МҰЙЫҚ ҚОЮ АЛГОРИТМІ
Кезеңдер | Негіздемесі |
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету |
2.Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию | • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету |
4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. | • Ұсақталған мұз мұзды мұйықта біркелкілей жайғасады |
5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру. | • еріп жатқан мұз су температурасын 10-12° деңгейде болуына қолдайды |
6.Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. | • мұз еріп жатқанда пайда болатын суға бос кеңістікті қамтамасыз ету |
7.Мұйықтың қақиағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру. | • Обеспечение и проверка герметикалық (саңылаусыз) жағдайды қамтамасыз ету және тексеру |
8. Мұйықты жөргекке орау | • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы |
9.Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен бала басының аралығында алақан отетіндей болу қажет. | • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы •жылылықтың беруін жақсарту |
10.Мұзы бар флакондарды салфеткамен (жөргекпен) орау және ірі тамырлар маңына орналастыру. | • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы |
11.20-30 минут уақытқа қалдыру, 10-15 минут үзілістен кейін қайталап өткізуге болады. 12.Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет. | • қан тамырлардың жергілікті тарылуына байланысты патологиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуы |
13.20-30 минуттан кейін мұйық пен флакондарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу. | • шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін •шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек |
ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Көрсеткіші: жергілікті жылыту, тартылу және ауырысынуды басатын қүралретінде пайдаланады
Көрсеткіштері: терінің, буындардың жергілікті қабыну үрдістері; қызба кезінде, мұздау, іш қуысындағы созылмалы қабыну үрдістеру (созылмалы тастрит және т. б.), дәрігердің тағайындауы бойынша
Қарсы көрсеткіштері: іш қуысындағы жіті қабыну үрдістері (жіті соқыр ішек, холецистит, панкреатит, перитонит және т. б.); ішкі қан ағулар, соққы алудың бірінші сағаттарында, тәулігінде; инфекцияланған жаралар; қатты қызба, ісіктер; маститтер; тромбофлебиттер; терінің жаралануы, қатерлі ісіктер
Керекті күралдар: жылытқыш; ыстық су (60-70°С); жөргек; су термометрі.
Кезеңдері | Негіздемесі |
1. Баланың анасымен не баламен кездеспей тұрып, ол туралы мәлімет жинау. Сыпайы түрде оған өзін таныстыру. Оны қалай атауға болатынын нақтылау. Осындай манипуляцияны бұрын жасағаны туралы, қандай себеппен, оны қалай көтергенін анықтау. | • баланың анасымен және баламен қарым-қатынас орнату. |
2. Емделушіге болатын емшараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіру. | •манипуляцияға психологиялық тұрғыда дайындау. |
3. Оның келісімін алу | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету |
4. Қажетті жабдықтарды дайындау | емшараның тиімді өтуін қамтамасыз ету |
5. Қол жуу (әлеуметтік денгей) | •инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
6. Жылытқышқа 2/3 бөлігіне дайындалған суды құю, мойнынан қысып, ішіндегі ауаны шығарып, ауызын тығынымен бекіту. | •жылытқыштың денемен жақсырақ түйісуін қамтамасыз ету. Баланың терісінің күюінен сақтау. |
7. Жылытқышты, ауызын төмен қаратып, жөргекпен орау. | •герметикасын тексеру. Терінің қатты ысуынан қорғау. |
8. Жылытқышты дененің керек жеріне 20 минутқа қою. Қажетті жағдайда (дәрігердің тағайындауымен), егер жылытқышты ұзағырақ ұстау қажет болса, әр бір 20 минут сайын 15-20 минуттық үзіліс жасау керек. | •терінің жергілікті қатты ысуының және күюдің алдын алу. |
9. 20 минуттан соң жылытқышты алып тастау. | •әрі қарай жылытқышты ұзақ устау ішкі ағза тамырларының парезіне әкеп соғады. |
10. Баланың жылытқыш қойған жеріндегі терісін қарау. | •терінің сезімталдығын бағалау: тері түсі сәл қызару тиіс. |
15. Баланың жағдайын сүраңыз. Өзін жақсы сезінетініне көз жеткізіңіз. | •психологиялық комфортты қамтамасыз ету. |
16. Жылытқыштағы суды төгу. Оның залалсыздандырылуын жасау | •инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
17. Қолды жуып, кептіру (әлеуметтік деңгей). | •инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
18. Емшараны орындау туралы және баланың емшараға реакциясы туралы стационарлық науқас картасына немесе амбулаторлық картаға (егер емшара үйде жасалса) жазыңыз. | •медбикелік күтім сабақтастығын қамтамасыз ету. |
Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Косымша | | | ЛАРИНГОСПАЗМ |