|
Бала жасы | Эритроцит- тер, 1012/л | Гемоглобин, г/л | Лейкоцит-тер | Лейкоцитарлық формула, % | |||||
Нейтро- филдер | Лимфо- циттер | Моноцит-тер | Эозино-филдер | Базофил-дер | ЭТЖ мм/саѓ | ||||
2-4 апта | 5,31 | 170,0 | 10,25 | 26,0 | 58,0 | 12,0 | 2,5 | 0,5 | |
I жас | 4,82 | 127,5 | 10,8 | 34,5 | 50,0 | 11,5 | 2,5 | 0,5 | 8-7 |
1 - 2 жас | 4,76 | 132,6 | 11,0 | 36,5 | 51,5 | 10,0 | 1,5 | 0,5 | 8-7 |
4—5 жас | 5,08 | 139,4 | 8,9 | 43,5 | 46,0 | 10,0 | 0,5 | 0,25 | |
10-11 жас | 4,83 | 141,1 | 7,9 | 52,5 | 36,0 | 9,0 | 2,0 | 0,5 | |
13-14 жас | 4,98 | 146,2 | 7,65 | 60,5 | 28,0 | 9,0 | 2,0 | 0,5 |
ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК
Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен түрады. Бүл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.
«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.
«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексерү (өткізгіштігі сақталған ба?).
«С» - тыныс алуын тексерү (бала тыныс алып жатыр ма?):
- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз
- тыныс алу дыбысын тындаңыз
- баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз
«Д» - циркуляцияны тексеріңіз - жүрегі соға ма?
- пульсін іздеңіз (бір жасқа дейінгі балада иық артериясы, бір жастан асқан балада үйқы артериясы).
Егер тыныс алүын аныктай алмасаңыз- «жасанды дем берү» еткізү; Егер пүльсін аныктай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».
Жасанды дем беруді өткізу сатылары:
Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды дем бергенде үш ерекшеліктерді ұмытпау керек:
1. ауыз бен мұрынға ауаны бір уақытта үріп енгізу
2. емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуандау екенін есте сақтай тұра, басын абайлап шалқайтыңыз
3. альвеолалар жыртылмау үшін сәбидің тыныс жолдарына ауаны өзіңіздің толық емес көлеміңізде үріп енгізіңіз.
Кезеңдері | Негіздемесі | |
1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу. | •тыныс жолдарының өткізгіштігі жақсарады | |
2. Иық астына валик салу. | • тыныс жолдары тікейеді | |
3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалкайту, иегін көтеру. | • емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуан • баланың тілі ішіне түсіп кетпеуінің алдын алуы | |
4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту - резеңке грушамен немесе электросорғышпен. | •тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету | |
5. Баланың аузына және мүрнына салфетка салу. | • инфекциялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету | |
6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мүрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мүрынының үстіне (ересек жастағы балаға). | • өткізіліп жатқан шаралар оңды болу үшін | |
7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу | • бала өкпесінің ауаға толуы • альвеолалар жыртылмауының алдын алуы | |
8. Үзіліс жасап баланың кеудесі темен түскенге дейін тосу. | • пассивті ауа шығаруды қамтамасыз ету | |
9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін. | • өкпеге оттегінің пассивті түрінде түсуін қамтамасыз ету | |
Жүрекке тікелей емес массажды өткізу алгоритмі
Кезеңдері | Негіздемесі |
1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу. Баланың оң жағына орналасу. | • реанимациялық шаралардың түбіне жетуіне қажетті шарттар |
2. Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ «семсер» тәріздес өсіндіге емес: а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкең саусақтарымен баланың кеудесін айналдыра ұстау қалған саусақтарды баланың арқасына салу; б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар); в) 1-7 жасқа дейінгі балаларда - бір қолдың алақанының кең бөлігі; г) 7жастан асқан балаларда - екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау. | • «семсер» тәріздес өсіндіні жеңіл сындырып алуға болады |
3. Кеуде торына басқанда, төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктер шекарасы келесі терендікке төмен қарай түседі: а) жаңа туған нәрестелерде - 1-1,5 см б) 1 жасқа дейінгі балаларда - 1-2,5 см в) ересек жастағы балаларда -3-3,5 см | • кеуде торын әлсіз басу жасанды систола фазасында қан айналым шенберлер арқылы қанның толық өтуін қамтамасыз ете алмайды, ал қатты басқанда қабырғалар және төс сүйегі сынықтары пайда болуы мүмкін |
4. Кеудеге қысымды азайтып, оны бастапқы қалыпқа келтіреміз (қолды нүктеден алмаймыз). | • жасанды диастола пайда болады |
5. Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде: егер екі адам өткізсе 1:5 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 5 рет кеудеге басу); егер бір адам өткізсе 2:10; 3:15қарым қатынасымен. | • Тыныс алу жиілігі мен пульстің ең жарамды қарым қатынасы |
Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірлік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі). | • шараның түбіне жеткендігін тексеру үшін |
7. Шараны жалғастыру қажет: қызметтері қалпына келгенге дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін. | • өлілік таңбалар биологиялық өлімнің белгісі |
ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту
- 45 мин.
№3 қосымша
1. Әрбір студент келесі үйренген алгоритмдердін біреуін көрсетеді
1. Үлкен еңбек көлемін
2. Бұлшықет күшін анықтау
3. Бала мүсіні бұзылуын анықтау
4. Ерте жастағы балаларда тамыр соғу жиілігін есептеу
5. Ерте жастағы балаларда тыныс алу жиілігін есептеу
6. Балаларда артериялық қысымды өлшеу
7. Жасанды өкпе вентилляциясын өткізу
8. Жүрекке тікелей емес массаж жасау
Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ
Пән: «Балалар аурулары»
Тақырыбы
Ас қорыту жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Зәр шығару және эндокринді жүйеслердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Сынақ.
Құрастырған Ажаева А. С.
Павлодар, 2012 ж
Сабак № 3
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы Ас қорыту жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Зәр шығару және эндокринді жүйеслердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Сынақ.
Сабақ мақсаты
1.Оқулық:
Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.
Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау
2. Дамытушылық
Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік
Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.
Болашақ нәтижені сипаттау
Білім:
1. Асқорыту жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері:
Ауыз куысы. Өңеш. Асқазан. Бауыр. Үйкыбез. Ішектер. Асказан-ішек жолдарының микрофлорасы. Нәжістің сипаттамасы. Асқорыту жүйесін зерттеу әдістемесі: қарап тексеру, пальпацня, перкуссия, аускультация. Аурулардың семиотикасы.
2. Зәр шығару және эндокринді жүйелердің анатомия- физиологиялык ерекшеліктері: Бүйрек. Нефрон құрылымының ерекшеліктері. Бүйрек физиологиясы. Бүйрек түбекшесі және несепағарлар. Қуық және зәр шығару өзегі. Негізгі синдромдары. Балаларда бүйректі зертгеу әдістерінің ерекшеліктері. Бүйректерді зерттеудің функциональдық, ретнгенологиялық және аспаптык әдістері. Гомеостаз көрсеткіштері. Зақымдану семиотикасы.
3. Эндокринді жүйенің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері.
Икемділік:
1. Анамнез жинау
2. Баланы карап тексеру
3. Нәжістің сипаттамасы
4. Асқорыту ағзаларын қарап тексеру, пальпациялау, перкуссиялау
5. Зәрді зерттеу
Дағды:
1. Анамнез жинау
2. Баланы карап тексеру
3. Нәжістің сипаттамасы
4. Асқорыту ағзаларын қарап тексеру, пальпациялау, перкуссиялау
5. Зәрді зерттеу
Сабақ типі:
Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы
Әдіс – тәсілдер: Практикалық
Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы
Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет
С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
Лекция конспекті.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы
№ | Сабақ бөлімінің атауы | Уақыты - 180 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин. | |
Ұй тапсырмасының актуализациясы | 20 мин. | |
Эксперттік топшалармен жұмыс істеу | 20 мин. | |
Студенттердің өз бетімен жұмыс істеу | 85 мин. | |
Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту | 45 мин. | |
Рефлексивті - бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру | 5 мин. 2 мин. 3 мин. |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері | Оқытушы іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар | |
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі | ||||
· Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау | · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру | · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу | Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар | |
2. Операция-танымдық кезеңі | ||||
2.1 Үй тапсырмасын тексеру. | · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді | · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады | өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер | |
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі | Сабақтың алдында студенттерге өздігінен жұмыс істейтін өндеулерді ашқызып, жұмыс кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін түсіндіреді. | Жұмыс үшін керек материалдармен танысып, жаңа іскерлікке үйрену кезеңіне дайындалады | ауру тарихтары, қалам, дәптер, мақта, дә ке салфеткалары; қолданылған заттарға арналған лоток; резеңке қолгап; шпатель, асқазан зонды, воронка, дәке салфеткалары, алжапқыш – 2, асқазан шайатын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді | |
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені | Үйрету кезеңінде студенттер жұмысының сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды | Алгоритмдерді сапалы,дұрыс істеуге тырысады | ||
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі | Оқушыларға екі түрлі тапсырма беріледі: · Әрбір студенттің үйренген алгоритмдерін тексереді · Тесттерге жауап бергізеді | Студенттер жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. Тесттер жазып, бір бірінің жауаптарын тексереді | ||
3. Рефлексивті бағалау кезеңі | ||||
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі | Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді | Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады | ||
3.2 Сабақты қорытындылау | ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады | әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі | ||
І. Операция-танымдық кезеңі
Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.
№1 қосымша
Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы:
1.Асқорыту жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері:
Ауыз куысы. Өңеш. Асқазан. Бауыр. Үйкыбез. Ішектер. Асказан-ішек жолдарының микрофлорасы. Нәжістің сипаттамасы. Асқорыту жүйесін зерттеу әдістемесі: қарап тексеру, пальпацня, перкуссия, аускультация.
Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы
2. Зәр шығару және эндокринді жүйелердің анатомия- физиологиялык ерекшеліктері:
Бүйрек. Нефрон құрылымының ерекшеліктері. Бүйрек физиологиясы. Бүйрек түбекшесі және несепағарлар. Қуық және зәр шығару өзегі. Балаларда бүйректі зертгеу әдістерінің ерекшеліктері. Бүйректерді зерттеудің функциональдық, ретнгенологиялық және аспаптык әдістері.
Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы
3.Асқорыту және зәр шығару жүйесінің зақымдану семиотикасы. Негізгі синдромдары.
Зәрді зерттеу әдістері.
№2 қосымша. алгоримдер
ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.
Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы
АСҚАЗАНДЫ ШАЮ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші: баланың улануы
Керекті күралдар:
• асқазан зонды, воронка, алжапқыш – 2, асқазан шаятын ерітінді 20-22° С, шайынды суға арналған ыдыс, лоток- 2, дәке салфеткалары, шпатель, резеңке қолғап, шайынды суға арналған стерильді ыдыс, бланк-жолдама, дезерітінді
Кезеңдер | Негіздемесі |
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету |
2.Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3.Алжапқышты кию | •киімді кірленуден және суланудан қорғау |
4. Дезерітіндімен жөргектейтін үстелді өңдеу, үстіне жөргек төсеу | •емшараның тиімді өтуіне қажетті шарт |
5. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
6.Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аягын комекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды. Емшек жасындағы баланы жөргектеу. | • емшараны өткізу үшін қажет шарт |
7. Балаға су өтпейтін алжапқыш кигізу. | • киімді сулану мен ластанудан қорғау. |
8. Шайынды суға арналған ыдысты көмекшінің аяғының жанына жерге қою. | |
9.Зонд арқылы баланың асқазанына дейінгі үзындықты өлшеу (қүлақ үшынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен семсер тәріздес өсіндіге дейін) және белгілеу. | • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт. |
10.Зондтың бітеу жағын сулау. | •зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету. |
11.Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу (өздігінен ашпаса ауыз кергішті қолдану). | • асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт. |
12.Зондты абайлап, бірақ сенімді ширақ қозғалыспен белгіге дейінгі үзындықта асқазанға енгізу. | |
13.Шпательді алып тастау, зондқа оймышты немесе Жане шприцін жалғау | • зонд ішіне сұйықтықты еңгізу үшін жағдай тудыру |
14.Оймышты асқазанның тұсынан төмен қарай түсіру. Оймышты сәл қисайта ұстап, оған суды қүю. | • «бірлескен ыдыстар жүйесі» заңы бойынша су асқазанға бармайды |
15. Оймышты жайлап жоғары көтеріп, одан судың асқазанға өтуін қадағалау (су оймыштың мойнына дейін түсу керек). | • физикалық заңдылық бойынша су асқазанға барып, қайтадан шұңғымаға келеді. |
16.Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен алғашқы орнынан төмен әкеліп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан сүйықтықтың молшері енгізілген мөлшерге тең болуы қажет). | |
17.Воронкаға сүйықтық қүйып, шаюды қайталау - «таза су» болғанаға дейін. | • шараның тиімділігін қамтамасыз ету |
18.Воронканы ағытып жылдам қимылмен зондты салфетканың көмегімен асқазаннан алу. | • құсып қоюдың алдын алуы • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
19.Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу. | • гигиеналық шаралар мен жағым-ды жағдайды) қамтамасыз ету |
20.Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинау. Жолдама жазып зертханаға тексеріске жіберу. | • уланудың себептерін анықтау |
21.Қолданылған қүралдары, алжапқышты толығымен залалсыздандыру. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
22.Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу. Қолды жуу және құрғату. Ескерту. · Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет. · Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады. · Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады: · 1 жасқа дейін - 100 мл/кг; 1 жастан жоғары - 1 литр/жасына |
ҰЛТАБАРДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ЗОНДТАУ
Мақсаты: өт шығару жолдарынығ дискинезиясын анықтау, лямблияларды табу
Керекті күралдар:
резеңке қолғап, оливасы бар стерильді дуоденалді зонд, орамал, 39-40°С дейін жылытылған 33% магний сульфат ерітіндісі, стерилді шприц, қайнатылған су, жылы су құйылған және 4 қабатты жөргекке оралған жылытқыш, асқазан сөлін жинау үшін ыдыс, сағат, қағаз, қалам, белгіленген 7 пробиркалармен штатив: А — 1 пробирка, В - 5 пробиркалар, С - 1 пробирка.
Кезеңдер | Негіздемесі |
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету |
2.Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
3.Лабораторияға жолдама жазу. | • емшараны өткізу үшін қажет шарт |
4. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
5. Баланы отырғызу | • емшараны өткізу үшін қажет шарт |
6. Зондта бірінші белгіні баланың қүлақ сырғалығынан күрек тістеріне не мұрын ұшына дейін, тісінен не мұрын ұшынан семсер тәріздес өсіндіге дейін өлшеу. | •асқазанға дейін қашықтықты анықтау үшін |
7. Зондта екінші белгіні семсер тәріздес өсіндісінен кіндікке дейін + 2 см өлшеу. | • 12-елі ішекке дейін қашықтықты анықтау үшін |
8. Оң қолға «бітеу» жағынан 10-15 см қашықтықта зондты алу, ал сол қолмен бос жағын ұстау. | •асқазанға зонд енгізуге қажетті шарт. |
9. Зондтың «бітеу» жағын қайнаған сумен сулау | • зондтың асқазанға қарай жылжуын қамтамасыз ету. |
10.Баланың аузын ашқызып, зондтың «бітеу» жағын тіл ұшына ортанғы сызық бойынша салу. | •құсудың алдын алу |
11. Баланың ауызын жапқызып, терең тыныс алуын және жұтқандай қимыл жасауын сұраймыз | • жұтқандай қимыл жасағанда зондтың асқазанға жетуі жеңілдейді. |
12. Зондты абайлап, сенімді ширақ қозғалыспен бірінші белгіге дейін асқазанға енгізу. Енгізіп жатқанда бала жөтелсе не қақалса, зондты бірден алып шығу. | •тыныс жолдарына түскендіктің белгісі. |
13. Баланы 4 рет қабатталған орамалға не жөргекке оралған жылытқыш үстіне оң бүйіріне жатқызу. | •зондтың 12-елі ішекке ығысуы оливаның ауырлық күші мен асқазан перистальтикасының әсерінен пайда болады. |
14. Зондтың бос жағын зондтың жылжу кезінде жиналған асқазан сөлін жинауға арналған ыдысқа салу. | |
15. Баланы жұтыну кезде өздігінен 20-30 минут бойы зондты екінші белгіге дейін баяулап ығыстыруды сұрау. | •құсудың алдын алу |
16 Зондты оң қолдын сұқ саусағымен тісінің артына кіргізу. | |
17. Бала тісін қысып, зондтаудың аяғына дейін жазбауын сұраймыз. | • аузын ашса, зонд тілдін ұшына түсіп, құсу рефлексін қоздыртады |
18.Ыдыста ақшыл сары түсті секрет пайда болғанда зондтың бос жағын «А» пробиркаға орналастыру және «А» үлесін жинап алу (таусылғанға дейін не түсі өзгергенше дейін). | • «А» үлесінің түсі өзгеруі Одди сфинктерінің тонусы нашарлығына және «В» үлесінің өздігінен ағуына байланысты. |
19. Шприц көмегімен зонд арқылы жылы магний сульфат ерітіндісін 20-30 мл көлемінде енгізу. Енгізу уақытын белгілеу. | • 33% магний сульфат ерітіндісі Одди сфинктерінің ашылуына көмектеседі және өт қабының жиырылуына себептеседі • 33% магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен Одди сфинктері ашыла бастайды. |
20. Зондтың бос жағын жоғары көтеріп, 1-2 минутке қысып ұстау. | •магний сульфат ерітіндісінің өту және әсер ету шарттарды жасау. |
21. Зондты босатып, оның бос жағын бірінші «В» пробирканың ішіне сұғу. | •магний сульфат ерітіндісін енгізгеннен кейін «В» үлесі пайда болғанға дейін өткен уақытОдди сфинктері ашылған уақытына сәйкес |
22. «В» үлесі пайда болған уақытты жазып алу. Өт қабында пайда болған «В» үлесін әр5 минут сайын төрт пробиркіге жинау, зондты бесінші пробиркада өт түсі өзгергенше дейін қалдыру | • пробиркалардағы өт денгейін салыстырып, өттін ағу бірқалыптығын анықтау •түсі өзгеруі бауырдан шығатын «С» үлесінің пайда болғандығының белгісі. |
Есте сақта:«В» үлесі көп болса – қосымша резервтегі пробиркаларды қолдан. | |
23. «С» үлесі пайда болған уақытты жазып алу. Зондты «С» пробиркаға ауыстыру | •«В» үлесінің пайда болғанынан түсі өзгергенге дейің өткен уақыт «В» үлесінің ағу уақытына тең. |
24.Бауырда пайда болған «С» үлесін 5-10 мл көлемде жинап алу | •зерттеу үшін жеткілікті көлем |
25.Орамал арқылы зондты тез қимылмен шығару | • құсудың алдын алу |
26.Зондты лотокқа салу | • зондтың механикалық тазаруы |
27.Барлық қолданған құралды не дезинфекциялау не утилизациялау. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
28.Бессаусақты қолғапты шешу және қолды жуып құрғату. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
29. Алынған материалды жолдамамен бірге лабораторияға жеткізу. | • өттің үш үлесін зерттеу және қорытындысын алу үшін. |
Демьянов бойынша тюбаж (соқыр дренаж)
Мақсаты: Өт шығару жолдары дискинезиясының гипотониялық түрінде өт.жолдарынан өттің шығуын ынталандыру.
Керекті күралдар: сорбит; бөлмелік температурасындағы қайнатылған су, шай қасық, жөргек, 60 °С жылы сумен жылытқыш, газсыз минерал суы,түтік; сағат.
Есте сақта: аш қарынға өткізіледі
Кезеңдер | Негіздемесі |
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету |
•Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
•Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету |
• Бөлмелік температурасындағы қайнатылған суда сорбитті еріту және шай қасықпен араластыру | • Сорбиттің өт шығару әсері |
• Сорбит ерітіндісін балаға ішкізу | • өт шығаруды ынталандыру |
•Баланы төсекке оң жақ бүйіріне жылытқыштың үстіне жатқызу | • осы жағдайда өттің шығуы жақсарады •жылудың әсерінен спазм жойылады |
• 2 сағат бойы балаға түтік арқылы аздап минерал суын ішкізу | • Минерал суы өт шығаруды ынталандырады • түтіктің арқасында бала суды бүйірінде жатып іше алады |
• 2 сағаттан кейін шараны тоқтату | •2 сағаттың ішінде өт шығуы аяқталады |
• Қорытындыны жазып алу | •зерттеу қорытындысын құжаттандыру |
• Қолды жуып құрғату | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы
Энтеробиозға қырын алу
Мақсаты: энтеробиозға тексеру
Құралдар: заттық шынылар (2); 50% глицерин ерітіндісі; тамызғыш; сірінкі; жолдама, стеклограф, резенке бессаусақтар, крафт-қағаз, резинке доңгелек.
Міндетті шара:зерттеу алдында баланың тақымын жумау. Мақсаты: перианалды қатпарлардан гельминт жұмыртқаларын механикалық жолмен кетіріп алмау.
Кезеңдер | Негіздемесі |
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету. |
•Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету. |
• Стеклографпен заттық шыныларға жолдаманың нөмеріне сәйкестендіріп нөмір жазып қою Бөлмелік температурасындағы қайнатылған суда сорбитті еріту және шай қасықпен араластыру | • зерттеудің шындығын қамтамасыз ету. |
• Заттық шыныға тамызғышпен бір тамшы глицерин тамызу | |
•Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, бессаусақты қолғапты кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
•Баланы үстінгі аяғын тізе буынында бүгіп, төсекке оң жақ бүйіріне жатқызу | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. |
• Сол қолдың саусақтарымен баланың жанбасын ашып, фиксациялау | •материалды дүрыс алу үшін қалыпты жағдай. |
• Заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына сірінкі ұшын малу және перианалды қатпарлар мен тік ішектің төменгі бөлігінен қырын жасау | • острицалардың жұмыртқаларын салатын типтік орындары. |
• Глицерин тамшысы тамызылған заттық шыныға сірінкімен жақпа жасау | • энтеробиозға зерттегенде глицерин консервант болып келеді. |
• Бірінші заттық шыныға екінші заттық шыныны салу, резенке дөңгелекпен біріктіру, крафт қағазға орау. | • зерттеудің шындығын қамтамасыз ету. |
• Бессаусақты қолғап киілген қолды жуып антисептик ерітіндісімен өндеу, сонан соң шешу | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
• Қолды жуып құрғату | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
• Қалай болса солай материалды тез лабораторияға жолдамамен бірге жіберу | • алынған материалды тез зерттесе оның оң қорытындысының % жоғарлайды |
Нәжісті құрттарға тексеру алгоритмі
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: ас қорыту мүшелерінің аурулары, профилактикалық қарау.
Құралдар: жолдама, резенке бессаусақтар, тығыны бар таза құрғақ шыны флакон, таяқша, судно
Кезеңдер | Негіздемесі |
•.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. | • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету. |
•Керекті құралдарды дайындау. | • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету. |
• Баланы судноға дәрет сындыруын сұрау | • нәжісті зерттеу үшін қажетті шара |
•Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, қүрғату, бессаусақты қолғапты кию. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
• Темір таяқшаны алып үш жерден 30-50 грамм қан, шырыш аралас нәжісті алу. | • зерттеу үшін керекті көлем |
• Нәжісті дайындалған флаконға, шеттеріне тимей, орналастыру. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
• Флаконды тығынмен жауып, жолдаманы тіркеп, лабораторияға жеткізу үшін контейнерге орналастыру. | • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
•Жиналған материалды клиникалық лабораторияға 1 сағат арасында жеткізу | •қорытындысы оң болу үшін |
бактериологиялық анализге нәжіс жинау
Мақсаты: жедел жұпалы аурулар, екі жасқа дейінгі ауруханаға түскен балаларда, «бала үйлеріне» бірінші рет орналасып жатқан балаларда,тасымалдаушыларда.
Әзірле: ішінде темір не ағаш таяқшадағы мақта тампондарымен тығыз жабылатын залалсыздандырылған пробиркалар; консервант флаконы, бессаусақты қолғап, жолдама, стеклограф.
Кезеңдер | Негіздемесі |
•Қолдарыњызды жуып, құрғатып, бессаусақты колғапты кию. | •Инфекциялық қауып-қатерлікті жою үшін. |
•Баланың аяқтарын бүгіп, ішіне келтіріп, сол жағына жатқызыңыз. | •Тік ішектің және сигма тәрізді ішектің АФЕ-сіне байланысты. |
•Құйрығын сол қолдың бірінші-екінші саусақтарымен ашыңыз. •Оң қолға пробиркадан тұзақты (петля) алып, абайлап тік ішекке еңгізіңіз және қабырғаларының барын алыңыз. •Ерте жастағы балаларда тұзақты енгізу тереңдігі 3-4 см, ересек балаларда 6-8 см. | •Жақпа алудың техникасы. •Анатомия-физиологиялық ерекшеліктері |
•Тұзақты тік ішектен суырып алып, консерванты бар пробиркаға салыңыз •Қан қоспалары бар нәжісті алмау! | •Қанның бактерицидтық қасиеті бар. |
•Бессаусақты қолғапты шешіңіз, қолдарыңызды жуып, кептіріңіз. | •Инфекциялық қауып-қатерлікті жою үшін. |
•Материалды жолдамамен лабораторияға жіберіңіз |
Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы
СТОМАТИТТЕР КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі.
Керекті қүралдар:
• өңдеуге арналған ерітінді (шөп түнбалары, антисептиктер);
• мақта, дәке салфеткалары;
• қолданылған заттарға арналған лоток;
• резеңке қолгап;
• шпатель.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 365 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Пульс жиiлiгiн санау. | | | МЕТЕОРИЗМ |