Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ларингоспазм

Бала гемограммасы | МЕТЕОРИЗМ | Сабак № 4 | Сабак № 5 | Есептеу жолы | Сабак № 6 | Ескерту | Сабак № 7 | Сабак №8 | Косымша |


 

Ларингоспазм - айқын спазмофилияның бір түрі. Көбіне ерте жастағы балаларда дамиды. Ауру ағзада кальций мөлшерінің төмендеуі себебінен құрысуға бейімділікпен және жүйке - бүлшық еттің жоғары қозғыштығымен сипатталады. Спазмофилияның мешелмен әрдайымда байланысы бар.

Ларингоспазм - дыбыс желбезегінің тарылуы. Көбіне жылау, айғайлау, баланың қорқуы кезінде дамиды. Шулы немесе сырылдаған тыныс алумен және дем алысының бірнеше секуңдқа токталуымен сипатталады. Бұл кезде бала бозарады, одан әрі көгеру және қысқа мерзімді есін жоғалту пайда болады. Ұстама терең, шулы «қораз айқайы» тәріздес тыныс алумен аяқталады. Ұстамадан кейін баланың жағдайы қалыпқа келеді де, бала ұйқыға кетеді.

Ең ауыр жағдайларда жүректің тоқтап қалуына байланысты бала өліп кетуі мүмкін.

Жедел көмек алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу.   • жүректің тоқтап қалуына байланысты реанимациялық шаралар керегіп қалуы мүмкін
2. Қысып түрған тар киімнен босату. • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету • оттегі жетіспеушілік дамиды
4. Тыныштық жағдай жасау.   • ларингоспазмның ұстамасы қайталануы мүмкін
5. Балаға суық су шашу, жамбасын шапалақтау, шпателмен тілдің түбін басу, мақтамен төменгі мүрын жолдарын тітіркендіру, мұрнына үрлеу.   • спазмның рефлекторлық жойылуы
6. Бүлшықетке реланиум (0,1 мл/жасына) енгізу.   • тырысуға қарсы әсер
7. Міндетті түрде көк тамырға 10% кальций глюконат енгізу (1,0 мл/жасына).   • спазмофилияның себебі - гипокальциемия
8. Шара тиімсіз болса - трахеяның интубациясы.   • тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру
9. Жүрек тоқтаған жағдайда - жүрекке тікелей емес массаж.   • реанимациялық шара
10. Тыныс алуы қалпына келгенде - оттегі беру.   • ларингоспазм кезінде гипоксия пайда болады

Қ Ұ С У

Себептері:

1. үшыну;

2. улану;

3. ас қорыту жүйесінің аурулары;

4. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланың басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу • аспирацияның алдын алуы
2. Қысып түрған киімдерін шешу.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • баланың тынысын жеңілдету
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.   • улар мен уыттардың механикалық жолмен кетіруі  
5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді):    
а) рег 08 - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. - 1 • перифериялық құсу орталығының
дес.қас. - 1 ас қас, жасына сәйкес;   қоздырғыштығын төмендетеді
б) бүлшық етке - церукал - Імг/кг (1 мл=5 мг) • перистальтиканы
(реглан) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына;   қалыптастырады
в) қайталап үзіліссіз қүсу болғанда • орталық құсу орталығының
- аминазин бүлшық етке 0,1 мл/жасына.   қоздырғыштығын төмендетеді
6. Қүсудан кейін:    
а) аузын қайнаған сумен шаю; • гигиеналық шара
б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;   • оральді регидратация
в) керек жағдайда - қүсықты зертханаға зерттеуге жіберу. • құсудың себебін анықтау
7. Қүсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу. • екіншілік құсудың алдын алу

Эксперттердің үшінші тобы дербес жұмысы

Бала нәжісін копрологиялық және бактериологиялық зерттеуге жинау

Мақсаты: жедел жұқпалы аурулар, екі жасқа дейінгі ауруханаға түскен балаларда, бала үйлеріне бірінші рет орналасып жатқан балаларда,тасымалдаушыларда.

Әзірле: тығыз жабылатын залалсыздандырылған пробиркалар, ішінде темір не ағаш таяқшадағы мақта тампондарымен; консервант флаконы, бессаусақты қолғап, жолдама,стеклограф.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 979 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ескерту.| Сабак №9

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)