Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 14

Сабак №9 | Сабак № 9 | Сабак №11 | Сабак № | Есеп №7. | Туберкулез. | Алгоримдер | Туберкулез | Алгоримдер | Алгоримдер |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 1
  3. Сабак № 2
  4. Сабак № 4
  5. Сабак № 5
  6. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Лейкоздар. Жіті және созылмалы лейкоздар. Гемофилия, тромбоцитопения, геморрагиялық васкулит.

Сабақ мақсаты

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

· Лейкоздар. Жіті лейкоздар.

· Жіті лимфобластты және миелобластты лейкоздар.

· Созылмалы миелобластты лейкоз,

Клиникалык синдромдары, диагнозы, емдеу және күтім жасау.

· Қазакстан Республикасындағы балалар онкогематологиялық орталықтары

Икемділік:

· Науқас баланың шағымын, анамнезін жинау, оны қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жасау, алгашқы диагнозын қою; науқас жагдайының ауырлыгын багалау;

· АҚ өлшеу,

· ТЖ, тамыр согысын есептеу.

· Мұрыннан, окпеден жэне асқазаннан қан кеткен кезде комек корсету.

· Гематологиялық мәліметтерді, миелограммаларды бағалау.

· Қан трансфузиясын бақылау.

Дағды:

· АҚ өлшеу,

· ТЖ, тамыр согысын есептеу.

· Мұрыннан, окпеден жіне асқазаннан қан кеткен кезде комек корсету.

· Гематологиялың мәліметтерді, миелограммаларды бағалау.

· Қан трансфузиясын бақылау.

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі:
  • Сабақты қорытындылау
  • Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру
5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

Сабақтың барысы

 

  Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар
  Ұйымдастыру кезеңі   - Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру - Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу - Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру - Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру - жұмыс орынында уақытында болу - жұмыс орынын сабаққа дайындау - сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу -сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия
  Ұй тапсырмасының актуализациясы -мұғалім оқушы студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді -берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді -оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу -оқыту материалдарды оқушыларға ұсынады -Тақырып бойынша керек алгоритмдерді көрсетеді   Студенттер оқытушының көрсеткен алгоритмдерін ұқыпты қарап отырады, түсінбеген жерлерін қайталауына сұрайды Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, су термометрі, орамал, бессаусақтар, таразы.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу Студенттерге көмек көрсетеді, дағдылар мен іскерлігінің сапасын көтеруге көмектеседі Өз бетімен жұмыс істейді Жіберілген қателерін дұрыстайды
  Жаңа практикалық дағдыларды бекіту -Студенттердің дағдылар мен іскерлігінің сапасын тексереді Студенттергеәр түрлі міндеттер береді, - тексеру материалдармен қамтамасыз етеді   - бір бірінің іскерлігін, білімін сынап бағалайды.   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау   · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру -ең үздік оқушыларды мақтайды     - әрбір оқушы сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттер туралы пікірімен бөліседі    

 

І.Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердінбірінші тобы тапсырмасы

1. Лейкоз ауруының белгілемесі қандай?

2. Лейкоздың жіктелуі қандай?

3. Лейкоздың себептері мен патогенезі қандай?

4. Аурудың бес кезеңін айтып беріңіз?

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1. Бастапқы кезеңнің клиникалық көріністері қандай?

2. Аурудың дер кезеңінің клиникалық көріністері қандай?

3. Ремиссия кезеңінің клиникалық көріністері қандай?

4. Рецидив кезеңінің клиникалық көріністері қандай?

Эксперттердін үшіншітобы тапсырмасы

1. Терминалді кезеңнің клиникалық көріністері қандай?

2. Лейкоздың ажырату диагнозын өткізіңіз?

3. Лейкоздың емі қандай?

4. Лейкоздың болжамы қандай?

 

№2 қосымша

 

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Эксперттердің бірінші тобы тапсырмасы

ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен түрады. Бүл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексерү (өткізгіштігі сақталған ба?).

«С» - тыныс алуын тексерү (бала тыныс алып жатыр ма?):

- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз
- тыныс алу дыбысын тындаңыз

- баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз
«Д» - циркуляцияны тексеріңіз - жүрегі соға ма?

- пульсін іздеңіз (бір жасқа дейінгі балада иық артериясы, бір жастан асқан балада үйқы артериясы).

Егер тыныс алүын аныктай алмасаңыз- «жасанды дем берү» еткізү; Егер пүльсін аныктай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

Жасанды дем беруді өткізу сатылары:

Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды дем бергенде үш ерекшеліктерді ұмытпау керек:

10.ауыз бен мұрынға ауаны бір уақытта үріп енгізу

11.емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуандау екенін есте сақтай тұра, басын абайлап шалқайтыңыз

12.альвеолалар жыртылмау үшін сәбидің тыныс жолдарына ауаны өзіңіздің толық емес көлеміңізде үріп енгізіңіз.

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу.   •тыныс жолдарының өткізгіштігі жақсарады
2. Иық астына валик салу.   • тыныс жолдары тікейеді
3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалкайту, иегін көтеру.   • емізулі баланың мойыны қысқа, нәзік және жуан • баланың тілі ішіне түсіп кетпеуінің алдын алуы
4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту - резеңке грушамен немесе электросорғышпен.   •тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
5. Баланың аузына және мүрнына салфетка салу.   • инфекциялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету
6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мүрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мүрынының үстіне (ересек жастағы балаға).   • өткізіліп жатқан шаралар оңды болу үшін
7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу • бала өкпесінің ауаға толуы • альвеолалар жыртылмауының алдын алуы
8. Үзіліс жасап баланың кеудесі темен түскенге дейін тосу.   • пассивті ауа шығаруды қамтамасыз ету
9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін.   • өкпеге оттегінің пассивті түрінде түсуін қамтамасыз ету

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

Жүрекке тікелей емес массажды өткізу алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу. Баланың оң жағына орналасу. • реанимациялық шаралардың түбіне жетуіне қажетті шарттар
     
2. Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ «семсер» тәріздес өсіндіге емес: а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкең саусақтарымен баланың кеудесін айналдыра ұстау қалған саусақтарды баланың арқасына салу; б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар); в) 1-7 жасқа дейінгі балаларда - бір қолдың алақанының кең бөлігі; г) 7жастан асқан балаларда - екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау. • «семсер» тәріздес өсіндіні жеңіл сындырып алуға болады  
  қанның толық өтуін қамтамасыз ете алмайды, ал қатты басқанда қабырғалар және төс сүйегі сынықтары пайда болуы мүмкін
3. Кеуде торына басқанда, төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктер шекарасы келесі терендікке төмен қарай түседі: а) жаңа туған нәрестелерде - 1-1,5 см б) 1 жасқа дейінгі балаларда - 1-2,5 см в) ересек жастағы балаларда -3-3,5 см • кеуде торын әлсіз басу жасанды систола фазасында қан айналым шенберлер арқылы
4. Кеудеге қысымды азайтып, оны бастапқы қалыпқа келтіреміз (қолды нүктеден алмаймыз). • жасанды диастола пайда болады
5. Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде: егер екі адам өткізсе 1:5 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 5 рет кеудеге басу); егер бір адам өткізсе 2:10; 3:15қарым қатынасымен.   • Тыныс алу жиілігі мен пульстің ең жарамды қарым қатынасы
Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірлік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі). • шараның түбіне жеткендігін тексеру үшін
7. Шараны жалғастыру қажет: қызметтері қалпына келгенге дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін. • өлілік таңбалар биологиялық өлімнің белгісі  

 

Эксперттердің үшінші тобы тапсырмасы

МҰРЫННАН ҚАН КЕТУ

Жедел көмек алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу.   • аспира­цияның, қан жұтып қоюдын және алқызыл қан аралас құсықтың алдын алу
2. Қысып тұрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын жақсарту
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   тыныс алуды жеңілдету
4. Тыныштық жағдай жасау.   •баланың үрейі ұшады, бала мазасыз
5. Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.   қан ағуды механикалық тоқтату
6. Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.   мұрын қуысына келетін қан көлемін азайту
7. Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою: 3% су асқын тотығымен, немесе суық сумен (түзды ерітінді, ерте жастағы балаларда ана сүтімен); мүрын қабырғасына орамалға оралған мұз кесектерін қою.   жергілікті қан ағуды азайту
8. Бұлшық етке енгізу: - витамин К - жасына сәйкес дозада; - 10% Са глюконат - Імл/жасына   • қан тоқтатушы әсер
9. Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет. • қан тоқтатушы әсер
10.Қан кетудің себебін анықтау және жою. • қан кету - симптом, диагноз емес

 

Гемотрансфузиядан кейінгі бала күтімін өткізу

- Баланы тегіс жерге, жастықсыз жатқыз

- Екі сағат баланы тамақтандырмау, аз көлемде сұйықтық беру

- Екі сағат бойы баланың жағдайына, шағымдарына назар аудару, диурезін бақылап тұру

- Трансфузиядан кейінгі бірінші үлесті дәрігерге көрсету және зерттеуге жіберу

- Екі сағат бойыәєр отыз минут сайын баланың дене қызуын, қан қысымын, пульсын өлшеп тұру

- Келесі тәуілікте қанның жалпы анализін жасау

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

  1. Қанағыштық – ол... сипаттаммасы:

1. анемияның

  1. геморрагиялық диатездердiң
  2. лимфогранулематоздың
  3. лейкоздың

2. Геморрагиалық диатездерге жатпайтын ауру

  1. гемофилия
  2. тромбоцитопениялық пурпура
  3. капилляротоксикоз
  4. анемиялар

3. Гемофилия – ол:

  1. жұқпалы ауру
  2. жұқпалы - аллергиялық ауру
  3. тұқым қуалау ауру
  4. эндокрин жүйесiнiң ауруы

4. Гемофилияның клиникалық көрiнiсi

  1. Терi бүтiндiгi бұзылғандағы ұзақ қан кетуi
  2. денеде ұсақ бөртпелер пайда болуы
  3. қанда гемоглобин мөлшерi төмендеу
  4. қанда тромбоцит саны азаю
  5. Гемофилияның ең жиi кездесетiн белгiсi
  1. буындарға қан құйылу
  2. терiде розеолалар пайда болу
  3. бауыр және көкбауырдың үлкейуi (гепатосплекомегалия)
  4. терi түсi сарғаю.
  1. Гемофилияның емi:
  1. криопреципитат
  2. темiр препараттары
  3. спленэктомия
  4. индометацин
  1. Емдеуге байланысты гемофлияның болжамы:

11. сәттi

12. күдiктi

13. сәтсiз

14. мүгедектiкке соқтырады

  1. Тромбоцитопениялық пурпураның сйпаттамасы

1. анемия

2. лейкопения

3. тромбоцитопения

4. леикоцитоз

9. Тромбоцитопениялық пурпураның себебi:

1. жұқпалы аурулар

2. темiр тапшылық жағдай

3. радиация

4. эритроциттер уақытынан тез ыдырауы

10 .Тромбоцитопениялық пурпураның сипаттамасына жатпаитын белгi:

1. әр түрлi көлемдi экхимоздар

2. макулопапулар

3. әр түрлi түстi геморрагиялар

4. лимфот‰йіндер үлкейюi

11.Спленомегалия кездесетiн ауру:

1. капилляротоксикоз

2. тромбоцитопениялық пурпура

3. гемоджлия

4. Нерв-артритикалық диатез

12.Ќан ауруларының қандай түрiнде симметриялық емес бөрiтпелер кездеседi:

1. лейкоз

2. анемия

3. тромбоцитопениялық пурпура

4. гемофилия

13.Тромбоцитопениялық пурпураның емi:

1. эпсилон –аминокапрондық қышқыл

2. темiр дәрiлерi

3. транквизаторлар

4. калъций хлорид ерiсi.

14. Пурпура кезiндегі диспансерлiк бақылау:

1. 2 жыл. 2. 6 ай 3. 4жыл. 4. 5 жыл.

15.Ацетилсалицил қышқылы, аналгин, карбенициллин беруге болмайтын ауру:

1. Трмбоцитопениялық пурпура. 2. анемия.

3. лейкоз 4.гемофилия.

16. Геморрагиялық васкулит – ол:

  1. аллергиялық ауру.
  2. инфекция - аллергиялық ауру.
  3. жұқпалы ауру.
  4. жаңа туған баланың ауруы.

17. Капилляротоксикозда кездесетiн бөрiтпе сипаттамасы:

  1. симметриялық ұсаұ нүктелi бөрiтпе. 3. везикулалар.
  2. пустулалар. 4. дақтар бүкiл денесiнде.

18. Капилляротоксикоздың жiктелуi:

  1. терiлiк түрi 2. iсiңкi түрi.
  2. гематуриялық түрi. 4. жасырын түрi.

19. Капилляротоксикоз ауруындағы бөртпе сипаттамасы:

  1. симметриялық, буындар қасына орналасады.
  2. ассимметриялық, түрлi-түстi, түрлi көлемде.
  3. қызыл шектi везикулалар.
  4. iрi шектi, тегiс емес дақтар.

20. Капилляротоксикозда жиi кездесетiн сндром:

  1. бүйрек синдромы.
  2. буындар синдромы.
  3. абдоминалды синдром.
  4. басқа мүшелер синдромы.

21. Капилляротоксикоздың ажырату диагнозы өткiзiледi:

  1. терi аурулары 3.қант диабетi.
  2. анемиямен 4. лейкозбен

20. Капилляротоксикоздың емi:

1. дене шынықтары3.диетотерапия

2. антибиотиктер 4. витамин “Д”

21. Диспансерлiк бақылау:

1. педиатрде 5 жыл3. оториноларингологта 2 жыл

2. стоматологта 1 жыл 4. Ревматологта 6 ай.

 

 

Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Гемофилия, тромбоцитопения, геморрагиялық васкулит.

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2012 ж.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Миокардиттер| Сабак №15

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)