Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коллапс

Сабак № 14 | Сабак №15 | Алгоримдер | Алгоримдер | Алгоримдер | ГИПЕРТЕРМИЯ |


Читайте также:
  1. Коллапс
  2. Коллапс якорей
  3. Пенсионный коллапс
  4. Подход к обследованию больного с внезапно развившимся сердечно-сосудистым коллапсом
  5. Состояния, связанные с сердечно-сосудистым коллапсом и внезапной смертью у взрослых

Коллапс - өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.

Коллапс көп мөлшерде кан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қан тарауы бұзылуының нөтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және құрсақ қуысының мүшелерінде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

Клиникасы:

• аяқ астынан бала жағдайының төмендеуі, есін жоғалту; тері қабатының бозаруы; суық жабысқақ тер; пульс жиі, жіп тәріздес; қан қысымы төмен.

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.   • дамып жатқан ми гипоксиясында бас миына қан жетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шарт  
2. Қысып тұрған киімдерін шешу.   • тыныс алуын жеңілдету үшін
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • коллапс кезінде ағзада гипоксия жағдайы дамиды
4. Келесі препараттарды енгізу: • мезатон - көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе, • норадреналин - 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін - 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1 -6 жас - 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары - 0,3-0,4 мл немесе, • адреналин - 0,1% ерітіңці тері астына, бүлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас - 0,2-0,5; 6 жастан жоғары - 0,5-0,7 мл.   • қан тамырлардың тарылуына байланысты қан қысымы көтеріледі  
5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу. • қан тамырларда қан көлемін толтыру және қан қысымын көтеру  

Қ Ұ С У

Себептері:

1. үшыну;

2. улану;

7. ас қорыту жүйесінің аурулары;

8. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланың басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу • аспирацияның алдын алуы
2. Қысып түрған киімдерін шешу.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • баланың тынысын жеңілдету
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.   • улар мен уыттардың механикалық жолмен кетіруі  
5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді):    
а) рег 08 - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. - 1 • перифериялық құсу орталығының
дес.қас. - 1 ас қас, жасына сәйкес;   қоздырғыштығын төмендетеді
б) бүлшық етке - церукал - Імг/кг (1 мл=5 мг) • перистальтиканы
(реглан) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына;   қалыптастырады
в) қайталап үзіліссіз қүсу болғанда • орталық құсу орталығының
- аминазин бүлшық етке 0,1 мл/жасына.   қоздырғыштығын төмендетеді
6. Қүсудан кейін:    
а) аузын қайнаған сумен шаю; • гигиеналық шара
б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;   • оральді регидратация
в) керек жағдайда - қүсықты зертханаға зерттеуге жіберу. • құсудың себебін анықтау
7. Қүсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу. • екіншілік құсудың алдын алу

ІШЕК ЭКСИКОЗЫ МЕН ТОКСИКОЗЫ

 

Жедел ішек инфекцияларының негізгі клиникалық белгілеріне диарея мен құсу жатады. Осы белгілердің арқасында ағзада сусыздану (эксикоз) және токсикоз дамиды.

Жедел ішек инфекцияларының негізгі синдромдары:

4. улану синдромы: дене қызуы жоғарлауы, нашар сезіну, әлсіздік, бәсеңдік, тері қабаты боз-сұр түсті, кейде мрамор суретті, тәбетінің төмендеуі, кейде анорексияға дейін.

5. ішек жолдарының закымдану синдромы -«жергілікті синдром»: лоқсу, қүсу, іштің ауырсынуы, тенезмдер, ішектің құрылдауы, метеоризм, диарея (патологиялық қоспалары бар нәжістің жиі болінуі).

6. эксикоз синдромы (сусыздану): тері және шырышты қабаттарының құрғауы, салмақ жоғалту, серпінділік пен тургордың төмендеуі, ерте жастағы балаларда - үлкен еңбектің ішке түсуі, бет пішінінің озгеруі, көз жанарының томендеуі, олигурия.

Эксикоздың 3 дәрежесі анықталады:

1 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 5% дейін, шөлдеу, аузының құрғауы, мазасыздық.

2 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 7% дейін, шөлдеу, тері және шырышты қабаттарының құрғауы, дене қызуы жоғарлауы, олигурия.

3 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 10% және жоғары. Терісінің, шырышты қабаттарының күрт құрғауы, есінің адасуы, сандырақтау, елестеулер, перифериялық қан айналымының бұзылуы, анурия.

Жедел комек алгоритмі:

3) Эксикоздың 1 және 2 дәрежесінде — ауыз арқылы регидратация (төменнен қара).

4) Ауыр жағдайларда ауыз арқылы регидратация өткізу мүмкіндігі болмаса қарқынды түрде парентеральді сұйықтық енгізу.

Ауыз арқылы берілетін сұйықтық мөлшерін ескере отырып енгізілетін сұйықтық мөлшері: эксикоздың I дәрежесінде 150 мл/кг тәулігіне; эксикоздың II дәрежесінде 170 мл/кг тәулігіне; эксикоздың IIIдәреже 180 мл/кг тәулігіне.

3) Алғашқы 4 сағатта тәуліктік мөлшердің 1/2 енгізеді, одан әрі тәулік бойы бір қалыпта - глюкоза ерітіндісі; Рингер ерітіндісі; реополиглюкин; сода ерітіндісі; плазма және т.б.

4) Ерітінділерді тамшы түрінде көктамырға - 28-30 тамшы 1 минутына.

5) Глюкоза және түзды ерітінділер қарым қатынасы:

а) изотониялық эксикозда -1:1

б)сужетіспеушілік эксикозда - 2:1

в) тұзжетіспеушілік эксикозда - 1:2

9) Диурезді қадағалау.

10) Көп қайталап құсуда - асқазанды шаю.

11) Ішек ауруының этиологиялық емін қолдану.

Ауыз арқылы өткізілетін регидратацияның алгоритмі

Мақсаты: эксикозды жою және оның қайталануына жол бермеу.

Керекті құралдар:

· глюкоза-тұздылы ерітіндісі (регидрон, глюкосолан, цитроглюкосолан);

· бөлме температуралық қайнатылған су 1 литр көлемінде;

· өлшейгіш стақан;

· шай қасық пен кесе;

· жойылған сұйықтық көлемін бақылау үшін қалам мен қағаз парағы.

Есте сақтаңыз:

· Ауыз арқылы регидратация эксикоздың 1—2 дәрежесінде ғана өткізіледі;

2 кезеңмен өткізіледі:

· 1 кезеңнің мақсаты — балада пайда болған сұйықтық кемістігін қалыпқа келтіру;

· 2 кезеңнің мақсаты —эксикоз пайда болуының алдын алуы;

· ерітілген глюкоза-тұздылы ерітіндіні қайнатпау және 1 тәуліктен артық сақтамау.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • емделуші бала мен анасының құқықтарын сақтау
2. Керекті құралдарды дайындау • емшараның тиімді және жылдам өтуін қамтамасыз ету.
3. бала анасын жойылған сұйықтық көлемін санауына және есепке алуына үйрету • ауыз арқылы регидратация өткізу үшін қажетті шара
4. Алғашқы регидратация өткізу үшін қажетті глюкоза-тұздылы ерітінді көлемін анықтау •эксикоздың 1 дәрежесінде дайын ерітіндінің дозасы - 50 мл/кг дене салмағына, эксикоздың 2 дәрежесінде - 90 мл/кг дене салмағына
5.Құрғақ препарат көлемін анықтап, оны қайнаған судың қажетті мөлшерінде еріту • құрғақ препараттың бір пакеті 1/2 немесе 1 литр су көлемінде ерітіледі
6. Алдында есептелген ерітінді көлемін өлшегіш стақанмен өлшеу және дайындалған ыдысқа құю •емшара мақсатына жету үшін
7. Баланың анасына ерітіндіні беру • емшара мақсатына жету үшін
8.эксикоздың дәрежесіне байланысты ерітіндіні шай қасықпен 4 немесе 6 сағат бойы балаға ішкізу. жойылған сұйықтық шығындарының есепке алуын және бекітуін жалғастыра беру • 1 дәрежесінде алғашқы регидратацияны өткiзу ұзақтығы 4 сағат, 2 дәрежесінде - 6 сағат
9. 4 (6) сағаттан кейін балада эксикоз белгілері бар екендігін анықтау (үлкен еңбек, тері мен шырышты қабықтар жағдайын). Бала жағдайының 3 түрлі болуы мүмкін: А. эксикоз өсіп келе жатса – ерітінділерді тамыр арқылы енгізу, Б. эксикоз азайса да, әлі белгілері бар болса – бірінші этапты қайталау, В. эксикоз жоқ болса - қолдайтын регидратацияға өту, онда әрбiр келесi 4 (6) сағат сайын алдыңғы 4 (6) сағат ішінде жоғалтылған ерітінді көлемін энтералді жолмен енгізу (жоғалтуларды бекiту парағынан қара) + жалғасып жатқан сұйық шығындарын бекiту. • өткiзiлген ауыз регидратацияның 1-шi кезеңi тиiмдiлiгiнiң бағасы.   • эксикоздың өсуі ендiрiлген ерiтiндi iшектерде сiңбегенінің белгісі • алғашқы регидратация үшiн саналған ерiтiндi көлемі жоғалтылған сұйықтық көлеміне сәйкес емес • қолдайтын регидратацияны сұйық нәжіс пен құсық тоқталғанша дейiн өткiзу. • өткiзілген ауыз регидратациясының тиiмдiлiгін қамтамасыз етуi

БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ҰСТАМАСЫ

Клиникасы: - бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды

(ортопноэ). Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Дем алысы ысқырық тәріздес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бүлшық еттер қосылады, дем шығаруы қиындалады - экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою. Аускультация: көп мөлшерде құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар.

Шұғыл көмек

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу, қысып түрған киімнен босату.   • тыныс алуы жақсарады, жақсары.
2. Тыныштық жағдай жасау. Жедел түрде дәрігер шақыру. • қорқыныш сезімі азаяды
3. Таза ауа жіберу және оттегі беру.   • оттегімен қамтамасыз ету жақсарады
4. Алдандыру шараларын өткізу - қолдарына және аяқтарына ыстық ванналар жасау  
5. Ингаляция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу), немесе беротек, немесе астмопент, немесе алупепт және т.б. Ингаляциялар тәулігіне 3-4 рет. Тиімді болмаса: тері астына 0,1% адреналин, 15 мин кейін 5% эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада). Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4% эуфиллин - тамшылатып - 1 мл/жасына, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде. •бронхтардың тегіс бұлшық еттер спазмын басу үшін •қан айналымындағы қысымды төмендетеді.
6. Ауыр жағдайда - гормон - преднизолон 1 -2 мг/кг тәулігіне    
7. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромтексин   Қақырық шығуына және сұйылуына көмек береді.
8. Антигистаминдер - тавегил, супрастин және т.б.   Антигистаминдік ем.

ДИАБЕТТІК (ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ) КОМА

Гипергликемиялық кома - қант диабеті асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде айқын ацидоз бен кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдары қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдай.

Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргештірге реакция болмайды.

Себептері:

6) Емделмеген немесе анықталмаған қант диабеті.

7) Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.

8) Диетаны бүзу - көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.

9) Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.

10) Жедел ірінді инфекциялар.

Симптомдары:

Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде - бастың ауырсынуы, әлсіздік, үйқышылдық, тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бүл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.

Шүғыл көмек:

4. Тез арада госпитализациялауға тырысу.

5. Ауруды жатқызу және жылыту

6. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет:

а) көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaСІ изотониялық ерітіндісінде;

6) асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің
бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);

в) қуыққа катетер қою;

г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау;

д) оксигенотерапия;

е) физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы
сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.

4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкоза-түзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен
емдеуден түрады.

а) инфузиялық ерітінділер - Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.;
б) инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг
сағатына есебінен откізіледі.

5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және
көкөніс шырындары, ққрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар
қабылдауға болады. Екінші күні - ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.

ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА

Гипокликемиялық кома - бүл бас ми жасушаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды.

Себептері:

4) Инсулин дозасының артық болуы

5) Физикалық салмақтар

6) Инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау

4) Тамак кабылдау ара қашықтығының ұзаққа созылуы.
Симптомдары: Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, аяқ-қолдарының дірілі, шаршағыштық. Ерін мен тілдің жансыздануы тен болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағытталуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.

Шұғыл комек:

Команың ауырлығына байланысты:

4. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады.

5. Ауыр жағдайда, есін жогалтқанда - тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл -20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі.

6. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет.

4. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала
есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады.

5.Оксигенотерапия.

6.Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.

 

КҮН ӨТУ

Күн өту - күн сәулесінің қарқынды немесе ұзақ әсерінің себебінен дамитын жүйке

жүйесінің және ұзынша мида орналасқан маңызды орталықтарының зақымдануы.

Көбіне күн өту ерте жастағы балалар бас киімсіз ашық күн сәулесінің астында

жүргеннен болады.

Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, құлақтың шулауы, әлсіздік, лоқсу, құсу.

Қалтырау болуы мүмкін, дене температурасы 40° С және одан да жоғары көтеріледі, мүрыннан қан кету. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда - есінен тану.

Шұғыл көмек:

1. Баланы көлеңке жерге ауыстыру, шешіндіру

2. Суық су ішкізу

3. Басына суық компресс немесе мұз қою

4. Баланы төсекке жатқызу

5. Көп мөлшерде салқын сұйықтық беру

6. Дымқыл сүлгімен сүрту

7. жүрек-тамыр қызметінің бүзылуында -тері астына - 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу

8. Керек жағдайда - жасанды дем беру

9. Ауыр жағдайда – ауруханаға жатқызу

ЖЫЛУ ӨТУ

Жылу өту - ағзаның жалпы қызып кетуне байланысты және жылу факторларының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу өту синдромының негізінде жылу жасау артып, жылу бөлінудін азаюы жатады.

Себепгері:

• ылғалдылығы жоғары ыстық бөлмеде болу

• ауаны нашар өткізетін қалың киім кию

• баланың жылу көзінің немесе пештің маңындағы төсекте жатуы

Белгілері: бастың ауруы және айналуы, әлсіздік, үйқышылдық, құлақтың шулауы, локсу. Терісі қызарған, әуелі дымқыл, одан әрі құрғақтанады. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Дене температурасы 40-41 ° С көтеріледі, құрысу болады. Пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда - есінен тану.

Шұғыл көмек

1. Баланы салкын, желдетілетін бөлмеге ауыстыру.

2. Қысып тұрған және қалың киімнен босату.

3. Таза ауамен қамтамасыз ету.

4. Салқын су беру.

5. Басына суық компресс, ірі тамырларына мұзды мұйық қою.

6. Т°18+20°С салқын суға малынған жаймамен орау.

7. Тері астына- 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу.

8. Инфузиялық терапия - физиологиялық ерітінді + 5% глюкоза ерітіндісі.

ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫ

Ара, сона, кене шағу.

 

Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады. Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор.

Клиникасы: Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок.

Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.

Шүғыл комек:

1. Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу.

2. Баланы тыныштандыру.

3. Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау.

4. Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды.

5. Жараны спиртпен өңдеу.

6. Жергілікті мұзды мұйық қолдану.

7. Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу - 0,1-0,3 мл.

8. Қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.

9. Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру - димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин.

10. Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға - преднизолон 30-40 мг.

11. Бронхоспазм кезінде - көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде.

12. Құрысу болса - седуксен - 0,3 мл/жасына.

13. Ауыр жағдайларда - аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің жұмыс қағидалары. ФАП. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, ФАП-та емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2013 ж

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің жұмыс қағидалары. ФАП. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, ФАП-та емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты:

33. Оқытушылық

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен мектепке дейінгі мекемелерде емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен мектепте емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

· Балалар адаптациясы.

· Мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп құжаттары.

· Дене шынықтыру.

· Тамақтандыруды ұйымдастыру.

· Иммундық алдын алу.

· ФАП-тың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, құқығы, міндеттері.

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен ФАП-та емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

Икемділік:

· Науқастарға курация жасау, жағдайына баға беру, жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

· Ауру тарихын талқылау

· Бөлімшеде белсенді түрде жұмыс істеу: дезерітінділерді дайындау, тері ішіне, тері астына, бұлшық етке инъекциялар жасау.

· Анафилактикалық шок, гипертермия, ларингоспазм, коллапс, эксикоз-токсикоз, құсу, бүйрек үстінің өткір жетіспеушілігі, диабеттік және гипогликемиялық комалар кезінде көрсетілетін шұғыл көмектін алдын алу.

· Науқастарды лабораториялық, аспаптық зерттеуге дайындау.

· Анализдерді талдау.

· Егу күнтізбелігін құрастыру.

· Мектепке дейінгі және мектепте санитарлық-гигиеналық тәртіпті бақылау.

Дағды:

· Науқастарға курация жасау, жағдайына баға беру, жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу.

· Ауру тарихын талқылау

· Бөлімшеде белсенді түрде жұмыс істеу: дезерітінділерді дайындау, тері ішіне, тері астына, бұлшық етке инъекциялар жасау.

· Анафилактикалық шок, гипертермия, ларингоспазм, коллапс, эксикоз-токсикоз, құсу, бүйрек үстінің өткір жетіспеушілігі, диабеттік және гипогликемиялық комалар кезінде көрсетілетін шұғыл көмектін алдын алу.

· Науқастарды лабораториялық, аспаптық зерттеуге дайындау.

· Анализдерді талдау.

· Егу күнтізбелігін құрастыру.

· Мектепке дейінгі және мектепте санитарлық-гигиеналық тәртіпті бақылау.

Сабақ типі: Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы

 

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

 

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі
  · Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар,
2. Операция-танымдық кезеңі
2.1 Үй тапсырмасын тексеру.   · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады     өз бетімен жұмыс істеу үшін керекті құжаттар, құралдар
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі Сабақтың алдында курация үшін дайындалған пациенттерді студенттер арасында үлестіріп, курация кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін анықтайды. Курация өткізу үшін керек материалдармен танысып, пациенттердің аты жөнін, палатасының нөмірін жазып алады  
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені Өткізіліп жатқан курация сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды Алдын ала дайындалған пациенттермен жұмыс істейді. Курациясын өткізеді. Алдын ала диагнозын қойып, болашақ емін жоспарлайды. Курация үшін балалар, ауру тарихтары, қалам, дәптер, тонометр, фонендоскоптар, оқулықтар, жолдламалар
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі Әрбір студенттің жасалған жұмысы: курация, лабораторлық анализдерін шешу, алдын ала диагноз қою туралы мәліметтерді тыңдайды. өткізілген курациясы туралы мәлімет жасайды, қалғандары жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тестілер
3. Рефлексивті бағалау кезеңі
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі Қорытынды сабақ болғаннан үй тапсырмасы берілмейді    
3.2 Сабақты қорытындылау ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі    

І. Операция-танымдық кезеңі

Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердін бірінші тобы тапсырмасы

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен мектепке дейінгі мекемелерде емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен мектепте емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

· Балалар адаптациясы.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

· Мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп құжаттары.

· Дене шынықтыру.

· Тамақтандыруды ұйымдастыру.

Эксперттердін үшінші тобы тапсырмасы

· Иммундық алдын алу.

· ФАП-тың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, құқығы, міндеттері.

· Балалар денсаулығын қорғау мақсатымен ФАП-та емдеу - алдын алушылық жұмысты ұйымдастыру.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 731 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЕСТЕН ТАНУ| Веревкина М.И.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.054 сек.)