Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖАЗАМЫЗ. 3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ
  7. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

 

операциялық табылады

мультимедиа аумағы

қоршаулы мүмкіндіктері

графикалық ұғымы

құрал бейне

директорий жабдықтар

болып жүйе

 

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

 

А. әртүрлі, онда, бағдарламалар, орындалады.

Ә.кез келген, өңделіп түзетіледі, мәліметтер, және, жүргізіледі, басқару әрекеттері.

Б. ұғымы, жұмыс үстелі, қазіргі, операциялық, барлық, интерфейсінің, жүйелер элементі, саналады, болып.

В. программаны, белгіше, тұрады, экранындағы, терезені, дисплей функцияны, файлды, бейнелеп.

Г. бума – каталог, табылады, директорий, болып, ұғымының, баламасы.

Ғ. құрал-жабдықтар, жұмыс, мәліметтер, үстелінде, кітаптар, салынғын бумалар, орналасуы, мүмкін.

 

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Барыс септігі
 
Ауыспалы осы шақ

 


 

 

Үлгі: Жады+ға жазыл+а+ды

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + ілік септігі  
Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

Үлгі: Жедел жады+сы+ның көлем+і

 

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

 

Магниттік, ізсіз, есептеу, жылдамдығы, бірлігі, өзгеше.

 

 

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

 

Оперативті есте сактау күрылгысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, түрақты есте сақтау күрылғысы компьютердін ішкы жадын қүрайды. Процессор жүмыс кезінде осы екеуымен мәлімет алмасып отырады. Онделуге тиісті кез келген малімет алдымен компьютердін сырткы жадысынан жедел жадыга жазіладі.

Компьютердін жедел жадысында дереу онделуге тиіс маліметтер мен программалар сакталады. Акпарат керек кезынде магниттік дискіден жедел жадыга кошіріліп өңделген сон, олар кайта сырткы жадыга жазіліп қойылады. Жедел жадідагы ақпарат тек жүмыс сеансы кезінде сакталады. Ондагы малімет ЭЕМ сондірілгенде немесе электр торабында акау болып, ток ошкен шактарда ызсіз жогалады.

 

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

 

1. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет.........................

2. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде...................

3.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да.............

4. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы........

5. Ол өзгертілмейтін ақпаратты........................

6. Ешкім оны өшіріп қайта................, оны тек.........................

 

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 

 
Ақпарат көлемін өлшеу

 
 
 


Компьютердің ішкі жадысы

 

 
Жедел жадыдағы ақпаратты сақтау

 

Компьютердің тұрақты жадысы

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

 

 

10-сабақ.

Тақырыбы: WINDOWS-ті іске қосу

Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Windows жүктелгеннен кейін экранға «жұмыс үстелі» шығуы тиіс, Windows З.х жүйесінде Программа диспетчері шығады да, Windows 98-де – жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:

- жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды жабу (аяқтау);

- Windows-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау.

Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс. Бірінші, тінтуір курсорын Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының ішінен «Жабу» командасын таңдау қажет. Екінші, «ОК» басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек. Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.

 

11-сабақ.

Тақырыбы: WINDOWS жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өзгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет. Терезенің аумағын өзгерту үшін тінтуір курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне, мысалы, сол жақ шекарасына апарыңыз. Тінтуір курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсызыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. «Тінтуірдің» сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту керек. «Тінтуірдің» батырмасын жіберсеңіз, терезенің өзгергенін көресіздер.

Терезенің экран бетімен орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсызық ұшы тақырып жолына көк тіктөртбұрышты аумаққа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тінтуір батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орнында бекітіліп сақталып қалады.

Бір терезені кішірейтіп белгіге айналдыру Терезені кішірейту командасымен немесе терезенің оң жақ жоғарғы бұрышындағы батырма арқылы жүзеге асады. Терезе әдетте ықшам белгіше түріне дейін кішірейтілуі мүмкін. Бұл үшін тінтуір курсорын тақырып жолының оң жағында орналасқан Ықшамдау батырмасына әкеліп, оның сол жақ шеткі пернесін шертеміз. Сол сәтте терезе экраннан алынып, оның орнына жазуы бар кішкене сурет, яғни белгіше пайда болады.

 

12-сабақ.

Тақырыбы: Компьютер жұмысын басқару құралдары

Жаңа құрылғыларды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа бағдарламаларды компьютерге орналастырғанда, қаріптерді алып тастау не енгізу кездерінде, «Жұмыс үстелін» көркейту істерін атқарғанда, сандарды, даталар мен уақытты бейнелеу түрлерін өзгерту барысында «Басқару тақтасы» деп аталатын жүйелік бумада орналасқан құралдар пайдаланылады. Бұл буманы іске қосу «Менің компьютерім» атты жүйелік топтағы Басқару тақтасы белгісін таңдап, тінтуірді екі рет шерту арқылы немесе басты менюдің Баптау --- «Басқару тақтасы» командаларын таңдау жолымен атқарылады.

Басқару тақтасы терезесінде орналасқан программалық элементтерді пайдалана отырып «Жұмыс үстелін» көркейтуге, тінтуір қолтетігін, пернелік тақтаны баптауға (өзіңізге ыңғайлы күйге келтіруге) және тағы басқа жұмыстарды атқаруға болады.

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жұмыс істейді. Қандай да бір бағдарлама белгісіне тінтуір курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін бағдарламалық файл іске қосылады.

Windows жүйесінің көптеген бағдарламалары дискіден ақпаратты оқу және оны толықтырып, өңдеп, қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол – жұмысы Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу терезесі.

13-сабақ.

Тақырыбы: Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою

Windows 98 жүйесінде барлық файлдар, құжаттар және бағдарламалар бумаларда сақталады. Егер бума сыртында сурет болса, ондай бума арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады. Оны жоюға, басқа орынға ауыстыруға болмайды.

Қарапайым жай бумалардағы мәліметтермен кез келген әрекет орындауға болады, мысалы, жою, көшірме алу, орнын ауыстыру және т.с.с.

Өз құжаттарыңызды сақтау үшін жеке бума ашу қажет. Бумаларды жұмыс үстелінде немесе терезе ішінде де ашуға болады. Жұмыс үстелінде бума ашу үшін курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет. Сонда пайда болатын контексті-тәуелді менюдің Жасау ---- Бума деген опциясын таңдап, экранға шыққан бума бейнесінің астына бірден оның атын енгізе беруге болады. Егер бума аты енгізілмесе, онда оның орнында нүктелер жолы орналасады. Ал терезе ішінде бума ашу қажет болғанда, Файл---Жасау---Бума командаларын орындау қажет.

Жарлық (ярлык) дегеніміз – бумалар ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз қамтамасыз ете алатын командалық файл. Жарлықтар жиі қолданылатын бағдарламалар мен құжаттық шаблондар (нұсқалар) үшін даярланады да, олар жұмыс үстелінде арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума ішінде жасала береді.

Жарлықтар мен бумаларды жою Windows жүйесіндегі кез келген объектіні жою сияқты орындалады. Мұның барысында керекті бір ақпаратты жойып алмас үшін, оның да бірнеше жолы жасалған, олар:

- «Қоржын» арқылы жою;

- толық жойып тастау;

- жою кезінде хабар беріп отыру.

Егер «Қоржынға» салу жолымен жойылса, онда мәліметтерді қайта бастапқы күйіне келтіруге болады. Ақпаратты толық жою «Қоржындағы» мәліметті жойғанда орындалады.

 

 

14-сабақ.

Тақырыбы: Компьютерлік вирус және олардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады.

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

-ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық заұымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы керек;

-алдын-ала шараларды пайдалану, яғни вирустарды жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

-вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану. Жалпы ақпарат қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық бағдарламаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

-файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын естес ақтауға негізделген бағдарламалар;

-бағдарламаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік бағдарламалар;

-вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын бағдарламалар.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық бағдарламалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс.

 

15-сабақ.

Тақырыбы: Архивтеу бағдарламалары

Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу үдерісі Архивтеу деп аталады. Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып, алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану. Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қосылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:

-файлдың аты;

-файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

-файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;

-архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

 

 

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек.

 

 

16-сабақ.

Тақырыбы: MS Word редакторында құжаттарды дайындау және оларды сақтау

MS Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады.

Word іске қосылған соң, экранда 1-құжат деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word бағдарламасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан соң 3-нөмірлі тағы сол сияқты болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады.

Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және тағы басқалары жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:

-мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бер нөмірлері);

-кестелер;

-төртбұрышты жақтаулар;

-графикалық бейнелер;

-кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, аспаптар тақтасы) және т.б.

Мәтін теріліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді. Сондықтан бірнеше сағаттық еңбегіңіз жоғалып кетпес үшін, оны дер кезінде ауық-ауық дискіге жазып отыру керек.

 

17-сабақ.

Тақырыбы: «Құжат ашу» сұхбат терезесінің мүмкіндіктері

«Құжат ашу» сұхбат терезесі кішігірім ақпараттық іздеу жүйесінің қызметін атқара алады. «Құжат ашу» терезесінің төмендегідей қосымша мүмкіндіктері бар:

-файл іздеуді жүзеге асыру;

-мәтіндік құжат ашу;

-файлды басқа орынға орналастыру;

-файлды қиып алу (алмасу буфері арқылы);

-файлдың көшірмесін алу;

-жарлықта дайындау;

-файлды жою;

-файл атын өзгерту;

-файл қасиеттерін қарап шығу;

-файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;

-файлдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;

-файлды қағазға басып шығару;

-бумадағы файлдарды реттеу.

Жоғарыдағы көрсетілген барлық іс-әрекеттер «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтері: 1.Бір деңгей жоғары өту – бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады. 2. Өз бумаңды ашу - өзіңнің пайдалануыңа арналған буманы ашады. 3. Өз бумаңа орналастыру – құжатты өз бумаңа орналастырады. 4. Майда белгілер – бумалар тізімін олардың шарт белгілері мен атын жазу арқылы бейнелейді. 5. Кесте – бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіміміен бірге бейнеленеді. 6. Қасиеттерін шығару – экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және т.б. 7. Ішкі мазмұныны шығару – құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады. 8. Командалар мен режимдер – оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады.

 

 

18-сабақ.

Тақырыбы: Кестелерді даярлау және түзету

Мәтіндік редакторлармен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кестелер әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады. Кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар кестені даярлау мен оны өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді.

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жерін қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Мұндай жағдайда кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыру керек.

Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте -- Кестені кірістіру командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек. Кесте даярланған соң, ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте -- Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жөн. Бұл тәсіл кестелерді форматтау үдерісін анағұрлым жеңілдетеді.

Жұмыс кезінде мәліметтер орналасқан кестенің параметрлерін жиі-жиі өзгерту қажеттігі туады. Word редакторында кестелерді өңдеудің көптеген мүмкіндіктері – ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу, торлардың биіктігі мен енін өзгерту және т.б.

 

19-сабақ.

Тақырыбы: Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады.

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тінтуірдің батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады.

Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тінтуірдің немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

 

20-сабақ.

Тақырыбы: Компьютерлік және интернет желілері

Дербес компьютерлердің желілері ауқымды жалпы және жергелікті желілерге бөлінеді. Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Компьютерлерді жергілікті желілер арқылы байланыстыру мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мекемелердегі, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар.

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10 және 100 мегабитке жетеді. Ал ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.

World Wide Web яғни, «дүниежүзілік өрмек» ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне «электрондық саяхат» жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз. Сол ақпарат ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз.

 

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЗАМЫЗ| КОММУНИКАТИВИСТИКА -наука, изучающая проблемы информационных коммуникаций.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)