Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖАЗАМЫЗ. 3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

 

қайта өңдеуге аспаптар

механикалық өңдеу

техникалық арналған машина

физикалық сақтау

мәліметтерді құрылғысы

енгізу бөліктердің

есте құбылыс

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. жүргізуге, есептеулерді, ақпаратты, және, алгоритм, алдын ала, белгіленген

бойынша, машина, арналған, қабылдауға.

Ә. қазіргі, қызметі, басқару, кезде, болып, негізгі, олардың,табылады.

Б. компьютерді, жұмыс, себебі, ең алғашқы, пайдаланудың, өнімділігін, саналады, арттыру, болып.

В. орталық, ақпарат, процессор, есептеу, орындайды, барлық, және, істерін өңдеу.

Г. енгізу, қызметін, атқарады, құрылғысы, ақпаратты, енгізу, компьютерге.

Ғ. шығару, компьютердің, жұмыс, нәтижесін, адамдарға, құрылғысы, үшін, жеткізу, қолданылады.

 

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Есімшелі етістік
 
Зат есім

 

 


 

Үлгі: белгіле+н+ген алгоритм

Тұйық етістік + барыс септік
Зат есім + табыс септігі

Үлгі: Есептеулер+ді жүргізу+ге

 

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

 

электрондық, есептеуіш, механикалық, өнімділігік, жылдамдық, компьютерлік, дәлдік, ұқыптылық

 

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

 

Баска қүралдар мен машиналарды қолдангандыгы сияқты, компьютерды пайдаланудын ең алгашқы себебі – жүмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Компьютерді пайдаланудын екынші себебі – мәліметтерді ұлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Компьютерлік жүйелерды пайдаланудағі үшінші себеп – олардың дәлдігі мен үқыптылыгында жатыр.

Орталық процессор барлык есептеу және акпарат өңдеу істерін орындайді. Енгізу қүрылгысы акпаратты компьютерге енгізу қызметін аткарады. Есте сактау қурылгысы бағдарламаларды, мәліметтерді және жүмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауга арналған. Шыгару қурылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарга жеткізу үшін колданылады.

 

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

 

1. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару.........................

2. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру..................

3. Орталық процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін.........................

4. Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу................

5. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін.......................

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 

 
Электрондық есептеуіш машиналардың жасалуы

 

 
Компьютердің негізгі қызметі

 

Компьютердің пайдаланудың себептері

 
 
 


Компьютердің құрамы және олардың атқаратын қызметтері

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

 

 

2-сабақ.

Тақырыбы: Процессор және оның сипаттамалары.

Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенеді және оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Процессорлардың Целерон Д 330 немесе Пентиум 4 640 деген нөмірлері бар. Процессор (микропроцессор) - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

орталық процессор, жиілік, оперативті жады, сипаттама, құрамдас бөліктер, шапшаңдығын анықтайды, өңдеу құрылғысы, ұсынылған, аналық тақша, есептеулер, неғұрлым, соғұрлым, жылдамдық, өлшенеді, ырғақтық, жиілік, желдеткіш, тұрады, логикалық құрылғы, ішкі жады, кэш жады, басқаратын шина.

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

 
 
Компьютерде Шапшаңдығын ................................ ................................ ...............................


беріледі

анықтайды

 

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Процессордың стандартты сипаттамалары қандай?

Ә. Процессор нені өңдеу құрылғысы болып табылады?

Б. Процессор қайда орналасады?

В. Процессордың жылдамдығы немен өлшенеді?

Г. Процессордың негізгі ішкі схемасын атаңыздар?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңдар.

-Арман, сен қандай университетте оқисың?

-Мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқимын.

-Болашақ мамандығың қандай?

-Бағдарламашы.

-Компьютерді жақсы біледі екенсің ғой. Саған сұрақ қоюға бола ма?

-Болады. Қойыңыз.

-Копьютердегі процессордың атқаратын қызметі қандай?

-Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.

-Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы процессорға байланысты ма?

-Әрине. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

-Кулер дегеніміз не?

-Процессорды салқындатуға арналған желдеткішті кулер деп атайды. Ол радиотарға орнатылады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Компьютерде орталық процессордың ________ мен _________, оперативті жады туралы стандартты ___________ беріледі. Бұлар компьютер жұмысының _____________ анықтайды. Процессор компьютердегі орталық мәліметтерді __________ ________ болып табылады.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және _______ ________ қатар _______ _________ орналасады. Процессордың __________ мегагерцпен немесе гигагерцпен _________. Процессор - _______________ ең үлкен микросхемасы. Процессор __________ ___________ транзисторлардан тұрады.

2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.

Үлгі: қандай процессор? – орталық процессор

Қандай жады, компьютердің қандай бөліктері, қандай мәліметтерді, қайда орналасады, нені орындайды, немен өлшенеді, немен анықталады, не орнатылады, неден тұрады, қандай құрылғы, нені басқаратын шина.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Компьютерде орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады туралы стандартты сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары. Бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Процессорлардың Целерон Д 330 немесе Пентиум 4 640 деген нөмірлері бар. Процессор - компьютердің ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі ішкі схемасы - арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина.

2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.

* Сен компьютер сатылатын дүкенде мененджер болып жұмыс істейсің.

* Сатып алушыға дербес компьютер жайлы ақпарат беріп, процессордың қызметін қалай сипаттап берер едің.

* Жоғарыдағы мәтінді пайдаланыңдар.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
УЧЕБНЫЕ АУДИТОРИИ ШРМИ| ЖАЗАМЫЗ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)