Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жазамыз

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

есте сақтау сақталады

сыртқы сеансы

программалар құрылғысы

жұмыс жадысы

ЭЕМ оқтын

электр жылдамдығы

оқтын сөндірілгенде

есептеу торабында

өзгертілмейтін диск

магниттік ақпаратты

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. процессор, алмасып, отырады, екеуімен, кезінде, осы, мәлімет, жұмыс.

Ә. жедел, тек, сеансы, жадыдағы, кезінде, ақпарат, жұмыс, сақталады.

Б. мәлімет, ондағы, немесе, ток, ЭЕМ, өшкен, сөндірілгенде, шақтарда, жоғалады, ізсіз.

В. компьютердің, өзгеше, жедел, тұрақты, оның, жадысынан, жадысы болады.

Г. ол, сақтайды, ақпаратты, өзгертілмейтін.

Ғ. алмайды, ешкім, қайта, жаза, оны, өшіріп.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Барыс септігі
 
Ауыспалы осы шақ

 

 


 

 

Үлгі: Жады+ға жазыл+а+ды

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + ілік септігі  
Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

Үлгі: Жедел жады+сы+ның көлем+і

 

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Магниттік, ізсіз, есептеу, жылдамдығы, бірлігі, өзгеше.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Оперативті есте сактау күрылгысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, түрақты есте сақтау күрылғысы компьютердін ішкы жадын қүрайды. Процессор жүмыс кезінде осы екеуымен мәлімет алмасып отырады. Онделуге тиісті кез келген малімет алдымен компьютердін сырткы жадысынан жедел жадыга жазіладі.

Компьютердін жедел жадысында дереу онделуге тиіс маліметтер мен программалар сакталады. Акпарат керек кезынде магниттік дискіден жедел жадыга кошіріліп өңделген сон, олар кайта сырткы жадыга жазіліп қойылады. Жедел жадідагы ақпарат тек жүмыс сеансы кезінде сакталады. Ондагы малімет ЭЕМ сондірілгенде немесе электр торабында акау болып, ток ошкен шактарда ызсіз жогалады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет.........................

2. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде...................

3.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да.............

4. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы........

5. Ол өзгертілмейтін ақпаратты........................

6. Ешкім оны өшіріп қайта................, оны тек.........................

 

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 

 
Ақпарат көлемін өлшеу

 
 
 


Компьютердің ішкі жадысы

 

 
Жедел жадыдағы ақпаратты сақтау

 

Компьютердің тұрақты жадысы

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

 

5-сабақ.

Тақырыбы: Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:

• процессор;

• шина;

• жедел жады;

• тұрақты жады;

• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

 

Монитор мен бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Монитор немесе дисплей– ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.

ЭЕМ - нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер - ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді. Адаптерлер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды.

 

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

 

Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер

 

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

 

Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер

 

 

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

 
 
Компьютердің Қосылатын Құрастырылған ............................... ................................ ...............................


тақшасы

слоттарға

микросхемалар

 

 

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

 

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

 

А. Компьютердің негізгі тақшасына не жатады?

Ә. Онда қандай құрылғылар орналасады?

Б. Аналық тақша дегеніміз не?

В. Дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін не кұрайды?

Г. Монитор мен дисплей не үшін қажет?

Ғ. Адаптер қайда орналасқан және ол несімен ерекшеленеді?

 

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

 

2.4 Полилогті оқыңдар. Мәтінге айналдырыңдар.

 

Мұғалім: Бүгін біз аналық тақша мен бейнекарта туралы әңгімелесейік.

Сапар: Аналық тақша - дербес компьютердің негізгі тақшасы.

Айгүл: Онда процессор, шина, жедел жады, тұрақты жады мен слоттар орналасады.

Медет: Компьютермен жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық тақша арқылы өңделеді.

Қуаныш: Мәліметтер слоттарға қалай жеткізіледі екен?

Сапар: Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі.

Мұғалім: Ал компьютердің ішкі бейнежүйесін не кұрайды?

Айгүл: Монитор мен бейнекарта құрайды.

Медет: ЭЕМ - нің бейнелік құрылғысы қандай бөліктерден тұрады?

Жұлдыз: Монитор мен адаптердан тұрады.

Қуаныш: Логикалық схемалар қайда орналасады?

Сапар: Бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар адаптерде орналасады.

Айгүл: Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад болады.

Жұлдыз: Адаптерлер түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын да анықтайды.

Мұғалім: Аналық тақша мен бейнекарта туралы тақырыпты жақсы түсініпсіңдер.

 

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

ЭЕМ - нің ________ _________ екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек __________ көреміз, ал адаптер - ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды _________ блогы. Монитордың өзінде тек ________-_________ түтікше бар. Ал адаптерде ________ сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде ________ _________ сақтауға арналған бейнелік жад бар. Адаптерлер __________ айқындап көрсету қабілетімен ___________. Адаптерлер стандартты _______-_______ монитордағы түстер палитрасын (жиынын) ___________.

 

 

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

 

А) Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделікөп қабаттымөрлік тақша.

Ә) Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтаржелісіменқапталған.

Б) Монитордыңөзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар.

В) Әрбір құрылғы белгілі бір слотқақосыла алады.

 

 

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

 

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Монитор немесе дисплей– ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы. Ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.

 

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

 

А) Мәтіндегі зат есімдер: бейнекарта,...............................................

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: жүйелік,.....................................

Б) Мәтіндегі етістіктер: орналасады,..............................

В) Мәтіндегі есімдіктер: онда,..................................


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЗАМЫЗ| ЖАЗАМЫЗ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)