Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖАЗАМЫЗ. 3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

өңдейтін шиналары

жұмыс құралады

қолданылып командалар

қызметін мәліметтерді

біріктіруші процесі

өткізгіштерден ұяшықтары

көшіру өткізгіштер

басқару атқарады

қарапайым жүр

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. Процессор, сақтамайды, әдетте, еш нәрсені, өзінде, де.

Ә. Бұл, кэш, жады, ұяшықтық, шағын.

Б. Шина, жиынтығы, сым-жолдарының, дегеніміз, бұл.

В. Процессордың, орнатылады, радиатор, үстіне.

Г. көрсетіледі, командалар, түрінде, байттар.

Ғ. Екі, одан, да, көп, немесе, сыйымдылықты, байтты, командалар, қажет ететін, болады, да.

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Табыс септігі
 
Ауыспалы осы шақ

 

 


 

 

Үлгі: Еш нәрсе + ні сақтама +й+ды

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + табыс септігі
Ілік септігі

Үлгі: Процессор+дың жұмыс+ы+н

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

Көшірме, жиынтық, біріктіруші, өткізгіштер, бірнеше, қазіргі, заманғы, адрестік, разрядты, паралельді, оперативті, сыйымдылық, цифрлік.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

Процессор оңдейтін мәліметтердың оперативті жадідан алады. Адетте процессор озінде еш нәрсены де сақтамайді. Процессордың жұмысынін жеделдету үшін көптен беры кэштеу технологиясы қолданіліп жүр. Егер бір нәрсе жалпы жадідан онделсе, оның көшірмесі кэш жадіга тұседі.

Бұл сым–жолдары 3 типке бүлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Қазіргі замангы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді откізгіштердан қүралады.

Процессорда орындалған командалардың осы баскару шиналары мен оперативтык жадідан келеді. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бырақ 2 немесе одан да көп байтты сійімділіқті қажет ететін командалар да болады.

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

1. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан.........................

2. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де..................

3.Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы..........................

4. Адрестік шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін........

5. Командалар байттар түрінде........................

6. Қарапайым командалар 1 байтқа.....................

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 
Шина және оның түрлері

 
 
 


Мәліметтер шинасы мен басқару шинасының қызметі

 

 
Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады

 

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.

 

4-сабақ. Тақырыбы: Оперативті есте сақтау құрылғысы.

 

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады.

Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп өңделген соң, олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады. Ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі.

Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды. Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Есте сақтау құрылғысы, жедел, тұрақты, ішкі, алмасып отырады, сыртқы, дереу, тиіс, керек кезінде, ЭЕМ сөндірілгенде, торабы, ақау, өшкен шақтарда, ізсіз жоғалады, ұзақ уақыт, жоғалтып алмауы үшін, оқтын-оқтын, көлемі, есептеу жылдамдығы, бірлік, қолданылатыны, белгілі, өзгеше,

өзгертілмейтін, өшіріп, қайта, жаза алмайды, тек, оқуға болады.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Есте сақтау құрылғысы, жедел, тұрақты, ішкі, алмасып отырады, сыртқы, дереу, тиіс, керек кезінде, ЭЕМ сөндірілгенде, торабы, ақау, өшкен шақтарда, ізсіз жоғалады, ұзақ уақыт, жоғалтып алмауы үшін, оқтын-оқтын, көлемі, есептеу жылдамдығы, бірлік, қолданылатыны, белгілі, өзгеше, өзгертілмейтін, өшіріп, қайта, жаза алмайды, тек, оқуға болады

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

 
 
Жадыға Жадын ................................ ................................ ...............................


жазылады

құрайды

 

 

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А.Компьютердің ішкі жадысын нелер құрайды?

Ә.Өңделуге тиісті кез келген мәлімет компьютердің қандай жадысында жазылады?

Б. Жедел жадыдағы ақпарат қашан сақталады?

В.ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен жағдайларда мәліметтер сақтала ма?

Г.Адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін

қайда жазып отыруы керек?

Ғ.Комьютердегі ақпарат көлемі қалай өлшенеді?

Д.Компьютердегі өзгертілмейтін ақпаратты қандай жадыда сақтауға болады?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Полилогті оқыңдар. Мәтінге айналдырыңдар.

 

Мұғалім: Компьютердің оперативті есте сақтау құрылғысы туралы не білесіңдер?

Сапар: Оперативті есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды.

Айгүл: Процессор жұмыс кезінде жедел жады және тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады.

Медет: Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады.

Қуаныш: Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады.

Мұғалім: Адам өзіне қажет ақпаратты жоғалтып алмауы үшін не істеуі керек?

Сапар: Оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Айгүл: Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы арта ма?

Медет: Иә.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Жұлдыз: Қуаныш,ақпарат көлемін өлшеуде қанша байт бірлігі қолданылады.

Қуаныш: Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылады.

Сапар: Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады.

Айгүл: Ол қандай ақпаратты сақтайды?

Жұлдыз:. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Компьютердің ________ жадысында _______ өңделуге _____мәліметтер мен бағдарламалар сақталады. Ақпарат ___________ магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп __________ соң, олар қайта сыртқы жадыға _________ қойылады. Жедел жадыдағы ақпарат ____ жұмыс сеансы кезінде __________. Ондағы мәлімет ______ ___________ немесе электр _________ _____ болып, ток _____ ______ _____ ______. Осыған байланысты әрбір адам өзіне _______ ________ керек болатын ақпаратты _________ _________ ________ оны _______ - _______ магниттік дискіге жазып отыруы керек. Компьютердің жедел жадысының _________ өскен сайын оның ________ _________ да артады. Ақпарат көлемін ________ сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт ________ _________ _________.

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

А) Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады.

Ә) Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп өңделген соң, олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады.

Б) Ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады.

В) Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды. Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.

2.8 Өзіңді-өзің тексер! Қанша сөз есіңе түседі?

А) Жады: жедел,...............................................

Ә) Ақпарат: өңделген,.....................................

Б) Жылдамдығы: есептеу,..............................

В) Процессор: шинасы,..................................


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЗАМЫЗ| ЖАЗАМЫЗ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)