Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖАЗАМЫЗ. 3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

 

Аналық жады

тұрақты палитрасын

слоттарға бейнежүйесін

ішкі жеткізіледі

басқару түтікше

сәулелі блогы

түстер тақша

 

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

 

А.аналық тақша, мөрлік тақша, құрамдас, бөліктері, қосылатын, бұл, компьютердің, барлық, көп қабатты, күрделі.

Ә. ішкі, бейнежүйесін, бейнекарта, кұрайды, дербес, компьютердің.

Б. монитордың, түтікше, өзінде, электрондық-сәулелі, тек, бар.

В. ал, адаптерде, беретін, бейне, логикалық, сигналдарын, орналасқан, схемалар.

Г. адаптерде, арналған, бейнелер, көрінісін, бар, сақтауға, бейнелік, жад.

Ғ.адаптерлер, түрлі-түсті, стандартты, палитрасын, түстер, монитордағы, анықтайды.

 

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Көмектес септігі
 
Бұрынғы өткен шақ

 


 

 

Үлгі: Желісі+мен қаптал+ған

Есімдік немесе зат есім + жатыс септігі  
Ауыспалы осы шақ

Үлгі: Онда орналасады

 

3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.

 

Жүйелік, құрамдас, көп қабатты, мөрлік, өткізгіш, құрылғы, электрондық, сәулелі, түтікше, логикалық, көрініс, түрлі-түсті, қосқыш

 

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

 

Компьютерде жүмыс істеу кезінде барлык малімет аналык немесе жүйелик такша аркылы оңделеді. Аналык такша – бул компьютердін барлык қурамдас боліктері косылатын курделі көп қабатты мөрлік такша. Аналык тақша мыс откізгіш жолшықтар желісімең капталган, олардың бойымен маліметтер такшада қурастырылған микросхемалар мен компьютердін баска қурылгылары косылатың слоттарга жеткизіледі. Әрбир курылгы белгілі бір слотка косыла алады.

 

 

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

 

1. Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы.........................

2. Монитор мен бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін...............

3. Біз тек мониторды көреміз.............

4. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар........

5. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен........................

6. Адаптерлер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын................

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 

 
Аналық тақшаның қызметі

 
 
 


Монитор мен дисплей

 

 
Дербес компьютердің ішкі бейнежүйесі

 

Аналық тақшаның құрылғылары

 
 
 


Монитор мен адаптердің атқаратын қызметтері

 

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.

 

 

6-сабақ Тақырыбы: Монитор және оның сипаттамалары.

Монитор (дисплей) – деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенирация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы. Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм.

Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107см.-ге дейін) экранды монитор шығарылады. Олардың стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап (универсальный) монитор болып табылады.

Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған. Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75Гц, қалыптысы – 85Гц, ал ең қолайлысы (жайлы тиетіні) 100Гц және одан көп мәндер. Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандарттарымен анықталады.

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Деректер, көрсетіп ұсыну, ең танымал, тұтыну, қалқасы, мөлшері, қадамы, кескінді қайта өндіру, шама, жиілік, қорғаныс, мөлшері, қарама-қарсы, бұрыштар, арасы, өлшем бірлігі, әмбебап, қадамы, қайта өндіру, толық, ауыстыра алу, көрсету, неғұрлым, соғұрлым, көз аз талады, қалыптысы, ең қолайлысы, мәндер, қорғаныс, сәйкес келу, анықталады

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Деректер, көрсетіп ұсыну, ең танымал, тұтыну, қалқасы, мөлшері, қадамы, кескінді қайта өндіру, шама, жиілік, қорғаныс, мөлшері, қарама-қарсы, бұрыштар, арасы, өлшем бірлігі, әмбебап, қадамы, қайта өндіру, толық, ауыстыра алу, көрсету, неғұрлым, соғұрлым, көз аз талады, қалыптысы, ең қолайлысы, мәндер, қорғаныс, сәйкес келу, анықталады

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

 
 
оның кеңінен стандарттарымен ............................... ................................ ...............................


параметрлері

таралған

анықталады

 

 

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Монитор қандай құрылғы?

Ә. Оның негізгі тұтыну параметрлері қандай?

Б.Монитордың мөлшері қалай өлшенеді?

В.Қазіргі таңда қандай мониторлар шығарылады?

Г.Кескінді қайта өңдеу жиілігі немен өлшенеді?

Ғ. Монитордың қорғаныс класы немен анқыталады?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Диалогті оқыңдар. Үлгі бойынша диалог құрыңдар.

Медет: Айгүл,ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы не деп ойлайсың?

Айгүл: Ол деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы – монитор.

Медет: Оның негізгі тұтыну параметрлерін білесің бе?

Айгүл: Экран қалқасының мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

Медет: Монитордың мөлшері қалай өлшенеді?

Айгүл: Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен өлшенеді.

Медет: Қазір қандай мониторлар кеңінен таралған?

Айгүл: Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.

Медет: Кескінді қайта өңдеу жиілігі немен өлшенеді.

Айгүл: Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен өлшенеді.

Медет: Монитордың қорғаныс класы немен анықталады?

Айгүл: Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандарттарымен анықталады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Монитор – деректерді _________ _________ құрылғы. Ол ақпарат __________ ең танымал ___________ болып табылады. Оның _________тұтыну параметрлері – экран қалқасының _________ мен ________, кескінді _______ __________ең көп шамадағы _________, қорғаныс класы. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге _________ экранды монитор шығарылады. Кескінді қайта өндіру _________ монитордың бір секунд ішінде _________ қанша рет толық ___________ алатынын көрсетеді. Монитордың қорғаныс класы ___________ техника __________ монитордың _______ _________ стандарттарымен анықталады.

 

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

А) Монитор – деректерді көрсетіпұсынатын құрылғы.

Ә) Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсыбұрыштарыныңарасымен өлшенеді.

Б) Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экрандымонитор шығарылады.

В) Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор шығарылады. Олардың стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап монитор болып табылады. Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған. Кескінді қайта өндіру жиілігі монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен өлшенеді.

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

А) Мәтіндегі зат есімдер: монитор,...............................................

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: экранды,.....................................

Б) Мәтіндегі етістіктер: өлшенеді,..............................

В) Мәтіндегі есімдіктер: ол,..................................


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЗАМЫЗ| ЖАЗАМЫЗ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)