Читайте также: |
|
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.
сыртқы мәліметтер
көлемді кітапханасы
жай жинақтауыштары
мәліметтерінің дискідегі
иілгіш ақпаратты
қосымша бағдарламалар
3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
А. оларды, ақпараттың, көбінесе, жинақтауыштары, сыртқы, дейді.
Ә. олар, қажет, ақпаратты, сақтау, көлемді, уақыты,ұзақ, үшін.
Б.сыртқы, кез келген, бағдарлама, жай, мәліметтер жадыда немесе сақтала береді.
В. кездерде, соңғы, магниттік, ДЭЕМ-дер үшін, таспадағы, жинақтауыштар – стримерлер, шықты.
Г. магниттік, екі, түрлі, дискідегі, болады, жинақтауыштар.
Ғ.компьютерлердің, жабдықталған, көпшілігі, тұрғылықты, дисктермен құрамдас.
3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
|
|
Үлгі: көлем+ді ақпарат+ты
|
|
Үлгі: мәлімет+тер сақтала береді
3.4 Мәтіннен туынды сөздерді көшіріп жазыңдар.
Үлгі: жинақтау+ыш, магнит+тік
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.
Акпарат жинактауыштар– кез келген ЭЕМ-нін қажетты болігі. Оларды кобінесе ақпараттын сырткы жинактауыштары немесе компьютердін сырткы жадысы дейді. Олар колемді акпаратты узақ сактау уақытыушін қажет. Ондағы маліметтер ЭЕМ-нің жумыс куйіне байланысты болмайды. Сырткы жадыда кез келген багдарлама немесе жай маліметтер сактала береді, сол себепті оны арбір адамнын маліметтерінін кытапханасы деуге болады.
3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.
1. Соңғы кездерде дербес электронды есептегіш машиналар үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер.........................
2. Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер................
3.Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды................................, тек.................
4. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен.................
5. Оларға қосымша бағдарламалар..............., онда файлдар............ және әр түрлі мәліметтер...................
3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.
Жинақтауыш түрлері
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.
3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.
8-сабақ.
Тақырыбы: Дербес компьютерді іске қосу және өшіру
Компьютерді іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет. Бірінші, ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды ток көзіне қосу керек (принтер, сканер және т.б.). Екінші, жүйе блогын іске қосу керек. Үшінші, мониторды іске қосу керек. Бұл іс-әрекеттерден кейін экранға компьютерді алғашқы жүктеу және құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады. Операциялық жүйе жүктелген соң, компьютер жұмыс істеуге дайын күйге енеді.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру үшін: 1) ағымда тұрған программалар жұмысын доғару керек; 2) ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды өшіру керек; 3) мониторды өшіру керек; 4) жүйелік блогты өшіру керек.
ДЭЕМ пернелік тақтасы кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп, солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:
-алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, «бос орын» белгісі.
-функционалдық пернелер: F1-F12;
-әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab және тағы басқалары.
-түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete және т.б.
Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді, ал қазақ, орыс әріптері біздегі машинкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып, тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.
1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ
1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
әрекеттерді, шеткері құрылғыларды, қосу, іске қосу, алғашқы жүктеу, тексеру, дайын күйге, өшіру, ағымда, доғару, пернелік тақтасы, жиынтығынан, үйлесімді, басқару, таңбаларына, орналастырылған, орындау, жүргізіледі, жалғанғанда, тұрақты күйде
1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.
1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.
әрекеттерді, шеткері құрылғыларды, іске қосу, алғашқы жүктеу, тексеру, дайын күйге, өшіру, ағымда, доғару, пернелік тақтасы, жиынтығынан, үйлесімді, басқару, таңбаларына, орналастырылған, орындау, жүргізіледі, жалғанғанда, тұрақты күйде
1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.
|
орындау
қосу
2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.
А. Компьютерді іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
Ә. Компьютер жұмыс істеуге дайын күйге қашан енеді?
Б. Компьютерді өшіру үшін не істеу қажет?
В. ДЭЕМ пернелік тақтасы неден тұрады?
Г. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі қандай топтарға жіктеледі?
Ғ. Бір алфавиттен екіншіге ауысу ненің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі?
2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.
2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.
2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңдар.
-Сен компьютерді іске қоса аласың ба?
-Білемін.
-Ол үшін не істеу керек?
-ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды ток көзіне қосу керек, сонан соң жүйе блогын, мониторды іске қосу керек.
- Жұмыс істеп болған соң компьютерді қалай сөндіремін?
- Ол үшін ағымда тұрған программалар жұмысын доғару керек, ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды, мониторды және жүйелік блогты өшіру керек.
-Адамдар пернелік тақтаны қалай пайдаланады?
-Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп, солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады.
- Бір алфавиттен екінші алфавитке ауысу үшін не істеу керек?
- Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі.
2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
ДЭЕМ _________ ________ кез келген ЭЕМ пернелігі _______ бір тақтада орналасқан пернелер ____________ тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ________ _________, солардан оны _________ командаларын да ________ ______.
ІВМ мен __________ ДЭЕМ пернелігі стандартты __________ _________ тұрады, олар белгілі бір _________ орналасып, төрт топқа жіктеледі.
2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.
Үлгі: нені іске қосу? – компьютерді іске қосу
нені орындау, қандай жүйе, қандай блогты, неден тұрады, қайда символдық ақпарат енгізу, қандай пернелер, функционалдық не, қандай қызмет атқаратын пернелер, ненің арнаулы программасын, тұрақты күйде не істейді
2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.
1. Компьютердің пернелік тақтасы бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. 2.Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізеді. 3.Солардан басқару командаларын да құрастыра алады. 4. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады. 5. Олар белгілі бір тәртіппен орналасады. 6. Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. 7.Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылады.
2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
* Сенен компьютерді іске қосу үшін телефон арқылы жолдасың көмек сұрайды.
* Сен не телефон арқылы не SMS жазып, оған компьютерді іске қосу туралы мәлімет беруің керек.
* Осы тапсырманы қалай жүзеге асырар едің.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЖАЗАМЫЗ | | | ЖАЗАМЫЗ |