Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖАЗАМЫЗ. 3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ | ЖАЗАМЫЗ |


Читайте также:
  1. ЖАЗАМЫЗ
  2. ЖАЗАМЫЗ
  3. ЖАЗАМЫЗ
  4. ЖАЗАМЫЗ
  5. ЖАЗАМЫЗ
  6. ЖАЗАМЫЗ

3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

қорғаныс бірлігі

өлшем монитор

экранды класы

стандартты жиілігі

әмбебап монитор

қайта өңдеу мөлшерлері

стандарттарымен анықталады.

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.

А. ол, шығарудың, құрылғысы, ақпарат, ең танымал, табылады, болып.

Ә. ол, жоғары, болса, неғұрлым, кескін соғұрлым, тұрақты, дәл әрі болып, аз талады, көз.

Б. ең аз шамадағы, 75Гц, мән, 85Гц, қалыптысы, ал ең қолайлысы, одан көп, 100Гц және мәндер.

В. дюйм, бірлігі, өлшем.

Г. қайта өңдеу, кескінді, герцпен, жиілігі, өлшенеді.

Ғ. монитордың, сәйкес келетін, қауіпсіздік, қорғаныс класы, монитордың, техника талаптарына, анықталады, стандарттарымен.

 

 

3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

       
 
Ілік септігі
 
Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

 


 

 

Үлгі: Экран қалқасы+ның мөлшер+і

 

Зат есім  
Етістік

Үлгі: Құрылғысы болып табылады

 

3.4 Төмендегі үлгі бойынша сын есім жасаңдар.

 

Үлгі: экран+ды, стандарт+ты, жүйе+лі, қауіп+ті

 

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.

 

Монитор – деректерди корсетип усынатын қурылгы. Ол ақпарат шыгарудин ен танымал қурылгысы болып табылады. Оның негизги тутыну параметрлеры – экран калкасының (маска) молшері мен кадамы, кескинді кайта ондирудің (регенирация изображения) ен коп шамадагы жиілігі, корганыс класы. Монитордын молшери диагональ бойынша кинаскоп қубырларының карама-карсы бурыштарынын арасымен олшенеди. Олшем бирлігі – дюйм.

 

3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

 

1. Ол ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы.........................

2. Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен................

3. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор....................

4. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен.........

5. Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен............

6. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап монитор................

 

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.

 

 
Экранды монитор және оның мөлшері

 
 
 


0,25 - 0, 27мм. қалқа қадамындағы мониторлар

 

 
Деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы

 

 

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөздерді жазыңдар.

 

3.9 Мәтін мазмұнын толық баяндап жазыңдар.

 

7-сабақ.

Тақырыбы: Дискідегі ақпарат жинақтауыштар.

Ақпарат жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі. Оларды көбінесе ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жадысы дейді. Олар көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақытыүшін қажет. Ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, олардағы мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш. Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.

 

Қатқыл диск немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.

 

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

Қажетті, бөлігі, сыртқы жинақтауыштары, көлемді, жұмыс күйіне, тікелей, шықты, бірте-бірте, тізбектей іздеу, жай жүргізіледі, ауыстыра алмайды, толықтырады, иілгіш, қатқыл,алмастыру, әзір, сақтап қою үшін, қоймасы, көпшілігі, құрамдас, тұрғылықты, жабдықталған, қосымша, әзірленеді

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

 

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

 

Қажетті, бөлігі, сыртқы жинақтауыштары, көлемді, жұмыс күйіне, тікелей, шықты, бірте-бірте, тізбектей іздеу, жай жүргізіледі, ауыстыра алмайды, толықтырады, иілгіш, қатқыл,алмастыру, әзір, сақтап қою үшін, қоймасы, көпшілігі, құрамдас, тұрғылықты, жабдықталған, қосымша, әзірленеді

 

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

 
 
қажетті тікелей магниттік ............................... ................................ ...............................


бөлігі

оқуға

дискі

 

 

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ

 

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

 

А. Ақпарат жинақтауыштар дегеніміз не? Олар не үшін қажет.

Ә. Сыртқы жадыда қандай мәліметтер сақталады?

Б. Магниттік дискілердегі жинақтауыштардың рөлі қандай?

В.Стримерлер деп нені атаймыз? Олардың қызметі қандай?

Г. Магниттік дискідегі жинақтауыштардың түрлері қандай?

Ғ. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар қандай қызмет атқарады?

Д. Компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасын қалай аталады?

 

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

 

2.4 Диалогті оқыңдар. Үлгі бойынша диалог құрыңдар.

 

Медет: Көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақытыүшін не қажет?

Айгүл: Көлемді ақпаратты ұзақ сақтау уақытыүшін ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жадысы қажет.

Медет: ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін нелератқарады?

Айгүл: ДЭЕМ-дерде ақпаратты жинақтаушы рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады.

Медет: Стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра ала ма?

Айгүл: Стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, оларды тек толықтырады.

Медет: Магниттік дискідегі жинақтауыштардың неше түрі болады?

Айгүл: Екі түрі болады. Иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

Медет: Иілгіш дискідегі жинақтауыштар не үшін қажет?

Айгүл: Бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, ақпаратты сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін керек.

Медет: Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталады. Олар не үшін қажет?

Айгүл: Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

ДЭЕМ-дерде ақпаратты ___________ рөлін _________ дискілердегі жинақтауыштар атқарады, олардағы мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. _______ __________ ДЭЕМ-дер үшін магниттік __________ жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар __ ________ мәлімет сақтай алғанмен, ____-____ жұмыстары бірте-бірте ________ іздеу арқылы ____ жүргізіледі. Сол себепті __________ магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек ______________.

 

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

 

А) Ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды.

Ә) Сыртқы жадыда кез келген бағдарлама немесе жай мәліметтер сақтала береді.

Б) Оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі.

В) Компьютерлердіңкөпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған.

 

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

 

Магниттік дискідегі жинақтауыштар екі түрлі болады. Иілгіш дискідегі жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін қажет. Қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшін керек.

Қатқыл диск – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дисктермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады. Онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады.

 

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

 

А) Мәтіндегі зат есімдер: жинақтауыштар,..................................

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: қатқыл,.....................................

Б) Мәтіндегі етістіктер: сақтала береді,..............................

В) Мәтіндегі есімдіктер: оларды,..................................


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 170 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЗАМЫЗ| ЖАЗАМЫЗ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)