Читайте также: |
|
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.
іске құрылғыларды
шеткері жүктеу
алғашқы тақтасы
пернелік ақпарат
функционалдық орналастырылған
символдық қосу
сәйкес программа
арнаулы пернелер
3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңдар.
А. шеткері, ток, керек, көзіне, құрылғыларды, қосу.
Ә. операциялық, жүйе, соң, жұмыс, істеуге, компьютер, енеді, жүктелген, дайын күйге.
Б. үйлесімді, тұрады, ДЭЕМ, стандартты, пернелігі, пернелер, жиынтығынан.
В. тұрған, компьютерге, жалғанып, мониторды, құрылғыларды, шеткері, және өшіру, керек.
Г. олар бір тәртіппен белгілі орналасып, топтарға, мынадай, жіктеледі.
3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
|
|
Үлгі: өшір+у керек
|
|
Үлгі: компьютер+ді сөндіру
3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңдар.
Операциялық, жүйелік, пернелік, алфавиттік, цифрлық, таңбалық, символдық, функционалдық, арифметикалық, логикалық, американдық
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңдар.
Бул іс-арекеттерден кейін экранга компьютерді алгашқы жуктеу және қурылгыларды тексеру журіп жатқаны жайлы маліметтер шыгады. Операциялык жуйе жуктелген сон, компьютер жумыс істеуге дайын куйге енеді.
ДЭЕМ пернелік тактасы кез келген ЭЕМ пернелігі тарізді бір тактада орналаскан пернелер жиынтыгынан турады. Әрбір адам пернелік аркылы компьютерге символдык акпарат енгізіп, солардан оны баскару командаларын да курастыра алады.
3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.
1. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан.............
2. Әрбір адам пернелік аркылы компьютерге символдык акпарат...................
3.Бұл іс-әрекеттерден кейін құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады...............
4. Операциялық жүйе.............. соң, компьютер жұмыс істеуге дайын күйге..........
5. ДЭЕМ пернелік тақтасы кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан................
3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңдар.
Компьютерді іске қосу
Компьютерді өшіру
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңдар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңдар.
9-сабақ.
Тақырыбы: WINDOWS жүйесінің негізгі қызметтері
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқаруды, файлдық жүйемен жұмыс істеуді, қолданбалы бағдарламаларды іске қосуды, бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін, әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтермен алмасуды, масштабталған қаріптерді қолдауды, мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды, бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз етеді.
WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдарына терезе мен жұмыс үстелі жатады. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы. Онда әртүрлі бағдарламалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Жұмыс үстелі ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс үстелінде кітаптар, мәліметтер салынғын бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкін. Белгіше – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды бейнелеп тұруы мүмкін. Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бума – экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума – каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады.
1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ
1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.
құрал-жабдықтары, басқару, қолданбалы, іске қосу, бір уақытта, алмасу, қаріптерді, қолдау, мүмкіндіктер, пайдалану, бірыңғай, анықтамалық жүйе, қолдану, қамтамасыз ету, ұғымдары, терезе, жұмыс үстелі, қоршаулы аумағы, өңделіп түзетіледі, әрекеттері, болып саналады, бумалар, құрал-жабдықтар, қысқаша, кішірейтілген, қолдауды, бейне, бейнелеп тұру, мүмкін, тікелей қатынас жасау, іске асыру, белгілеу, балама, болып табылады
1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.
1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.
құрал-жабдықтары, басқару, қолданбалы, іске қосу, бір уақытта, алмасу, қаріптерді, қолдау, мүмкіндіктер, пайдалану, бірыңғай, анықтамалық жүйе, қолдану, қамтамасыз ету, ұғымдары, терезе, жұмыс үстелі, қоршаулы аумағы, өңделіп түзетіледі, әрекеттері, болып саналады, бумалар, құрал-жабдықтар, қысқаша, кішірейтілген, қолдауды, бейне, бейнелеп тұру, мүмкін, тікелей қатынас жасау, іске асыру, белгілеу, балама, болып табылады
1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.
|
басқару
бағдарламалар
2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.
А. WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдарына нелер жатады?
Ә. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын не дейміз?
Б. Жұмыс үстелінде не орналасады?
В. Белгіше дегеніміз не?
Г. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл?
Ғ. Бума не үшін қолданылады?
2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.
2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.
2.4 Полилогті оқыңдар. Мәтінге айналдырыңдар.
Мұғалім: Компьютердің оперативті есте сақтау құрылғысы туралы не білесіңдер?
Сапар: Оперативті есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды.
Айгүл: Процессор жұмыс кезінде жедел жады және тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады.
Медет: Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады.
Қуаныш: Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады.
Мұғалім: Адам өзіне қажет ақпаратты жоғалтып алмауы үшін не істеуі керек?
Сапар: Оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Айгүл: Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы арта ма?
Медет: Иә.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
Жұлдыз: Қуаныш,ақпарат көлемін өлшеуде қанша байт бірлігі қолданылады.
Қуаныш: Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылады.
Сапар: Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады.
Айгүл: Ол қандай ақпаратты сақтайды?
Жұлдыз:. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды.
2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.
Кез келген операциялық _______сияқты WINDOWS компьютердің барлық аппараттық _______-___________ басқаруды, файлдық __________ жұмыс істеуді, ___________ бағдарламаларды ____ _____, бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін, әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтермен __________, масштабталған қаріптерді _________, мультимедиа мүмкіндіктерін ___________, бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын ______________ қамтамасыз ете алады.
2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
А) WINDOWS компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқаруды қамтамасыз етеді.
Ә) Файлдық жүйемен жұмыс істеуді және қолданбалы бағдарламаларды іске қосуды қамтамасыз етеді.
Б) Бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін және әртүрлі бағдарламалар арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етеді.
В) Мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды және бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз етеді.
2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.
Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы.Жұмыс үстелі ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Белгіше – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бума – экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.
2.8 Өзіңді-өзің тексер! Қанша сөз есіңе түседі?
А) WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары: терезе,...........
Ә) Ақпарат: өңделген,.....................................
Б) Жылдамдығы: есептеу,..............................
В) Процессор: шинасы,..................................
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЖАЗАМЫЗ | | | ЖАЗАМЫЗ |