Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СИЛЛАБУС 3 страница

СИЛЛАБУС 1 страница | Гипотиреоз | Аутоиммунды тиреоидит | Реферат | Ем сызбасы | Реферат 1 страница | Реферат 2 страница | Реферат 3 страница | Реферат 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

- семіру;

- аз физикалық белсенділік;

- иммунитеттегі бұзылыстар;

- ұйқы без аурулары: панкреатит және рак;

- вирусты инфекциялар: қызамық, желшешек, гепатит және тіпті грипп;

- егде жас;

- тәтті тағамдарды және алкогольды көп қолдану;

- іш және бас ми жарақаттары.

 

Тұқымқуалаушылық бейімділік

Қант диабетімен ауыру қаупы егер жақын туыстары ауырған болса жоғарылайтындығы мамадармен дәлелденген. Бірақ әр түрлі мәлімет көздері әртүрі сандар келтіреді, бұл сандар ауру мүмкіндігін анықтайды. Мәселен, бақылауларға сүйенсек, бірінші тип қант диабеті анасы арқылы 3-7%, әкесі арқылы 10% мүмкіндікте тұқым қуалайды. Ал егер ата – анасының екеуі де ауырса, науқастану қаупі бірнеше есеге өсіп, 70%-ке дейін жетеді. Екінші тип қант диабеті анасы арқылы да әкесі арқылы да 80% тұқым қуалайды, ал егер ата –анасының екеуі де ауырса, баласының науқастану мүмкіндігі 100% жақындайды.Басқа мәліметтер бойынша, бірінші және екінші типпен ауру мүмкіндігінде айырмашылық жоқ.

Семіру

Бұл факторды бейтараптауға болады. Ол үшін артық салмақпен күресу қажет.

Бета жасушаларды бұзылысқа ұшырататын кейбір аурулар

Бұл аурулар ұйқы безінің қатерлі ісігі, панкреатит, басқа ішкі секреция бездерінің аурулары. Бұл кезде жағдай жасайтын фактор жарақат болуы мүмкін.

Көптеген вирусты инфекциялар (қызамық, желшешек, эпидемиялық гепатит, грипп және т.б. аурулар). Бұл инфекциялар ауруды қоздыратын басты механизм болып табылады. Грипп диабетке жағдай жасамайтындығы анық. Бірақ егер бұл адам толық болса және тұқымқуалаушылығы нашар болса, грипп оған белгілі бір қауіп туғызады. Сол себепті қауіп –қатер факторларының комбинациясы ауру қауіптілігін жоғарылатады.

Стресс те қауіп – қатер факторына жатады. Әсіресе тұқымқуалаушылығы нашар және артық салмағы бар адамдар жүйкелік және эмоциональды жүктемелерден аулақ болуы қажет.

Жас. Неғұрлым адам жасы ұлғайған сайын, қант диабетімен ауру қаупі соғұрлым жоғарылайды. Жас әрбір 10 жылға ұлғайған сайын, ауру қаупі 2 есе жоғарылайды деген мәлімет бар.

Қант диабеті – инсулиннің (абсолютті және салыстырмалы) жетіспеушілігінің салдарынан болатын май және ақуыз катаболизмі, гипергликемия бұзылыстарымен сипаттталатын созылмалы полиэтиологиялық ауру. Қант диабетінде қандағы глюкоза мөлшері ашқарынға 2 реттік зерттеуде 6,1 ммоль/л тең немесе одан жоғары.

Қант диабетінің түрлері:

- біріншілік (идиопатиялық)

- екіншілік (симптоматикалық)

 

Екіншілік симптоматикалық қант диабеті.

Эндокринді жүйе патологиясында кездеседі:

1. Иценко – Кушинг ауруы немесе симптомы (кортизон артықтығының созылмалы ауруы),

2. Акромегалия (өсу гормонының артықтығы),

3. Феохромоцитома (катехоламиндерді көп мөлшерде бөлетін ісік),

4. Кон симптомы (біріншілк гиперальдостеронизм). Альдостерон әсерінен калий мөлшері төмендейді, ал ол глюкоза утилизациясы үшін қажет,

5. глюкогонома (Лангерганс аралшықтарының альфа –жасушаларының ісігі). Науқастар арықтаған, аяқ –қолындағы жаралармен,

Екіншілік панкреатикалық диабет: ұйқы безін алып тастағаннан кейін, ұйқы безінің рагынде.

Темір жиналу ауруында (гемохроматоз). Қ.ж. темірдің қандағы мөлшері кері байланыс механизмі бойынша реттеледі. Темір қалыптыдан көп сіңіріліп, бауырға, теріге, ұйқы безіне жиналады.

 

Қант диабетінің симптомдары

Инсулин жетіспеушілігі салдарынан ағза глюкозаны пайдалана алмайды, ол қанға жиналады. Глюкозаның артығы несеппен бөлінеді, бөл жиі дәретке отыруға әкеледі. Сұйықтық жоғалту шөлдеуге және көп су ішуге әкеледі.

Қант диабеті көмірсу алмасуының сәйкесінше, ағзадағы барлық маңызды үрдістер бұзылуына әкеледі.

Қант диабетінің басқа симптомдары:

-тез арықтау,

- қатты шөлдеу, полиурия және нәтижесінде ағзаның сусыздануы,

- әлсіздік,

- ұйқы бұзылысы,

- тері қышуы, рецидивті тері инфекциялары,

- жаралардың нашар жазылуы,

- несеп жолдарының қайталанатын аурулары,

- тәбет жоғалуы, себепсіз дене массасының төмендеуі.

Жоғарыда аталған белгілер бірінші тип қант диабетінде айқын көрінеді, ал екінші тип қант диабетінде азырақ бөлінеді және науқастар өзінде ауру бар екендігін білмей өмір сүреді және екінші қант диабетінің анықталуы кездейсоқ болады.

Бірінші тип қант диабеті кейде жағдайының күрт нашарлауымен сипаттталады. Бұл кезде айқын әлсіздік дамиды, іште ауру сезімі пайда болады, құсу, ауыздан ацетон иісінің шығуы (кетоацидоз) болады.

Егер кетоацидозды уақытылы анықтап, тезірек емдемесе науқас есін жоғалтуы және өлуі мүмкін.

Екінші тип қант диабеті біртіндеп ұзақ уақыт бойында дамиды.

 

Қант диабетінің диагностикасы

Қант диабетімен ауыратын науқастар мндетті түрде эндокринолог – дәрігердің есебінде тұруы қажет.

Қант диабетін диагностикалау үшін келесі зерттеулерді жүргізу қажет:

- глюкозаға тексеру үшін қан талдауы (саусақтан қан алынады) жүргізіледі: глюкозаның жоғарылауы анықталады (гипергликемия) талдауды ашқарынға жүргізеді,

- глюкозаға толеранттылыққа сынама: ашқарынға 75 гр – ға жуық қант қабылданады (анық мөлшерін дәрігер анықтайды), кейін 0,5; 2 және 6 сағатта қандағы глюкозаның концентрациясын анықтайды. Сынама жасалатын күні қобалжуға, шылым шегуге, кейбір дәрілерді (аспирин, глюкокортикоидтар) қабылдауға болмайды,

- кетон денелері және қантқа зәрді талдау: кетон денелерінің және глюкозаның зәрде анықталуы диабет диагнозын дәлелдейді,

- гликозирленген гемоглобинді (вена қанынан) анықтау. Оның мөлшері қант диабеті бар науқастарда айтарлықтай жоғарылайды,

- инсулиннің және С пептидтің қандағы мөлшерін анықтау. Бірінші типінде инсулин және С пептид мөлшері айтарлықта төмендейді, ал екінші типінде алынған цифрлар қалыпты деңгейде болады,

- гликозирленген гемоглобиннің, инсулиннің, С пептидтің мөлшерін анықтау үшін қан венадан алынады.

Қант диабетінің 2 типі жасы 40-тан асқан адамдарда кездеседі. Ауру біртіндеп басталады. Асқынбаған қант диабетінің 2 типі ешқандай классикалық симптомсыз өтеді, ұзақ уақыт анықталмайды, кейбір сирек гипергликемиялық, гиперосмолярдық жағдайларда болмаса. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы кездейсок ритмді скрининг, не болмаса ҚД2 тип қосымша ауру ретінде жүретін науқастарды диспансерлік тексергенде анықталады. Анализ жинағанда ретроспективті аурудың бірінші симптомдары: полидипсия, полиурия, салмақ жоғалту, мазасыздық, физикалық жүктеме толеранттылықтың төмендеуі, тәбеттің күшеюі, бұлшықеттегі тырысулар, рефракцияның транзиторлы бұзылысы, жұқпалы аурулармен ауыруға бейімділік (тері, зәр шығару жүйесінің, қышыну, сенсорлық бұзылыстар, имтотенция).

ҚД2типінің гетерогендігі аурудың өршу сипатын анықтайды.

-гипергликемия, қан сарысуында бос май қышқылдарының жоғарылауы – 100

-семіру – 80

-аш қарында гиперинсулинемия – 80

-эссенциалды гипертония – 50

-дислипидемия (триглицериннің жоғарылауы, холестарин, ЖТЛП төмендеуі)

-жүрек – қантамыр жүйесінің аурулары – 30

-диабеттік ретинопатия, нейропатия – 15

-нефропатия – 5

Қант диабетінің диагностикасы

ҚД2типінің қауіп-қатер жоспарына кіреді:

1.жоғарыда айтылған симптомдар бар науқастар

2.қант диабетінің жоғарғы қауіп-қатер тобына – ата-анасының біреуі қант диабетімен ауыратыен науқастар. Егіздердің ішідегі екіншісі болса, салмағы 4500г жоғары немесе туа біткен ақауы бар нәресте туған әйелдер, анализінде өзіндік түсіктер бар әйелдер.

3.жиі қант диабетімен қоса жүретін аурулары бар (семіру, артериалдық гипертензия, жұмыртқа поликистозы) науқастар.

4.панкреатиті, гипертиреозы, акромегалия, феохромоцитома, кушинг синдромы бар науқастар.

5.ұзақ уақыт диабеттік терапия алған науқастар. (синтетикалық эстроүген, диуретиктер, кортикостнроидтар)

Егер аш қарынға қандағы глюкоза деңгейін екі рет өлшегенде толық капииллярлық қанда 6,1ммоль/л немесе жоғары болса, қант диабеті қойылады. Бұдан нәтиже болмаса, глюкозаға толеранттылықты перооральды жүргізеді. ДДҰ ұйыымының глюкозаға толеранттылығы тестін жүргізу ұсынысы мынадай: аш қарынға гликемияны анықтағаннан кейін, науқас ішке 75г глюкоза қабылдайды, сосын 1 немесе 2 сағат өткеннен кейін каппиллярдағы қанның глюкоза мөлшерін анықтайды. ДДҰ ұсынысымен жасалған глюкозаға толеранттылықтың анықтаудағы оральды тесттің нәтижелері бойынша жіктеме (анықтамалар 2 бірыңғай жасалған анализбен бекітілу керек).

 

Қантты диабетті диагностикалау критерийлері

 

    Толық қандағы глюкоза деңгейі, ммоль/л Қан сарысуындағы глюкоза деңгейі, ммоль/л
венозды капиллярлы венозды капиллярлы
Қантты диабет аш қарынға ≥ 6,1   ≥ 6,1 ≥ 7,0 ≥ 7,0  
2 сағ. кейін ≥ 10,0 ≥ 11,1 ≥ 11,1   ≥ 12,2
Глюкозаға толеранттылық бұзылысы аш қарынға < 6,1   < 6,1 < 7,0 < 7,0  
2 сағ. кейін ≥ 6,7 < 10,0 ≥ 7,8 < 11,1 ≥ 7,8 < 11,1 ≥ 8,9 < 12,2
Ашқарындағы гликемияның бұзылысы аш қарынға ≥ 5,6; < 6,1 ≥ 5,6; < 6,1 ≥ 6,1; < 7,0 ≥ 6,1; < 7,0
2 сағ. кейін < 6,7 < 7,8 < 7,8 < 8,9

 

ҚД2типін меңгерудегі негізгі мақсаттар:

1. Жақсы метаболикалық және биохимиялықбақылауды жүзеге асыру

2.Қантамырлық асқынудың алдын алу

Шешім түрлері:

- диетотерапия

- физикалық жаттығулар

- медикаментозды ем

ҚД2типінің терапияның мақсаты:

Жасына байланысты:

1. Жас науқастар мен орта жастағы науқастардың қант диабетінің симптомдарын жеңілдету және болащақтағы болжавмын жақсарту

2. Қарт кісілердің (65 жастан жоғары) аурудың симптомдарын жеңілдету.

Диабетті ұзақ уақыт қадағалауда тамақтану, энергия жмсау, медикамннтозды емге көңіл бөлу керек. Терапия жетістіктері науқастың қаншалықты емге сенетініне байланысты. Терапиялық жоспар жасауда науқасты мотивациялық және жүргізу критериясының факторлары болып табылады.

Диетотерапияның негізгі мақсаты:

-постпрандиальды гипергликемияның алдын алу

-артық салмақпен күресу

-дислипидемияны коррекциялау

-кейіннен дамитын асқынулардың қатерін төмендету

-қажетті қоректік заттармен, витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз ету

ҚД2типінің диетотерапияның қазіргі ұсыныстары келесі фундаментальды ережелдерге негізделеді:

1.калорияның қабылдау мөлшерін төмендету

2.бөлшектік тамақтану (5-6 рет күніне)

3.тамақ рационынан моно- және дисахаридтерді алып тастау

4.толық қанды маййды қолдануды күшейту

5.холестеринді шектеу (300г күніне)

6.тамақ талшықтарына бай өнімдерді пайдалану

7.алкоголь қолдануды шектеу (30г тәулігіне)

тамақ құндылығы дене салмағы мен энергия жұмсау қажеттілігіне байланысты. ИТҚД-мен ауыратын науқастарға 1кг салмағына 20-25ккал диета тағайындайды. Егер семіру байқалса, науқастың салмақ қосу дәрежесіне қарай калория мөлшерін 15-17-ге дейін (1100-1200ккал тәулігіне) төмендетуге болады.

Атеросклерозға байланысты Европаалық Ұйымның ұсынысы бойынша гиполидипемиялық диетаның негізгі рпинциптері төмендегідей:

ұсыныстар Негізгі көзі
І. Май қолдануды шектеу Май, маргарин, сүт, қаймақ, балмұздақ, майлы ет, сыр
ІІ. Толық қанды май қолдануды шектеу Шошқа еті, үйрек еті, шұжық, паштет, какосты жаңғақ, майлы сүт
ІІІ. Тамақ құрамында белоктарды көбейту, толық қанды майдың аз болуы Балық, тауық еті, индейка ті, бұзау еті.
ІV. Күрделі көмірсуы бар өнімдерді клечаткасы бар дәндер, жеміс-жидектер пайдалану. Жаңа піскен және мұздатылған жеміс-жидектер Дәнді дақылдардың барлық түрлері
Шамалы мөлшерде ғана қарап толық қанды емес және толық қанды май қышқылдарын көбейту. Күнбағыс, бұршақ, олива, рапсаялық майы
Холестерин қолдануды төмендету. Ми, бүйрек, тіл, жұмыртқа, бауыр (2рет ацына, одан көп емес)

 

ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АСҚЫНУЛАРЫ

Қант диабетінің асқынуларының кестесі:

I. Диабеттік нейропатия.

Клиникалық көріністері:

1. Радикулопатия.

2. Моно- және полинейропатия.

3. Амиотрофия.

4. вегетативті нейропатия:

а. Гастропатия.

б. Энтеропатия.

в. Қуықтың атониясы.

г. Тер бөлінудің бұзылуы.

д. Кардиальды нейропатия.

5. Нейроартропатия.

6. Энцефалопатия.

 

II. Диабеттік нефропатия кезеңдері бойынша:

1. Нефротика алды.

2. Нефротикалық.

3. Нефросклероз.

 

III. Диабеттік ретинопатия.

1. Пролиферативті емес ретинопатия.

2. Препролифератифті ретинопатия

3. Пролиферативті ретинопатия

 

IV. Диабеттік дермопатия.

1. Пигменттік дермопатия.

2. Диабеттік ксантоматоз.

3. Витилиго.

4. Диабеттік көпіршіктер.

5. Некроидты некробиоз.

6. Сақиналы эритема.

 

V. Аяқтардың диабеттік зақымдануы.

1. гангрена.

2. диабеттік табан.

 

Қант диабеті кезінде макро және микроангиопатиялар түрінде қан тамырлық асқынулар дамиды.

Макроангиопатия – атеросклероздың дамуымен негізделген ірі қан тамырлардың зақымдалуы, және ол қант диабетінің арнайы емес көрінісі болып табылады.

Микроангиопатия қант диабетінің арнайы көрінісі – қан тамырлардың – венулалар, артериолалар, капиллярлардың базальды мембранасының қалыңдауы.

Қан тамырлық асқынулардың іске қосу механизмі көмірсулар алмасуының бұзылуы болып табылады (гипергликемияның болуы).

Микроангиопатияның пайда болу механизмі:

- полиолдық тотығу жолы 2 ферментпен стимуляцияланады – альдозо-редуктаза мен сорбит-дегидрогеназа. Бұл циклде глюкоза сорбит пен фруктозаға айналады. Сорбитол мен фруктозаның жиналуы жасушалар мен тіндердің осмолярлығын жоғарылатады, калий мен натрийдің жиналуына алып келеді. Соның нәтижесінде жасушаларға аминқышқылдардың тасымалдануы бұзылады және жасушада биоэнергетикалық бұзылыс пайда болады, ол жасушаның функционалдық, кейін органикалық зақымдануына алып келеді.

- гликолизденген гемоглобин түзілуінің жоғарлауы. Бұндай гемоглобин глюкоза қалдықтарының β - тізбек гемоглобиннің валиндік N- соңымен байланысу арқылы түзіледі. Бұл байланысу эритроциттің бүкіл өмірі бойы жалғасады. Сондықтан гликолизденген гемоглобиннің деңгейі бойынша қант диабетінің соңғы 3 айдағы декомпенсация дәрежесін бағалауға болады.

Дені сау адамдарда гликолизденген гемоглобин жалпы гемоглобиннің 4-6 % -ын құрайды.Гликолизденген гемоглобин оттегімен үлкен туыстастыққа ие, сондықтан тіндерге оттегі тасымалдануы төмендеп тіндерде гипоксия дамиды.

- гипергликемияның нәтижесінде мукополисахаридтер алмасуының бұзылуы. Мукополисахаридтер мембрананың функционалдық және органикалық бүтіндігін құрайды. Қант деңгейінің жоғарлауы әсерінен мембраналардың гликолизденуі мен қалыңдауы байқалады, ол қан тамыр қабырғасының құрылымдық өзгерістеріне алып келеді.

- гликолизденген белоктардың түзілуі (қант диабетті құлақ құлығы, түкті зерттеу арқылы диагностикалауға болады,оның сот-медициналық сараптамада үлкен мәні бар). Қан сарысуында фруктозамин түзіледі (қанның гликолизденген белогі). Сонымен қатар коллаген, эластин және т.б. гликолизденеді. Гликолизденген белоктар қан тамыр қабырғаларына антигендік белсенділік танытады. Иммунды механизмдер қатерлі ангиопатиялар негізінде жатыр.

- Қанның реологиялық қасиетінің өзгеруі: тұтқырлықтың жоғарлауы, эритроциттер мен тромбоциттердің агрегациясының бұзылуы, фибринолитикалық белсенділіктің төмендеуі гемодинамикалық бұзылыстарға алып келеді. Ефимовтың айтуы бойынша «Қант диабеті – атеросклероздар моделі». Қант диабеті кезінде атеросклероздың дамуына гиперинсулинизм ықпалын тигізеді, ол ҚД 2 немесе инсулинді шамадан тыс қабылдағанда болады.

Диабеттік макроангиопатияда атеросклероздық генез бар және ірі қан тамырлардың зақымдануымен сипатталады: тәждік (ЖИА), бас миы артериялары (ми қан айналымының бұзылыстары), аяқтың қан тамырлары (облитерациялық эндоартериит).

Қант диабетінің емі

Қант диабетінің емінің құрамына төмендегілер кіреді:

- арнайы диета: қантты, спиртті сусындарды, тәттілерді, жүзім, финиктерді шектеу. Тағамды аз мөлшерде, күніне 4-5 рет қабылдау қажет. Қант алмастырғыштары бар тағамдар тағайындалады (аспартам, сахарин, ксилит, сорбит, фруктоза және т.б.),

- күн сайын инсулин қабылдау (инсулинотерапия) - бірінші тип қант диабетімен ауыратындарға қажет. Препарат арнайы шприц –қаламдар арқылы енгізіледі. Инсулинмен емдегенде қандағы және зәрдегі глюкоза мөлшерін (арнайы жасақшалар арқылы) қадағалау қажет,

- глюкозаның қандағы мөлшерін төмендететін препаратттар қолдану. Бұл препараттарды екінші тип қант диабетін емдеуге қолданады. Егер ауру үдесе инсулин тағайындау қажет.

Диабетпен ауыратын науқастарға физикалық жаттығулар пайдалы. Әсіресе дене массасын төмендету үшін жаттығулардың емдік әсері маңызды. Қант диабетінің емі өмір бойы жүргізіледі. Дәрігер тағайындауларын орындау және науқастың өзін -өзі қадағалауы аурудың асқынуларын болдырмауға немесе олардың дамуын баяулатуына жағдай жасайды.

 

4. Иллюстрациялы материал (ұсынылған)

5. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с.

2. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с. (қазақша, аударғандар Абылайұлы Ж., Алипова А.Т. электронды нұсқасы).

3. Нурбекова А.А. Сахарный диабет (диагностика, осложнения, лечения). Учебное пособие. Алматы, 2011, 80с.

Қосымша әдебиеттер

1. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ/ под общ. ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко.- М., 2008.-584с. (электронный вариант)

2. П.Дж.Уоткинс. Сахарный диабет/2-е издание. Пер. с англ., М.: Издательство БИНОМ, 2006-134с (электронды нұсқасы).

3. Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под редакцией И.И. Дедова, М.Б. Шестаковой. 5-й выпуск. Москва, 2011, 116с (электронды нұсқасы).

4. Мкртумян А.М. Инсулин – в норме и при патологии: учебное пособие.- М., 2008- 64с.

5. Мкртумян А.М., Нелаева А.А. Неотложная эндокринология: руководство/ пер. с англ. под ред.-2-е изд.М., 2008.-128 с.

6. Схемы лечения. Эндокринология/ под общ. ред. И.И.Дедова и Г.А. Мельниченко.-М., 2007.-304 с.

7. Эндокринология. Клинические рекомендации/ под ред. И.И.Дедова, Г.А. Мельниченко.-М., 2008.-300с.

8. Схемы лечения. Эндокринология/ под общ. ред. И.И.Дедова и Г.А. Мельниченко.-М., 2007.-304 с.

9. Эндокринология. Клинические рекомендации/ под ред. И.И.Дедова, Г.А. Мельниченко.-М., 2008.-300с.

10. Эндокринология. Консультант врача. Электронная информационно-образовательная система на CD.-М., 2008

 

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Қант диабетінің диагностикалық әдістері қандай

2. 2 типті қант диабетінің алдын алу шаралар

3. Қант диабетінің негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз

 

 

1.3.2. Тақырыбы: «Қалқанша безінің зақымдану синдромы»

2. Мақсаты:

- Қалқанша безінің ауруларының диагностикасы және емі негізгі принциптерінің білімін кеңейту.

- Қалқанша безінің ауруларының клиникалық ағымы ерекшеліктерінің білімін кеңейту.

3. Дәріс тезистері

Қалқанша безінің анатомиялық-физиологиялық негіздері

Қалқанша безі мойынның алдыңғы бетінде,қалақан тәрізді шеміршек пен 5-6 трахея сақиналары арасында орналасқан,екі бөліктен және оларды қасатын мойыннан тұрады.Ересек адамда салмағы орташа 25-30 гр. Сыртынан 5 фиброзды капсуламен қапталған.

Қалқанша безде тиреоид гормондары түзіледі:тироксин,трийодтиронин және йодталмаған гормон-тиреокальцитонин. Тиреоид гормондары түзілуі үшін йод қажет.Тәулігіне адамға 150-200мкг шамасында йод керек.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 484 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СИЛЛАБУС 2 страница| СИЛЛАБУС 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.053 сек.)