Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СИЛЛАБУС 2 страница

СИЛЛАБУС 4 страница | Гипотиреоз | Аутоиммунды тиреоидит | Реферат | Ем сызбасы | Реферат 1 страница | Реферат 2 страница | Реферат 3 страница | Реферат 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері

 

Тәжірибелік дағдыны сипаттау балл балл балл балл
  Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқастың гликемилық профильін бағалау(глюкоза толеранттылық тесті) Гликемиялық профиль нәтижесі бойынша дұрыс тұжырым берілді барлықкөмірсу алмасуының бұзылыстарына (ҚД, ГТБ, АГБ) Тестің нәтижесі бойынша дұрыс нәтиже бермеді тек қана біреуі көмірсу алмасуының бұзылысы берілді (ҚД, ГТБ, АГБ) Глюкозаға толеранттылық тесті көмірсу алмасуының бұзылысының 2 түріне дұрыс нәтиже берілмеді. Гликемиялық профиль нәтижесі бойынша дұрыс тұжырым берілген жоқ

 

Құқықтық компетенцияны бағалау критерийлері

Құқықтық компетенцияны бағалау үшін тесттілеу өткізіледі – 10 тест. Тесттілеуді бағалау критерийлері жоғарыда көрсетілген.

Өзін-өзі дамыту компетенциясын бағалау критерийлері (студенттің өзіндік жұмысы СӨЖ)

Емдеу кестесін бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Өзектілігі және резюмесі Өзектілігі көрсетілген және резюмесі бар Өзектілігі және резюмесінде жеке кемшіліктер бар Өзектілігі және резюмесінде күрделі кемшіліктері бар Өзектілігі және резюме дұрыс берілмеген
Қарастырылып жатқан патологияның кестесі мен суреттерінің дұрыс құрастырылуы   Барлық суреттер мен кестелер дұрыс берілген Жеке қателіктер бар Күрделі кемшіліктермен Дұрыс құрастырылмаған
Құрастырылған суреттер мен кестесінің сапасы Жоғары сапалы Жақсы сапалы Орташа сапалы Өте төмен сапалы
Әдебиет тізімінде негізгісі қазіргі заманғы сұрақтардың қамтылуының болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар. Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы сұрақтарды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Клиникалық ситуациялық есептерді құрастыруды бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Аурудың шағымдары мен анамнезінің дұрыс жазылуы Барлық сұрақтар толық қамтылған Аурудың шағымдары мен анамнезінің жазылуында жеке қателіктері бар Берілген шағымдар мен анамнезде күрделі кемшіліктер жіберілген Шағымдар мен анамнезі дұрыс берілмеген
Аурудың объективті мағлұматтарының дұрыс берілуі объективті мағлұматтарды дұрыс берген объективті мағлұматтарын сипаттауда жеке қателіктер жіберілген объективті мағлұматтарында күрделі кемшіліктер жіберілген объективті мағлұматтарының дұрыс берілмеген
Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация берілуі,дәлелді медицина позициясына сүйеніп емдеу принциптерінің көрсетілуі. Барлық қажетті қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация берілген, дәлелді медицина позициясымен емдеу принциптері көрсетілген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясында және дәлелді медицина позициясымен терапия принциптерінде жеке қателіктер жіберілген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясында күрделі кемшіліктер жіберілген және терапия принциптері берілген, бірақ дәлелді медицина позициясымен берілмеген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясы дұрыс берілмеген. Терапия принциптері берілмеген.
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы жағдай сұрақтарын қамтитын толық әдеби тізім бар. Қазіргі заманғы жағдай сұрақтарын қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Диагностикалау алгоритмін бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Өзектілігі және резюмесі Өзектілігі көрсетілген және резюмесі бар Өзектілігі және резюмесінде жеке кемшіліктер бар Өзектілігі және резюмесінде күрделі кемшіліктері бар Өзектілігі және резюме дұрыс берілмеген
Талданып жатқан патологияның диагностика алгоритімінің дұрыс құрастырылуы   Барлық диагностика алгоритмі дұрыс берілген Жеке қателіктер бар Күрделі кемшіліктер жіберілген Дұрыс құрастырылмаған
Алгоритм құрастырылуында кестелер мен сызбаларды дұрыс қолдану Иллюстрацияның ақпараттылығы жоғарғы сапалы Иллюстрацияның ақпараттылығы орташа сапалы Иллюстрацияның ақпараттылығы жеткіліксіз Иллюстрациясы жоқ
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар. Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Мультимедиялы презентацияны бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезін дұрыс сипаттау Барлық сұрақтар толық қамтылған Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезін сипаттауда аздаған қателіктері бар Берілген мәліметтерді сипаттауда күрделі кемшіліктер жіберілген Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі дұрыс сипатталмаған
Аурудың объективті мағлұматтарының дұрыс берілуі объективті мағлұматтарының дұрыс берілген объективті мағлұматтарының жеке қателіктері бар объективті мағлұматтарында күрделі кемшіліктер жіберілген Объективті мағлұматтарының дұрыс берілмеген
Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс интерпретациялау және сипаттау Барлық қажетті қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация мен сипаттау берілген Қосымша зерттеу әдістерін интерпретация мен сипаттауда жеке қателіктер жіберілген Қосымша зерттеу әдістерін интерпретациялау мен сипаттауда күрделі кемшіліктер жіберілген Қосымша зерттеу әдістерінің интерпретациясы мен сипаты дұрыс берілмеген
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Сөзжұмбақ түрінде орындалған СӨЖ бағалау критерийлері

СӨЖ сапасының критерийлері 0 балл 2 балл 3 балл 4 балл 5 балл
1. Сөзжұмбақта қойылған сұрақтар (көлденеңі мен тігінен) СӨЖ тапсырмасына сай келуі Сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Көп сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Кейбір сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Аздаған сұрақтар СӨЖ тақырыбымен байланыспаған Сөзжұмбақ сұрақтары дұрыс жасалған
2. Сөзжұмбақта таңдалған сұрақтар клиникалық ойлаудың дамуына көмектесуі мүмкін Клиникалық ойлаудың дамуына көмектеспейді Көптеген сұрақтар клиникалық ойлаудың дамуына көмектеспейді Клиникалық ойлаудың дамуына аздап әсер етуі мүмкін Белгілі деңгейде әсер етуі мүмкін Клиникалық ойлаудың дамуына әсер етеді
3. Бағаланып отырған сөзжұмбақ құрастырушының тақырыпты терең меңгергенін көрсетеді Тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетеді Тақырып бойынша білімінің аз екендігін көрсетеді Тақырып бойынша терең білімінің жоқтығын көрсетеді Құрастырушының тақырып бойынша жалпы білімі бар Тақырып бойынша білімі терең
4. Сөзжұмбақ диффере-нциальды диагностиканы жүргізу қабылетін дамытуға көмектесуі Көмектеспейді Көп көмектеспейді Аз көмектеседі Жалпы көмектесуі мүмкін Көп көмектеседі
5. Автормен құрастырылған сөзжұмбақ шығармашылық немесе оған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін Дидактикалық маңызы жоқ Сөзжұмбақ дұрыс құрастырылмаған Шығармашылық элементтері жоқ Шығармашылық элементтері бар Сөзжұмбақ шығармашылық болып табылады және кафедра шешімімен кафедраның дидактикалық құралдарына енгізілді

* Баллдар жиынтығы "4" түзету коэффициентіне көбейтіледі

 

Рефератты бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінің болуы Реферат жоспары бар, тақырып өзектілігі көрсетілген Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінде аздаған кемшіліктер бар Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінде күрделі кемшіліктер бар Реферат жоспары мен тақырып өзектілігі дұрыс көрсетілмеген
Рефератты баяндауында тақырыпты толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Берілген тақырыпқа сай толық, жан-жақты реферат баяндалды, тақырыпты толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Эндокринология және басқа да пәнаралық байланыстар шеңберінде тақырыпты түсініп, меңгергені көрінеді. Берілген тақырыпқа сай толық, жан-жақты реферат баяндалды, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Cтуденттің мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болуы мүмкін. Берілген тақырыпқа бойынша толық, бірақ жүйелі емес реферат баяндалды, дегенмен студент оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Негізгі түсініктер анықтамасында студент өз бетінше түзете алмайтын 1-2 қателіктер болуы мүмкін Баяндаған рефераты толық емес, логикасы мен баяндау жүйелілігінде айтарлықтай кемшіліктер бар. Жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашуда, маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсінбеуіне байланысты дөрекі қателіктер жіберілді. Жалпы алған білімінде нақты көріністерді ашып көрсете алмайды.  
Баяндаманы ғылыми терминдерді пайдаланып, әдеби тілмен жеткізуі, ойластырылуы дәлелді және студенттің авторлық позициясын көрсетуі Баяндаманы ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді, ойластырылған, дәлелді және студенттің авторлық позициясын көрсетеді Баяндама ойластырылған ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді. Мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктер жіберілді. Баяндама ойластырылған, ғылыми терминдермен баяндалған. Негізгі түсініктердің анықтамаларында студент өз бетінше түзете алмайтын 1–2 қате жіберілуі мүмкін. Баяндамада қорытынды жоқ. Жалпы білімнің нақты тұстарын ашу қабылетін көрсеткен жоқ. Сөйлеуі жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді.
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар. Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімдегі ескі әдебиеттер қазіргі заманғы сұрақтарды қамтымайды Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

* Баллдар жиынтығы "4" түзету коэффициентіне көбейтіледі

Клиникалық диагнозды негіздеуді бағалау критерийлері (эссе)

Сипаттау 100-90 балл 75-89 балл 50-74 балл 0-49 балл
Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір тарихынан, физикалық, зертханалық-аспаптық зерттеулерден осы ауруға қатысты мәліметтерді - студент анықтады   Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір тарихынан, физикалық, зертханалық-аспаптық зерттеулерден осы ауруға қатысты мәліметтерді ескере отырып, клиникалық диагнозды негіздеді   Негізгі моменттерді көрсетті, бірақ диагноз қоюға қажетті жекелеген көрсеткіштерді анықтауда азадаған сәйкессіздіктер жіберді   Диагнозды негіздеуге қажетті негізгі көрсеткіштерді анықтауда біршама қателіктер жіберді   Клиникалық диагнозды негіздемеді

 

Ағымды бақылау бағасыt – студенттің компетенция жиынтығы деңгейінің бағасы, мына формула бойынша анықталады

t= (Z+N+K+P+S)/6

мұнда

n – компетенция бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - білімі бойынша бағасы

N: n1+n2+…+nn - дағдылар бойынша бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті дағдылар бойынша бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық сұрақтар бойынша бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бойынша бағасы

Әрбір компетенция 100-баллды шкала бойынша бағаланады.

Жіберілу рейтингісі студенттің қорытынды бағасында 60 % төмен болмауы тиіс, мына формула бойынша есептеледі

Rд= (t+r)/2×0,6

где t– ағымды бақылау

r – қорытынды бақылау (рубеждік бақылау)

Пән бойынша студенттің білімін бағалау суммасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквивалент Балдар Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0   Өте жақсы  
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Мамандығы: 051101 – «Жалпы медицина»

Кафедра: Эндокринология

 

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Курс: 4

№ 5 блок: «ЭНДОКРИНОЛОГИЯ»

 

Алматы 2013

 

Дәрістер кешені кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № 1 «31» тамыз2012 ж.

Эндокринология кафедрасының отырысында қайта қаралған және бекітілген, № 2 хаттама, 12.09.2013 ж.

 

 

Эндокринология кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Абылайұлы Ж.

1.3.1. Тақырыбы: Гипо – гипергликемия синдромы

2. Мақсаты: Студенттерге қант диабетінің таралуын, себептерін, клиникалық көріністерін таныстыру;

- Қант диабеті диагнозын қою;

- Қант диабетін емдеуді негіздеп, ем тағайындауды үйрету.

Дәріс жоспары:

1 Қант диабетіне анықтама

1. Қант диабетінің патогенезі

2. Қант диабетінің жіктелуі

3. Қант диабетінің клиникалық көріністері

4. Қант диабетінің диагностикасы

5. Қант диабетін емдеу принциптері

 

3. Дәріс тезистері

Қант диабеті – инсулиннің (абсолютті және салыстырмалы) жетіспеушілігінің салдарынан болатын май және ақуыз катаболизмі, гипергликемия бұзылыстарымен сипатталатын созылмалы полиэтиологиялық ауру. Қант диабетінде қандағы глюкоза мөлшері ашқарынға 2 реттік зерттеуде 6,1 ммоль/л (18 мг) тең немесе жоғары болады.

Глюкоза энергияның негізгі көзі болып табылады. Алайда глюкоза жасушаға түсу үшін, ұйқы безі бөлетін гормон инсулин қажет. Рецепторларға әсер ете отырып, глюкоза жасушаға енеді, яғни бұлар «кілт» болып табылады. Қанда қант жоғарылағанда (мысалы тамақтан кейін) ағзада инсулин көп өндіріледі, глюкоза жасушалармен сіңіріледі және оның мөлшері қанда төмендейді, ал жасушалар қажетті энергиямен қамтамасыз етіледі.

Диабет кезіне инсулиннің абсолютті (ұйқы без жасушалары инсулинді өндіргенде) немесе салыстырмалы (ағзаның қажеттігі үшін инсулин жетпегенде) жетіспеушілігін ажыратады. Қант диабеті – қандағы қант деңгейінің жоғарылауымен және оның несепте пайда болуымен сипатталатын ауру.

Диабет кең тараған ауру. Онымен тұрғындардың 2-4% ауырады. Американдық статистика мәліметтеріне сүйенсек, қант диабетімен ауыратын науқастардың 50% миокард инфарктынен, соқырлықтан, аяқ атеросклерозынан, пиелонефриттен және несептас ауруынан қайтыс болады.

 

Қантты диабеттің жіктемесі

I. Қантты диабеттің 1 типі (әдетте инсулиннің абсолютті жеткіліксіздігіне әкелетін β-жасушаларының деструкциясы). А. Аутоиммунды B. Идиопатиялық II. Қантты диабеттің 2 типі (салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі негізінен инсулинге резистенттіктен секреторлық ақауға дейін, инсулинге резистенттікпен немесе онсыз) III. Басқа спецификалық типтері
А. β-жасушалар қызметінің генетикалық ақаулары В. Инсулин әсеріндегі генетикалық ақаулар С. Ұйқыбездің экзокринді бөлімдерінің аурулары D. Эндокринопатиялар Е. Дәрілік заттар және химикаттармен индуцирленген қант диабеті F. Инфекциялар G. Иммунды диабеттің сирек кездесетін түрлері H. Кейде диабетпен тіркесетін басқа генетикалық синдромдар IV. Гестациялық диабет

 

Инсулинтәуелді диабет (бірінші тип диабеті) балалаларда және жас адамдарда дамиды. Бұл кезде ұйқы безінің инсулин бөлетін жасушалары бұзылады, инсулин аз өндіріліеді немесе мүлдем өндірілмейді; жасушалар энергия қабылдамайды және «аш» қалады, ал қанда қант деңгейі жоғарылайды.

Инсулинтәуелсіз диабет (екінші типті диабет) қырық жастан жоғары, артық салмағы бар адамдарда дамиды. Бұл аурудың кеңірек тараған типі (80-85% жағдайда кездеседі). Диабеттің бұл түрінде инсулин өндіріледі, бірақ «дұрыс емес» өндіріледі, яғни ағза глюкозаның қанға түсуіне баяу және жеткіліксіз жауап қайтарады және инсулинннің мөлшері барлық түскен глюкозаны жұмсауға жеткіліксіз. Дамудың екінші механизмі болып бұлшық ет және май жасушаларының бөлінген инсулинді қолдана алмауы табылады. Инсулиннің қалыпты мөлшеріне жасушалардың қабылдамауының жағдайы инсулинрезисттенттілік деп атайды.

 

Диабет дамуындағы себептер

Бірінші тип қант диабетінің дамуы ұйқы безі жұмысының бұзылуымен байланысты. Ол инсулин гормонын өндіруді тоқтатады. Ал инсулин қандағы қант мөлшерін реттейтін зат. Екінші тип қант диабетінде инсулин жеткілікті бөлінеді, бірақ клетка оны қабылдамайды.

«Диабет неліктен дамиды?» деген сұраққа ғалымдар әлі жауап тапқан жоқ. Бірақ бір нәрсе анық: диабетті ауру адаммен қатынаста болғанда жққтыру мүмкін емес.

Диабет дамуына жағдай жасайтындар:

- нашар тұқым қуалаушылық (қандас туыстарда диабет болуы);


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СИЛЛАБУС 1 страница| СИЛЛАБУС 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)