Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Реферат 2 страница

СИЛЛАБУС 1 страница | СИЛЛАБУС 2 страница | СИЛЛАБУС 3 страница | СИЛЛАБУС 4 страница | Гипотиреоз | Аутоиммунды тиреоидит | Реферат | Ем сызбасы | Реферат 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Б) 0,1 бірлік\кг ультрақысқа әсерлі инсулинді 5 рет тәулігіне

В) 0,1 бірлік\кг қысқа әсерлі инсулинді көк тамырға жаймен сағат сайын

Г) 0,2 бірлік\кг қысқа ісерлі инсулинді көк тамырға ағыспен сағат сайын

 

№5 Клиникалық тапсырма

11 жасар науқас коматозды жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, қант диабетімен 9 жасынан ауырады және интенсифицирленген инсулинотерапия қабылдайды. 2 сағат бұрын өзін саумын деп сезінген, инсулин енгізген, тамақтанған, кейін тауға қыдырып кеткен. Кенеттен есінен танып, достарымен жеткізілген.

Мүмкін жағдайды көрсетіңіз:

А) Уремиялық кома

Б) Гиперосмолярлық кома

В) Сүтқышқылды кома

Г) Кетоацидоздық кома

Д) Гипогликемиялық кома

 

 

№6 Клиникалық есеп

Жедел жәрдем бригадасымен коматозды жағдайда жеткізілген қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста эксикоз, бұлшықеттік гипотония, гипергликемия, гипонатриемия, гипокалиемия, ацидоз, гиперкетонемия анықталды.

Мүмкін болатын жағдайды көрсетіңіз:

А) Гипогликемиялық кома

Б) Гиперосмолярлық кома

В) Сүтқышқылдық кома

Г) Кетоацидоздық кома

Д) Уремиялық кома

 

 

№ 7 Клиникалық есеп

Жедел жәрдем бригадасымен коматозды жағдайда жеткізілген қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста эксикоз, бұлшықеттік гипотония, гипергликемия, гипонатриемия, гипокалиемия, ацидоз, гиперкетонемия анықталды.

Ұсынылатын ем сызбасын көрсетіңіз:

А) қысқа әсерлі инсулин 5 рет тәулігіне тері астына

Б) тері астына ұзартылған инсулин

В) Қысқа әсерлі инсулин көк тамырға тамшылатып

Г) Қысқа әсерлі және ұзартылған инсулин комбинациясы

Д) инсулин тағайындамау

 

 

№ 8 Клиникалық тапсырма

12 жасар науқас 1 жүктіліктен 3000,0 дене салмағымен туылған. Ерте жетілуі өзгеріссіз. Коклюш, қызамық, желшешекпен ауырған. Анасы тиреотоксикозбен сырқаттанады. 4 ай көлемінде науқаста тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік, полидипсия, полиурия байқалған. Айқын арықтаған. Аймақтық дәрігер құрт инвазиясына күдіктенген. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Құсу қосылған. Балада грипп деген диагноз қойылған. 2 күннен кейін жағдайы ауырлап, қайталамалы құсу, шулы тыныс пен іштегі ауыру сезіммен ауыр жағдайда ауруханаға түседі. Салмағы 24 кг. Терісі құрғақ, сұрғылт, сыртқы жыныс мүшесінің айналасы тітіркенген. Көздері түсіңкі, бет әлпеті үшкірленген. Көз алмасының гипотониясы. Тынысы шулы, жиіліген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Ауыз қуысы гиперемирленген, құрғақ, Тілі жабындымен қапталған. Аузынан ацетон иісі шығады. Қайталамалы құсу. Іштің пальпациясында ауыру сезімді. Тізе рефлексы жоқ, іштік рефлекстер төмендеген. Зәрі аз мөлшерде. Шөлдеу. Қандағы қант 23,9 ммоль/л, айқын ацидоз (рН 7,2), кетон денелерінің деңгейі қанда жоғарылаған. Зәрдегі қант 10 %, ацетон айқын оң.

Сұрақтар:

1.Диагноз қойыңыз

2.Бірінші сағаттарда терапиялық тактика қандай

3.Емді қандай зерттеулерді бақылауға ала отырып жүргіземіз

 

№ 9 Клиникалық тапсырма

Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқаста ЖРА фонында аузынан ацетон иісі шыққан. кето-тест бойынша ацетонға зәрдің реакциясы оң.

Сұрақтар:

1. Стационарға жатқызылғанға дейін науқасқа қандай көмек көрсету керек?

А) инсулин дозасын қысқа әсерлі инсулин есебінен қосымша тері астына енгізу

Б) ешнәрсе жасамау

В) емдәмде майды шектеу

Г) қосымша сары май беру

Д) тағамда тез қорытылатын көмірсуларды жоғарылату

Е) бөлмені жақсылап желдету

Ж) сілтілі сусын беру

З) содалы клизма жасау

2. Науқасқа көмектеспеген жағдайда не дамуы мүмкін?

А) кетоацидоз

Б) лактоацидоз

Г) гипогликемия

Д) ацетонемиялық құсу

 

№10 Клиникалық тапсырма

Қант диабетімен ауыратын науқас таңғы ас алдында 4 бірлік қысқа әсерлі инсулин және 8 бірлік базальды инсулин, түскі ас алдында – 4 бірлік қысқа әсерлі, кешкі ас алдында – 4 бірлік қысқа әсерлі инсулин және сағат 20.30. – 12 бірлік базальды инсулин қабылдайды. Түнгі ұйқысы тынышсыз, таңертең оянуы қиын, таңғы асқа дейін әлсіздік, бас ауыруы мазалайды. Қандағы қанты ашқарынға 15,2 ммоль/л.

Сұрақтар:

1. Тәуліктік инсулині дұрыс бөлінген бе?

А) дұрыс

Б) дұрыс емес

 

2. Науқастың таңертеңгі жағдайының нашарлауы немен байланысты және неге?

А) Нашар ұйқы, бас ауыруы, таңертеңгі әлсіздік кешкілік енгізілген ұзартылған инсулин дозасының көп болуынан түнгі уақытта байқалатын гипогликемиямен байланысты

Б) жағдайының нашарлауы түнгі уақыттағы инсулин дозасының жетіспеушілігінен туындайтын гипергликемиямен байланысты

 

З. Неліктен науқаста ашқарынға қанда қант деңгейі жоғары?

А) түнгі сағаттарда инсулин дозасының артық блуы нәтижесінде (постгипогликемичялық гипергликемия феномені)

Б) түнгі сағаттарда инсулин тапшылығы нәтижесінде

4. Инсулинотерапияға қатысты сіздің тактикаңыз:

А) кешкі астан кейінгі базальды инсулин дозасын азайту

Б) кешкі астан кейінгі базальды инсулин дозасын жоғарылату

В) инсулин дозасын өзгертпеу

 

№11 Клиникалық тапсырма

6 жасар науқас 1 жүктіліктен 4100,0 дене массасымен уақытысында туылған. Ерте дамуы өзгеріссіз. Туыстары мен ата-анасы сау. 1 жыл бұрын балада шөлдеу сезімі, жиі зәр шығару, арықтау байқалған. 4 күн бұрын туған күнінен кейін жағдайы нашарлап кетті, тәттіні, тортты көп жеген. Төсектен тұра алмаған, жүрек айну мен құсу және іштегі ауыру сезімі мазалаған. Дәрігер токсикоинфекцияға күдіктенген. Ауруханаға түскен күні жағдайы ауырлап, сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған, ентігу пайда болған. Балада қайталамалы құсу, айқын акроцианоз, жүрек қызметі төмендеген, олигурия, токсикалық тыныс, есінің тұмандануы, аузынан ацетон иісі шығады

Сұрақтар:

1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз

2. Болжама диагнозда не ескерілмеді

3. Кешкі немесе түнгі кезекшілікте жүргізілетін қажетті зерттеулерді көрсетіңіз

 

 

Сабақ № 2. Гипо- және гипертиреоз синдромы

 

Жағдайлық тапсырмалар

 

№1 Клиникалық тапсырма

 

15 жасар науқас ақыл-есінің дамуы жағынан артта қалған балаларға арналған интернатта тәрбиеленеді. Бойы – 135 см, салмағы 32кг. Терісі бозғылт, құрғақ, бетінде және бұғанаүсті аймағында айқын ісінулер бар. Екіншілік жыныс белгілері дамымаған (сүт бездерінің өсуі, қолтықасты және шаптағы түктену байқалмайды). Ақыл-есі төмендеген.

 

Сұрақтар:

1.Болжама диагноз қандай?

А) Даун ауруы

Б) туа пайда болған гипотиреоз

В) гипофизарлы нанизм

Г) созылмалы пиелонефрит

Д) Шерешевский-Тернер синдромы

2.Қандай зерттеу жүргізу керек?

А) Т3, Т4, ТТГ деңгейін анықтау

Б) СТГ деңгейін анықтау

В) жалпы зәр анализі

Г) хромосомды зерттеу

Д) зәрдің бактериологиялық себіндісі

3.Қандай ем тағайындайсыз?

А) уросептиктер

Б) өсу гормоны

В) тиреоидты гормон

Г) анаболикалық стероидтар

Д) витаминдер, эстрогендер

 

№2 Клиникалық тапсырма

14 жасар науқас мынадай шағымдармен түсті: арықтау (1 ай ішінде 7 кг), бұлшықеттік әлсіздік, тершеңдік, жүрек қағу, физикалық жүктемеден кейінгі ентігу. Объективті: науқас астеникалық дене бітімді, арықтаған. Қалқанша безі біркелкі, жайылмалы үлкейген (2 дәреже). пулсі – 100 1 мин, температурасы – 37,3 С. Анамнезінде созылмалы тонзиллит.

Сұрақтар:

1 Болжау диагнозы?

А) жедел ревматикалық қызба

Б) тонзилогенді миокардиодистрофия

В) жайылмалы уытты жемсау 2 дәрежелі

Г) миокардит, эндемиялық жемсау 2 дәрежелі

Д) нейро-циркуляторлы дистония

2.Қандай зерттеу жүргізу керек?

А) ЭКГ

Б) Т3,Т4, ТТГанықтау

В) жүректің УДЗ

Г) жалп зәр анализі және СРБ

Д) ЛОР-дәрігердің қарауы

3.Қандай ем тағайындайсыз?

А) тонзиллэктомия

Б) пирозолонды препараттар

В) тиреостатикалық заттар

Г) седативті препараттар

Д) ЛФК, массаж

 

 

№3 Клиникалық тапсырма

10 жасар науқас мойынның алдыңғы жағындағы ісіну, ашуланшақтық, тез шаршағыштық, жүрек қағуына, естің төмендеуіне, бас ауруға, арықтауға шағымданып келді. Дамуы қанағаттанарлық. Музыка және спорт мектептеріне барады. Түскен кезде науқас эмоциональды тұрақсыз. Тершеңдік,айқын қызыл дермографизм байқалады. Қалқанша безі 2 дәрежелі үлкейген. Теріасты май қабаты аз дамыған, бұлшықеттік әлсіздік анықталады. Екі жақты біркелкі айқын көзінің шарасынан шығуы анықталады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Тахикардия, АҚҚ 120/80 мм с.б.б. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығыңқы. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20 % өскен. Қандағы қант 8,32 ммоль/л. ЭКГ-да ритм синусты 140 в минутына, биік үшкір Р және Т тістері.

Сұрақтар

1. Диагнозды көрсетіңіз

А) вегето-қантамырлы дистония

Б) қант диабетінің 1 типі

В) жайылмалы уытты жемсау

Г) эндемиялық жемсау

2. Таңдаған диагнозды қандай симптом дәлелдейді

А) гипотиреоз синдромы

Б) гипертиреоз синдромы

В) эутиреоздың болуы

3. Науқасқа басқа қандай қосымша зерттеу әдістерін тағайындайсыз

А) қандағы тиреоидты гормондардың деңгейі

Б) неврологиялық статусты бағалау

В) қандағы инсулин деңгейі

Г) көз түбін қарау

4. Емнің негізгі бағыттарын көрсетіңіз

А) тиреоидты препараттар

Б) тиреостатикалық препараттар

В) ноотропты заттар

Г) инсулинотерапия

 

№4 Клиникалық тапсырма

 

11 жасар науқас 1 жүктіліктен, ерте дамуы өзгеріссіз. Ата-анасы сау. 2 жасында кызамықпен ауырған. 2 жасында коклюшпен, 10 жасында скарлатинамен ауырған. Ангинамен жиі ауырады. Тонзиллит диагнозы қойылған. Соңғы жылы науқаста ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы,қол саусақтарында діріл пайда болды (жазуы өзгерген). Жүрек тұсындағы ауыру сезімге, жүрек қағуына шағымданады. Аймақтық дәрігер жүрек-қантамыр жүйесі жағынан өзреістер бар екенін анықтады (тахикардия 100-120 соққы мин., жүрек ұшында және 5 нүктеде систолалық шу бар). АҚҚ 120/40 мм.с.б.б, айқын тершеңдік, бадамшалары өзгерген. ЛОР-дәрігер созылмалы тонзиллит диагнозын қойып, балада тонзиллогнді улану қаупін түсіндіріп, тонзилэктомия жасау ұсынылған (зәр анализі, қан анализі өзгеріссіз).

 

Сұрақтар:

1. Болжама диагноз қандай?

А) эндемиялық жемсау

Б) фиброзды тиреоидит

В) аутоиммунды тиреоидит

Г) жеделдеу тиреодит

Д) жайылмалы уытты жемсау

2. Аймақтық дәрігердің кеңесімен келісесіз бе?

А) ия

Б) жоқ

3. Науқасты зерттеу мен еміне қатысты сіздің тактикаңыз?

А) тонзиллэктомиға жіберу

Б) аурудың компенсациясына жету

№5 Клиникалық тапсырма

 

Науқас 1 айлық 1 жүктіліктен мезгілінен ерте босанудан туылған. Туылған кездегі дене салмағы 4200,0, ұзындығы 51 см. 2-ші күні емізілген. Кіндік қалдығы 8 күні түскен. 3-ші күні терісі сарғая бастады. Түскен кезде баланың жағдайы ауыр. Қыз бала әлсіз, нашар емеді, беті, денесі және аяқ-қолдары ісінген. Сарғаю синдромы. Терісі құрғақ. Даусы дөрекі. Өкпесінде катаральды белгілер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Іші жұмсақ, бауыры 4 см, іш қатуға бейім. Қан анализі: гемоглобин -56г/л, холестерин 8,9ммоль/л.

 

Сұрақтар:

1.Болжау диагнозы қандай?

А) рахит

Б) гипотрофия

Г) теміртапшылықты анемия

Д) туа пайда болған гипотиреоз

2.Қандай зерттеу жүргізу керек?

А) электроэнцефалография

Б) қанның биохимиялық анализі

В) гормон деңгейі

Г) жалпы зәр анализі

Д) электрокардиография

3.Қандай ем тағайындайсыз?

А) темір препараттары

Б) гиполипидемиялық заттар

В) витамин Д

Г) тиреоидты препараттар

Д) зәрайдағыш заттар

 

 

№6 Клиникалық тапсырма

 

15 жасар науқас жарты жыл бойы жайылмалы уытты жемсау бойынша препараттар қабылдап жүрген (мерказолил, анаприлин, седативті заттар). Туыстарының кеңесімен емді дереу тоқтатқан. Теңізге барып демалып күнге күйгеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған. Дене температурасы 37,9 С, шылқып терлеу, тахикардия 150 рет 1мин, айқын әлсіздік,жүрек айну,қолдарының дірілі.

 

Сұрақтар:

1. Болжама диагноз қандай?

А) тағамдық токсикоинфекция

Б) тиреотоксикалық криз

В) вегето-қантамырлық дистония

Г) жедел гастрит

Д) жедел миокардит

2. Қандай зерттеу жүргізу қажет?

А) копрограмма

Б) Т3, Т4

В) коагуллограмма

Г) ЭФГДС

Д) асқазан жуындысын бактериологиялық зерттеу

3. Қандай ем тағайындайсыз?

А) асқазанды жуу, түсіруші (разгрузочная)емдәм, көп сұйықтық қабылдау, бетаблокаторлар

Б) тиреостатиктер, глюкокортикоидтар, плазмаалмастырушылар, бетаблокаторлар

В) антикоагулянттар, глюкокортикоидтар, дене қызуын түсіретін заттар

Г) алмагель, түсіруші (разгрузочные) күндер, тазартқыш клизма

Д) дене қызуын түсіретін заттар, қатаң төсектік түзім

№7 Клиникалық тапсырма

10 жасар науқас 1 жүктіліктен уақытында туылған, ерте жетілуі өзгеріссіз. Ата-анасы сау. 5 жасқа дейін қызамық, желшешекпен ауырған, 6 жастан кейін ЖРВИ жиі ауыратын болды, 8 жасында созылмалы тонзиллит диагнозы қойылды. Созылмалы тонзиллитатің кезекті асқынуынан кейін науқас 3 ай бойы жағдайы нашарлап, тершеңдік, ашуланшақтық, тез шаршағыштық мазалай бастаған. Емханада тахикардия анықталып науқас стационарға ревматизм диагнозымен жіберілген. Ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Шағымы жоқ. Тершеңдік үдей түскен. Қалқанша безі біркелкі үлкейген (2 дәреже), айқын емес экзофтальм, Дельримпль және Мебиус симптомдары оң. Жүрек шекаралары қалыпты. Тондары күшейген, ұшында және 5 нүктеде систолалық шу естіледі. Пульс 110 мин., лабильді. АҚҚ 110/40 мм.с.б.б. «Созылған қол дірілі» симптомы айқын. Басқа жүйелер бойынша патология анықталмады.

Сіздің диагнозыңыз?

А) фиброзды тиреоидит

Б) жайылмалы уытты жемсау

В) жеделдеу тиреоидит

Г) эндемиялық жемсау

Д) жедел іріңсіз тиреодит

 

№ 8 Клиникалық тапсырма

4 жасар бала 3 жүктіліктен туылған. 10 жасар ағасы мен 8 жасар әпкесі сау. Бала асфиксиямен туылған. Баланың ауруханаға түскен кездегі салмағы 10,5 кг, бойы 78 см. Терісі бозғылт, құрғақ, қабыршақтанған. Шаштары сирек, сынғыш. Бассүйегі үлкен, мұрын негізі түсіңкі, еңбегі жабылмаған. Даусы дөрекі. Ішқатуға бейім. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Брадикардия 86 рет мин. Ақыл-есі төмендеген. Бала жүрмейді, сөйлемейді. Рентгендік зерттеуде сүйек қаңқасы жаңа туылған нәрестнікіне сәйкес келеді. Холестерин айқын жоғарлаған.

1. Диагнозды көрсетіңіз:

А) бас миының резидуальды –органикалық бұзылыстары

Б) жүректің туа біткен ақауы

В) гипохондроплазия

Г) туа пайда болған гипотиреоз

2. Ем тағайындаңыз

А) тиреоидты препараттар

Б) темір препараттары

В) зәрайдағыш заттар

Г) анаболикалық стероидтар

 

 

№9 Клиникалық тапсырма

1 жасар 3 айлық науқас 1 жүктіліктен мезгілінен ерте босанумен туылған. Туылған кездегі дене салмағы 3600,0, ұзындығы 50 см. 1-ші күні емген, бірақ әлсіз. Кіндік қалдығы 9-шы күні түскен, перзентханадан 11 күні 4 аптаға созылған сарғаюмен шығарылды. Анамнезінде анасында қалқанша безінің қызметінің бұзылуынсыз 2 дәрежелі түйінді жемсау бар екені анықталды. Жүктілік кезінде анасы емделмеген. Қыз бала 1 күннен әлсіз. Тыныс алуы шулы. Даусы төмен, терісі құрғақ, шаштары сирек, іш қату. Басын 6 айдан бастап ұстап тұра алады. 1 жасынан бастап отырады, тұра алмайды. Үлкен еңбегі 2х1,5 см, тістері жоқ. Жалпы қан анализінде гипохромды анемия. Биохимиялық анализде гиперхолестеринемия. Саусақ рентгенограммасында өсу аймағы 3 айлық нәрестеге сәйкес келеді.

1. Диагнозды көрсетіңіз:

А) перинатальды энцефалопатия

Б) гипотрофия

В) гемолитикалық ауру

Г) соматогенді нанизм

Д) туа пайда болған гипотиреоз

 

 

№ 10 Клиникалық тапсырма

Жасөспірім қыз балада тиреотоксикалық криз анықталды. Жағдайының ауырлығы немен байланысты болуы мүмкін?

А) бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының гиперфункциясымен

Б) қанда катехоламиндердің жоғарылауымен

В) бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігімен

Г) жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігімен

Д) тиреоидты гормондардың күрт төмендеуімен

 

Жағдайлық тпсырмалардың жауаптары:

 

Бастапқы білім деңгейін бақылау.

Эндокринология. 4 ЖМ.

1 Нұсқа

 

1. Гипофиздің патологиясымен байланысты перифериялық эндокринді бездің функциясының бұзылысы аталады:

А) біріншілік

Б) екіншілік

В) үшіншілік

Г) перифериялық

Д) симптоматикалық

 

2.Төменде көрсетілген эндокриндік аурудың бірі гормонның жеткіліксіз бөлінуінен дамиды:

А) инсулинома

Б) гипотиреоз

В) гиперальдостеронизм

Г) жайылмалы уытты жемсау

Д) акромегалия

 

3.Төменде көрсетілген эндокриндік аурудың бірі гормонның артық бөлінуінен дамиды:

А) инсулинома

Б) қант диабеті

В) гипокортицизм

Г) гипотиреоз

Д) қантсыз диабет

 

4. Төменде көрсетілгендердің барлығы белокты гормонға жатады, біреуінен басқасы:

А) инсулин

Б) пролактин

В) паратгормон

Г) кортизол

Д) кальцитонин

 

5. Гипоталамус-гипофиз жүйесі төменде көрсетілген қағида бойынша реттеледі:

А) өзара кері байланыс

Б) орынбасушы байланыс

В) жанама байланыс

Г) тікелей байланыс

Д) кері байланыс

 

6. Либириндер төменде көрсетілген қасиеттердің біріне ие:

А) перифериялық бездерден гормондардың бөлініп шығуын ынталандырады

Б) гипофизден троптық гормондардың бөлініп шығуын ынталандырады

В) гипофизден троптық гормондардың бөлініп шығуын тежейді

Г) перифериялық бездерден гормондардың бөлініп шығуын тежейді

Д) гормональды қызметке әсер етпейді

 

7. Статиндер төменде көрсетілген қасиеттердің біріне ие:

А) перифериялық бездерден гормондардың бөлініп шығуын ынталандырады

Б) гипофизден троптық гормондардың бөлініп шығуын ынталандырады

В) гипофизден троптық гормондардың бөлініп шығуын тежейді

Г) перифериялық бездерден гормондардың бөлініп шығуын тежейді

Д) гормональды қызметке әсер етпейді

 

8. Жоғарғы вегетативтік нейроэндокриндік орталық, әртүрлі ішкі ағзалардың координациялық функциясы төменде көрсетілген құрылымның бірі болып табылады:

А) цистерна

Б) гипофиз

В) тимус

Г) мишық

Д) эпифиз

 

9. Мына анамнезде төменде көрсетілген белгілердің барлығы эндокринді ауруларға тән, біреуінен басқасы:

А) Етеккір циклының бұзылысы

Б) Дене салмағының жоғарылауы

В) Психикасының және сыртқы келбетінің өзгерісі

Г) Тер бөлінуінің бұзылысы

Д) Мұрын ерін үшбұрышының көгеруі

 

10. Эндокринология пәні төменде көрсетілген қай жүйені оқытады:

А) жүрек-қантамыр жүйесін

Б) ішкі секреция бездерінің бөлінісін

В) асқазан-ішек жолдарын

Г) шеткі жүйке жүйесін

Д) орталық жүйке жүйесін

 

Бастапқы білім деңгейін бақылау

Эндокринология (балалар аурулар). 4 ЖМ.

Нұсқа 2

1. Либириндер төменде көрсетілген құрылымның бірінен гормондардың бөлінуін ынталандырады:

А) тимус

Б) эпифиз

В) гипофиз

Г) гипоталамус

Д) таламус

 

2. Статиндер төменде көрсетілген құрылымның бірінен гормондар бөлінуін тежейді:

А) тимус

Б) эпифиз

В) гипофиз

Г) гипоталамус

Д) таламус

 

3. Мына анамнезде төменде көрсетілген белгілердің барлығы эндокринді ауруларға тән, біреуінен басқасы:

 

А) Етеккір цикылыгың бұзылысы

Б) Дене салмағының жоғарылауы

В) Психикасының және сыртқы келбетінің өзгерісі

Г) Тер бөлінуінің бұзылысы

Д) Мұрын ерін үшбұрышының көгеруі

 

4. Инсулин төменде көрсетілген әсерлердің біріне ие:

А) гипогликемиялық

Б) липолитикалық

В) гликогенолитикалық

Г) седативті

Д) гипергликемиялық

 

5. Аденогипофиз төменде көрсетілген гормондар тобының бірін өндіреді:

А) ТТГ+СТГ+ГТГ+АКТГ

Б) СТГ+глюкагон+ТТГ+АКТГ

В) пролактин+ЛГ+ФСГ

Г) СТГ+ТТГ+АКТГ

Д) ТТГ+Т3+Т4

 

6.Лангерганс аралшығындағы бета-жасушалар өндіреді:

А) глюкагонды

Б) инсулинді

В) соматостатинді

Г) панкреатикалық полипептидті

Д) ферменттерді

 

7.Төменде көрсетілген қай безді пальпациялауға болады:

А) бүйрек үсті безін

Б) аналық безін

В) қалқанша безін

Г) гипофизді

Д) айырша безін

 

8. Қазақстанда жиі кездесетін эндокринді жүйенің ауруына жатады:

А) акромегалия


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Реферат 1 страница| Реферат 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.062 сек.)