Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СИЛЛАБУС 1 страница

СИЛЛАБУС 3 страница | СИЛЛАБУС 4 страница | Гипотиреоз | Аутоиммунды тиреоидит | Реферат | Ем сызбасы | Реферат 1 страница | Реферат 2 страница | Реферат 3 страница | Реферат 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Балалар аурулары бойынша - №7 блок «Балалар эндокринологиясы»

051301 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін

 

Эндокринология кафедрасы

 

 

Курс - төртінші Семестр – 7-8

 

Барлығы - 18 сағат

 

 

Тәжірибелік

(семинарлық) сабақтар - 6 сағат

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттің

өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ) - 6 сағат

 

 

Аудиториядан тыс студенттің

өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) – 6 сағат

 

 

Бақылау түрі: емтихан

 

Алматы 2014

 

«Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «Балалар эндокринологиясы» пәні бойынша силлабус доцент, м.ғ.к. Жапарханова З.С. мен м.ғ.д., профессор Нұрбекова А.А. құрастырылып, эндокринология кафедрасының отырысында талқыланған және бекітілген.

№1 хаттама, 31.08.2012 жыл.

Эндокринология кафедрасының отырысында қайта қаралған және бекітілген, №2 хаттама, 12.09.2014.

 

Кафедра меңгерушісі,

профессор ______________________________________________Абылайұлы Ж.А.

 

 

 

 

 
 


1. Жалпы мағлұматтар:

1.1 ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медициналық университеті

 

1.2 Кафедра: Эндокринология

 

1.3 Пән, пәннің коды: «Балалар аурулары» DВ -4304

 

1.4 Мамандығы: 051101 - Жалпы медицина, ПДО - 01

 

1.5 «Балалар эндокринологиясы» блогы бойынша оқу сағаттарының көлемі: 18 сағат

 

1.6 Оқу курсы мен семестрі: 4 курс, 7-8 семестр

1.7 Оқытушылар туралы мағлұматтар:

Профессорлар мен оқытушылар құрамының тізімі

Ф.А.Ж.     Ғылыми дәрежелері Қызметі Ғылыми жетістіктері
Жангентхан Абылайұлы м.ғ.д., профессор   эндокринология кафедрасының меңгерушісі эндокринология
Нұрбекова Ақмарал Асыловна м.ғ.д. профессор эндокринология
Жапарханова Зауре Слямхановна м.ғ.к. доцент эндокринология
Молдабек Гульнар Қоңырбаевна м.ғ.к. доцент эндокринология
Алипова Азиза Тоқтасыновна м.ғ.к. ассистент эндокринология
Ильмалиева Ақтоты   ассистент эндокринология
Богенбаева Гаухар Абдикеримовна   ассистент эндокринология
Тлегенов Аскар Шындалиевич   педагог-стажер эндокринология

1.8 Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері

Мекен-жайы: Райымбек 50-а, КазҰМУклиникасы, сайт: endocrinology.kz

 

Байланыс ақпараттары:

Кафедраның базасы Оқытушылар құрамы Мекен-жайы Байланыс телефондары
1. ҚазҰМУ клиникасы Кафедра мең. – Абылайұлы Ж. Райымбек 50-а  
Кафедра профессоры – Нұрбекова А.А., доценттер Молдабек Г.К., Жапарханова З.С., ассистенттер Алипова А.Т., Ильмалиева А.Ж.    

1.9 Пән саясаты: Оқу үрдісінің кезеңді және мақсатты орындалуына бағытталған. Оқытушылардың студенттерден талабы медициналық оқу орындарында жалпы оқыту ұстанымдарына негізделген.

Кафедраның жалпы талабы:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті, ретті түрде қатысу.

2. Студент сабаққа өзімен бірге алып келуі керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке маска, ауыстыратын аяқ киім.

3. Студент дәрістер мен тәжірибелік сабаққа кешікпеуі керек.

4. Оқу үрдісіне студенттің белсенді қатысуы; дәріс жазбаларының болуы, теориялық материалды білу, ситуациялық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, науқастарды қарап-тексеру әдістерін пальпация, перкуссия, аускультацияны игеру және қолдану.

5. Когнитивті компетенцияны бағалау үшін күн сайын сабақ тақырыбына сай тесттілеу және ситуациялық есептерді шешу, сонымен қатар 2 рубеждік бақылау жүргізіледі (бастапқы және қорытынды білім деңгейін бағалау үшін).

6. 1 тақырып бойынша СӨЖ-ді міндетті түрде орындау.

7. СӨЖ материалын (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмі, емдеу сызбалары) тапсыру және СӨЖ тақырыбын қорғау уақыты тақырып жоспары бойынша белгіленген уақытқа сәйкес келуі керек.

8. Студенттердің науқастармен және клиникалық база қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынасы.

9.Топтағы ыңғайсыз жағдайлардың кафедра меңгерушісінің және кафедраның оқу-ісі меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылануы.

10. Студент сабақ уақытында мобильді телефонды қоспау керек.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Балалар аурулары» педиатрияның негізі болып табылады.

4 курста «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Балалар аурулары» пәнінің профильдік маңызы зор және негізгі бірнеше блоктан тұрады. «Балалар эндокринология» блогы бойынша оқытушының негізгі мақсаты студенттерге дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген балалардағы және жасөспірімдердегі кең таралған эндокриндік аурулардың диагностикасы мен емін үйрету.

Медицина бакалавры квалификациялық талаптарға сәйкес эндокриндік аурулардың типтік көріністері, олардың алдын-алу, дәлелді медицина тұрғысынан емдеу ұстанымдары сұрақтары бойынша компетентті болуы тиіс.

 

2.2 Пәннің мақсаты: негізгі эндокринді аурулардың типті түрлерінің диагностикасы мен олардың заманауи емдеу әдістері, алдын-алу шаралары жөнінде білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3 Оқыту тапсырмалары:

· Негізгі эндокринді аурулардың типті ағымы кезіндегі симптомдар мен синдромдарды анықтау.

· Зерттеу жоспарын құру және негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің мәліметтерін оқи білу;

· Дәлелді медицина ұстанымдарына сәйкес кең тараған эндокринді аурулардың емдеу ұстанымдарымен танысу;

· Тұлғааралық қатынас пен науқасқа кеңес беру дағдыларын дамыту;

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент білуі тиіс:

· Кең тараған эндокринді аурулардың этиологиясы мен патогенезін;

· Кең тараған эндокринді аурулардың жіктелуін, клиникасын, ағымын, асқынуларын, болжамын;

· Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің заманауи әдістерін;

· Кең тараған эндокринді ауруларды емдеудің заманауи ұстанымдары мен әдістерін;

Жасай алуы тиіс:

· Науқастан анамнез жинау;

· Зерттеудің қарап-тексеру әдістерін қолдану;

· Зерттеудің оптимальды клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерін таңдай білу және мәліметтерді оқи алу;

· Науқастың емдеу және реабилитация жоспарын құру;

· Науқастармен, оның туысқандарымен, әріптестермен, басқа да медициналық қызметкерлермен максимальды сенімді қарым-қатынас орнату;

· Топта жұмыс жасау.

Дағдыларды білу:

· Балаларда глюкозотолеранттық тестті бағалау;

 

2.5 Реквиизитке дейінгі: патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, визуальды диагностика, коммуникативті дағдылар 1,2, жалпы иммунология, дәлелді медицина негіздері.

Реквизиттен кейінгі: жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел медициналық көмек.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

«Балалар эндокринологиясы» блогы бойынша балалардағы қант диабетінің ағымының ерекшелігі, клиникалық көріністері, емдеу принциптері және дифференциалды диагностикасы қарастырылады. 1 типті қант диабетінің асқынулары, диагностика және асқынуының емі оқытылады. Пәнді оқыту кезінде қалқанша безінің қазіргі заманғы зерттеу әдістері талқыланады, гипо-гипертиреоз синдромдары, туа біткен гипотиреоздың ерекшеліктері талқыланады. Йодты профилактиканың әдістеріне және тиреойдты функцияның бұзылыстарын дәлелді медицина ұстанымдарына негізделіп адекватты түрде коррекциялау.

2.7. Тақырыптық жоспар

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары және олардың сағат бойынша көлемі

Сабақтардың тақырыбы Сағаты
1. Гипо- және гипергликемия синдромы. Балалардағы қант диабеттің 1типінің этиопатогенезі, жіктелуі, диагностиксы, клиникасы, асқынуы. Қантты диабеттің 1типінің емі 3 сағат
2. Гипо- және гипертиреоз синдромы. Балалардағы гипотиреоз және жайылмалы уытты жемсаудың этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі. Туа пайда болған гипотиреоздың ерекшеліктері   3 сағат
  Барлығы: 6 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ)

Тақырыптың аты Өткізу түрі сағаттар
1. Қантты диабеттің 1типінің спецификалық асқынулары бар науқасты жүргізу Қантты диабеттің 1типімен ауыратын науқасты курациялау: шағымын, ауру анамнезін жинау, арнайы асқынуларымен науқасты тексеру жоспарын құрастыру. Клиникалық ситуациялық есептерді шығару. 3 сағат
2. Гипер- гипотиреоз синдромымен науқасты жүргізу Кіші топтарда жұмыс; қант диабетімен гипер- немесе гипотиреоз синдромымен науқастың емінің жоспарын құрастыру, ситуациялық есептерді шығару 3 сағат
  Барлық сағаты:    

 

2.8 Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың сағат бойынша көлемі

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары Сағаттары
1. Қантты диабеттің 1 типінің асқынуларының өту ағымының ерекшеліктері 3 сағат
2. Туа біткен гипотиреоз скринингісінің мақсаты, принциптері және кезеңдері 3 сағат
  Барлығы: 6 сағат

СӨЖ орындауға арналған тапсырма нұсқалары өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.

СӨЖ ұйымдастыру түрлері:

1. Пән ерекшелігін ескере отырып, сабақ тақырыбы бойынша реферат дайындау.

2. Тақырыпқа сай эндокринді аурудың клиникалық көрінісінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктерін аша отырып, клиникалық ситуациялық есепті құрастыру.

3. Пән ерекшелігін ескере отырып, сабақ тақырыбы бойынша презентация (мультимедиялы) дайындау.

4. Сабақ тақырыбы бойынша диагностикалық зерттеу алгоритмін құрастыру.

5. Сабақ тақырыбы бойынша эндокринді аурудың емдеу сызбасын дайындау.

6. СӨЖ тақырыптарына сәйкес эссе дайындау.

7. Кроссворд құрастыру

8. Қант диабетімен ауыратын науқасты жүргізу және оның емінің өзекті сұрақтары туралы нақты ақпараттар іздеу (дәлелді медицина принциптеріне сүйене отырып).

Тәжірибелік дағдылар

Балаларда глюкозотолеранттық тестті бағалау;

Коммуникативті дағдылар

1) Дәрігердің коммуникативті мәдениеті: дәрігер-дәрігер (топтағы жұмыс), дәрігер -науқас (нау қасты емдеудегі дәрігердің рөлі мен жауапкершілігі).

 

Құқықтық сұрақтар:

1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 2011-2015жж «Саламатты Қазақстан» мемлектеттік реформасы.

2.9 Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2012.- 432 с.

2. Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. Педиатрия, Алматы, 2005, 625 с.

3. Нурбекова А.А. Сахарный диабет (диагностика, осложнения, лечение). Учебное пособие. Алматы, 2011, 80с.

4. Нурбекова А.А. Современные принципы диагностики и лечения диабетической нефропатии у детей и подростков. Методические рекомендации. 2006, 28с.

 

Қосымша әдебиеттер

1. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ/ под общ. ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко.- М., 2008.-584с. (электронный вариант)*

2. П.Дж.Уоткинс. Сахарный диабет/2-е издание. Пер. с англ., М.: Издательство БИНОМ, 2006-134с. (электронный вариант)

3. Диагностика и лечение эндокринных заболеваний у детей и подростков. Под ред. Шабалова Н.П., М., Медпресс, 2002 г.,350 с.

4. Строев Ю.И., Чурилов Л.П. под ред. Зайчика А.Ш. Эндокринология подростков, Спб.: ЭЛБИ-Спб, 2004, 384 с.

5. Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под ред. И.И. Дедова, М.Б.Шестаковой. 5-й выпуск. Москва, 2011, 116с. (электронный вариант)

6. Мкртумян А.М. Инсулин – в норме и при патологии: учебное пособие.- М., 2008- 64с.

7. Мкртумян А.М., Нелаева А.А. Неотложная эндокринология: руководство/ пер. с англ. под ред.-2-е изд.М., 2008.-128 с.

8. Схемы лечения. Эндокринология/ под общ. ред. И.И.Дедова и Г.А. Мельниченко.-М., 2007.-304 с.

9. Эндокринология. Клинические рекомендации/ под ред. И.И.Дедова, Г.А. Мельниченко.-М., 2008.-300с.

10. Дедов И.И., Кураева Т.Л., Петеркова В.А., Инсулинотерапия сахарного диабета 1 типа у детей и подростков. Пособие для врачей, М., 2003, 101 с.

11. Ширяева Л.И., Поздняков А.М. Гипогликемический синдром и гипогликемическая кома у детей и подростков больных сахарным диабетом. Методические рекомендации для врачей-педиатров, Воронеж, 2004 г.

12. Дедов И.И., Петеркова В.А. Врожденный гипотиреоз. Неонатальный скрининг и лечение. Пособие для врачей, М, 2006 г.

13.Michael S.Kappy, David B.Allen, Mitchell E.Geffer. Pediatric practice endocrinology, Mc.Graw Hi Medical, 2010, 420 p.

Әдебиеттер туралы мәліметтің электронды нұсқасын кафедрадан (СD-дискіде) немесе кафедраның сайтта алуға болады endocrinology.kz

 

ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі медициналық іздеу сайттары, шетел медициналық журналдары мен кітапханаларының сайттарының адрестері:

1. Medscape
http://www.medscape.com
Глобальная поисковая медицинская система.

2. Pub Med
http://www4.ncbi.nlm.nih.gov/PubMed/
База данных Medline.

3. National Library of Medicine
http://www.nlm.nih.gov/
Национальная медицинская библиотека США

4. Hardin MD
http://www.lib.uiowa.edu/hardin/md/index.html
Глобальная медицинская поисковая система

5. WebDoctor
http://fs.dai.net/ac/232481/E01.html?http://www.gretmar.com/webdoctor/
Медицинские ресурсы в интернет. Имеется рубрикатор для поиска.

6. Cliniweb
http://www.ohsu.edu/cliniweb/
Медицинский поиск в Интернет

7. Am. Medical Association
http://www.ama-assn.org/
Американская Медицинская Ассоциация. Медицинская литература.

8. HealthGate
http://www.healthgate.com
Медицинская база данных, поиск литературы по различным темам.

9. Galaxy
http://www.galaxy.com/galaxy/Medicine.html
Медицинская поисковая система

10. http://www.consilium-medicum.com/ Журнал «Сonsilium-Medicum»

11. http://www.rmj.ru/ - Русский медицинский журнал

12. www.medliter.ru – специализированная медицинская литература (монографии, учбники, справочники)

 

2.10 Оқыту әдістері

· Шолу дәрістерін оқу (презентациялар)

· Тәжірибелік сабақтарды өткізу:

бастапқы білім деңгейін бағалау (тестілеу); инновациялық зерттеу тәсілдерін (кейс-стади, «сүйікті сұрақ», «тізбек», «балық қаңқасы») қолдана отырып, сабақ тақырыбын талқылау (кіші топтар жұмысы, дискуссия); тақырыптық науқастарды курациялау, тәжірибелік дағдыны ұғу (жұппен жұмыс жасау); қорытынды бақылау (ситуациялық есептерді шығару, тесттілеу, қант диабеті бойынша интерактивті оқу бағдарламасы).

2.11 Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері:

 

Когнитивті компетенцияны бағалау критерийлері

Тесттілеуді бағалау критерийлері

Балл боынша бағасы Орындау % Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
90-100 90 - 100 үздік
75 -89 89 - 75 жақсы
74-50 74 - 50 қанағаттанарлық
49 және төмен 49 - 0 қанағаттанарлықсыз

Студент жауабын бағалау критерийлері

Жауаптың сипаттамасы Баллдары Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, нысан туралы білімді толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Нысан туралы білімін сол ғылыми жүйе мен пәнаралық байланыстар тұрғысынан көрсете алды. Жауап ғылыми терминдермен құрастырылып, әдеби тілмен жеткізілді, көңілге қонымды, дәлелді, студенттің авторлық позициясын көрсетеді.   үздік
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, нысан туралы білімді толық түсініп, меңгергені байқалады,тақырыптың негізгі мәселелерін дәлелді ашып көрсетті; жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашатын, логикалық жүйелілік, нақты құрылым аңғарылады. Нысан туралы білімін сол ғылыми жүйе мен пәнаралық байланыстар тұрғысынан көрсете алды. Жауап ғылыми терминдерді қолдана отырып, әдеби тілмен жеткізілді. Жауап барысында түсініктер анықтамасында студенттің өзі байқап, түзеткен шамалы кемшіліктері болды. 90-94 үздік
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап нақты құрылымдалып, ойластырылған, ғылыми терминдерді қолдана отырып, әдеби тілмен жеткізілген. Жауап барысында студенттің мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болды. 80-89 жақсы
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап нақты құрылымдалып, ойластырылған, ғылыми терминдерді қолданып, баяндалған. Дегенмен, студенттің мұғалімнің «қосымша» сұрақтары көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болды. 75-79 жақсы
Қойылған сұраққа толық, дегенмен жүйелілік жағынан аздаған кемшіліктері бар жауап берілді, бірақ түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап ойластырылған, ғылыми терминдерді қолданып, баяндалған. Негізгі түсініктер анықтамасында студенттің өз бетінше түзете алмайтын 1–2 қателіктері болды. 70-74 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа берген жауабы толық емес және жеткілікті ашылмаған. Логикасы мен баяндау жүйелілігінде кемшіліктер бар. Түсініктерді ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді. Студент өз бетінше маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алмайды. Студент жалпы білімді қорытындылай алады, дегенмен негізгі қағидаларды мұғалім көмегімен ғана дәлелдей алады. Сөйлемді құрастыруы жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді. 65-69 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа жауабы толық емес, логикасы мен баяндау жүйелілігінде айтарлықтай кемшіліктер бар. Жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашуда, маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсінбеуіне байланысты дөрекі қателіктер жіберілді. Жауабында қорытынды жоқ. Жалпы алған білімінде нақты көріністерді ашып көрсете алмайды. Сөйлемді құрастыруы жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді. 60-64 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа жауабы толық емес, сұрақ тақырыбына байланысты анықтамаларды беруінде білімінің жеткіліксіздігінен күрделі қателіктер жіберді. Баяндауында фрагменттілік бар және ойластырылмаған. Студент берілген түсініктердің, теорияның, құбылыстың басқа пәндермен байланысын түсінбейді. Ойын қорытындылай, нақтылай және дәлелдей алмайды. Сөздері сауатсыз. Мұғалімнің қосымша және нақтылау үшін қойған сұрақтарына, тек сол сұраққа ғана емес, пәннің басқа да сұрақтарына студент жауап бере алмайды. 50-59 қанағаттанарлық
Пәннің негізгі сұрақтары жөнінде жауаптар алынған жоқ.   0-49 қанағаттанарлықсыз

Коммуникативті компетенцияны бағалау критерийлері


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 285 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырмаларды орындау және өткізу графигі| СИЛЛАБУС 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)