Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АВТОМАТТЫ БАҚЫЛАУ

Читайте также:
  1. АВТОМАТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢТ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  2. ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ–ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

 

Бақылау кезінде бақыланатын объектінің күйінің алдын-ала берілген нормаға сәйкестік дәрежесі тексеріледі.

Автоматты бақылау жүйесі (САК) көптеген шамаларды бақылауға және ақпараттарды өңдеуді қамтамасыз етеді де технологиялық процесстердің автоматтандырылғын басқару жүйелерінде қолданылады. ²Өлшеу² және ²бақылау² процесстерді өзара байланысты физикалық шамаларды өлшеу кезінде олардың сандық мәндері алынады, ал сол сандық мәндер арқылы объектінің нақты күйін бағалап, қажет кезінде түрлі алдын орау шаралары қарастырылады. Ал бақылау процессі кезінде объектінің тағайындалған техникалық талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бақылау кезінде негізінен екі операция орындалады (ГОСТ16504-81):

Қайсыбір объектінің нақты күйі туралы ақпарат алу (алғашқы ақпарат).

Алынған алғашқы ақпаратты алдын-ала берілген талаптармен, нормалармен, критерийлермен салыстыру (екінші ақпаратты алу). Бақыланатын параметрдің тағайындалған шекаралық аймағын норма деп аталады. Соныменен, бақылау кезінде физикалық параметр тағайындалған нормамен салыстырады, нәтижесінде объектінің сапалық сипаттамалары туралы мағлұмат алынады, ол өлшеу кезінде физикалық параметр өлшеу бірлігімен салыстырылып, параметрдің сандық мәні табылады.

Бақылау операциясымен қатар кей жағдайларда техникалық диагностика да қолданылады. Техникалық диагностика кезінде бақылау объектісі тағайындалған нормаға сәйкес немесе сәйкес емес деген тұжерыммен қатар, объектінің қалыпты жұмыс режимін бұзушы түрлі себебтер анықталады.

Бақылау операциясы адамдардың көмегімен немесе автоматты түрде өткізілуі мүмкін. Автоматты бақылау жүйесінің жалпылама құрылымдық схемасының құрамына өлшеу түрленгіштері, бақыланатын параметрлерді нормамен салыстырушы құрылғы, және де бақылау, басқару нәтижелерін беру құрылғылары кіреді. Жүйедегі өңделетін, алынатын ақпараттардың барлығы да аналогтық немесе цифрлік формада жүргізілуі мүмкін. 13.1 – суретте автоматты бақылау жүйесінің құрылымдық схемасыныңң бір варианты келтірілген. Схема құрамына бірнеше жүйешелер кіреді: 1- коммутация және байланыс жұйешесі, 2 - өлшеу түрленгіштері және сынақ генераторлары, 3 -– сәйкестендіру жүйешесі, 4 - операциондық жүйешесі, 5 - ақпараттарды енгізу, шығару құрылғысы. Құрылымдық схемада түрлендіру операциясы бірнеше сатыдан өтеді, бақыланатын параметрлер унификацияланған электрлік сигналға түрленіп, ЭЕМ – да өңдеу операциялары орындалады.

Кей жағдайларда бақыланатын параметрлерді объектінің жұмыссыздық күйінде тексеру қажет болады, мысалы ұшақтың жерде тұрған кезінде. Тексеру үшін объекті элементтеріне әдейіленген сынақ сигналдары беріліп, сол сигналдарға бақыланатын элементтерді реакциясы зерттеліп, талданады.

Төменде автоматты бақылау жүйесіне кіретін жүйешелердің атқаратын функциялары қарастырылған. Коммутация және байланыс жүйешесі бақыланатын объектіні тікелей автоматты бақылау жүйесіне қосады. Екі арадағы байланыста сым немесе кабельдік желілерді немесе жоғарғы жиіліктегі радиоканалдарды қолданады.

Өлшеу, түрлендіру жүйешелері және сынақ генераторы – түрлі физикалық шамаларды түрлендіргіш құралдары енеді. Түрлендіру нәтижесі унификацияланған сигналдар түрінде беріледі. Сонымен қатар сынақ сигналдарын беруші сынақ генераторы кіреді.

Сәйкестендіру түрлендіргіштері – унификацияланған аналогтық сигналдарды кодқа түрлендіргіштерден және кері код-аналог түрлендіргіштерінен тұрады. Бұл сигналдар сынақ ықпалдарын туғызу кезінде қолданылады.

Операциондық жүйешесіне микропроцессорлық жүйеде орындалған, арнайы электрондық есептеу машинасы кіреді.

Ақпараттарды енгізу, шығару жүйешесіне операторды бақылау жүйесімен байланыстырушы құрылғылар (басқару пульті, дисплей,т.с.с.), ақпараттарды тіркеу құралдары, сыртқы есте сақтау құрылғысы және де түрлі басқару программаларды енгізу құрылғылары кіреді.

Қазіргі кезде автоматты бақылау жүйесі 40-500-ге дейін түрлі бақылау параметрлерімен жұмыс істей алады. Ақпараттар ағынын азайту үшін және сенімділікті жоғарлату үшін, әрбір бақыланатын объект өзіне тиесілі бақылау жүйешелерімен қамтамасыз етіледі.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 1417 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лғаю термометрі. | Температура түрлендіргіштері. | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Деформациялы аспаптар. | ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР | ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Дәріс бойынша тест сұрақтары | КОНСЕНТРТ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | ЗАТ МАССАСЫ МЕН ШЫҒЫНЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Дәріс бойынша тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АВТОМАТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢТ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ| АНАЛОГТЫҚ-ЦИФРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛІК-АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)