Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зат массасы мен шыҒынын Өлшеуге арналҒан аспаптар

Читайте также:
  1. ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
  2. Деформациялы аспаптар.
  3. КОНСЕНТРТ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
  4. ЛШЕУ СИГНАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛІК АСПАПТАР
  5. ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР

Санауыштар. Бұл аспаптар санауыш арқылы өтетін заттың массасын не көлемін сандық мән мен анықтауға арналған. Көлемдік санауыштардың әрекет принципін былайша түсіндіруге болады. Сұйықтың өлшенбекші мөлшерінен қайсыбір көлем (өлшеуіш камерасы) толтырыллады, содан кейін санауыш механизмімен жалғасқан айналмалы жұмыстық органмен (шестернямен) ол сұйық көлемінен ығыстырылып шығарылады. Көлемдік санауыштардың жұмысын сипаттайтын тәуелділік мына теңдеумен өрнектеледі:

мұндағы V -өлшенетін сұйық көлемі, м3 (немесе л); n- шестерняның айналу жиілігі, 1/сағ; v - бір цикл кезіндегі сұйықтың бірлік көлемі (айналыстағы шестернялардың айналысы), м3 (немесе л).

Шығын өлшеуіштер. Құбырдың берілген қимасы арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін зат мөлшерін өлшейтін, яғни шығынды анықтайтын аспаптарды шығын өлшеуіштер дейді. Шығын өлшеуіштер арқылы сұйық заттың не газдың массалық (кг/с) немесе көлемдік шығынын (м3/с) өлшейді. Әрекет принципі бойынша шығын өлшеуіштердің қысым құламасы айнымалы және тұрақты түрлері болады.

Қысым құламасы айнымалы шығын өлшеуіштер. Қысым құламасы айнымалы шығын өлшеуіштердің әрекет принципі мынаған негізделген: зат ағатын құбырға ағынның тарылуын тудыратын құрылғы орнатса, онда қысымның потенциалдық энергиясының кинетикалық энергияға айналуы салдарынан тарылған қимадағы ағынның орташа жылдамдығы артып, сол қимадағы статикалық қысым тарылған қима алдындағы статикалық қысымнан кем болады. Зат шығыны көбейген сайын қысым айырымы да арта түседі. Демек, қысым құламасы зат шығының өлшемі болып табылады.

Ротометрлерді шыны және металл конустық түтікшелі етіп дайындайды, соңғыларды өлшеуіш сигнал түрлендіргіштермен жабдықтайды және олар өлшеуіш аспаптар мен бірге жұмыс істейді. Сұйық шығынын белгілі бір аралықта өлшейтін ротометрлер кең таралған (4.16-сурет). Ол фланеці бар 1 және 5 патрубкалармен қысылған шыны конустық түтік түрінде болады. Патрубкалар қатаңдық қабырғалар болып табылатын арматуралармен (4) (кергіштермен) жалғасады. Түтік ішінде сұйық не газ ағының әсерінен ығысатын қалыпқа (3) бар. Қалытқы айналмалы қозғалыс әсеріне баяу ығысып, ағын ортасына келеді. Төменгі патрубканың ішінде шығын жоқ кезде қалытқы түсетін ершік бар. Жоғарғы патрубкеде жүріс шектегіш (5) болады. Ротометр шкаласы шыны түтікте межеленген. Мұндай ротометрлерде шығын меңзегіші қызиетін қалтқының жоғарғы көлденең жазықтығы атқарады.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 1223 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | Дәріс бойынша тест сұрақтары | Лғаю термометрі. | Температура түрлендіргіштері. | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Деформациялы аспаптар. | ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР | ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Дәріс бойынша тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КОНСЕНТРТ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР| Дәріс бойынша тест сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)