Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Газ, Қатты жӘне сусымалы заттардыҢ ылҒалдылыҒын Өлшеуге арналҒан аспаптар

Читайте также:
  1. АНАЛОГТЫҚ-ЦИФРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛІК-АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
  2. Деформациялы аспаптар.
  3. ЗАТ МАССАСЫ МЕН ШЫҒЫНЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
  4. ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА
  5. КОНСЕНТРТ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
  6. ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Ылғалдық өнім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі өйткені оларды сақтау ұзақтығы көп жағдайда осы параметірге тәуелді.

Заттардың құрамындағы ылғалды тіке не жанама тәсілмен анықтайды. Тіке тәсілде ылғалды үлгінің кептірерден бұрынғы және одан кейінгі массаларының айырымы бойынша анықтайды. Ол үшін таразыны пайдаланады. Заттардың құрамындағы ылғалды анықтау уақыты кептіру шапшандығына байланысты. Ылғалды буландыруды тездету үшін электор қыздырғыш апаратурамен жабдықталған арнайы кептіргіш камералар пайдаланылады. Үлгідегі ылғалды буландыру және кептіру ұзақтығы түрлі кептіргіштерде 5 сағ-тан 24 сағ-қа дейін жетеді. Тіке тәсілдер бойынша дәл,сондықтан оларды лабораторияларда ылғалдықты жанама тәсілмен анықтауға арналған өнеркәсіптік ылғал өлшеуіштерді бақылау және тарлау үшін пайдаланылады.

Жанама тәсілдер шамасы үлгідегі ылғалға тәуелді параметірлерді өлшеуге негізделген. Төменде диэлектрик аса жоғары жилікті (АЖЖ) және оптикалық тәсілдерге негізделген аспаптарды қарастырайық.

Диэлькометірлік ылғал өлшеуіш. Осы аспаппен дымқыл өнімдерге диэлектірлік өтімділік пен диэлектрик энергия шығынының өзгерісі бойынша құрамындағы ылғалды өлшейді. Ылғалдың арытуымен диэлектрик өтімділікпен диэлектрлік энергия шығыны өседі. Бірақ диэлектрик өтімділікке тек ылғал мөлшері ғана емес,оның өнімде таралуы және байланыс түрі де ықпал етеді. Сол себепті бұл тәсіл ылғал байланысқан күйде болатын өнімдерге жарамсыз. Мұндай аспаптарда сезімтал элемент ретінде жазық не целиндр конденцатор пайдаланылады.

Диэлькометрлік ылғал өлшеуіш (4,34,а-сурет) көпірлік өлшеуіш (1) схемадан құралып, иіннің ұштарына Са айнымалы сыйымдылықконденсатор мен С жұмыстық конденсатор сондай ақ R1және R2 кедкргілері қосылған АБ көпірінің диоганалына жоғарғы жилікті генератордан (2) қоректену кернеу беріліп ВД диоганалындағы айырым кернеуі күшейткішпен (5) күшейтіледіде, реверсивті электр қозғалтқышына (4) беріледі, ол тіркеуіш аспаптың (3) стрелкасын жылжытып, генератор кернеуінің жилігін өзгертеді.

АЖЖ - ылғал өлшеуіш. Жоғарғы сезімталдығымен дәлдігімен сипатталатын аса жоғарғы жилікті тәсіл ылғалды жанаспасыз өлшеу үшін пайдаланылады.АЖЖ ылғал өлшеуіштің әрекет принципі өнім арқылы өткен немесе бетінен шағылған электромагниттік толқынның полярлану жазықтығының амплитудасын фазасы мен бұрылу бұрышын өлшеуге негізделген.АЖЖ ылғал өлшеуіш көрсету өнімнің физикалық-химиялық қасиеттеріне тәуелсіз,сондықтан оның бұл қасиеті диэлькометрлік ылғал өлшеуішпен салыстырғанда айтарлықтай артықшылығы болып табылады.Ылғал өлшеуіш (4,34-б сурет) АЖЖ-генератордан (1), сәулелендіргіштен (2), сәуле қабылдағыштан (3) және тіркеуіш аспаптан (4) тұрады. Сыйымдылығы С конденсатор астарларының арасынан өнімді өткізгенде ондағы ылғал мөлшеріне байланысты көпірде баланс бұзылушылығы болып ВД диоганалында электр тогы түзіледі. Күшейтілген сигнал реверсивті электро қозғалтқыштың қозу орамына беріледі. Электр қозғалтқыштың білігі айналып, сәйкесінше ылғалдықты көрсететін аспап стрелкасын қозғайды. Онымен бір мезетте генератор кернеуінің тербеліс жиілігі өзгеріп, бұл кезде көпірдің баланс бұзылушылығы жойылады. өнімдегі ылғал мөлшерінің артуына АЖЖ тербелісі өшіп тербеліс амплитудасы кемиді, ал оны өлшеуіш аспап тіркейді.

Оптикалық ылғал өлшеуіш. Оптикалық ылғалөлшеуіште инфра қызыл (ИҚ) сәулелер ылғалы бар үлгілерде жұтылады не шығалады. ИҚ сәулелердің жұтылу дәрежесі зерттелетін үлгідегі ылғал мөлшеріне тәуелді болады. Тәсілдің сезімталдығы мен дәлдігіне жуықтау. Ылғал өлшеуіш (4.34 в сурет) сәуле көзінен (2), оптикалық құрылғыдан (1,8) жарық сүзгіден (7) және фоторезистордан (3) күшейткіштен (4) есептегіш құрылғыдан (5) және тіркеуіш аспаптан (6) тұрады.

ИҚ сәулелер бірінші линзада жиналып, үлгіге бағытталады, одан шағылысып, шашыранған сәуле шоғы екінші линзада жиналып, жарық сүзгі арқылы фоторезисторға беріледі. Жұмыс кезінде жарық сүзгі зерттелетін үлгі жұтатын сәуле жиілігіне байланысты белгілі бір уақыт өткенде ауыстырылып отырады. Әртүрлі жиілікті сәуле шағылуының қарқындылығы тіркеліп, есептеуіш құрылғымен есептеледі, содан кейін сигналдың есептеуіш шамасы өнімдегі ылғалды көрсететін тіркеуіш аспапқа беріледі. Монохромат сәуле көзі ретінде лазер сәулесі пайдаланылуы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 754 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ | Дәріс бойынша тест сұрақтары | ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | Дәріс бойынша тест сұрақтары | Лғаю термометрі. | Температура түрлендіргіштері. | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Деформациялы аспаптар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР| Дәріс бойынша тест сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)