Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Температура түрлендіргіштері.

Читайте также:
  1. Начало соревнований 15 час. 30 мин. Температура воздуха в начале гонки -10 Окончание соревнований 16 час. 30 мин. Температура воздуха в конце гонки -12
  2. Сразу же после лечения температура спала, и анализы крови пришли в норму, что послужило врачам сомнением в правиль­ности первого анализа.
  3. Температура белой точки
  4. Температура застывания
  5. Температура и ферментные реакции
  6. Температура конца видимого сгорания
  7. Температура отпуска: 65

Кірістік электр шамаларының түріне қарай электр жылулық элементтер термокедергі және термопара болып бөлінеді. Термокедергі деп, қасиеті температураға тәуелді металдан немесе жартылыай өткізгіштен жасалған кедергіні айтады. Металл термокедергі таза мыс, темір, никель және платина секілді металлдардан әзірленеді. Жартылай өткізгіштерден металдардың айырмашылығы олардың кедергісі температура артқан сайын кеми түседі.Жартылай өткізгіштердің термокедергілерінің сезімталдығы металл термокедергілерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Себебі металл үшін температуралық коэффициент шамамен э=(4...6)10-3 болса, жартылай өткізгіш үшін =-40 10-3 және одан да жоғары болады, яғни 6...10 есе үлкен.

Термопара ұштары өзара дәнекерленген екі әртекті А және Б өткізгіштерден тұрады (4.4-суретте көрсетілген). Қосылыс нүктелерінің әртүрлі температурасында (t1және t2), яғни термопара ұштарындағы температура артқан кезде термопара тізбегінде өсетін ЭҚК пайда болады. Бұл құбылысты термоэлектр эффектісі деп атайды. Термопараны түзетін өткізгіштер термоэлектродтар деп атайды. Олар әдетте металдан және олардың қорытпаларынан жасалады.

Егер термопараның бір дәнекерінің температурасын t2 тұрақты қалдырып (қоршаған ортаның температурасына жуық), келесі дәнекерін қыздырсақ, онда туатын термо ЭҚК мен қыздырылған ұшының t1 температурасы арасында айқын тәуледілік байқалады. Демек термопара t1 температурасының өзгерісіне түрлендіреді. Термо ЭҚК өлшеу үшін термопара тізбегіне өлшеуіш аспапты қосу қажет (4.4-сурет).

4.4,а,б,в-сурет.

 

Сәуле пирометрлері.

Сәуле пирометрлері немесе пирометрлер деп дене температурасын олардың жылулық сәуле шығаруы бойынша анықтайтын өлшеу құралдарын айтады. Дененің жылулық сәуле шығару қасиеттерін пайдаланып дененің температурасын өлшеу тәсілі, абсолют қара дененің, яғни өзіне келетін барлық сәулелік энергияны түгелдей жұтатын дененің сәуле шығару заңдарына негізделген. Сәулелік энергия қызған денеден ұзындығы әр түрлі толқындар түрінде тарайды.

Пирометрлер әрекет принципі бойынша жарықтылық (оптикалық), радияциялық (толық сәуле шығару) және түрлі-түсті (спектрлік қатынас) болып бөлінеді.

Жарықтылық пирометрлер.

Бұлардың жұмыс істеу принципі зерттелетін дененің монохромат сәулесінің жарықтылығын пирометрлік шаманың қыздыру қылының жарықтылығымен салыстыруға негізделген. Бұлар спектрдің көрінетін аймағындағы қызған дененің температурасын өлшеуге (700оС-тан 800оС-қа дейін) арналған.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР | ЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ | Дәріс бойынша тест сұрақтары | ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | Дәріс бойынша тест сұрақтары | Деформациялы аспаптар. | ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР | ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лғаю термометрі.| ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)