Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР

Қалтқылы деңгей өлшеуіштер. Атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардағы сұйық деңгейін өлшейтін қарапайым аспаптарға қалтқылы деңгей өлшеуіштер жатады. Олардың әрекет принципі бақыланатын сұйық бетіндегі қалтқының ыдыстағы сұйық деңгейі өзгерген кезіндегі ығысуына негізделеді (6.1 сурет). Ыдыстағы сұйық бетінде (1) жүзіп жүретін қалтқы (2) ролик (4) арқылы қалтқы мен тросты теңгеретін жүкке (6) троспен (3) жалғанған. Жүкке бекітілген стрелка шкаладан (5) ыдыстағы сұйықтың деңгейін көрсетеді. Қалтқылы деңгей өлшеуіштер өлшеу дәлдігі аса қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.

Электрлік деңгей өлшеуіштер. Мұндай деңгей өлшеуіштердің (кондуктометрлік және сыйымдылық) жұмыс істеу принципінің негізіне актив омдық кедергінің не сыйымдылықтың бақыланатын орта деңгейіне тәуелділігі алынған.


Мембранды деңгей өлшеуіш. Бұл құрылғылар сусымалы заттардың және астықтың деңгейін өлшеуге қолданылады. Бункердің қабырғасына бекітілген астық деңгейінің мембранды сигнализаторында, астық қысымы қатты металл дискімені 2 иілгіш мембранаға 1 әсер етеді және оны серіппенің 3 күшімен алмастырады. Мембрананың астындағы астық биіктігі 150 мм болғанда контактінің іске қосылуы жүру керек.

Гидростатикалық деңгей өлшеуіш. Бұл құрылғының жұмыс принципі сұйыққа жүктелген денеге әсер ететін сұйық бағанының қысымын өлшеуге негізделген. Тамақ неркәсібінде буйкалы және пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштер кеңінен қолданылады.

Буйкалы деңгей өлшеуіштің жұмыс принципі сұйыққа жүктелген буйкаға әсер ететін итергіш күшті өлшеуге ненгізделген. Бұл күш ретінде серіппенің немесе оратылған торсинді түтіктің тығыз күші қолданылады.

Пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштерсұйық толтырылған резервуарға орналастырылған түтікті көрсетеді, оның деңгейі өлшенеді. Бұл түтік арқылы ауа үрленеді, ол сұйық арқылы көпіршік түрінде өтеді. Түтіктегі ауа қысымы ρ сұйық деңгейінің өлшемі болып табылады. Мұнда сұйық тығыздығының әсерін ρ ескеру керек, өйткені ρ=ρgH.

Электрлік деңгей өлшеуіш. Мұнда деңгейді өлшеу датчиктің сезімтал элементінің көмегімен электр сигналына түрлендіреді, ол қандай да бір электр өлшеу аспабымен өлшенеді.Мұнда ортаның электрлік қасиеттері қолданылады: электрөткізгіштік, диэлектрлік өтімсділік және т.б.

Акустикалық (ультрадыбысты) деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптар дыбыстық тербеліс қасиетіне негізделген, ортаның бөлігінің шегінің түрлі акустикалық кедергісіне байланысты. Ультрадыбысты деңгей өлшеуіштің ерекшелігіне олардың өлшенетін ортаның қасиетінің өзгерісіне сезімталдылығының жоқтығын жатқызуға болады, мысалы, үлкен температуралық диапазон, жоғарғы сенімділік

Радиоизотопты деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптарда сәулелену қабылдағышына (детекторға) берілетін иондалатын сәуленің ағынының қарқындылығына байланысты, өлшенетін ортаның деңгейіне байланысты.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 2136 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР | ЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ | Дәріс бойынша тест сұрақтары | ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | Дәріс бойынша тест сұрақтары | Лғаю термометрі. | Температура түрлендіргіштері. | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Деформациялы аспаптар.| ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)