Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДаҒдыларын баҚылаушы–Өлшегіш ҚҰралдар

Читайте также:
  1. ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН,ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ

 

Пән: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: IK 1101

Мамандық: 5В130100 «Жалпы медицина»

 

Оқу сағатының көлемі:

Барлығы: 135 сағат

Дәрістер: 15 сағат

Семинар сабақтары: 30 сағат

СРСП: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

 

Курс: 1

Семестр: 1

 

Қорытынды бақылау - мемлекеттік емтихан

 

1. 1883 ж. Абайдың досы Е.П. Михаэлистің тілегі бойынша... қаласында тас дәуірінің құралдары қойылған өлкелік мұражай ашылды.

А. Өскемен

В. Семей

С. Павлодар

D. Алматы

Е. Қарағанды

2. 1895 ж.... бастамасымен Түркістан әуесқой археологтарының қоғамы құрылды

А. В.В. Бартольдтың

В. Е.П. Михаэлистің

С. С.И. Руденконың

D. М.П. Грязновтың

E. И.В. Синициннің

3. Ерте палеолит кезеңінде қолданылған тасты жарып түсіру техникасына байланысты қойылған атау

А. Нуклеус

В. Малтатас мәдениеті

С. Мустьер

D. Палеолит

Е. Шапқы

4. Ежелгі неандертальдық адамның сүйек қалдықтары алғаш табылған жер

A.Қытай

B.Бельгия

C.Германия

D.Қазақстан

E.Кения

5. Мезолит дәуірінің негізгі ерекшеліктерінің бірі... жасалуы болды.

A. чоппинг

B. чоппер

C. скребел

D. микролит

E. шапқы

6. Садақ пен жебенің пайда болған мерзімі

A. энеолит

B. жоғарғы палеолит

C. мезолит

D. орта палеолит

E. неолит

7. Мезолит кезеңінде ойлап табылған, ұзындығы 1 – 2 см болатын жұқа тас пластиналар

A. нуклеус

B. чоппер

C. қырғыш

D. чоппинг

E. микролиттер

8. Қазақстан территориясында алғашқы адамдар пайда болған кезең

A. энеолит

B. кейінгі палеолит

C. неолит

D. ерте палеолит

E. қола дәуірі

9. Қытайда археологтар тапқан адам сүйегі қалдықтарына берілген атау

A. Синантроп

B. австралопитек

C. кроманьондық

D. питекантроп

E. неандертальдық

10. Неолит дәуірінің басты ерекшеліктерінің бірі

A. Қыш ыдыстардың жасалуы

B. Қорытпа пештердің жасалуы

C. Садақ пен жебенің пайда болуы

D. Чоппердің пайда болуы

E. Шапқыны жасалуы

11. Тастан жасалған еңбек құралдарын ығыстырып шығарған құралдар

A. мыс

B. қола

C. қалайы

D. темір

E. күміс

12. «Энеолит» сөзінің мәні

A. Мыстытас ғасыры

B. Қола дәуірі

C. Ежелгі тас ғасыры

D. Жаңа тас ғасыры

E. Алтын ғасыр

13. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай... бөлінеді

А. 1-ге

В. 2-ге

С. 3-ке

D. 4-ке

E. 5-ке

14.Неолит дәуірінің тағы бір атауы

A. “қыш ыдыстар дәуірі”

B. “жер өңдеу дәуірі”

C. “қола дәуірі”

D. “мыстытас ғасырының дәуірі”

E. “микролиттер дәуірі”

15. Ежелгі адамдар танымында жер-ана культінің болғандығын дәлелдейтін заттар

A. қалдықтар

B. еңбек құралдары

C. хаттар

D. зергерлік құралдар

E. әйел адамдардың мүсіндері

16. Мыс пен қалайының қосындысынан адамзат ойлап тапқан материал

A. темір

B. шойын

C. қола

D. қорғасын

E. никель

17. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңынан табылған мәдениет ескерткіштері

A. Андронов мәдениеті

B. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

C. Қараүңгір мәдениеті

D. Ботай мәдениеті

E. Шебір мәдениеті

18. Ең ежелгі қала Арқайым табылған аймақ

A. Қостанай мен Челябинск облыстарының шекарасы

B. Ертіс даласы

C. Тарбағатай даласы

D. Оңтүстік Қазақстан облысы

E. Жетісу

19.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті жататын дәуір

A. мезолит

B. палеолит

C. неолит

D. қола

E. темір

20. Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің тайпаларына зерттеушілер берген атау

A. Үйсіндер

B. Скифтер

C. Сарматтар

D. Андроновтықтар

E. Ғұндар

21. Қазақ киіз үйінің прототипі

A. Андроновтықтардың қонысы

B. Бәдәуилер шатыры

C. шатыр

D. күйме

E. сибир қонысы

22. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасқан дәуірі

A. Қола

B. неолит

C. жоғарғы палеолит

D. мустье

E. энеолит

23. Орталық Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің соңғы кезеңі

A. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

B. Андронов мәдениеті

C. Тамғалы мәдениеті

D. Атасу мәдениеті

E. Алексеев мәдениеті

24. Қола дәуірінде Қазақстан территориясында Андронов мәдениетінің орнына келген көшпелі мәдениет

A. Беғазы-Дәндібай

B. Ботай

C. Тамғалы

D. Атасу

E. Алексеев

25. Қола дәуіріндегі қалыптасқан жер меншігінің түрі

A. рулық ұжымдық

B. мемлекеттік

C. жеке

D. отбасылық

E. тайпалық

26. 1946 ж. көрнекті зерттеуші А.Х. Марғұланның басшылығымен Қазақстан территориясында... дәуірін кешенді зерттеу басталды

A. кейінгі темір

B. палеолит

C. неолит

D. энеолит

E. қола

27. Алматы облысындағы қола дәуіріне жататын көп мөлшердегі петроглифтер табылған орын

A. Ақкөл

B. Тасты

C. Атасу

D. Тамғалы

E. Қараүңгір

28. Батыс Қазақстандағы андронов мәдениетінің ескерткіштерін тапқан археолог

A. Ә.Марғұлан

B. Б.Андрианов

C. М.Грязнов

D. Х.Алпысбаев

E. А.Максимова

29. Андроновтықтар дүниетанымындағы адамдарды көкпен жалғастырушы белгі

А. Киіз үйдің тіреуіш діңгегі

В. Шаңырақ

С. Ошақ

D. Кереге

E. Уық

30. Қола дәуіріндегі адамдардың дүниетанымындағы ажал құдайы

A. Митра

B. Агния

C. Ра

D. Жер-ана

E. Яма

31. Сақтар туралы мәліметтер кездесетін сына жазбалары

A. Қытай билеушілерінің

B. Парсы патшаларының

C. Византия императорларының

D. Түркі қағандарының

E. Рим консулдарының

32. Иран деректерінің сақтарға берген атауы

A. “Далалық скифтер”

B. “Азиялық скифтер”

C. “Көшпенділер”

D. “Киіз үйшілер”

E. “Жүйрік атты турлар”

33. Тиграхауда сақтарының орналасқан территориясы

A. Жетісу, Тянь-Шань өңірі

B. Орта Азия

C. Орталық Қазақстан

D. Батыс Қазақстан

E. Арал өңірі және Сырдарияның төменгі ағысы

34.Парадарайя сақтарының орналасқан территориясы

A. Арал өңірі және Сырдарияның төменгі ағысы

B. Орта Азия

C. Орталық Қазақстан

D. Батыс Қазақстан

E. Жетісу мен Тянь-шань таулары

35.Сақ қоғамын құрайтын негізгі әлеуметтік топтар

A. жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері

B. патшалар, абыздар, жауынгерлер

C. қауым мүшелері, патшалар, бектер

D. жауынгерлер, абыздар, құлдар

E. көсемдер, патшалар, шаруалар

36. Б.з.д. 530 ж. сақ жеріне … басшылығындағы парсы әскері басып кірді

A. Александр Македонский

B. І Дарий

C. Кир

D. Ксеркс

E. ІІ Дарий

37. Б.з.д. VI ғ. сақ патшасы Томиристен жеңіліс тапқан парсы патшасы

A. Ксеркс

B. Дарий

C. Александр Македонский

D. Кир

E. ІІ Дарий

38. Б.з.д. 519 ж. сақтарға қарсы жорық ұйымдастырған патша

A. І Дарий

B. Кир

C. Александр Македонский

D. Ксеркс

E. Атилла

39. Б.з.д. VI ғ. парсыларға қарсы соғыста ерлік көрсеткен сақ малшысы

A. Фадлан

B. Ширақ

C. Эсхат

D. Рустам

E. Камбиз

40. Б.з.д. VIII ғ. Қазақстан мен Сібір территориясындағы тайпалардың өнерінде қалыптаса бастаған ерекшелік

A. “Геометриялық стиль”

B. “Өсімдік стилі”

C. “Аңдық стиль”

D. “Аралас стиль”

E. “Аморфты стиль”

41.«Үйсін» атауы ежелгі қытай деректерінде … бастап кездеседі

A. Б.з.д. II ғасырдан

B. Б.з.д. VI ғасырдан

C. Б.з. III ғасырдан

D. Б.з. І ғасырдан

E. Б.з. IV ғасырдан

42. Үйсіндер астанасы Чигучен орналасқан жер

A. Сырдария бойында

B. Ыстық көлдің жағасында

C. Іле бойында

D. Алакөл жағасында

E. Ертіс бойында

43. Б.з.д. ІІ – б.з. II ғасырларда қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналған Жетісу территориясындағы мемлекет

А. Үйсін

В. Ғұн

С. Қаңлы

D. Сақ

Е. Түргеш

44. Қарғалы үңгірінен табылған диадема … ұстаның зергерлік туындысы болып табылады

А. қаңлылық

В. үйсіндік

С. ғұн

D. сақ

Е. түргештік

45. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 ж. үйсін еліне... бастаған елшілікті жібереді

А. Чжан Цянь

В. Сыма Цянь

С. Чжи Чжи

D. Гаоцзу

Е. Хань

46. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндардың бір одаққа бірігуі … есімімен байланысты

А. Еділ

В. Чжичжи

С. Мөде

D. Бумын

Е. Естеми

47. Б.з.д. 55 ж. екіге бөлінген ғұн қоғамының Оңтүстік бөлігін басқарған шаньюй

А. Чжичжи

В. Уди

С. Мөде

D. Гаоцзу

Е. Хуханье

48. Чжичжи бастаған ғұндардың Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келу мерзімі

А. Б.з.д. І ғасырдың екінші жартысы

В. Б.з. І ғасырдың екінші жартысы

С. Б.з.д. ІІ ғасырдың екінші жартысы

D. Б.з.д. ІІ ғасырдың бірінші жартысы

E. Б.з. ІІ ғасыры

49. Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны … басталды

А. Б.з. 95 ж.

В. Б.з. 94 ж.

С. Б.з. 93 ж.

D. Б.з. 99 ж.

E. Б.з. 98 ж.

50. V ғасырда Паннония жерінде пайда болған ғұн мемлекеті

А. Батыс ғұн империясы

В. Шығыс ғұн империясы

С. Оңтүстік ғұн империясы

D. Солтүстік ғұн империясы

E. Орталық ғұн империясы

51. Б.з.д. 55 ж. екіге бөлінген ғұн қоғамының Солтүстік бөлігін басқарған шаньюй

А. Чжичжи

В. Уди

С. Мөде

D. Гаоцзу

Е. Хуханье

52. «Қаңлылар – ежелгі түркі руы» деп тұжырымдаған шығыстанушы ғалым

A. В.Бартольд

B. С.Кляшторный

C. М. Левина

D. А. Егеубаев

E. Н.Аристов

53. Зерттеуші А.Н. Бернштамның пікірі бойынша кангюйлер немесе қаңлылардың байырғы жері

A. Жетісу

B. Ертіс бойы

C. Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер

D. Балқаш маңы

E. Жайықтың орта ағысы бойы

54. 1969-70 жж. қаңлы ескерткіштерін ашқан Отырар археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен зерттеуші

A. К. Ақышев

B. А.Максимова

C. Н. Аристов

D. С. Руденко

E. М. Комарова

55. Савромат қорымдарының ерекшілігі

A. Екі мәйітті бірінің үстіне бірін қойып, екі деңгейде жерлеу

B. Мәйітті тас сандықта жерлеу

C. «Патша қорғандарын» салу

D. Мәйіттінің қол-аяғын бүгіп жерлеу

E. «Мұртты обаларда» жерлеу

56. Жазба деректер бойынша қаңлылардың астанасы

A. Чигучен

B. Қызыл Аңғар

C. Битянь

D. Көкмардан

E. Суяб

57. Жазба деректер бойынша сақтарда жерге алғашқы соқа салу құрметі... берілді

A. Шонжарға

B. Шаруаға

C. Патшаға

D. Егіншіге

E. Рубасыға

58. Қаңлы мәдениетінің соңғы кезеңі

A. Жетіасар

B. Ботай

C. Беғазы-Дәндібай

D. Тасмола

E. Қауыншы

59. Ғұн қоғамындағы ақсақалдар кеңесі жылына... рет шақырылды

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

60. Cақ қоғамындағы абыздардың дәстүрлі түсі

A. Сары

B. Қызыл

C. Қара

D. Ақ

E. Жасыл

61. 552 ж. аварларға қарсы шыққан түріктердің қолбасшысы

А. Тардуш

В. Тон-Жабғу

С. Бумын

D. Білге

E. Датсу

62. 224 ж. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі ортаны алып жатқан қидан мемлекеті

А. Ляо мемлекеті

В. Цин империясы

С. Ноғай ордасы

D. Иран

E. Орта Азия

63. Көпес Малиахтың Түрік қағанатының Константинопольге барған елшілігін басқарған жылы

А. 603 ж.

В. 600 ж.

С. 567 ж.

D. 568 ж.

E. 570 ж

64. 568 ж Түрік қағанаты... келісім орнатты

A. Византиямен

B. Константинопoльмен

C. Иранмен

D. Эфталиттермен

E. Солтүстік Кавказбен

65. Түргеш қағанаты 20 әкімшілік аймақтың әрқайсысында... әскерден ұстаған

A. 6000

B. 8000

C. 5500

D. 7000

E. 6500

66. Түргештерде Сұлу қағанның орнына келген хан

A. Ешбар Елтеріс

B. Тоқарсан Құтшар

C. Үшлік

D. Құлишор

E. Шегу

67. Қарлұқтар 20 жыл бойы... шайқасты

A. Ұйғырлармен

B. Қимақтармен

C. Қытайлармен

D. Наймандармен

E. Tүргештермен

68. Дың ескерткіштері... байланысты

A. Қарахандықтармен

B. қарлұқтармен

C. оғыздармен

D. түрік қағанатымен

E. керейлермен

69. «Оғыздар 12 тайпадан тұрады» деп жазған автор

A. М.Қашқари

B. Ибн Хәукал

C. Гардизи

D. Петахья

E. Әл-Марвази

70. Оғыз мемлекетінің астанасы:

A. Суяб

B. Янгикент

C. Тараз

D. Баласағұн

E. Алмалық

71. Қыпшақтарда тайпаның ең беделдісі

A. елбөрі

B. гурхан

C. инал

D. шад-түрік

E. қаған

72.Қыпшақтардың сол қанат орталығы:

A. Cарайшық

B. Баласағұн

C. Сығанақ

D. Суяб

E. Тараз

73. Қыпшақ құлдарының атауы

A. Яланкуг

B. кедей

C. қалан

D. тағар

E. күл-еркіндер

74. Сағанаға жер астымен келетін арнайы жол

A. жер төле

B. роно

C. драмус

D. саркофаг

E. асстар

75. «Жүсіп-Зылиқа» романының авторы

A. Әли ақын

B. Қашқари

C. Марвази

D. А.Иассауи

E. Мақдиси

76. Көпестер қаласы

A. Түркістан

B. Тараз

C. Отырар

D. Иасы

E. Жамбыл

77. «Бұдын» сөзінің мағынасы

A. мемлекет

B. сауда

C. елші

D. егінші

E. халық

78. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы

A. Мұса

B. Сүлеймен

C. Хасан Боғра хан

D. Білге Қадыр хан

E. Cатұқ Бограхан

79. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс иеліктерге бөліну мерзімі

A. ХІ ғасырдың 30 жылдары

B. ХІ ғасырдың 40 жылдары

C. ХІ ғасырдың 20 жылдары

D. ХІ ғасырдың 50 жылдары

E. ХІ ғасырдың 60 жылдары

80. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт

A. билер институты

B. абыздар институты

C. сот жүйесі

D. әскери мұралық жүйе

E. жүздік институт

81. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғары Ертіс пен Орхон аралығында қандай атаумен пайда болды

A. тоғыз-оғыздар

B. керейіттер

C. наймандар

D. ұлыстар

E. сегіз-оғыздар

82. Наймандарда ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды жүргізетін арнайы атағы бар адамдар

A. шерби

B. ихтадар

C. салық жинаушы

D. тархан

E. сюбашы

83. XII ғасырда татар әскерін жеңу барысында Қытайдың Ван титулын иеленген керей билеушісі

A. Маргуз

B. Худжар Бұйрық

C. Тоғырыл

D. Күшілік

E. Жамуха

84. Керей тайпаларының солтүстік ордасы

A. Суяб

B. Сауран

C. Алмалық

D. Қатынбалық

E. Исфиджаб

85. ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақ тайпалары Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірінен ығыстырған тайпалар

А. қимақтар

В. oғыздар

С. қарлұқтар

D. түргештер

E. наймандар

86. ХІ ғ. Түркі тілдес халықтардың тарихы, тұрмыс салты мен тілінің баға жетпес ескерткіші:

A. “Диуан-лұғат ат-түрік”

B. “Құтты-білік”

C. “Тарих-и Рашиди”

D. “Ғылымдардың шығуы”

E. “Диуан-и Хикмет”

87. Исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалатын сопылық бағыттағы құнды шығарма

A. “Диуан-лұғат ат-түрік”

B. “Құтты-білік”

C. “Тарих-и Рашиди”

D. “Ғылымдардың шығуы”

E. “Диуан-и Хикмет”

88.VIIғ. басында қимақтар мекендеген территория

A. Моңғолияның солтүстік-шығысы

B. Шығыс және орталық Қазақстан

C. Моңғолияның солтүстік-батысы

D. Шу мен Талас бойлары

E. Енисей жағалауынан Алтайға дейін

89. Әбу Дулаф қимақтар жайында не деп айтқан?

A. «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады»

B. «Қаған - түріктердің ең басты патшасы»

C. «Ел билеушілері әскери көсемдер болды»

D. «Олар — несториан сарынындағы христиандар»

E. «Этникалық және тілі жағынан түріктерге жатады»

90. Қимақтар қазақ жерінің қай аймақтарын мекендеген?

A. Солтүстік, Шығыс және Орталық

B. Оңтүстік, Батыс және Шығыс

C. Орталық, Солтүстік және Шығыс

D. Батыс, Шығыс және Солтүстік

E. Орталық, Оңтүстік және Батыс

91. Катуан шайқасы қай жылы болды

A. 1140 ж

B. 1150 ж

C. 1141 ж

D. 1200 ж

E. 1135 ж

92. Куликово шайқасында Алтын Орда әскерін басқарушы

A. Батый

B. Мамай

C. Бейбарыс

D. Тоқтамыс

E. Шейх Ахмед

93. Батпақ шайқасы қай жерде болды

A. Римде

B. Кавказ жерінде

C. Сырдария бойы

D. Моғолстан

E. Самарқанға жақын жерде

94. Әбілқайыр мен Мұстафа хан арасындағы ұрыс қалай аталады

A. Атбасар

B. Екіретүп

C. Сығанақ

D. Арықбалық

E. Жамансай

95. Қытай деректерінде Моңғолия халқын қалай атаған?

A. татарлар

B. түріктер

C. қимақтар

D. қазақтар

E. ұйғырлар

96. Моңғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасуынан қандай топтарға бөлінді?

A. ақсүйек нояндар және еңбекші халық-араттары

B. мыңдықтар мен жүздіктер

C. нояндар мен аландар

D. әскер және қала тұрғындары

E. нояндар мен елшілер

97. Қай жылы Темучинді жақтаушылар моңғол ақсүйектерінің құрылтайы өтті?

A. 1206 ж. көктем

B. 1208 ж. күз

C. 1206 ж. күз

D. 1209 ж. көктем

E. 1208 ж. қыс

98. Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол империясының астанасы

A. Астрахань

B. Қарақорым

C. Мәуереннахр

D. Түркістан

E. Тараз

99. Шыңғыс ханның негізгі мақсаты

A. қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркеттерді біржолата талқандау

B. жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстану

C. Орта Азия мен Иранды, Кавказды, Шығыс Еуропаны басып алу

D. Отырар қаласын басып алу

E. хорезмшахының келген елшілерін өлтіру

100. Үгедейге Моңғолияның қай аймақтары қарады?

A. Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейін

B. Жетісу мен Мәуераннахр

C. Моңғолияның өзі

D. Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейін

E. Моңғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан

101. Шыңғысханның заңдар жинағы қалай аталады?

A. Шежірелер жинағы

B. Тарих-и-Рашиди

C. Шыңғыснама

D. Жеті жарғы

E. Яса

102. Ақ Орданы әлсіреткен жағдай

A. дербес саясат жүргізді

B. Ақсақ Темір жорықтары

C. Әбілқайыр жорықтары

D. саяси жағдайына байланысты

E. иеліктерді бөлуге бағытталған соғыстар

103. Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар

A. әміршілері

B. ақсүйек нояндар

C. даруғалар

D. уәзірлер

E. диуандар

104. Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі

A. Нураддин

B. Жaлаңтөс

C. Поладшы

D. Тоғылық Темір

E. Енке төрі

105. Ноғай Ордасын астанасы

A. Сарайшық

B. Алмалық

C. Суяб

D. Сығанақ

E. Аққорған

106. Батый басқарған Моңғол армиясының көпшілік бөлігін кімдер құрады?

A. Наймандар

B. қыпшақтар

C. татарлар

D. қимақтар

E. үйсіндер

107. Моғолстан хандығындағы билеушісінің дәрежесі

A. Қаған

B. Жабғу

C. хан

D. патша

E. уәзір

108. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы кім?

A. Жүніс хан

B. Сейітхан

C. Есен Бұға

D. Жәнібек мен Керей

E. Махмуд хан

109. 1380-1395 жылы Алтан Орданы кім биледі?

A. Барақ хан

B. Тоғылық Темір

C. Есен Бұға

D. Тоқтамыс

E. Мұрындық хан

110. Ноғай Ордасының территориясы

A. Ертіс пен Тарбағатай аймағы

B. Еділ-Жайық арасы

C. Алтайдан Әмударияға дейін

D. Жетісу мен Мәуереннахрды

E. Ертістен Еділге дейін

111. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлер атауы

A. Ру

B. Шыңғыс жерлері

C. Аймақ

D. Алан

E. Iнжу

112. Ақ Орданың негізін қалаушы кім?

A. Жошының үлкен баласы Орда Ежен

B. Шыңғысханның ұлы Үгедей

C. Енке Төре

D. Полaдшы

E. Нураддин

113. 1357-1380 жылдар Алтын Орда тарихында қалай аталады?

A. Империя тәуелсіздігі кезеңі

B. мәдени өркендеу кезеңі

C. Ұлы дүрбелең кезеңі

D. Билікті азат ету жылдары

E. Ұлы хандар кезеңі

114. Әбілқайыр хандығының 1431жылы болған астанасы

A. Сарайшық

B. Орда-Базар

C. Тұра

D. Суяб

E. Сығанақ

115. Қай ғасырда Ноғай Ордасының орыс мемлекетімен сауда-экономикалық байланысы дамыды?

A. XIV ғасыр

B. XIII ғасыр

C. XVII ғасыр

D. XVI ғасыр

E. XVIII ғасыр

116. Ақ Орданың алғашқы ханы

A. Мүбәракқожа

B. Әмір Темір

C. Сасы Бұға

D. Есен Бұға

E. Үгедей

117. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмен

A. 10 000 жауынгерден тұрады

B. 20 000 жауынгерден тұрады

C. 100 000 жауынгерден тұрады

D. 11 000 жауынгерден тұрады

E. 12 000 жауынгерден тұрады

118. Өзбек ханның елді билеу уақытты

A. 1342-1357ж.

B. 1334-1657ж.

C. 1342-1367ж.

D. 1334-1367ж.

E. 1312-1342ж.

119. Ш.Уалиханов Ноғайлар мен қазақтарды қалай атаған

A. туысқандар

B. екі туысқан Орда

C. ноғайлар

D. қазақтар

E. екі мемлекет достастығы

120. Қазақстан территориясы … ұлыстарының құрамына кірді

A. Жошы, Шағатай, Үгедей

B. Жошы, Төле

C. Үгедей, Шағатай

D. Шағатай, Төле

E. Жошы, Үгедей, Төле

1. Қазақ хандығының құрылуын алғаш рет баяндаған ортағасырлық тарихшының шығармасы

A. “Жылнамалар жинағы”

B. “Түрік шежіресі”

C. “Бабырнама”

D. “Тарихи Рашиди”

E. “Диуани лұғат ат-түрік”

2. “Тарихи Рашиди” шығармасында қазақ хандығының құрылған жылы

A. 1451-52жж.

B. 1450-57жж.

C. 1465-66жж.

D. 1465-66жж.

E. 1470-71жж.

3. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер

A. Сырдарияның бойындағы Яссы қаласы маңында

B. Сырдарияның төменгі ағысы

C. Арал теңізінің жағасында

D. Еділ жағасында

E. Жетісуда Шу және Қозыбас жерлерінде

4. Бұрұндық ханның Қазақ хандығында билік еткен жылдары

A. 1511-1521 жж.

B. 1380-1405 жж.

C. 1480-1511 жж.

D. 1426-1480 жж.

E. 1425-1482 жж.

5. Қазақ хандығы ХҮІ ғ. І ширегінде қай хан тұсында үлкен күшке айналды?

A. Керей хан

B. Бұрындық хан

C. Жәнібек хан

D. Хақназар хан

E. Қасым хан

6. Сібір ханы Көшімге қарсы тұруы үшін Хақназар хан кіммен одақтасты?

A. Өзбек ханы Абдоллахпен

B. Моғолстан ханы Саид Сұлтанмен

C. Қонтайшы Бошақтымен

D. Өзбек ханы Мұхамедпен

E. Орыс патшасы Иван Грозныймен

7. Тәуекел ханның өкілі Құлмұхаммед бастаған Қазақ елшілігінің Мәскеуге келген жылы

A. 1592

B. 1584

C. 1596

D. 1594

E. 1574

8. Дешті-Қыпшақтағы ержүрек батыр, мықты адам ретінде белгілі болған, Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын жаулап алып, Ресеймен қарым-қатынасты орнатқан ханды атаңыз.

A. Тәуекел хан

B. Хақназар хан

C. Есім хан

D. Тахыр хан

E. Жәңгір хан

9. Өзін қазақ және қалмақ ханымын деп санаған қазақтың ханы

A. Тәуекел хан

B. Хақназар хан

C. Есім хан

D. Тахыр хан

E. Жәңгір хан

10. 1710 ж. Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері қандай мәселені талқылады

A. Жоңғарларға тойтарыс беру үшін әскери күшті ұйымдастыру

B. Ханды сайлау

C. Бейбіт келісім жасау

D. Сауданың дамуы

E. Жаңа салықтар енгізу

11. Жоңғар хандығы қай ғасырларда құрылды

A. XVIII

B. XVI

C. XVII

D. XV

E. XIV

12. ХҮІІ ғ. Қазақ тарихи әдебиетінің маңызды есекрткіші “Жами ат-тауарих” шығармасының авторы

A. М.Дулати

B. А.Иассауи

C. М. Қашғари

D. Ж. Баласағұн

E. Қ.Жалаири

13. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы қазақ хандары жерленген мавзолей

A. Сырлытам кесенесі

B. Дауытбек кесенесі

C. Қарахан кесенесі

D. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

E. Жошы хан кесенесі

14. Тарихи деректерде «қазақтар мен қырғыздардың патшасы», «қазақтар мен ноғайлардың ханы» атанған билеуші

A. Тәуке

B. Тәуекел

C. Қасым

D. Кенесары

E. Хақназар

15. 1643 жылы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батырдың әскері жеңіске жеткен шайқас

A. Аңырақай

B. Орбұлақ

C. Қалмақ қырылған

D. Қарасиыр

E. Аягөз

16. Орыстың белгілі тарихшысы А.И. Левшин көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген қазақ ханы

A. Тәуке

B. Тәуекел

C. Қасым

D. Кенесары

E. Хақназар

17. «Жеті жарғы» заңдар жинағы бойынша қазақ қоғамында ең көп таралған жазалау түрі

A. дарға асу

B. дүре соғу

C. тас лақтыру

D. зынданға бекіту

E. құн төлеу

18. Орыс деректерінде Тәуке ханды қазақтармен қатар, кімдердің ханы деп жазады

A. өзбектердің

B. қырғыздардың

C. қарақалпақтардың

D. ноғайлардың

E. қалмақтардың

19. Қазақ халқының қалыптасуы … тұсында аяқталды

A. Есен- Бұға

B. Қасым хан

C. Тәуке хан

D. Әбілқайыр, Барақ хандар

E. Керей, Жәнібек хандар

20. Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамын құраған негізгі екі әлеуметтік топтар

A. ақсүйектер, қарасүйектер

B. ақсүйектер, шонжарлар

C. қарасүйектер, қарашалар

D. сұлтандар, төрелер

E. ақсүйектер, сұлтандар

21. XVI-XVII ғғ. қазақ қоғамындағы соттық, әкімшілік билік құзыретіне ие болған қарасүйек топтары

A. төрелер

B. сұлтандар

C. шонжарлар

D. қарашалар

E. билер

22. Қазақ қоғамында қалыптасқан, Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтақтары саналатын топтар

A. сұлтандар

B. қожалар

C. төрелер

D. қарашалар

E. билер

23. Үш жүз қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрған топтар:

A. сұлтандар, билер, шонжарлар

B. сұлтандар, қарашалар, билер

C. сұлтандар, төрелер, билер

D. cұлтандар, төрелер, қожалар

E. сұлтандар, билер, қожалар

24. Қазақ қоғамындағы ешқандай құқығы жоқ мүшелер

A. қарашалар

B. жатақтар

C. төрелер

D. құлдар

E. билер

25. 1580 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірткен қазақ ханы

A. Хақназар

B. Шығай

C. Тәуке

D. Тәуекел

E. Есім

26. 1582 ж. Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай мен оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы... жорығын ұйымдастырды.

A. Ұлытау

B. Шыңғыстау

C. Ақтау

D. Алатау

E. Қаратау

27. Абдолла хан... Баба сұлтанды өлтіргені үшін Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті

A. Тәукеге

B. Шығайға

C. Хақназарға

D. Жәнібекке

E. Тәуекелге

28. Бұхар қаны Иманқұл 1611, 1613 жылдары... басып алу үшін жорықтар ұйымдастырды

A. Таразды

B. Сауранды

C. Түркістанды

D. Ташкентті

E. Исфиджабты

29. Жеті жарғы бойынша қылмыстық іске … жастан бастап тартылды

A. 12

B. 11

C. 10

D. 13

E. 18

30. Тәуке хан қарақалпақтарды … арқылы басқарды

A. Төле би

B. Cасық би

C. Әйтеке би

D. Қазыбек би

E. Майқы би

31. «... барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана» деп пікір білдірген Ресей патшасы

A. І Петр

B. Анна Иоановна

C. ІІ Елизавета

D. ІІ Петр

E. А. Тевкелев

32. 1715 жылы жасақталған орыс экспедициясы

A. И. Бухгольц экспедициясы

B. П. Ступин экспедициясы

C. Александр Бекович-Черкасский

D. И. Лихарев экспедициясы

E. П. Северский отряды

33. Патша үкіметінің А.И. Тевкелевке берген, қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері белгіленген құжат

A. грамота

B. арыз

C. өтініш

D. хат

E. 12 тармақтан тұратын нұсқау

34. «Протекторат» сөзінің мағынасы

A. бағындырушы, басқарушы

B. иелік жасаушы

C. қорғаушы, қамқоршы

D. бағынушы

E. билеуші

35. XVIII ғ. 30-40 жж. Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында салынған, ұзындығы 770 шақырым болатын бекіністер шебі

A. Новоишим

B. Ертіс

C. Верный

D. Үй

E. Үлбі

36. 1752 ж. генерал С.В. Киндерманның басшылығымен салына бастаған, 11 бекіністен тұратын бекіністер шебі

A. Новоишим

B. Ертіс

C. Верный

D. Үй

E. Үлбі

37. «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған зерттеуші

A. Ш. Уәлиханов

B. Ә. Марғұлан

C. Н. Мұхамедқанұлы

D. А. Левшин

E. В. Бартольд

38. Абылай хан туралы «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды» деп жазған зерттеуші

A. Ш. Уәлиханов

B. Ә. Марғұлан

C. Н. Мұхамедқанұлы

D. А. Левшин

E. В. Бартольд

39. 1734 ж. құрылған, И.К. Кириллов басқарған экспедиция

A. И. Бухгольц экспедициясы

B. П. Ступин экспедициясы

C. Түркістан экспедициясы

D. И. Лихарев экспедициясы

E. П. Орынбор экспедициясы

40. Ресей Әбілхайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы … аманатта ұстады.

A. Ахметті

B. Жәнібекті

C. Нұралыны

D. Қожахметті

E. Шығайды

41. 1748 жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы … бекітті

A. Ахметті

B. Жәнібекті

C. Нұралыны

D. Қожахметті

E. Шығайды

42. XVII ғ. 60 жылдары Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай … атты сауда жолы салынды.

A. «Абылай жолы»

B. «Қытай жолы»

C. «Шығыс жолы»

D. «Ертіс жолы»

E. «Сауда жолы»

43. Үш жүздің өкілдері … жылы Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды.

A. 1781

B. 1871

C. 1782

D. 1772

E. 1771

44. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған көтеріліс басшысы

A. С. Датұлы

B. Е. Пугачев

C. Исатай

D. Кенесары

E. Махамбет

45. 1775 жылы Кіші жүзде “Көрінбейтін адам” атынан үндеу таратып, көтеріліске шыққан ұйымдастырушы

A. С. Датұлы

B. Е. Пугачев

C. Сапура Мәтенқызы

D. Кенесары

E. Махамбет

46. С.Датұлы бастаған көтеріліс... жылы басталды

A.1784

B. 1783

C. 1785

D. 1781

E. 1797

47. Империядағы саяси жағдайға байланысты және жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспай қалған реформа

A. Нұралы реформасы

B. Эссен реформасы

C. Перовский реформасы

D. Игельстром реформасы

E. Жәңгір реформасы

48. Генерал-губернатор О.А.Игельстром XVIII ғ. 80-жылдарында Кіші жүз старшындарымен тікелей байланыс жасау мақсатында Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет істейтін ахун … елшілікке жібереді.

A. Қоштайұлын

B. Құндағұлұлын

C. Оразмұхамедті

D. М.Құсайыновты

E. Жантөрені

49. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс... жылға созылды

A. 8

B. 15

C. 10

D. 14

E. 5

50. Абылай хан Ресей және Қытай мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орната отырып,... өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды.

A. Алтай, Тарбағатай

B. Еділ, Жайық

C. Орал, Торғай

D. Сырдария

E. Амудария

51. 1741 жылы Абылай сұлтан... қоршауында қалып, тұтқынға түседі.

A. қытайлардың

B. қырғыздардың

C. жоңғарлардың

D. орыстардың

E. қарақалпақтардың

52. Қалдан Цереннің: «Ол заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» деп сипаттаған қазақ ханы

A. Тәуке

B. Әбілқайыр

C. Хақназар

D. Абылай

E. Нұралы

53. Абылай сұлтан мен оның серіктестерінің жоңғар тұтқынынан қайтып оралған мерзімі

A. 1741 жылдың 5-і қыркүйегі

B. 1743 жылдың 5-і қыркүйегі

C. 1742 жылдың 5-і қыркүйегі

D. 1744 жылдың 5-і қыркүйегі

E. 1745 жылдың 5-і қыркүйегі

54. 1779 жылы Абылай әскері … талқандап, басшысы - Садырбаланы тұтқынға алады

A. ойраттарды

B. ноғайларды

C. қарақалпақтарды

D. татарларды

E. қырғыздарды

55. Абылай хан тұсында үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленген ежелгі қала

A. Отырар

B. Сарайшық

C. Тараз

D. Түркістан

E. Сығанақ

56. Кіші жүз территориясындағы Сапура Мәтенқызы бастаған көтерілістің өрістеуі барысында оған қатысушылардың саны... дейін жетті

A. 20 000

B. 50 000

C. 10 000

D. 5 000

E. 3 000

57. 1783 жылы С.Датұлы жетекшілігіндегі көтерілісшілер казак-орыс атаманы... тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді

A. Назаровты

B. Колпаковты

C. Пономаревты

D. Чагановты

E. Смирновты

58. С.Датұлы бастаған көтерілісте майор Назаровтың отрядына қарсы шайқаста ерлікпен қаза тапқан сұлтан

A. Айшуақ

B. Аппақ

C. Жантөре

D. Нұралы

E. Досалы

59. 1791 жылдың күзінде генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста кіші жүздің билері мен рубасыларының шешіміне қарамастан,... хан сайланады

A. Нұралы

B. Ералы

C. Есім

D. Айшуақ

E. Досалы

60. С.Датұлы 1797 жылы... көтерілісті тоқтататындығы туралы мәлімдеме жасайды

A. патша сарайында

B. хан кеңесінде

C. көтерілісшілер кеңесінде

D. патша кеңесінде

E. Пугачев көтерілісінде

61. 1819 ж. … қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады

A. Тәуке

B. Абылай

C. Барақ

D. Жәнібек

E. Уәли хан

62. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған … халық арасында беделі төмен болатын.

A. Нұралының

B. Досалының

C. Жәңгірдің

D. Айшуақтың

E. Бөкейдің

63. 1809 жылы Жантөре хан қарсыласы... қолынан қаза табады

A. Қаратайдың

B. Шерғазының

C. Досалының

D. Айшуақтың

E. Бөкейдің

64. 1821 жылы Санк-Петербургке келген … ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді.

A. Қаратай

B. Шерғазы

C. Досалы

D. Айшуақ

E. Арынғазы

65. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің территориясы … ықпалында болды

A. Қоқан хандығының

B. Сібір қандығының

C. Көшім хандығының

D. Ташкенттің

E. Ресей империясының

66. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Ұлы жүздің территориясы … қол астында болды.

A. Қоқан хандығының

B. Сібір қандығының

C. Көшім хандығының

D. Ташкенттің

E. Ресей империясының

67. ХІХ ғ. 20-30 жылдары … бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады.

A. орыс-башқұрт

B. орыс-қазақ

C. орыс-қырғыз

D. орыс-өзбек

E. орыс-ағылшын

68. Ресей империясы 1822 жылы … қабылдады

A. «Орынбор қырғыздары туралы» жарғыны

B. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ережені»

C. Уақытша ережені

D. «Сібір қырғыздары туралы» жарғыны

E. «Сібір қырғыздары туралы уақытша ережені»

69. Ресей империясы 1824 жылы … қабылдады

A. «Орынбор қырғыздары туралы» жарғыны

B. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ережені»

C. Уақытша ережені

D. «Сібір қырғыздары туралы» жарғыны

E. «Сібір қырғыздары туралы уақытша ережені»

70. «Сібір қырғыздары туралы» жарғынының авторы

A. О.А. Игельстром

B. А. Пеутлинг

C. Перовский

D. П. Эссен

E. М. Сперанский

71. «Орынбор қырғыздары туралы» жарғынының авторы

A. О.А. Игельстром

B. А. Пеутлинг

C. Перовский

D. П. Эссен

E. М. Сперанский

72. «Сібір қырғыздары туралы» жарғы бойынша Орта жүз территориясына берілген атау

A. Орта жүз облысы

B. Торғай облысы

C. Батыс Сібір облысы

D. Сібір қырғыздарының облысы

E. Сібір губерниясы

73. Орта жүз территориясында 1838 жылға қарай құрылған сыртқы округтардың саны

A. 7

B. 5

C. 3

D. 2

E. 4

74. «Сібір қырғыздары туралы» жарғы бойынша құрылған округтық приказдарды басқаратын аға сұлтандар... жылға сайланды

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

75. «Сібір қырғыздары туралы» жарғы бойынша сот... категорияға бөлінді

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

76. «Орынбор қырғыздары туралы» жарғы бойынша кіші жүз территориясы... бөлінді

A. 6-ға

B. 2-ге

C. 3-ке

D. 4-ке

E. 5-ке

77. ХІХ ғ. І жартысындағы Қоқан хандығындағы Ташкент әкімінің көмекшілерінің бірі – саркардың негізгі қызметі

A. салық жинау және азаматтық істер

B. сот істері

C. әскери іс және көшпенділер мәселесі

D. мәдени істер

E. әлеуметтік істер

78. ХІХ ғ. І жартысындағы Қоқан хандығындағы Ташкент әкімінің көмекшілерінің бірі – батыр басшының негізгі қызметі

A. салық жинау және азаматтық істер

B. сот істері

C. әскери іс және көшпенділер мәселесі

D. мәдени істер

E. әлеуметтік істер

79. ХІХ ғасырда «Қазақтардың арасында «әзірейіл барда жаным бар деме, қоқандықтар барда малым бар деме» деген мәтел пайда болды», - деп көрсеткен зерттеуші

A. Ш. Уәлиханов

B. Ә. Марғұлан

C. Н. Мұхамедқанұлы

D. А. Левшин

E. В. Бартольд

80. 1821 жылы... бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтеріліс болды

A. Саржан Қасымұлының

B. Тентек төренің

C. Арынғазының

D. Жоламан Тіленшіұлының

E. Исатай Тайманұлының

81. 1816 жылдан 1821 жылға дейін... Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді

A. Саржан Қасымұлының

B. Тентек төренің

C. Арынғазының

D. Жоламан Тіленшіұлының

E. Исатай Тайманұлының

82. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары патшалық Ресейге қарсы... бастаған көтерілістер болды

A. Саржан Қасымұлының

B. Тентек төренің

C. Арынғазының

D. Жоламан Тіленшіұлының

E. Исатай Тайманұлының

83. Жәңгір хан 1833 жылы өзінің қайын атасы... Каспий теңізінің жағалауында көшіп қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды

A. Сағыр Баршығаевты

B. Қабық молданы

C. Баймағамбет Айшуақовты

D. Қарауылқожа Бабажановты

E. Тентек төрені

84. 1836-1838 жж. Ішкі Ордада болған көтеріліс басшылары

A. Саржан Қасымұлы

B. Махамбет Өтемісұлы

C. Арынғазы

D. Жоламан Тіленшіұлы

E. Исатай Тайманұлы

85. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі

A. кіші жүз аймағын қамтыды

B. орта жүз аймағын қамтыды

C. ұлы жүз аймағын қамтыды

D. бүкілхалықтық сипат алды

E. бүкілхалықтық сиапт алмады

86. Билер мен сұлтандар... жылы Кенесары Қасымұлын хан сайлайды

A. 1840

B. 1850

C. 1845

D. 1848

E. 1841

87. 1841-1842 жж. қоқандықтарға қарсы күресте Кенесарыға Сырдария бойындағы... бастаған қазақтар қолдау көрсетті

A. Саржан Қасымұлы

B. Жанқожа Нұрмұхамедұлы

C. Арынғазы

D. Жоламан Тіленшіұлы

E. Исатай Тайманұлы

88. 1843 жылы патша бұйрығымен Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор... жүктелді

A. Геккеге

B. Покатиловқа

C. Жемчужниковке

D. Пономаревке

E. Поповқа

89. Кенесары ханның соңғы шайқасы... Кекілік-Сеңгір деген жерінде болды

A. қоқандықтардың

B. қарақалпақтардың

C. ноғайлардың

D. хиуалықтардың

E. қырғыздардың

90. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы... сұлтан жалғастырады

A. Ерше

B. Нұрша

C. Жақия

D. Мұсағали

E. Сыздық

91. ХІХ ғ. басындағы қазақ қоғамында орын алған, егінді жерлерден жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі мөлшерінде ханға берілетін салық түрі

A. зекет

B. үшір

C. баж

D. егін

E. шаңырақ

92. ХІХ ғ. басындағы қазақ қоғамында орын алған, жиналған малдың 40-шы бөлігі мөлшерінде ханға берілетін салық түрі

A. зекет

B. үшір

C. баж

D. егін

E. шаңырақ

93. ХІХ ғ. I жартысында қазақ қоғамында орын алған мал шаруашылығы міндеткерліктері

A. соғым мен сыбаға

B. үшір

C. баж

D. егін

E. шаңырақ

94. ХІХ ғ. I жартысында кедей қазақтар атқарған істеріне қарай … бөлінді.

A. егіншілер, жатақтар және бақташыларға

B. жатақтар және ауқаттыларға

C. егіншілер мен малшыларға

D. бақташылар мен шонжарларға

E. егіншілер, жатақтар және рубасыларға

95. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада – хан беретін болды.

A. приказ

B. уәзір

C. тархан

D. жатақ

E. қараша

96. 1848-1849 жж.... басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіз картасын жасады

A. И. Бухгольц

B. П. Ступин

C. Александр Бекович-Черкасский

D. И. Лихарев

E. А.И. Бутаков

97. 1867-1868 жж.... қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды

A. «Орынбор қырғыздары туралы» жарғының

B. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереженің»

C. Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы Уақытша Ереженің

D. «Сібір қырғыздары туралы» жарғының

E. «Сібір қырғыздары туралы уақытша ереженің»

98. 1867-1868 жж. реформа бойынша генерал-губернаторлықтардың басқару жүйесі... бөліктен тұрды

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

99. 1868 жылғы Ережеге сәйкес діни істер Орынбор муфтиінің қарауына алынып,... қарамағына берілді

A. генерал-губернаторлықтың

B. приказдың

C. старшинаның

D. азаматтық басқарманың

E. болыстың

100. Ұлы Сібір темір жол құрылысы... басталды

A. 1890 ж.

B. 1895 ж.

C. 1905 ж.

D. 1896 ж.

C. 1892 ж.

101. Ақмола облысында орыс-украин шаруаларын қоныстандыруда экономист Ф.А. Щербина басшылығымен... жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды

A. «шаруаларын қорын»

B. «орыстар қорын»

C. қор

D. «халықтық қорды»

E. «қоныстанушылар қорын»

102. ХІХ ғ. соңында Қазақстанға орыстармен шаруаларымен қатар... қоныс аудара бастады

A. өзбектер мен қырғыздар

B. ұйғырлар мен өзбектер

C. ұйғырлар мен дүнгендер

D. дүнгендер мен қырғыздар

E. өзбектер мен дүнгендер

103. 1881 ж. 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында Іле аймағының тұрғындарына байланысты... қол қойылды

A. «Ресей-Қытай шартына

B. «Қытай шартына»

C. «Іле шартына»

D. «Мәскеу шартына»

E. «Петербург шартына»

104. ХХ ғасырдың басында Қазақстанның негізгі территориясы... облысқа бөлінді

A. 1

B. 7

C. 3

D. 6

E. 5

105. 1897 жылғы санақ бойынша өлке халқының... егіншілікпен шұғылданған

A. 95,4 %

B. 85,4 %

C. 75,4 %

D. 65,4 %

E. 55,4 %

106. 1912-1914 жж. «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы»... капиталистеріне қарасты болды


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 308 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Расчет времени нагрева металла в сварочной зоне| Задача 6

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.37 сек.)