Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Status praesens communis

Читайте также:
  1. III. Настоящее состояние (Status prаesens)
  2. Status localis.
  3. Семейный статус (status familiae)
  4. Статус свободы (status libertatis)

Anamnesis morbi

 

Науқастың айтуы бойынша, озін екі күннен бері нашар сезінуде. Ауруын майлы тағам жегенімен байланыстырады. Ауруы күшейе түскесін және жағдайының нашарлауына байланысты 23.10.2012ж Жедел Жәрдем арқылы БҚММУ-дың МО-ның хирургия бөліміне жатқызылды.

 

Anamnesis vitae

 

Науқас жасына және жынысына сай дамыған. Туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Бала кезінде Боткин ауруымен ауырған. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Темекі шегеді.

Операциялар: 1996 жылы аппендэктомия жасалған.

2006 жылы Крон ауруына байланысты.

 

Status praesens communis

 

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауыр. Санасы айқын, адекватты. Төсектегі қалпы-активті. Тері жамылғысы қалыпты түсті, таза, ылғалды. Қасылған іздер байқалады. Тері асты шел-май қабаты жақсы дамыған. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз. АҚҚ 120/80 с.б.б. Пульс -90рет. Жалпы бұлшық ет тонусы сақталған. Тілі таза,ылғалды. Іші палпацияда эпигастрий аймағыда ауырсынады. Перитонеальды белгілері теріс мәнді. Ішектің реристальтикасы естіледі. Бауырда өзгеріс бар. Қағу симптомы екі жақта теріс мәнді. Физиологиялық бөліністері қалыпты.

Тыныс алу жүйесі

Қарағанда: кеуде сарайы цилиндрлі формалы, тыныс алу актісіне екі жақта бірдей қатысады. ТАЖ 18 рет минутына.

 

Пальпацияда: Кеуде сарайы пальпация кезінде эластикалылығы төмен, ауырсынусыз. Дауыс дірілі екі жақта да бірдей.

 

Перкуссияда:

Салыстырмалы перкуссияда екі жақта бірдей анық өкпе дыбысы естіледі.

Топографиялық перкуссияда өкпенің жоғарғы шегі алдыңғы жағынан бұғанадан 2 см жоғары, артқы жағынан VII мойын омыртқа деңгейінде анықталады.

Кренинг кеңістігі – 4см.

Өкпенің төменгі шектерінің шекаралары.

Белгі сызықтар Оң жақ Сол жақ
  L. parasternalis L. media clavicularis L. axillaries anterior L. axillaries media L.axillaries posterior L. subscapularis L. paravertebralis   V қабырғааралық VI қабырға VIІ қабырға VIII қабырға IХ қабырға Х қабырға XI кеуде омыртқасының сүйек өсіндісі     - - VIІ қабырға VIІІ қабырға ІХ қабырға Х қабырға ХІ кеуде омыртқасының сүйек өсіндісі

Өкпенің төменгі шектерінің экскурсиясы.

Белгі сызықтар Оң жақ Сол жақ
L. media clavicularis L. axillaris anterior L. subscapularis 4 см 6 см 4 см   6 см 4 см

 

Аускультацияда: өкпе үстінде везикулярлы дыбыс естіледі. Бронхофония күшеймеген. Қосымша шулар естілмейді.

Жүрек-қан тамыр жүйесі

 

Қарағанда: Жүрек аймағында көзге көрінетін патологиялық өзгерістер байқалмайды. Мойын веналарының ісіп – кебуі, вена пульсациясы, жүрек томпағы, «Каротидтер» биі, ісіктер, цианоз, веналардың варикозды кеңеюі байқалмайды.

Пальпацияда: жүрек ұшы соққысы бесінші қабырға аралықта, сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см ішке қарай орналасқан, қалыпты. «Мысық пырылы симптомы» теріс. Пульс ырғақты, екі жақта бірдей, 82 рет минутына.

 

Перкуссияда:

Белгілері Салыстырмалы Абсолютті
Оң жағы Төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқары, IV қабырға аралық деңгейінде Төстің сол жақ қыры, IV қабырға аралық деңгейінде
Сол жағы Сол жақ L. media clavicularis-тен 1,5 см ішке, V қабырға аралықта Салыстырмалы тұйықтықтан сол жақ шегінен 2 см ішкері
Жоғарғысы ІІІ қабырға аралық, сол жақ L.parasternalis деңгейінде   IV қабырға аралық, сол жақ L.parasternalis деңгейінде

 

 

Тамырлар шоғырының шектері – 5 см.

Жүректің конфигурациясы – қалыпты.

Аускультацияда: Аускультациядажүрек тондары тынықталған, ырғақты. Жүректің соғу жиілігі 82/1 мин. Қосымша шулар естілмейді. Артериялық қан қысымы 120/80 мм с.б.б.

 

Асқорыту жүйесі

Қарағанда: Жұту актісі сақталған. Тілі таза, ылғалды. Жұтқыншақтың және көмей бездері қалыпты, үлкеймеген.

Пальпациялағанда іш бұлшықетінің тонусы жоғарылаған, эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Бауырда өзгеріс бар.

 

Зәр шығару жүйесі

Қарағанда: бел аймағында көзге көрінетін өзгерістер жоқ, бел аймағында қызару белгілері, перифериялық ісіктер байқалмайды.

Пальпацияда: бүйрек және қуық пальпацияланбайды.

Перкуссияда: «Қағу» симптомы екі жағында да теріс мәнді.

Зәр шығаруы еркін, ретті, ауырсынусыз, түсі қалыпты.

 

Жүйке жүйесі

 

Санасы ашық. Сұрақтарға толық жауап береді. Салдану, парез, сезімталдықтың бұзылуы байқалмайды

 

 


Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
кпенің төменгі шектерінің экскурсиясы.| Тексеру жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)