Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақ тілі. Қазақстандық қоғамды қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі
  6. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  7. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.

Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен шайқасып жатқан кезде, РесейдіңІ-Петр патшасының әскерлері Қазақстан жеріне бекіністер мен қалалар салуынан басталды. Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды өз отарында ұстаған Қоқан зекетшілері "жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің" деген салық ойлап шығарды. Қазақтар бұл қорлыққа көнбей 1858 жылы мамыр айында көтеріліске шықты. Мырза би деген зекетшіні нөкерлерімен қоса Шымкент түбінде қырып салды. Қоқан ханы Құдияр әр жерден бас көтерген қазақтарды аяусыз жазалап, қанды шеңгеліне қайта түсірген соң 1860 жылы Жетісуды орыс отаршыларынан құтқарамыз деген ұранмен әскер көтерді. Ұзынағаш түбінде полковник Колпаковский басқарған орыс әскері қоқандық сарбаздарды зеңбіректерден оқ жаудырып, жамсатып салды. Осы қоқандықтар сапында Байзақ, Батырбек датқалар да болатын.Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік Шоқай датқамен тіл табысқан, жай-жапсарды ұққан М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Сол генералдың қолы қойылған деректерге қарағанда 1864 жыл басталған қыс Оңтүстік Қазақстанда өте қатал болып, қазақтар жұттан көп малынан айырылған. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.Шудың бергі жағындағы қосын бастығы полковник Черняев басқарған әскер 1864 жылғы 1 мамыр күні Верный бекінісінен аттанды. Ал, бұдан бір жыл бұрын старшина Бутаков солто, сарбағыш руларынан манаптар Жанғараш, Маймыл, Тыналы, Бәйтік, Қойшы, Мәкеш, Шайділдә, Өзбек басқарған елдеріне барып, олардың Ресейге қарайтындығы туралы антын алды. Сол сияқты 1862 жылы попковник М. Г. Герасимов басқарған шағын орыс әскері Меркіге келіп, бағдарлап қайтқан еді.

 

53. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

 

 

54. Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. 1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

 

55. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі. "Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады."Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".

Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5: Қазалы,Перовск,Шымкент,Әулиеата,Ташкент уездерінен тұрды."Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды: облыстық, уездік, болыстық, ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губ-лығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губ-лығы қарауына берілді. Ақмола,Семей,Жетісу обл-рын Дала генерал-губ-лығы басқарды, Орал, Торғай обл-рын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губ-лығының орталығы — Омбы, сонымен қатар Ақмола обл-ның орталығы да Омбы, Семей обл-кі—Семей қ., Орал обл-кі — Орал қ., Торғай обл-кі—Орынбор қ. болып белгіленді. Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 395 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. | Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни. | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. | Азақ» этнонимі | Асым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы | XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы| ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)