Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шартты рефлекс

Читайте также:
  1. Активная фаза. Поисковый рефлекс
  2. В проявлении рефлекса окситоцина
  3. К механизмам познания и понимания относятся, прежде всего, идентификация, эмпатия, рефлексия и аттракция.
  4. О МЕТОДЕ УСЛОВНЫХ РЕФЛЕКСОВ ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНОЙ ПСИХОЛОГИИ
  5. Понятия «значимости» и «ценности» в социальном познании. Валюативный и рефлексивный стили философствования, проблема верифицируемости «целей общественного развития».
  6. Рефлексивная ориентировка в политическом поле
  7. Рефлексия

Шартты рефлекстердің жасалуы. 1. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын, кез келген бөтен) тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы). 2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсеті басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады. (Алдымен шартсыз, кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткенде шартты рефлекстің жасалуының қиын болатын себебі, теріс индукция заңымен және шартсыз тітіркендірудің күшінен бөтен тітіркендіргіш күшінің кемдігімен түсіндіріледі). Жасалған шартты рефлексті ұзақ уақыт сақтау үшін, оны мезгіл-мезгіл шартсыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру қажет. 3. ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. Сонда ғана белгілі тітіркендіруге жүйке клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады. 4. Шартты рефлекс жасалу қолданылатын тітіркендіргіштің қасиеті мен күшіне де байланысты. Бөтен тітіркендіргіштің күші қыртыста қозу ошағын тудыруға жететін болуы керек. Бірақ шамадан тыс, артық та болмауы керек. Осындай жағдайда шартты рефлекс жасалмайды.

 

59 билет-жоқ

60-сұрақ. Эритроциттер

Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды.

Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де - шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердіңқызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» - қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылғангемоглобинді оқ-сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан - алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлықұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді

61-сұрақ.Көру талдағышы немесе көру анализаторы

Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.

62 билет-жоқ

63 билет- Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Қанның қызметі:

1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;

3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды

8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Қанның құрамы.

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан(55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.

Лейкоциттер-- Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκωςақ және гр. κύτοςжасуша) – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер,моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.

Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі.

Эритроциттер ” (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді

64-сұрақ. Жыныс бездері.

Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен сперматозоидтар) және жануарлар менадамның жыныстық гормондары түзеді. Гермафродиттік жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі, ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де, ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық бездері даму үрдісінде екі жыныста да индефферентты, (биопотенциалды)даму сатысынан өтеді жыныстық дифференциациялануы басталады. Жұмыртқалары жыныс бездерінің қабыршақтары, сперматозоидтері, милы қабатында жаралады. Жыныс бездер, жыныс мүшелерінің негізі болып есептеледі.[

Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн.

65-сұрақ. Иіс сезу

Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.

Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.

Дәм сезу

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Газ алмасу | Ан плазмасы | Эритроциттер | Гемодинамика | Тромбоцит | Лимфа тамырлары | БилетЛейкоциттер | Зерттеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Билет.Синапс| Сипап сезу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)