|
Түйіспе(синапс)деп өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы (эффетор)түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады.Түйіспе ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы Ч.Шерингтон.синапс орналасуына яғни қандай құрылымдарды ұластыруына қарай ет-жүйкелік және нейронаралық түйіспелер болып 2ге бөлінеді. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер.қозу түйіспе арқылы өту үшін пресинапстық мембранадан бөлініп шығатын медиатор мөлшері жеткілікті болуы қажет және медиатор уақытында ыдырап одан босауы тиіс қозудың ет-жүйкелік түйіспеден өту механизмі олардың қай-қайсындаа болса да қозудың өту механизімінің негізін құрады.
Билет
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.
Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.
Билет
Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
31-билет
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.
Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол — клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.
Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Билет
Жылу реттеу орталығы-гипоталмус екенин байқауға болады гипоталмустың алдыңғы ядролары зақымдаса тыныс жолымен тері қан тамырларының әсерленісі арқылы жылу шығару тетіктері бұзылады осыған байланысты жануар температурасы көтеріліп өліп қалады.жылу барлық ағзаларда пайда болады жолақ еттерде барлық жылудың 80-60 бауыр мен асқоыту ағзаларында 20-30 бүйрек пен басқа ағзаларда тіндерде 10-20 өндіріледі сондықтан да жолақ еттердді организмнің жылу өндіргіш машинасы деуге де болады. Тамақ ішкеннен кейін зат алмасу қарқынымен жылу өндіру деңгейі күшееді.жылу шығару дене қалпын өзгерту арқылы да реттеледі тоңған кезде бүрсіп жатып қалу жылу шығун азайтады аяқ-қолын алшақ тастап ашық жату керісінше ыстыққа бейімделу белгісі.
Билет
Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның, омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға,ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады.Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л,ер адамдарда 130-160 г/л.Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса,қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:бауыр,ет т.б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады.Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып,өкпеге апарады.Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады.Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі.Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен,4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.
Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.
Гемоглабиннің қосылыстары.1)Гемоглабиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қосынды оксимоглабин деп аталады оксимоглабин тұрақсыз қосылыс тез ыдырап отттегінбөліп шығарады оксимоглабинге оттегі 2 валентті темір атомымен қосылады.2)Карбогемоглабин көмір қышқыл газбен қосылысы тұрақсыз тез диссоциацияланады көмір қышқыл газ гемоглабиннің амин тобымен қосылады.қанды күрең түске бояйды.3)карбоксигемоглабин-гемоглабиннің иісті газбен қосылысы.4)метгемоглабин-күшті тотықтырғыш заттардың (азот тотығы,метилен көгі,калий перманганаты, анилин,бертолет тұзы,фенацитит,пирамидон)әсерінен гемоглабин құрамындағы темірдің валенттілігі өзгереді ол 2 валентттен 3валентті болып өте тұрақты қосылыс құрайды.
Билет
ОЖЖ-ның негізгі қызметі –рефлекс тітіркендіру жауап беру деген мағынаны білдіреді.рефлекс дегенміз-ожж-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
БИЛЕТ
Қан ағысының 2 түрлі жылдамдықпен ажыратады көлемдік және сызықтық.көлемдік жылдамдық деп –белгілі бір уақыт ішінде қан тамырлары арқылы өткен жолын аитады ол(мл/с)мөлшерімен өлшенеді. сызықтық жылдамдық деп-қанның белгілі бір уақыт ішінде өткен жолын аитады(мм/с)
Билет
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұраұы. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ — қабылдаушыбөлімі.
Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері — балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі — ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып түратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқыныныңкүші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікгі -саға (кіреберіс) терезесіді деп атайды.Ішкі қулақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі қүры-лымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сүйық) болады.Сүйекті лабиринт үш құрылымнан — сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (үлудан) және жартылай дөңгелек түтікгерден, — тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.Саға — кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелектүтіктермен, ал дөңгелек қапшық — иірімді түтікпен жалғасады.Иірімді тутік (улу) — орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға — сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегінс, — бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің тобесінде бір-бірімен тар тесік — геликотрема, — арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.Корти мушесі — күрделі құрылым. Ол негізгі мембра-наның ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен суйеніш жасушалардан қүралады. Есту жасушаларының үшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір үшы сүйекті түлғаға жалғасқан, екінші үшы бос жататын жабынды табақша орналасады.Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға әзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан орі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі улу жуйкесінің үштары-нан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орнала-сқан есту талдағышының қыртысіық бөліміне беріледі
Билет
Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Машықтану жаттығулары көру өткірлігін тексеретін кестеден 5 метр (бұдан әрі - м) қашықтықта жүргізіледі. Көру қабілетін және миопатия деңгейі субъективті әдіспен анықталады
Билет
Рефракция немесе Жарықтың сынуы — оптикалық сәуленің (жарықтың) екі ортаны бөлетін шекарадан өткен кезде таралу бағытының өзгеруі, ауа орталығында жарық сәулелерінің сынуы (үзілуі); соның салдарынан бағдарлаған заттың кәдімгі биіктігі бұрынғысынан биіктеу сияқты болып көрінеді. Түзетуді алғанда рефракция жерлік (егер сэуле жердегі заттардан келетін болса) және атмосфералық (егер сәуле жұлдыздармен Күннен' келетін болса) болып екіге бөлінеді.[1] Сыну көрсеткіштері n1 және n2 болатын біртекті изотропты мөлдір (жұтпайтын) орталардың созылыңқы жазық бөліну шекарасында Жарықтың сынуы мынадай екі заңмен анықталады:
1) сынған сәуле түскен сәуле мен бөліну бетіне түсірілген нормаль (перпендикуляр) арқылы өтетін жазықтықта жатады;. Жарықтың сынуы жарықтың шағылуымен қатар жүреді. Бұл жағдайда сынған және шағылған сәуле шоқтары энергияларының қосындысы түскен сәуле энергиясына тең. Олардың салыстырмалы қарқындылығы сәуленің түсу бұрышына, n1 мен n2-нің мәндеріне және түскен сәуле шоғындағы жарықтың полярлануына тәуелді болады. Сәулеcsіn×=n2jsіn×) Снеллдің сыну заңымен байланысқан: n1c) мен сыну бұрышы (j2) түсу бұрышы (нормаль (перпендикуляр) түскен кезде сынған және түскен жарық толқындарының орташа энергияларының қатынасы мынаған тең: 4n1n2/(n1+n2)2. Егер n2<) тәуелді болады (қ.l=0-ден басқа) Жарықтың сынуымен қатар жарықтың полярлану күйі де өзгереді және бұл құбылыс сызықты полярланған жарықты алу үшін пайдаланылады. Жарықтың сынуының түскен сәуленің полярлануына тәуелділігі сәуленің қосарланып сынуы кезінде ерекше байқалады. Жалпы айтқанда, ортаның сыну көрсеткіші (n) жарық толқынының ұзындығына (j-дің кез келген мәнінде (jarcsіn (n2/n1) болса, онда Жарықтың сынуы болмайды. Бұл жағдайда бөліну шекарасына түскен жарық толқынының барлық энергиясы түгелдей шағылған толқынмен кері қайтады (яғни жарықтың толық ішкі шағылу құбылысы пайда болады). jn1 және түсу бұрышы Жарық дисперсиясы). Сондықтан монохромат) бар сәуле құраушылары әр түрлі бағытта таралады.lемес жарық сынған кезде, оның әр түрлі толқын ұзындықтары (Линзалар мен көптеген оптикалық приборлардың құрылысы Жарықтың сынуы заңдарына негізделген.
Рефрактометрлік әдістің негізіне жарық сәулесінің бір ортадан келесі ортаға өткенде бағытының өзгеруі немесе сынуы жатады. Аналитикалық сигнал сыну көрсеткіші болып табылады, ол анализденетін заттың табиғатына, құрылысына, тығыздығына тәуелді. Бұл параметрлер мына теңдік арқылы бір-бірімен байланысады:
Билет
Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4,2 л.,боксерлерде - 4,8 л., қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.
Билет
Сопақша ми (продолговатый мозг); (лат. medulla oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.
Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталық - тарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. (Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына отер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақзат, ішкі жағында — сүрзат орналасады. Ол ақзаттық аралықтар арқылы көптеген сүрзаттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сүрзаттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді. ақзаттық аралықтар арқылы көптеген сүрзаттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сүрзаттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.
Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:
· жүрек согу
· тыныс алу
· тер бөлу
· сілекей бөлу
· шайнау
· жұту, сору
· көз жасын бөлу
· ас қорыту сөлдерін бөлу
· құсу,
· кекіру
· күйіс қайтару
· тұшкіру
· жөтелу
· көз жыпылықтау орталықтары жатады.
Сопақша мидың сүрзаты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы мига, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.
Билет
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
Анализатор (Analyzer) - берілген алгоритмге сәйкес объектінің басты элементтеріне сипаттама беретін анализ жасау құрылғысы немесе бағдарлама. Желілік құрылғының жағдайын тексеретін, дестенің мазмұнына анализ жасайтын тәсіл.
Анализатор - 1)зат қоспада қайсібір заттың бар жоғын анықтайтын аспап; 2)радио және электротехникада әр түрлі үрдістерді зерттейтін аспап.
Билет
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.
Жүректің зерттеу әдістері
Клиникалық физиологиялық әдіс -жүрек жұмысын қан шығармай тексеруге мүмкіндік береді,бұл әдіспен сау адамның да науқас адамның да жүрегі зерттеледі
, пальпация -сипап ұстау әдісі жүрек түрткісінің орнын және күшін білуге болады,
перкусия -тықылдату жүрекк шекарасын анықтау, аускультация -тыңдау жүрек дыбыстарын естіп тану,
фонокартиография -жүрек дыбыстарын жазып алу
электрокардиография -жүрек биотогін жазып алу
векторкардиография -жүрек тоғының векторлық мөлшерін жазып алу,
баллистокардиография –жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу,
динамокардиография -жүректің қан айдауына байланысты кеуде білігінің ығысуын жазып алу
эхокардиография -ультрадыбысты қолданып жүректің қан айдау қызметіне байланысты ет құрылысының қақпақшаларының және қуыстарының өзгерістерін байқау рентгенмен зерттеу.
Билет
Спинальный шок – жұлындық естен тану (жансыздану), жұлынды көлденең толық қиған кезде оның қиған жерден төменгі жағының қозуы және рефлекторлық қызметтері толық жойылады. Содан кейін белгілі бір уақыт өткен соң біртіндеп, кейбір жұлынның қызметіне байланысты рефлекстер қалпына келе бастайды.
Билет
Микроайналым туралы түсінік – бұл тамырлар жүйесінің микроскопиялық бөлігіндегі қанның қозғалысы. Қанның микроциркуляциясы тамырлардың төменгідей схемасы бойынша іске асады: кішкентай артерия артериолаға айналады. Ол артериядан бір ғана бұлшық ет қабатымен /жазық салалы/ ерекшеленеді: артериола прекапиллярларға жалғасады. Прекапиллярдан тор құратын көптеген капиллярлар кетеді. Олардың қабырғалары эндотелилік клеткалардың бір қабатынан тұрады.
Билет
Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар. Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олартты рефлекстер түрінде көрініс береді.
Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе. Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.
Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші сөз болып табылады. И.П. Павлов екінші сигналдық жүйені сигналдардың сигналы деп атайды.
Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қормаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.
Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.
Егер адамға белгілі бір қимыл-қозғалыс актісін ойла десе сол кезеңде осы қимыл-қозғалысты жүзеге асыратын бұлшықеттердің функционалдық қалпы өзгереді. Моларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің айқын көрініс бермейтін, әрең байқалатын қарапайым элементтері көрінеді. Кейде адам іштей ойлағанның өзінде, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқан құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғызбаса да кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшеюі саларынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.
Билет
Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон- созыңқы және төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.
Билет
Нефрон (nephronum, грек, nephros — бүйрек) — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон — бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады. Бүйрек денешігі тамырлы және несепті бөліктерден құралған. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қылтамырлар (капиллярлар) торы және әкеткіш артериолакұрайды. Бұл бөлікке тазаланудан өтетін артерия қаны ағып келеді. Несепті бөлікті капиллярлар торы шумағын сыртынан қаптап тұратын бүйрек денешігінің қапшығы құрайды. Бүйрек денешігінің қапшығы екі қабат болып жатқан бірқабатты жалпақ эпителийден құралған. Қапшық қуысы проксимальды бөлім өзекшесі қуысымен мойын арқылы жалғасады. Бүйрек денешігінде капиллярлар шумағындағы қаннан, жоғарғы қан қысымының арқасында қан сұйығы қылтамырлар қабырғасы арқылы сүзіліп, бүйрек денешігі қуысына шығып, алғашқы несепке айналады. Алғашқы несеп құрамы жағынан қан плазмасынан айырмашылығы жоқ. Тек, оның құрамында қалыпты жағдайда протеиңдер болмайды. Алғашқы несеп нефрон бөлімдері арқылы ағып өткенде, оның құрамындағы керекті заттар (қант, керекті түздар, су) кері сорылып, керек емес ыдырау өнімдері (аммиак туындылары, улы, бояғыш заттар, дәрі- дәрмектер) несеп құрамына шығарылып, соңғы несепке (зәрге) айналып, нефрондардан құралған жинағыш түтікшелерге шығарылады.
Билет
Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі жағдайын өзгертуі. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге танымпроцестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән.
Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары — пейсмекерлерде — пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады.
Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасьшен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен — 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 — 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.
Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.
Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызмеііне байланысты.
Рефрактерлік — қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Билет
Жүрек етіне физиологиялық қасиеттері
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән.
Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоцитгерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары — пейсмекерлерде — пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады.
Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасьшен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен — 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 — 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.
Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.
Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызмеііне байланысты.
Рефрактерлік — қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Билет
Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.
51-билет Жоғары жүйке қызметі
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-өрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.
52-сұрақ. Ми қыртысы
Ми қыртысы, паллиум (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.
Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.
Адамдарда жаңа Ми қыртысы өте жақсы дамыған. Адамның Ми қыртысының 95,6%-ы неопаллиумнан түзіледі. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Мұны Ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы 1,3 – 5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 10 – 14 миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамида, жұлдыз, ұршық, тағы басқа тәрізді болады.
Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады.
53-Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады.
53-сұрақ. Қан тапсыру ережелері
Донорларға мына әрекеттерді жасау ұсынылмайды:
· Қан тапсыру алдындағы кеш қарсаңында сүт өнiмі, ысталған, ащы, қуырылған, майлы, тағам жемеу.
· Процедураға дейiн (48 сағат) алкоголь қабылдау.
· ды қабылдау,
· Процедураға дейiн (72 сағат) құрамында анальгетиктері бар аспирин, анальгин секілді тағы басқа препараттарды қабылдау
· Процедураға бір сағаттан кем уақыт бұрын шылым тарту.
Қан өткiзуi организмға кейбiр ауыртпашылықтап келтіреді. Сондықтан донорларды қолдау үшін ресми шаралар жүргiзiледi: ақы төлелетiн демалыс және тағы басқа қажеттіліктер өтеледі.
Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы.
54-сұрақ. Аралық ми
Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше:enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жүлыннан жөне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.
55-сұрақ. Қантамырлар және олардың түрлері
Қантамырлар және олардың түрлері. Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар(салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.
Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері
Артериялар | Веналар | Қылтамырлар |
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады | Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды | Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады |
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді | Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған | Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты |
3. Қан қысымы жоғары | Қан қысымы өте төмен | Қан қысымы шамалы |
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады | Теріге жақын да, тереңде де жатады | Дененің барлық мүшелеріне таралады |
5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы | Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары | Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады |
56 билет жоқ
57-cұрақ. Гемоглобин
Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның,омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға,ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады.Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л,ер адамдарда 130-160 г/л.Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса,қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:бауыр,ет т.б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады.Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып,өкпеге апарады.Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады.Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі.Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен,4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.
58 –сұрақ. Шартты рефлекс
Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гемодинамика | | | Шартты рефлекс |