|
Эритроциттер ” (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Э-дің тіршілік ету ұзақт. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады). Э. өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады. Ж. Ахметов
Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл жасушасы. Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада оның пішіні сопақ болып келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні сопақ болып келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен байланысады), карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып, қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады. Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсыденелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады.
12.Жүрек циклы
Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.
Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты. Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.
13.2-Бұлшық ет жиырылуының механизмі
Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекеті болып бөлінеді.
Шапшаң әрекетті, немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық ретикулум жақсы дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Мұндай талшықтар қанмен нашар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Олардың талшықтары ақ түсті, ірі әрі үзынырақ, құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады.
Баяу әрекетті, немесе тонустық, талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары және олардың құрамында миоглобин көп, гликоген аз жинақталады.
Шапшаң әрекетгі етгер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп жұмсайды және тонустық жиырылу кезінде қуатты аз сақтайды. Сондықтан статикалық жүмыс атқарылғанда (мысалы, дененің кеңістіклері жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу өрекеті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл атқару үшін шапшаң өрекеті ақ талшықтарды пайдаланады.
Бұлшық етте изотониялық, изометриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері кездеседі.
Изотониялық жиырылу кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, оның тек ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тогымен тітіркендірген кезде байқалады.
Изометриялық жиырылуда бұлшық етгің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады. Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.
Табиғи жағдайда таза изотониялық, немесе таза изометриялық, жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық етгің екі ұшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні, немесе антагонист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады, әрі қысқарады.
Ауксотониялық жиырылу деп бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиырылуын айтады. Қимыл әрекет үстінде етгер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді.
Тітіркендіру жиілігіне байланысты ауксотониялық жиырылу дара және қарыса жиырылу (тетанус) түрлеріне бөлінеді. Қарыса жиырылу кертпешті (тісті) және жазық қарысу болып бөлінеді.
Бұлшық етгің жиырылу механизмі өте күрделі, сондықтан оны түсіндіру мақсатында бірнеше теория ұсынылған. Олардың алғашқысы — актомиозиндік теория. 1939 жылы В.А.Энгельгардт пен М.Н.Любимова миозин белогына АТФ-ті ыдырататын АТФ-аза ферметінің қасиетгері тән екенін анықтаған, сондықтан АТФ әсерімен миозин жіптері қысқарып, ет жиырылады. Кейінірек Венгрия ғалымы А.Сцент-Дьорди ет талшығының қүрамында екінші — актин белогының болатынын аныктаған. Бұл белок миозинмен қосылып актомиозин кешенін түзеді. Актомиозиннің ферменггік белсенділігі миозиннен 10 есе артық болады. Бұл теорияға сәйкес актомиозин АТФ-ті ыдыратып, бөлінген қуат есебінен өзі жиырылады.
Мейер ұсынған жіпшумақтық (мицелярлық) теория бойынша миозин молекуласы өзара пептидтік байланыс арқылы біріккен амин қышқылдарының үзын тізбегінен құралады. Бұл амин қышқылдары коллоидтық бөліктерге — мицеллаларға топтасады. Тыныштық жағдайыңда мицеллалар шиыршық (спиралъ) түрінде орналасады. Бұлшық ет қозған кезде шиыршықта оң және теріс зарядталған бүйірлік иондар тобы пайда болады. Олардың элекгростатистикалық тартылуы нәтижесінде ет талшықтарының ұзындығы қысқарады, ет жиырылады.
Қазіргі кезде актомиозиндік теория негізінде А.Ходжкин ұсынған протофибриллалардың сырғанауы атты теория қабылданған. Бұл теорияға сәйкес тыныштық жағдайында актин протофибриллалары өздерінің ұшымен миозин протофибриллаларыньщ арасына еніп жатады. Бұлшық ет қозған кезде актин мен миозин арасындағы құрылымдық және физика-химиялық байланыстар өзгеріп, акгин жіпшелері миозиннің бойымен саркомердің ортасына қарай жылжи бастайды да, 2-мембранасын өзімен бірге тартып, саркомер қысқарады. Сырғанау кезінде актин мен миозин жіпшелерінің, А дискасының ұзындығы өзгермейді, ал И және Н дискалары қысқарады.
Бұлшық ет жиырылуының молекулалық негізін актин мен миозиннің электромеханикалық жанасу ерекшелігі құрайды. Актин мен миозиннің өзара әрекеттесуі саркоплазмалық торда сақталатын кальций иондарының қатысуымен жүреді. Тітіркенгенге дейін немесе босаңсу сатысыңда, актин мономері миозинмен әрекеттесе алмайды. Оған тропонин кешені мен миозин молекуласының соңғы бөлшектерінің белгілі пішіні (конформациясы) мүмкіндік бермейді. Кальций иондарының актин мен миозиннің өзара әрекеттесуіне әсері актин жіпшелерінің құрамына енетін тропомиозин мен тропониндік кешен арқылы жүреді. Алдымен әрекет потенциалы ықпалымен саркоплазмалық тордан кальций иондары шығып, олар тропонин белогымен қосылады да, тропониндік кешен пайда болады. Кальций иондарымен қосылу нәтижесінде тропониннің пішіні өзгеріп, тропомиозинді актиннің екі тізбегі арасындағы науашаға итереді де, оның тығындық әсерін тиады. Осының нәтижесінде актиннің арнаулы учаскелері ашылып, оның миозин өсінділерінің басымен байланысуына, көлденең көпіршелердің пайда болуына жағдай туғызылады да, жиырылу күші пайда болады. Көдденең көпіршелердің ескек тәрізді қимылдары миофибриллалар бойында тіркес орналасқан саркомерлерді қысқартып, етгің жиырылуын тудырады. Миозиннің көлденең өскіндерінің басында АТФ-аза ферментінің катализдік белсенді орталығы орналасады. Өскін басы актин жіпшелеріне бекіген кезде магний иондарының қатысуымен АТФ-аза активтеніп, АТФ-ті ыдыратады. Бұл үрдістерде бөлінген қуат ет талшықтарын жиырылту үшін пайдаланылады.
Жиырылу үрдісі аяқталысымен АТФ қуаты арқылы кальций сорапы іске қосылып, кальций саркоплазмалық торға кері қуылады да, ет талшығының цитоплазмасында оның концентрациясы азаады. Осының нәтижесінде акгомиозиннің АТФ-азалық белсенділігі басылады да, миозиннің келденең өскіндері актиннен ажырайды, ет босаңсып, ұзарады.
14.Жүректің өткізгіш жолдары
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.
15 билет жоқ
16 Биологиялық гемолиз.
Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі.Эритроцит 120-130күн жасайды.Ескірген эритроциттердің біразы бауырда,көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;
2. Осмостық гемолиз - эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса,эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді,судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып,ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті)әсерінен болады;
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
5. Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;
6. Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады).Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;
7. Элетрлік гемолиз - электрдің әсерінен болады.Сәуле энергиясы мен ультродыбыста электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады.
Тежелу
Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.
Орталық жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады.
18. Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары. Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения.
Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.
Тромбоциттер қызметі:
1. Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
2. Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
3. Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
4. Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
5. Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.
19.Бұлшықеттердің қажуы
Бұлшықеттердің ұзақ уақыт дамылсыз жиырылуы жұмыс істеу өрекетін төмендетеді. Жиырылу дәлдігі мен күші баяулайды. Дем алдырған соң қажуы басылып, бұлшықеттер қайтадан жиырыла бастайды.
Бұлшықеттердің қажуы:
1) жүйке жасушалардың шаршауына байланысты;
2) зиянды заттардың өсерінен болады. Бұлшықеттер қажып-шаршамау үшін жұмыс кезінде үзіліс жасаудың және белгілі бір ырғақпен жұмыс істеудің маңызы зор. Демалған кезде қан жасушалары ағзаны, бұлшықеттерді оттегімен, қоректік заттармен байытады. Зиянды заттарды кері тасып, жасушалардан сыртқа шығарады.
20.Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлынжүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
21.1-жоқ
21.2-қанның ұюы
Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.
Тромб негізінен ерімейтін талшықты ақуыз — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген ақуыз — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан ұлпадер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан жасушалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.
Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.
Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.
Қанның ұйуы дегеніміз ағнаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады
22. Жүйке талшығы.
Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron — жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия (нейроглия) жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі).
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
Миелинді жүйке талшығы - негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын — афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.
23.1-жоқ
Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ан плазмасы | | | Гемодинамика |