Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

БилетЛейкоциттер

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκωςақ және гр. κύτοςжасуша) – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер жәненейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.

Лейкоциттер — ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында қүрылады. Қан мен ұлпаларда әртүрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.

Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.

Түйіршіксіз лейкоциттер: 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр менбауырда жойылады.

Билет

Рефлекс (лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.

Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Себебі, орт. жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфол. және функц. байланыс болады; эфференттік бөлімнің сипатына қарай Рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің (эффектордың) әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуші Рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай Рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі (қ. Шартты рефлекс; Шартсыз рефлекс). Рефлекстің түрлі органдардың қызметі мен олардың байланысын реттей отырып, ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етуде, оны сыртқы орта жағдайларына бейімдеуде маңызы зор. Жүйке жүйесінің Рефлексті әрекетінің нәтижесінде ағза әрекетінің тұтастығы және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы анықталады.

85-Қанның құрамы.

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан(55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.

Қанның қызметі:

1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;

3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

86.Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұлпроцесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпеніатмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

87-Кардиология(Жүрек қызметін зерт әдістері)

к ардиология (грекше kardіa – жүрек және logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Газ алмасу | Ан плазмасы | Эритроциттер | Гемодинамика | Билет.Синапс | Шартты рефлекс | Сипап сезу | Тромбоцит |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лимфа тамырлары| Зерттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)