Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Несеп шыҒару жҮйесі» модулі бойынша аралық бақылау

Читайте также:
  1. Аралық бақылаудың 1-кезеңі - тестілеу
  2. Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру
  3. Ієрархія модулів і робочих просторів
  4. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие-білім беру жұмысына бақылау жасау
  5. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  6. Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.

Мақсаты:

Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс (өзін өзі жетілдіру құзыреті) тақырыптары және өтілген сабақтар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, ситуациялық есептер сараптауда коммуникациялық дағдыны бағалау

Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

1. Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.

2. Бүйрек шумақтарының зақымдалу механизмінің негізі.

3. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму механизмдері, салдарлары.

4. Өзекшелерден кері сорылуының бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.

5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму механизмі.

6. Полиурия, олигурия және анурия, шығуы бойынша түрлері, даму механизмі.

7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмдері.

8. Нефритикалық және нефротикалық синдромның этиологиясы және патогенезі (мысалы гломерулонефриттер, пиелонефриттер)

9. Несеп- тас ауруының этиологиясы және патогенезі.

10. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, дәрежесі, терапиялық ұстанымдар. БЖЖ –нің балаларда даму ерекшелігі

11. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, диурез өзгерістері бойынша бүйрек қызметінің бұзылуының сатылары бойынша дәрежелері. БСЖ-нің балаларда даму ерекшелігі.

12. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.

Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.

Йел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.

Ер текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылуы, мерзімінен бұрын жыныстық даму (біріншілік, екіншілік пубертат), жыныс дамуының тежелуі, гипогонадизм. Анорхизм, монорхизм, крипторхизм, салдарлары туралы түсінік.

16. Уролитиаз этиологиясы және патогенезі

17. Амилоидоз, анықтамасы, патогенезі.

 

1 – КЕЗЕҢ - ТЕСТІЛЕУ

СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

 


Бүйрек қызметінің бұзылысының этиологиясы мен патогенезі.Зәрлік синдромның патогенезі

1. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себебі болып табылады

A) қуық асты безінің аденомасы

B) жүйелік қанайналымының бұзылуы

C) жүйкелік-психикалық бұзылыстар

D) гиперпаратиреоз

E) алғашқы әлдостеронизм

2. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады

A) Таспен несепағардың бітелуі

B) гемолиздік стрептококк және аутоиммундық үрдістер

C) жүйелік қанайналымының бұзылуы

D) сілейме

E) гипертониялық ауру

3. Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады

A) Сілейме

B) Ауыр металл тұздары

C) гломерулонефрит

D) кадмиймен улану

E) үрпі түтігінің тарылуы

4. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы дамиды

A) коллапста

B) жедел қансырауда

C) гиперволемияда

D) сусыздануда

E) несеп шығару жолдарының бітелуінде

5. Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіш:

A) лейкоцитурия

B) гиперазотемия

C) аминацидурия

D) цилиндрурия

E) глюкозурия

6. Бүйректік клиренсті тексеру үшін клиникада анықтайды

A) зәрнәсілді

B) креатининді

C) несеп қышқылын

D) кәлийді

E) фенол туындыларын

7. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты

A) шумақтарда дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауына

B) шумақтың әкететін артериялары межеқуатының жоғарылауына

C) шумақтың әкелетін артериялары межеқуатының жоғарылауына

D) шумақтық сүзгі ауданының ұлғаюына

E) қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне

8. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты

А)қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне

В) гипергидратацияға

С) гиперволемияға

D) гипопротеинемияға

Е) гиповолемияға

9. Бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуына тән

A) гемоглобинурия

B) несепте жұқарған эритроциттердің болуы

C) креатинин тазартылуының төмендеуі

D) изостенурия

E) гиперазотемия

10. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылуын дамытатыны: (4)

A) нефрон өзекшелерінің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері

B) заттардың кері сіңірілуіне қажетті ферменттер белсенділігінің тежелуі

C) нефрон шумағының тіректі мембранасының өзгерістері

D) кері сіңірілу үрдісінің гормондық реттелуінің бұзылысы

E) кері сіңірілуі үрдісінің қалжырауы

11. Тұқымқуатын бүйректік фосфаттық диабет қабаттасады (4)

A) гипофосфатемиямен

B) гиперфосфатуриямен

C) гиперкәлцийуриямен

D) сүйек тінінің деминерализациясымен

E) гипергликемиямен

12. Фанкони синдромына тән

A) глюкозурия, аминацидурия

B) гиперкалиемия

C) гипергликемия

D) дистальдық өзекшелік ацидоздың дамуы

E) гиперпротеинемия

13. Проксималды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін

A) аммониогенез күшейгенде

B) сутегі иондарының өзекшелік сөлденісінің төмендеуі

C) натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда

D) ацидогенездің күшеюінде

E) бикарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылысында

14. Дисталды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін

A) аммониогенез күшейгенде

B) сутегі иондарының өзекшелік шығуының төмендеуінде

C) натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда

D) ацидогенездің күшеюінде

E) бикарбонаттардың кері сіңірілуінің бұзылуында

15. Олигурияның патогенезі байланысты

A) шумақтарда сүзілу үрдістерінің жоғарылауына

B) өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне

C) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына

D) бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуіне

E) бүйректің бұра-қарсы ағатын тетігі жұмысының бұзылуына

16.Полиурияның патогенезі байланысты

A) шумақтарда сүзілу үрдістерінің төмендеуіне

B) өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне

C) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына

D) бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің жоғарылауына

E) несеп шығаратын жолдарымен несеп ағуының қиындауына

18. Анурияны дамытуы мүмкін: (4)

A) диурезге қарсы гормонның тапшылығы

B) айқын ауыру сезімдік тітіркендіргіш

C) зәрағардың таспен бітелуі

D) зәрағардың бүгілуі немесе сырттан басылуы

E) систолалық артериялық қысымның 50 мм.с.б. төмен болуы

18. Талғамды протеинурияның патогенезінде маңыздысы

A) нефрон шумақтарының мембранасы өткізгіштігінің төмендегенде

B) алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылғанда

C) шумақтық сүзгінің базальді мембранасының теріс зарядының азаюы

D) проксимальды өзекшелердің эпителий жасушаларының деструктивті өзгерістері

Е) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуында

19. Шумақтық протеинурияның патогенезінде маңыздысы

A) нефрон шумақтарының сүзгілік мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

B) алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылуы

C) проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері

D) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуы

Е) кері сіңірілу үрдістерінің қалжырауы

20. Айтарлықтай протеинуриядан дамиды

A) бөгелулік гиперазотемия

B) организмнің жұқпаларға төзімділігінің жоғарлауы

C) гипопротеинемия

D) ісінулер

E) организмнің сусыздануы

21. Бүйректік гематурия, салдарынан дамуы мүмкін

A) бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

B) бүйрек өзекшелерінің дисталдық бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

C) бүйрек өзекшелерінің проксималды бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

D) бүйрек өзекшелерінде сөлденіс үрдістерінің бұзылуы

E) бүйректің қоюландыру қабілеттігінің бұзылуы

22. Несептің бүйректік дерттік бөлшектері болып табылады

A) жұқарған эритроциттер

B) тура емес билирубин

C) өзгермеген («жаңа») эритроцит

D) өт қышқылдары

E) уробилиноген

23. Изостенурия – бұл

A) несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,010-1,012

B) несептің тәуліктік мөлшерінің жоғарылауы

C) несептің тығыздығы Зимницкий сынауының барлық үлесінде 1,020-1,025

D) несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы

E) несеп шығарудың тоқталуы (50 мл/тәулік - тен аз)

24. Нефроздық синдром сипатталады (3):

A) айқын гематуриямен

B) айқын протеинурия және цилиндруриямен

C) гиперлипидемиямен

D) жайылған ісінулермен

E) айқын лейкоцитуриямен

25. Алғашқы нефроздлық синдром дамиды (2):

A) липоидтық нефрозда

B) жүйелі қызыл жегіде

C) бүйрек амилоидозында

D) диабеттік нефропатияда

E) жүктілік нефропатиясында

26.Нефроздық синдромның патогенезіндегі жетіспейтін тізбекті көрсетіңіз

Сүзілу мембранасының өткізгіштігінің жоғарылауы →талғамсыз протеинурия →?→ қанның сұйық бөлігінің тіндерге өтуі→ ісінулер

A) Қанның онкотикалық қысымының артуы

B) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

C) Қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы

D) Қанның осмостық қысымының жоғарылауы

E) Қан ағым жылдамдығының баяулауы

27. Нефроздық синдромның патогенезіндегі жетіспейтін тізбекті көрсетіңіз

Қанда натрий жоғарылауы→ДҚГ өндірілуінің жоғарылауы→айналымдағы қан көлемінің артуы→?→ісінулер

A) Қанның онкотикалық қысымының артуы

B) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

C) Қантамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы

D) Лимфаның ағып кетуінің қиындауы

E) Қан ағым жылдамдығының баяулауы

28. Нефроздық синдромның асқынуы болып табылады (3)

A) Тамырлардың тромбоэмболиясы

B) Екіншілік жұқпаның қосылуы

C) Ішкі ағзалардың кальцинозы

D) Инсулиннің бездік жеткіліксіздігі

E) Атеросклероз

29. Зәрдің жалпы анализін зерттей отырып, бүйректің қандай ауруы туралы ойлауға болады?

Нәруыз- 3%, лейкоциттік цилиндрлер –көру аймағында бірен-саран, эритроциттік -көру аймағында 5-6; өзгерген эритроциттер- – көру аймағында көп мөлшерде; лейкоциттер - 8-10 көру аймағында, бүйректік эпителий- 5-6көру аймағында, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1,015

A) жіті гломерулонефрит

B) нефроздық синдром

C) пиелонефрит

D) цистит

E) уретрит

30. Гломерулонефрит сипатталады(3)

A) бір бүйректің шумағында қабыну дамуымен

B) екі бүйректің шумағында қабыну дамуымен

C) сүзгі мембрана шумағының иммундық тетікпен зақымдануымен

D) сүзгі мембрана шумағының гипоксиялық тетікпен зақымдануымен

E) аурудың қауырт, созылмалы, симптомсыз ағымымен

31. Қауырт гломерулонефриттің жиі себебі болып табылады

A) Стафилококк

B) Стрептококк

C) Парамиксовирус

D) кандида саңырауқұлақтары

E) Анаэробты флора

32. Пиелонефрит-бұл

A) Бүйректің әсіресе милық қабатының тостағаншаларының, интерстициялық тінінің арнайы емес жұқпалық ауруы

B) Нефрон шумақтарының иммундық қабынуы

C) Бүйректің әсіресе өзекшелік құралының жұқпалық-аллергиялық зақымдануымен сипатталатын ауру

D) Бүйрек ұлпасының нейродистрофиялық үрдіс

E) Айқын протеинуриямен сипатталатын симптомдық кешен

33. Бүйрек ауруларында артериялық қысымның жоғарылауының патогенезі байланысты (3)

A) ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуіне

B) простагландиндер, брадикинин түзілуінің төмендеуіне

C) айналымдағы қан көлемінің артуына

D) қан плазмасында нәруыз мөлшерінің төмендеуіне

E) ОЖЖ-де ДКҚО түзілуіне

34. Бүйрек жеткіліксіздігіндегі ісінудің патогенездік жайттары (3)

A) Нейроэндокриндік

B) тамырлық

C) Онкотикалық

D) Гемодинамикалық

E) Тіндік

35. Көлемді гематурия (жуылған еттің түсіндей) тән:

A) қауырт диффуздық гломерулонефритке

B) созылмалы гломерулонефритке

C) Нефроздық синдромға

D) Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігіне

E) Липоидты нефрозға

36.Нефроздық синдроммен ауыратын балалардағы талғамды протеинурия, салдарынан дамыды

a) Шумақтардың тіректі мембранасының теріс зарялты жоғалтуының

b) Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының

c) Тіректік мембранада C3 әсерленуі, иммундық кешендердің шөгуінің

d) Мезангиум жасушаларының артық өсіп өнуінің

e) Бүйрек өзекшелерінің некрозының

37. Иммундық кешендермен зақымдану тән (4)

A) Тез үдемелі гломерулонефритке

B) Мембранасы өсіп өнетін гломерулонефритке

С) Мембраноздық гломерулонефритке

D) Гудпасчер синдромына

E) қауырт гломерулонефритке

38. 3 жасар балада фарингит ауруынан 10 күннен кейін жайылған ісінулер дамыды. Зертханалық талданымдар: айқын әлбуминурия, гипоәлбуминемия, гиперлипидемия. Науқаста болуы өте мүмкін:

A) аздаған өзгерісті нефропатия

B) мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

C) мембраналық гломерулонефрит

D) тез үдемелі гломерулонефрит

Е) жедел стрептококтық гломерулонефрит

39. Бүйректік гипертензияның патогенезі байланысты

A) Дегидратациямен

B) Ренин сөлденісінің жоғарлауымен, простагландиндер сөлденісінің төмендеуімен

C) Ренин сөлденісінің төмендеуімен, простагландиндер сөлденісінің жоғарлауымен

D) ААФ белсенділігінің төмендеуімен

E) Ангиотензин II деңгейінің төмендеуімен

40. Ауқымды протеинурия (тәулігіне 40г көп) дамиды

A) пиелонефритте

B) жедел гломерулонефриттте

C) созылмалы гломерулонефритте

D) нефроздық синдромда

E) несеп-тас ауруында

41. Нефроздық синдромға тән (4)

A) айқын протеинурия

B) Гематурия

C) Гипертензия

D) Олигурия

E) «жуылған ет» түсті зәр

42. Балалардағы шумақ бүлінісінің жиі кездесетін түрі

А) аздаған өзгерісті нефропатия

В) мембраналық-өсіп - өнулік гломерулонефрит

С) мембраналық гломерулонефрит

D) бөліктік гломерулонефрит

Е) созылмалы гломерулонефрит

43. Жедел стрептококтық гломерулонефрит кезіндегі протеинурия

A) Талғамсыз

B) талғамды

C) жүктемелік

D) әлбуминурияның басымдығымен

Е) Tamm-horsefall нәруызының басым жоғалту

44. Науқас М., 28 жаста, дене қызымының көтерілгенімен, ауыру сезімімен жиі дәретке отыратындығына, беліндегі ауыру сезіміне шағымданды. Зәрінде көптеген нейтрофилдер, лейкоциттік цилиндрлер. Бактериологиялық зерттеуде зәрінде 105 бактерия/мл-ден көп анықталды. Берілген дерттің мүмкіндік себебі болуы мүмкін:

A) Pseudomonas aeruginosa

B) Proteus vulgaris

C) Haemophilus influenza

D) Escherichia coli

E) Neisseria gonorrhoeae

45. Шумақтардың антиденелермен зақымдануының мысалы

A) аздаған өзгерісті нефропатия

B) мембраналық-өсіп-өнулік гломерулонефрит

C) мембраналық гломерулонефрит

D) Гудпасчер синдромы

Е) жіті гломерулонефрит

46. БЖЖ кезінде олигурияның патогенезіндегі маңыздысы (4)

A) бүйрекпен ренин өндірілуінің күшеюі

B) нефрон өзекшелерінің өткізгіштігінің бұзылуы

C) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

D) бүйрек ұлпасының ісінуі

E) пәрменді сүзілулік қысымның азаюы

47. БЖЖ кезінде диурез бұзылуының сатылары

A) бастапқы, олиго-анурия, диурездің қалпына келуі, полиурия

B) бастапқы, полиурия, диурездің қалпына келуі, олиго-анурия

С) бастапқы, олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі

D) олиго-анурия, полиурия, диурездің қалпына келуі

Е) бастапқы, үдемелі, ақтық

48. БЖЖ олигоануриялық сатысына тән

A) гиперазотемия, метаболизмдік ацидоз

B) гипокалиемия

С) сусыздану

D) гиповолемия

E) қанда қалдық азот деңгейінің төмендеу

49. БСЖ бірінші сатысында байқалады

A) олигоанурия

B) қанда креатинин мөлшерінің ұлғаюы

C) қанда зәрнәсіл мөлшерінің ұлғаюы

D) қанның қалдық азот деңгейінің жоғарылауы

E) шумақтық сүзілудің 50% ға төмендеуі

50.. БСЖ гиперазотемилық сатысында шумақтық сүзілу төмендеген

A) 10%-ға

B) 30% -ға

C) 40% -ға

D) 50% -ға

E) 80% -ға

51. БСЖ олигуриялық сатысында дамиды

A) полиурия

B) уремия

C) несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы

D) шумақтық сүзілудің жоғарылауы

E) өзекшелік кері сіңіріілудің жоғарылауы

52. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы (4)

A) организмнен азотты қалдықтардың шығарылуы мен сүзілудің бұзылуы

B) гипоосмолялдық гипергидратация

C) ацидоз дамуы

D) организмнің дегидратациясы

E) гормон, витаминдер метаболизмінің бұзылуы

53. Уремия кезіндегі сүйек жүйесі бұзылыстарының патогенезінде маңыздысы (4)

A) бүйректе Д витаминінің белсенді түрінің түзілуінің бұзылысы

B) гипокәлциемия

C) ішекте кәлций сіңірілуінің артуы

D) екіншілік гиперпаратиреоз

E) остеомаляция, кәлциноз

54. Уремия кезіндегі анемияның патогенезінде маңыздысы

A) эритропоэтин өндірілуінің төмендеуінің

B) эритропоэтин түзілуі жоғарылауының

C) спектрин түзілуінің тұқым қуатын ақауы

D) эритроциттердің осмостық төзімділігі жоғарылауының

E) орақ тәрізді эритроциттер түзілуінің

55. Нефроздық ісінулердің негізгі патогендік жайты болып табылады

A) гипопротеинемия

B) қан тамыр қабырғасының өткізгіштігің жоғарылауы

C) гиперпротеинемия

D) лимфаның ағып кетуінің қиындауы

E) қанда гидростатикалық қысымның төмендеуі.

56. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі остеопорозды дамытады

A) гиперкәлциемия

B) гипопаратиреоидизм

C) D витамині алмасуының бұзылысы

D) алғашқы гиперпаратиреоидизм

E) гиперкалиемия

57. БЖЖ олигоануриялық сатысына тән

A) гиповолемия

B) гиперкәлциемия

C) изоосмолялдық гипергидратация

D) артериялық гипотензия

E) алкалоз

58. У ремияға тән (4)

A) ісінулер

B) анемия

C) Куссмауль тынысы

D) дегидратация

E) артериялық гипертензия

59.Крипторхизм - бұл

A) ұмада бір жұмыртқаның болмауы

B) ұмада екі жұмыртқаның болмауы

C) екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

D) іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

E) жұмыртқалардың орналасуы

60. Жүре пайда болған фимоздың себебі

A) Баланопостит

B) орхит

C) простатит

D) эпидидимит

E) кавернит

61. Крипторхизм мыналардың пайда болуының қауіп-қатерлі ықпалы болып табылады

A) Семиноманың

B) хориокарциноманың

C) тератоманың

D) меланоманың

E) эндометриоздың

62. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының себептері бола алады

A) эстрогендер түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

B) энцефалиттер, жарақаттар, гипофиздің өспелері кезінде ГТГ өндірілуінің төмендеуі

C) аналық бездердіңполикистозы

D) аналық бездердіңГТГ-ға төмен сезімталдығы

E) аналық бездердіңаутоиммунды зақымдануы

63. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының көрінісіне жатпайтыны

a) жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

b) аменорея

c) мезгілінен бұрын жыныстық жетілу

d) дисфункциялық жатырдан қан кету

e) бедеулік

64. Етеккірдің болмауы мына терминмен белгіленеді

A) аменорея

B) полименорея

C) олигоменорея

D) меноррагия

E) альгоменорея

65. 7 күннен артық ауқымды етеккір мына терминмен белгіленеді

A) аменорея

B) полименорея

C) олигоменорея

D) меноррагия

E) альгоменорея

66. Аналық бездердің гиперфункциясының көріністеріне жатады

a) жыныстық ерте жетілу

b) акромегалия

c) крипторхизм

d) әтекейлік

e) адреногениталдық синдром

67 Ата бездің гипофункциясына әкелуі мүмкін (4)

a) ГТГ сөлденісін бұзатын қабыну, жарақаттар

b) Бүйрек үсті безінің жыныстық гормондарының артық өндірілуі

c) Ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

d) Ата без дамуының бұзылысы

e) гонадолибериндердің артық сөлденісі

68. Ата бездің гипофункциясының көріністеріне жатады (4)

a) жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

b) әтекейлік

c) кахексия

d) семіру

e) бедеулік, белсіздік

70. Ата бездің гипофункциясына әкелуі мүмкін

a) гонадолибериндер өндірілуінің азаюымен сипатталатын ми өспесі

b) Ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

c) семіру

d) ГТГ сөлденісінің артық болуы

e) Тиреотропты гормонның артық сөлденісі

71. Тұқым қуатын тубулупатияның мысалы болады

A) Фанкони синдромы

B) Нефроздық синдром

C) Нефриттік синдром

D) Гудпасчер синдромы

E) Конн синдромы

72.. Анорхизм - бұл (1)

a) ұмада бір жұмыртқаның болмауы

b) ұмада екі жұмыртқаның болмауы

c) екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

d) іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

e) ата бездің өзінің қалыпты орнында орналаспауы

73. Монорхизм (1)

a) ұмада бір жұмыртқаның болмауы

b) ұмада екі жұмыртқаның болмауы

c) екі жұмыртқаның іш қуысына бітуі

d) іш қуысынан ұмаға жұмыртқалардың түсуінің кешеуілдеуі

e) ата бездің өзінің қалыпты орнында орналаспауы

74.Қуықтың экстрофия (1)

A) қуық қабырғасының қалта тәрізді томпиып шығуы

B) қуықтың жыланкөзі

C) қуықтың туа пайда болған жабысуы

D) зәрағардың артқы қабырғасының болмауы

E) қуықтың алдыңғы қабырғасының туа пайда болған жырығы

75. Аналық бездердің алғашқы гипофункциясының себептері болуы мүмкін (5)

A) эстрогендер өндірілуінің тұқымқуатын ақауы

B) аналық бездердің поликистозы

C) аналық бездердің ГТГ-ға сезімталдығының төмендеуі

D) гипоталамустың немесе гипофиздің зақымдануы

E) аналық бездердің аутоиммундық зақымдануы

F) аналық бездердің гипоплазиясы

76. Аналық бездердің салдарлық гипофункциясының себептері болуы мүмкін (2)

A) эстрогендер өндірілуінің тұқымқуатын ақауы

B) гипофиздің өспелерінде, жарақаттарда, энцефалиттерде ГТГ өндірілуінің азаюы

C) гонадолибериндер өндірілуінің бұзылуы

D) аналық бездердің поликистозы

E) аналық бездердің ГТГ-ға сезімталдығының төмендеуі

 


 

2-кезең - клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау. Ситуациялық есептерді әр сабақтан, СОӨЖ және СӨЖ-ден қараңыз

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Прогрессирующее уменьшение функций почек | Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі | Глоссарий | Глоссарий | Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. | Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? | тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?| СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.076 сек.)