Читайте также:
|
|
Вот короче вам пример.
Дерзайте.
Не надо один в один пиздить текст и делать как у меня.
Шайкен А., түсінбегенің болса whatsapp’тан сұра.
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАРАГАНДИНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
КАЗПОТРЕБСОЮЗА
___________________________________________кафедрасы/кафедра
_________________________ практикадан өту
КҮНДЕЛІГІ
ДНЕВНИК
Прохождения _______________________ практики
Студент/студента____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты/ фамилия, имя, отчество)
__________________ курсы/курса __________________________тобы/группы
____________________________________________ оқу түрі/формы обучения
мамандығы/специальности ___________________________________________
ҚАРАҒАНДЫ 20____
ПРАКТИКА БАЗАСЫ ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ О БАЗЕ И РУКОВОДИТЕЛЯХ ПРАКТИКИ
Практиканың өту орны/место прохождения практики
________________________________________________________________________
(ұйымның, кәсіпорынның атауы/наименование организации, предприятия)
Практиканың басталуы/начало практики_______________________________
Практиканың аяқталуы/окончание практики____________________________
Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практика жетекшісі (аты-жөні, тегі, лауазымы, білімі, еңбек өтілі)/Руководитель практики от предприятия
________________________________________________________________________ (фамилия, имя, отчетство, должность, образование, стаж работы)
__________________________________________________________________
Университеттен (университет атынан) практика жетекшісі(аты-жөні, тегі, лауазымы, ғылыми дәрежесі)/ Руководитель практики от университета
__________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчетство, должность, ученая степень) _____________________________________________________________________________
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
КАЛЕНДАРНО-ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПЛАН
№ | Тақырыптың атауы, жұмыстың мазмұны/ Наименование темы, содержание работы | Практика орны (бөлімі, бөлімшесі, қызметі/)Место практики (отдел, подразделение, служба) | Жоспар бойынша орындау мерзімдері/Сроки выполнения по плану | Ескерту/ Примечание |
1. | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ ережелерімен танысу | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 09.06.2014ж. | |
2. | Балқаш қаласы әкімдігің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қортындысы туралы қызметтік хатпен танысу | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 12.06.2014ж. | |
3. | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ қаржылық есептеу және ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс секторының ережесімен танысу | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 16.06.2014ж | |
4. | «Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындылары туралы» қызметтік хатпен танысу | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 19.06.2014ж.. | |
5. | Балқаш қаласыны әкімдігің экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік бағдарламасымен танысу. ҚР бюджет туралы заңдарымен танысу. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне жалақы төлеу ережелерімен танысу. | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 23.06.2014ж. | |
6. | Балқаш қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асу барысымен танысу. | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 30.06.2014ж. | |
7. | Балқаш қаласының 2014-2016 жылдарға арналған азаматтық бюджетпен танысу | «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ | 04.07.2014 |
Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практика жетекшісі/Руководитель
практики от предприятия _____________________________________________________________ _____________________________________________________________
(аты, жөні, тегі/фамилия, имя, отчество)
____________________________
(қолы/подпись)
М.О./М.П. «_____» _________________ 20___ж./г.
КҮНДЕЛІКТІҢ МАЗМҰНЫ
Күні | Жұмыстың мазмұны | Жұмыстарды орындағаны туралы белгі |
9.06.14 - 12.06.14 | Мен Зияда Дінмұхамед 5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша іштей оқу бөлімінің студенттерге арналған өндірістік практиканы «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»ММ өттім. Тәжiрибенi өту барысында көптеген жаңа және қызықты ақпараттар алдым. Өндірістік тәжiрбие өту барысында мемлекетік мекеме «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ережелерімен, персоналымен, әр түрлi бөлiмдер мамандарының қызметтiк инструкцияларымен таныстым. | |
12.06.14 – 16.06.14 | 2014 жылға қойылған міндеттер мен танысу үшін, бөлім басшысы маған алдағы жылда болған қала экономикасына байланысты 2013 жылдың қорытындыларымен танысуды ұсынды және осыған байланысты мәліметтер берді. | |
16.06.14 – 19.06.14 | «Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ қаржылық есептеу және ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс секторының ережесімен танысу. Сектордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті құру және ұсыну ережелеріне және нысандарына сәйкес қаржылық есептілікті құру және ұсыну. 2.2 Бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп ережелеріне және Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарына сәйкес жүргізу. 2.3 Бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкес мемориалдық - ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асыру. | |
19.06.14 – 20.06.14 | «Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындылары туралы» қала әкімінің орынбасары А.Капашев жасаған қызметтік хатпен танысу. | |
23.06.14 – 30.06.14 | Балқаш қаласыны әкімдігің экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік бағдарламасымен танысу. ҚР бюджет туралы заңдарымен танысу. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне жалақы төлеу ережелерімен танысу. | |
01.06.14 – 04.06.14 | Балқаш қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асу барысымен танысу. | |
04.06.14 – 11.07.14 | Балқаш қаласының 2014-2016 жылдарға арналған азаматтық бюджетпен танысу және слайдта көрсетілген көрсеткіштерді қарастыру. |
Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практика жетекшісі:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(аты, жөні, тегі/фамилия, имя, отчество)
____________________________
(қолы/подпись)
М.О./М.П. «_____» _________________ 20___ж./г.
1. «Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің ережелерімен танысу
«Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жоспарлау жүйесін, экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, бюджетті атқару және қаланың коммуналдық меншігін басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Қарағанды облысы және Балқаш қаласы әкімдіктерінің қаулыларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.
3. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
4. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілетті болған жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың жағы ретінде мемлекет атынан әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі мақсаттары,
функциялары, құқығы және міндеттері
«Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
- қалалық деңгейде мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, қаланың тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізетін және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен өмір сүру деңгейін арттыруға қабылетті экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
- тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқарудың айқындығын қамтамасыз ету және қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару.
2. Міндеттері:
1) қалада мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8- тармақшасы);
2) әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8 тармақшасы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1-бабы, 2-тармағы);
3) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын мониторингілеу, қаланың Даму бағдарламасын, бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамды және үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспарын қалыптастыру арқылы экономикалық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ат салысу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8 тармақшасы);
4) инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасау («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы, 1-тармағы, 4- тармақшасы);
5) әртараптандыру мен бәсекеге қабылеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін экономиканың басымды бағыттағы секторларын дамыту («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 17-бабы, 2-тармағы);
6) экономика саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы, 3-тармағы);
7) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1-бабы, 2-тармағы);
8) жергілікті деңгейде салықтық және қаржы-несиелік саясатпен әрекеттесіп мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі,61-бабы, 1-1-тармағы, 2-тармақшасы);
9) бюджеттің жоспарлау және игеру сапасын арттыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 4-бабы, 12-тармағы);
10) бюджеттік мониторингті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы);
11) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жариялылығын және айқындығын қамтамасыз ету («Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 3-бабы);
12) қалалық коммуналдық меншікті тиімді пайдалану («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 2-тармағы).
3. Функциялары:
1) қаланың Даму бағдарламасын, бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамын, үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспарын әзірлеу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 3.5-бабы, 27-тармағы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы, 4-тармағы);
2) бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Болжамның, үш жылғы мерзімдегі қаланың Кешенді жоспардың орындалу барысына бақылау жүргізу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 3.4-бабы, 23-тармағы; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 61-бабы, 4-тармағы);
3) қаланың атқарушы органдарының мәліметтерін біріктіру арқылы қаланың Даму бағдарламасына мониторинг жүргізу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 3.5-бабы, 29-тармағы; Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 01 шілдедегі №100 бұйрығы, 6-бабы, 70-тармағы);
4) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 32-бабы, 2-тармағы);
5) экономикалық жағдайды, еңбек, капитал және тауар нарығының ахуалын талдау, реформалардың орындалу барысын бағалау және экономиканы дамыту үшін жан-жақты шаралар қолдану («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 4-тармақшасы);
6) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, стратегиялық және орта мерзімдегі даму жоспарларының жүзеге асу барысын мониторингілеу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 3.6-бабы, 40-тармағы);
7) қаланың тиісті кезеңдегі экономикалық жағдайы туралы ақпараттар мен баяндамалар дайындау, экономика құрылымындағы үйлеспеушілікті айқындау және оларды жою жолдарын белгілеу («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 1-8- тармақшасы);
8) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қала кәсіпорындарының қаржылық сауықтандыру саясатын әзірлеуге қатысу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18-бабы, 25-тармағы);
9) өз құзыреті шегінде қаланың өндірістік және экономиканың басқа секторларындағы кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізу («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы, 6-тармағы);
10) қаланың сыртқы және өңіраралық экономикалық байланыстарын дамыту бойынша стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,17-бабы, 3-тармағы, 6-тармағы);
11) бюджеттік жоспарлау үдерсіне әдістемелік жетекшілік ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 60-бабы, 3-тармағы);
12) инвестициялық белсенділік шараларды, инвестициялық және инновациялық саясатты қалыптастыруды ұйымдастыру және үйлестіру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31-бабы, 1-тармағы, 4- тармақшасы);
13) бюджеттік комиссия қызметін ұйымдастыру, бюджеттік комиссия отырыстарына мерзімі және күн тәртібіне сәйкес мағлұматтар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 57-бабы, 4-тармағы);
14) 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы және қаланың Даму бағдарламасы негізінде үш жылғы кезеңдегі қалалық бюджетті қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 64-бабы, 1-1-тармағы);
15) қалалық бюджеттен қаржыланатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру және олар бойынша қорытындылар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 68-бабы, 6-тармағы);
16) алдағы үш жылдық мерзімдегі бюджет жобасын, кірістер мен шығыстарды экономикалық негіздеу арқылы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар жобасы әзірлеу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік комиссия қарауына енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 73-бабы, 1-тармағы; 109-бабы, 1-тармағы);
17) орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 65-бабы, 1-1-тармағы);
18) тиісті үш жылғы кезеңге қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру жөніндегі қала әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 79-бабы, 1-тармағы);
19) басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 153-бабы, 7-тармағы);
20) бюджеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын мониторингілеу, іске қосылған бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалау және Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасына есептемелер ұсыну (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 154-бабы, 1.1-тармағы; 157-бабы, 9-тармағы);
21) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 4-тармағы);
22) қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуын бақылау, оны ұлғайту бойынша ұсыныстар мен іс-шаралар әзірлеу («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 24-бабы, 4-тармағы);
23) қалалық бюджетті атқару жөнінде жұмыстар ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 82-бабы, 3-тармағы);
24) қалалық бюджеттің қаржылануын және түсімдердің жиынтық жоспарына әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу(Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 82-бабы, 4-тармағы );
25) бюджеттік несиелерді беру, қызмет ету, оларды есепке алуын, мониторингілеуін және заңнама аясында қайтарылуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 82-бабы, 4-тармағы );
26) бюджеттік мониторингті жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы);
27) қалалық бюджетті атқару жөнінде ұсыныстар беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 82-бабы, 1-тармағы);
28) бюджеттік есепке алуды және қалалық бюджеттің орындалуы бойынша есептемелерін, сонымен қатар заңнамамен бекітілген басқа да есептемелерді жүргізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі»);
29) бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет атқарылуы жөнінде жалпы қорытындысын дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 82-бабы, 7-тармағы);
30) түсімдердің болжамды көлемін ескере отырып бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерің ай сайынғы кесетсіне белгіленген тәртіпте өзертулер енгізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 85-бабы, 9-тармағы);
31) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын құрастыру, бекіту және жүргізу («Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі», 16- бабы);
32) бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бекітілген түсімдер жоспарын және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен ақша шығыстарына келісім беру (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 102-бабы, 3-тармағы);
33) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте бюджеттік қаржыны басқару (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 101-бабы, 2-тармағы);
34) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын ай сайын бөлуін жинақтау, талдау және бағалау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізуін негіздеу, қаржыландыру жоспарарының орындалмау себептерін анықтау және бюджеттік бағдарламалардың орындалуына есеп беру арқылы қалалық бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 5-тармағы);
35) бюджет атқарылу кезінде бюджеттік бағдарлама тиімділігін бағалау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 113-бабы);
36) бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асу тиімділігін одан әрі арттыру, жүзеге асудың мақсатқа сәйкестігін немесе бюджеттік бағдарламаның жүзеге асуына бюджеттік қаражаттың қысқаруы жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 110,113-бабтары);
37) бюджеттік несиелерді есепке алу, мониторингілеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 198-бабы, 1-тармағы);
38) жергілікті атқарушы органның қарызын төлеуді және қызмет етуді қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 211-бабы);
39) бюджеттік қаражатты игеру мониторингісі аясында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және мониторингілеу (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 112-бабы, 5-тармағы);
40) қалалық бюджет есебінен қаржыланатын атқарушы органдардың штат санын және функцияларын талдау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, 56-бабы, 4-тармағы);
41) қалалық коммуналдық меншікті басқарады және иелену, пайдалану бойынша, сондай-ақ қала әкімдігі белгілеген жағдайларда қалалық коммуналдық меншікті басқару, соның ішінде қалалық коммуналдық меншікте тұрған акционерлік қоғамдардағы акциялардың пакеттерін және шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысу үлестерін басқару өкілеттігін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 2- тармағы);
42) қаланың коммуналдық меншігін есепке алуды жүзеге асыру, түгендеу жүргізуі, белгіленген тәртіппен қалалық коммуналдық меншіктің тізілімін жасау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы 18-бабы, 10- тармағы);
43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу («Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 13-бабы, 1-тармағы);
44) қалалық коммуналдық меншікке жататын мекемелермен және кәсіпорындармен мемлекеттік мүлікті басқару, тиімді және орынды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды атқару (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 10- тармағы);
45) қалалық коммуналдық меншікке жататын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікті бекіту (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13- тармағы);
46) қалалық коммуналдық меншікке жататын заңды тұлғалар арасында мемлекеттік мүліктерді қайта бөлуді жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13- тармағы);
47) қалалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру және есептен шығару мәселелері бойынша келісім беру (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 13- тармағы);
48) қалалық коммуналдық меншікті ұйымдастыру және тиімді пайдалнуын бақылау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 10- тармағы);
49) қалалық коммуналдық меншікке жататын және қалалық бюджеттен қаржыланатын жергілікті атқарушы органдардың пайдалану иелігіне берілген акциялар пакеті және қатысу үлестерін ұйымдастыру және тиімді басқаруын бақылау (Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, 18-бабы, 2-тармағы);
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1.. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке басымен жауапты «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші жетекшісі басшылық етеді.
2. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Балқаш қаласы әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
3. Бірінші басшы жұмыста уақытша болмаған жағдайда «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілетін орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
4. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей Балқаш қаласының әкіміне бағынады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамана ережелерін сақтау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады және оның келешекте жүзеге асырылуына жеке басымен жауап береді;
3) жеке дара басшылық ету қағидалары бойынша іс-қимыл жасайды және бөлімнің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыретінде және осы Ережеге сәйкес дербес шешеді;
4) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
5) банкте есеп шоттарды ашады;
6) сенімхаттар береді;
7) бөлімнің іссапарлары, тәжірибелері, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
8) бөлімнің бас мамандары және басқа қызметкерлерінің өкілеттерін белгілейді, бөлім қызметшілерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
11) заңнамамен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
12) бөлімнің актілеріне қол қояды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
1. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған тәртіпте жедел басқару құқығында жекешеленген мүлкіге ие бола алады. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншікті иесімен тапсырылған мүлік, сонымен қатар өзінің меншікті қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздері арқылы сатып алынған мүлкі арқылы қалыптасады.
2. «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына тіркелген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
3. Егерде басқа түрі заңнамамен белгіленбесе, «Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына тіркелген мүлкіні немесе қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат арқылы сатып алынған мүлкісін, өз еркімен жат етуге немесе басқа жолмен жұмсауға құқығы жоқ.
Мемлекеттік органның жойылуы және қайта құрылуы
«Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жойылуы және қайта құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.
2.Балқаш қаласының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға қойылған
міндеттерімен танысу
Балқаш қаласының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіштері өмір деңгейі артуының және дамуыныңың тұрақты динамикасымен сипатталады.
2013 жылғы қорытындылары бойынша қаланың өндіріс кәсіпорындарымен 304 899,0 миллион (бұдан әрі - млн.) теңге. Өнімнің айғақты көлем индексі (бұдан әрі - АКИ) былтырғы жылдың тиісті кезеңіне 121,3% деңгейінде қалыптасты.
Қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен негізгі капиталға 15 166,4 млн.теңге көлемінде инвестиция құйылды, 2012 жылдың тиісті кезеңінен 12,2% құрады.
Аймақтық Индустриаландыру картасы бойынша 4 жоба іске асырылуда, оның ішіндегі 2 жоба 2013 жылы іске қосылды. «Сары-Қазына» ЖШС жоспарлық қуаттылыққа шықты, қазіргі уақытта жақсы режимде жұмыс істейді, 2013 жылы 10 511,0 тонна катодты мыс өндірілді (іске қосылғаннан бері 2012 жылдың мамыр айынан бастап – 17,9 мың тонна).
Шағын бизнестің белсенді субъектілер саны 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда 21,8% артты, 4 457 бірлікті құрады. Нәтижесінде олар 13 677,0 млн.теңге өнім өндірді.
Аймақтық Индустриаландыру картасы бойынша 2 жоба іске қосылды: жалпы инвестиция көлемі 130 млн.теңге болатын және 30 жұмыс орнын құрайтын граниттік қаптау плиткасын өндіру және граниттік өнімдер бойынша «Недра-Балхаш» ЖШС жобасы және жалпы инвестиция көлемі 510 млн.теңге, 75 жұмыс орнын құрайтын және қуаттылығы жылына 61 мың тонна темір концентратын өндіру бойынша «ICC» ЖШС жобасы.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 12 456,5 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне 107,2%.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 385,1 млн.теңгені немесе былтырғы жылдың сәйкесті кезеңіне 108,6% құрады. Арту өсімдік өнімі өндірісінің 12,4%, жануарлар өнімінің 4,3% өсуіне негізделген.
12 299 шаршы метр тұрғын үй енгізілді немесе 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 109,5% құрады.
Қала бюджетіне 3 039,6 млн.теңге қаражат түсті, бұл 101,1% жоспардан артық. Жоспардан тыс 32,5 млн.теңге түсті.
Білім беру саласындағы жұмыс қолжетімді және сапалы білім беруді дамытуға бағытталған.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысатын азаматтар саны 21 060 адамды құрады, 27,4% қамтылған, өсу қарқыны – 207,3%.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім беру үрдісімен қамту – 3540, 99% құрады, ал 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны – 2538 (100%). Өсу қарқыны – 101,1%.
Халықтың денсаулық сақтау көрсеткіштерінің жағымды қарқынын атап өткен жөн.
Туылу қөрсеткіші 19,15 деңгейінде, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,8% жоғары (2012 жылы – 18,81).
Халықтың жалпы өлімі 9,83 деңгейінде тұрақтады, бұл 2012 жылдың деңгейінен (10,71) 8,2% төмендетілді.
2013 жылдың басынан бастап жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендер санынан 92,1% жұмысқа орналастырылды немесе 1810 адам. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 735 адам қатысты, кәсіби оқытуларға 111 адам, жастар практикасына жоғары және орта оқу орындарынан 59 түлек жіберілді.
Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай жалпы тұрақты. Ішкі саясат саласында негізгі бағыт ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағдарланған.
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жағымды динамикасына қарамастан, бір қатар көрсеткіштердің орындалмауы байқалады.
2013 жыл бойынша 20 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол берілді.
Құрылыс жұмыстары көлемі 7 172,7 млн. Теңгені құрады немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңіне 90,1%, 9,9% төмендеген.
Жүктерді тасымалдау көлемі 5,6 мың тонна, бұл өткен жылдың деңгейінен 49,9% төмен. Жолаушыларды тасымалдау 35,8% төмендеді және 419,1 мың адамды құрады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебінде топ-менеджментті оқытуға Балқаш қаласы бойынша бірде бір кәсіпкер жолданбаған.
«AB Metalls» ЖШС кәсіпорнында әлеуметтік қауырттылық жағдайлары байқалады.
Нәрестелік өлім-жітім сақталған – 13,0, немесе өткен жылдың деңгейінен 62,5% жоғары (8,0), орташа облыстық көрсеткіштен (9,3) 39,8% жоғары тіркелген.
Балқаш қаласының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын қарастыра келіп, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаланың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға қойылған міндеттер туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары:
1) 2014 жылға қойылған міндеттер бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасын, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Балқаш қаласының Даму бағдарламасында белгіленген мақсатты индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізуді;
2) Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын, «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» Бағдарламалық бабын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, EXPO-2017 ұйымдастыру және өткізудің ұлттық жоспарын сөзсіз орындауды;
3) Кіріс және шығыс бойынша бюджеттің толық және сапалы орындауды;
4) Бюджеттік қаражаттың, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің толық және тиімді орындалуын;
3. «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі ММ) (м.а. Ермекбай С.Б.) «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-мен бірге (З.С. Шлыкова):
1) 2014 жылға араналған ірі және орта кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасының орындалу барысын әрекеттегі бағалар және табиғи түрде көрсеткіштерін ерекше бақылауда ұстасын;
2) 2014 жылы Индустриализациялау картасы шеңберінде енгізілген объектілердің жұмысын, жобаларының жобалық қуаттылыққа шығуын бақыласын;
3) Индустриализациялау картасына, «Бизнестің жол картасы-2020» және 2012-2020 жылдарға арналған моноқалалардың дамыту Бағдарламалардың іске асыру шеңберіне кіретін жобаларды іздеу жұмысын жалғастырсын; Косымша 2
Балқаш қаласы әкімдігің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қортындысы туралы қызметтік хатпен танысу ( Индустриалдық-Инновациялық даму бойынша)
1.ӨНЕРКӘСІП. ИНДУСТРИЯЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаланың өндіріс кәсіпорындарымен 220 333 млн.теңгенің көлемінде қолданыстағы баға бойынша тауар өнімдері өндірілді (2012 жылдың қантар - наурыз айларында – 221 209 млн.тенге), өнімнің физикалық көлем индексі былтырғы жылдың деңгейінен 120,7%. Облыстың өнеркәсіп өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 25%. Атап айтсақ, жалпы өсімде өнеркәсіп өсімі 6 топ бойынша өнеркәсіптің 9,6% құрайды; 11,1% өнеркәсіп өндірісінің өсімі шағын кәсіпорындармен қамтамасыз етілген.
2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшелерінің өндіріс өнімінің көлемі (мыс кені – 68,5%, рафинадталған мыс – 6,9%, күміс- 8%) артты. Өткен жыл деңгейіне қарағанда табиғи ауыз су деңгейі 22,8% артты. Сүт өнімдері шығару көлемі жағынан артта қалысы жойылды (101,2%).
Сонымен қатар, 2012 жыл деңгейіне жылу энергиясы өндіріс көлемі 18,3%-ға, электр энергиясы – 4,1%, нан шығару – 2,4% төмендеді.
«ЗОЦМ» АҚ-ның өндіріс әлеуеттілігі 20% ғана жұмыс істейді: жыл басынан бастап бұл жерде өнім шығарылымының көлемі 70 пайызға тұтынушылардың тапсырыстар төмендеткеннен кейін азайды.
Өнеркәсіпте қол жеткізілген физикалық көлем индексінің әрі қарай артуы мен сақталуы үшін басты назар металлургия кәсіпорындарына аударылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының өндіріс әлеуеттілігінің толық және тұрақты жұмыс істеуіне барлық іс-шаралар қолданылады, оның ішінде азық-түлік өнімдері, құрылыс конструкциясы және материалдар, ағаш бұйымдары, текстиль бұйымдары, полиграфиялық өнімдер және т.б.
Индустриаландыру Картасына жүзеге асыру мақсатында 4 жоба енгізілді, оның ішіндегі 2 жоба 2013 жылы кірді. «Сары-Казна» ЖШС жоспарлық әлеуеттілікке шықты, осы уақытта жақсы жұмыс режимінде жұмыс жасайды, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 801 тонна катодты мыс өндірілді (ал 2012 жылдың мамыр айынан іске қосылған уақытынан бастап – 14,4 тың тонна).
Катодты мыс шығару бойынша гидрометаллургиялық цехтың және құрамында мыс бар шлакты қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасының құрылысы – индустриалды жобаның іске асуы жалғастырылуда.
Аталған жобаның іске асу кезеңінен бастап 1,2 млрд.теңге инвестиция салынды, 40 жұмыс орны жұмылдырылды.
Объектіде жер жұмыстары жүргізілді, 85% технологиялық құрал-жабдықтар жеткізілді, Қытайдан қалған технолоиялық жабдықтардың импорты бойынша кеденалды процедуралар жүргізіліп жатыр.
2. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР.
Қаланың кәсіпорын және ұйымдарымен негізгі капиталға 7 647 млн.теңге көлемінде инвестиция салынды, физикалық көлем индексі 2012 жылдың сәйкесті кезеңінің 83,6% құрады (2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 8 591,1 млн.теңге), оның ішіндеменшікті инвестициялар 6 528,8 млн.теңге құрады (2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 6 959,7 млн.теңге), немесе өткен жылдың деңгейіне 77,9%.
45% ғимараттардың құрылысына және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстарға инвестицияланды, 52% - құрал-жабдық, машина және мүлікке.
Өткен жылдың деңгейіне қол жеткізе алмаудың негізгі себептері мыналар:
- 2012 жылы «Сары-Қазына» ЖШС іске қосу жұмыстарына ауқымды қаражат жұмсалды; «Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаштық ЖЭО технологиялық құрал-жабдығының қайта күрделі жөндеуі және қайта құрылуына; «Профилекс» ЖШС – байыту фабрикасының құрал-жабдығын сатып алу; «Карагандацветмет» ЖШС – Қоңырат кеніші мен байыту фабрикасын қайта құруға.
Дата добавления: 2015-07-18; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
D. Области применения | | | ТАУАР АЙНАЛЫМЫ |