Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Функциялары

Қаржылық есептеу және ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс секторы жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:

3.1 Қарағанды қаласының бюджеті туралы есепті «Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы мониторинг» бағдарламасында жасайды және Қарағанды қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті түсіндірме жазбамен Қарағанды облысының Қаржы басқармасына ұсынады;

3.2 Қарағанды қаласы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы айлық, тоқсандық, жылдық есеп жасайды және Қарағанды облысының Қаржы басқармасына ұсынады;

3.3 Мемлекет мекемелермен олардың басқаруында қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түскен ақшаның түсімдері мен шығындалуы туралы жылдық есепті, демеушілік қайырымдылық көмектен түскен түсімдер мен шығындалуы туралы есепті жасайды және Қарағанды облысының Қаржы басқармасына ұсынады;

3.4 Мәлімделген лимиттер бойынша қаржы бөлімі аппаратын ұстауға түсіндірме жазбамен бюджеттік өтінім және есептеулерді жасайды.

3.5 Қаланың қаржы бөлімінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы қаулы жобаларын дайындайды;

3.6 Қаланың қаржы бөлімі бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды;

3.7 Мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық есеп жасайды және оны WEB-порталға енгізеді;

3.8 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізінде Қарағанды қаласының бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға қорытындылар дайындайды;

3.9 Қызметкерлерге және штаттан тыс қызметкерлерге еңбек ақысын аударады және қызметкерлердің жеке шоттарына аудару үшін төлем шоттарын дайындайды, табыс және әлеуметтік салықты аударады;

3.10 Құжаттарды 8.2 нұсқалы 1-С бағдарламасында өңдеуді жүзеге асырады, бухгалтерлік есептің мемориалдық ордерлерін жасайды;

3.11 Салықтар бойынша есеп, қаржы бөлімі аппараты бойынша статистикалық есептілікті жасайды және тиісті органдарға ұсынады;

3.12 Қаланың қаржы бөлімі бойынша қызметтерді көрсетуге, басқа да тауарларды сатып алуға жабдықтаушылармен шарттар жасасады;

3.13 Қазынашылық органдарында шарттарды тіркеуге өтінімдер жасайды;

3.14 Жоғары тұрған органдардың, қала әкімі аппаратының тапсырмаларын орындайды, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне жауап береді т.с.с;

3.15 Кадрлық қызмет бойынша тоқсан сайын есеп жасайды және оны Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ұсынады;

3.16 Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауды өткізеді;

3.17 Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді және аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне ақпарат ұсынады;

3.18 Кадрлық жұмыс бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді жүзеге асырады (қабылдау, ауысу, жұмыстан шығару туралы бұйрықтар дайындайды).

 

Құқықтары

Қаржылық есептеу және ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс секторына жүктелген функцияларын іске асыру үшін:

4.1 Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, заңды тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

4.2 Өзге құрылымдық бөлімшелерден бухгалтерлік есепті жүргізу және жүзеге асыру үшін қажетті, бюджеттің орындалуы туралы есептеулер, есеп беру мәліметтерін алуға құқылы.

Міндеттері

Бюджетті орындау, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу және өзге де функцияларды атқару кезінде:

5.1 Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жауапкершілігі

6.1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алқасының, Қарағанды облысының Қаржы департаментінің бұйрықтарын, қаулыларын (шешімдерін) іске асыру үшін.

6.2 Бухгалтерлік есептің жағдайы мен ақпараттың дұрыстығы үшін;

6.3 Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қала әкімі мен Қалалық мәслихаттың шешімдерінің сақталуы үшін жауапкершілік атқарады.

 

 

3. «Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындылары туралы»

қызметтік хатпен танысу

1. ӨНЕРКӘСІП. ИНДУСТРИЯЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

2014 жылдың 1 тоқсанында қаланың өндіріс кәсіпорындарымен 161,4 млн.теңге көлемінде қолданыстағы баға бойынша тауар өнімдері өндірілді, өнімнің физикалық көлем индексі 115,8% қалыптасты. Облыстың өнеркәсіп өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 25%. Сонымен қатар, АКИ-дың едәуір өсімі шағын өндіріс кәсіпорындарымен қамтамасыз етілген, бұл экономика саласында шағын бизнес әлеуетінің дамуы және ұлғайюы және өндірістің әртараптандырылуы туралы мәлімдейді.

2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда рафинадталған мыс – 1,9%, кесектегі алтын – 5,4%, күкірт қышқылы - 0,3%, жылу қуаты – 5,23%, «Балқаш су» КМК табиғи ауыз су өнідіріс 52%-ға артты.

Сонымен қатар, мыс кені -11,6%, түсті прокат - 12,5%, нан шығару көлемі 20,8%-ға, сүт өнімдері – 17,9%, электрэнергия – 39,7-ға, 28,7%-ға кесектегі күміс өндіру көлемдері төмендеді.

Индустриаландыру Картасына жүзеге асыру мақсатында 4 жоба енгізілді, оның ішіндегі 2 жоба 2013 жылы іске қосылды. «Сары-Казна» ЖШС-ның жобасы жоспарлық қуаттылыққа шықты, бірінші жартыжылдықта 5,1 мың тонна катодты мыс өндірілді, немесе былтырғы жылдың 104,6%. Жобаның жүзеге асуы экспортқа бағытталған өнімнің және 2013 жылғы өндіріс өнімінің 3%-ға АКИ-ның ұлғаюына ықпалын тигізді, 235 жұмыс орыны ашылды. Ағымдағы жылы зауыттың өндіріс қуаттылығын 15 мың тоннаға дейін арттыру мақсатында құрылтайшылармен зауытты модернизациялау бойынша мәселе қарастырылуда.

Өңірлік индустриаландыру Картасының 2013 жылы іске қосылған жобалары бойынша:

Ø «Недра-Балхаш» ЖШС 130 млн.теңге жалпы инвестиция көлеміндегі және 30 жұмыс орыны ашылуымен гранит бұйымдарын шығару жобасы, өткен кезеңде кәсіпорынмен 6 мың п.м. бордюрлер шығарылды, жобаның жұмысбастылығы 100% құрады;

Ø «ICC» ЖШС-нің 510 млн.теңге жалпы инвестиция сомасындағы және 75 жұмыс орыны ашылуымен қуаттылығы жылына 61 мың тонна темір концентратын өндіретін жобасы; бірінші жартыжылдықта кәсіпорынмен 20 мың тонна темір концентраты өндірілді, жобаның жұмысбастылығы тек 70% құрады, одан әрі ай сайын жобаның толық жұмысбастылығы қамтамасыз етіледі.

«Профилекс» ЖШС-ның « Құрамында мысы бар шлактарды өңдейтін байыту фабрикасының және катодтық мысты шығаратын гидрометаллургиялық цехтың құрылысы » жобасы бойынша құрылтайшыларымен 2015 жылы аяқталатын жаңа кестесі әзірленді. Жобалық құжаттамаға енгізілген өзгерістерге байланысты бірінші кезеңде шахталық қорыту пеші іске қосылады, шілде-тамыз айларында бірінші өнім – қара мыс (штейн) шығару жоспарлануда. Соңынан жобаны жүзеге асыру бойынша толық жұмыстары жалғастырылады.

Ағымды жылы индустриаландыру Картасына жылына 9 мың тонна қорғасын өндіретін жалпы инвестиция көлемі 740 млн.теңге және 70 жаңа жұмыс орынының ашылуымен полиметаллургиялық зауыттың құрылысы бойынша «БалхашПолиметалл» ЖШС-ның жобасын енгізу жоспарлануда.

2. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорын және ұйымдармен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,6 мрд.теңгені құрады, айғақты көлем индексі 100% деңгейінде қалыптасты. 2014 жылы қала экономикасына салынатын инвестиция көлемі 19375 млн.теңге көлемінде жоспарланған, немесе 2013 жылдың деңгейіне 116%. Инвестициялардың жылдық көлемі кәсіпорындардың меншікті қаражаты, шетел инвесторлары және несие қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік инвестициялар 8%-ды ғана құрайды.


Дата добавления: 2015-07-18; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Практики от предприятия _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ | ТАУАР АЙНАЛЫМЫ | РЫЛЫС САЛАСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РЫЛЫС САЛАСЫ| ТАУАР АЙНАЛЫМЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)