Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыс саласы

Читайте также:
  1. Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз
  2. Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз
  3. Рт жарылыс қауіпсіздігі
  4. РЫЛЫС САЛАСЫ

Ағымды жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 4150 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының АКИ 118,1% деңгейінде қалыптасты.

Құрылыс жұмыстары бойынша жылдық болжам көлемі 10895 млн.теңгені құрайды, немесе 2013 жылғы деңгейдің 120%, бұл тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу және жаңғырту, «Қазақмыс» Корпорациясы кәсіпорындарының негізгі технологиялық жабдықтардың күрделі жөндеу жұмыстары, БТЭЦ күрделі жөндеу жұмыстары және жаңа бизнес нысандарының құрылыс есебінен қамтамасыз етіледі.

 

8. ТҰРҒЫН-ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2014 жылы тұрғын үйді іске қосу бойынша жоспарлы тапсырма 13 100 ш.м. көлемінде бекітілген. 6 ай ішінде іске 6367 ш.м. тұрғын үй іске қосылды, немесе жоспардың 100% және былтырғы жылдың тиісті кезеңінің 86%. Жалпы жыл қорытындысы бойынша жоспарлы тапсырма орындалады.

9. ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2014 жылдың 6 айы ішінде бюджеттің кіріс бөлігі 102%-ға орындалды, есепті кезеңде 1841,9 млн.теңге жоспар түсында қалалық бюджетке 1870,1 млн. теңге қаражат түсті, бұл жоспардан 28,2 млн.теңге және 2013 жылдың тиісті кезеңінен 510,5 млн.теңге артық. Кірістердің өсу қарқыны былтырғы жылмен салыстырғанда 137,6%-ды құрады.

2014 жылға арналған салық салу базасын кеңейту бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарында бюджеттің қосымша түсімдері жалпы жыл бойынша 591,1 млн. теңге сомасында жоспарланған, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін түсімдер арқылы – 253,7 млн.теңге (қосымша түсімдердің жалпы көлемінің 42,9%).

Өткен кезеңде салық салу базасын кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде бюджетке қосымша 958 төлеушілерден 492,5 млн.теңге қаражат түсті, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия бойынша – 2,9 млн.теңге.

Бюджеттің кірістер көлемін ұлғайтудың маңызды құралы ретінде бюджет төлемдерінің бересінінің азаюы болып табылады. 01.07.2014ж. жағдай бойынша бюджет төлемдерінің бересіні 5,3 млн.теңге сомасында қалыптасты.

Бюджет шығындары 100 %-ға орындалды.

 

10. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОҒАУ

Жылдың басынан бастап өткен кезеңде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жұмысқа орналасуға 840 жұмыссыз өтініш білдірді.

Тұрақты жұмыс орындарына 771 адам орналастырылды.

Ақылы қоғамды жұмыстарға 285 адам қатысты.

2014 жылғы 1 жартыжылдықта кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 55 жұмыссыз жолданды, 6 ай мерзіміндегі жұмысбастылыққа балташы, сылақшы, электромонтер, электрдәнекерлеуші, сантехник әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам орналастырылды.

Жоғары және орта білім ордасының 30 түлектеріне жастар тәжірибесі ұйымдастырылды.

Кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылардың саны 8 отбасыға төмендеді, онда – 38 адам тұрады.

Бірінші жартыжылдықта 30 мүмкіншілігі шектеулі адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріді және бәрі жұмыспен қамтылды. 163 адам жұмыспен қамту Жол картасы бойынша қатысуға өтініш білдіріді, оның ішінде 62 адам (38 %) әлеуметтік келісім-шарт жасасты. Оның ішінде, жастар – 31 адам (50%), мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар – 4 адам (6,5%).

Орташа айлық еңбекақы мөлшері жалпы қала бойынша 97 202 теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% артты, оның ішінде өнеркәсіпте – 108 660 теңге немесе 2013 жылдың деңгейіне 3,4%.

11. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Қалада 23 орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік ұйымдар жұмыс атқаруда. Оқушылар саны – 10 829 адам.

2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 29 млн.теңге сомасында 5 білім ордаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша орташа бал 82,5 құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 балға ұлғайды (2013-76,2). Компьютерлік паркі 1923 бірлікті құрады, бір компьютерге оқушылар санының көрсеткіші жақсарды, 6,2-ден 5,3-ке дейін. Сервистіқ қамтуы бар жаңа модификациядағы кабинеттері бар мектептер үлесі 94,4% жоспар тұсында 94,7%-ды құрады. Ағымды жылы тағы 2 химия пәнінің кабинеті іске қосылады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша. Жазғы маусымда жазғы сауықтандыру демалысымен 88,2% қамтамасыз етіледі.

Қалада 13 мектепке дейінгі ұйымдар және 10 мини-орталықтар жұмыс жасайды, онда 1 жастан 6 жасқа дейін - 96%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100% бүлдіршін мектепке дейінгі біліммен қамтылған.

 

12. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ.

2014 жылғы 1 шілде күніне қарсы Балқаш қаласында 78300 адам мекендейді. Бала туу көрсеткіші 5,5%-ға артты (1000 адамға 18,48-тен 19,49-ға). Жалпы өлім көрсеткіші 0,3%-ға төмендеді және 10,50 құрады (2013ж. 6 ай - 10,53), облыстық көрсеткіштен асады - 7,8. Туберкулез ауруы 9,4%-ға төмендеді және 1000 адам тұрғынға 39,7 құрады (2013ж. 6 ай - 43,8), облыстық көрсеткіштен асады - 34,3.Жалпы өлім көрсеткіші 1,6%-ға артты, көрсеткіші 1000 адам тұрғынға 10,34 құрады (2013ж. -10,18), облыстық көрсеткіштен аспайды - 10,6. Туберкулездің бұзылған түрлерімен ауруды және туберкулезден өлімді төмендету мақсатында келесі шаралар өткізілді:

- халыққа флюробайқау жүргізілді;

- жалпы емдік жүйесі және жалпы білім беретін оқу ұйымдарының медициналық мамандарын оқыту;

- флюробайқауды уақытында өту жөнінде халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс белсендірілді.

 

4. Балқаш қаласыны әкімдігің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік бағдарламасымен танысу

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

1.Қала деңгейінде тиімді экономикалық саясат жүргізу;

2.Қала экономикасының сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

3. Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бюджеттік саясатты жүзеге асыру;

4. Бюджеттік инвестицияларды салудың басымды бағыттарын белгілеу;

5. Бюджетті жоспарлау және орындау сапасын арттыру;

6. Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1. Қаланың экономикалық факторларының өзеруіне қауіп-қатер туғызатын мүмкіндіктерді анықтау және дер кезінде әрекет ету;

2. Әртараптандыру және бәсекеге қабылеттілікті қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды бағыттағы секторларын дамыту;

3. Бюджет түсімдерінің және оның игерілуінің тиімділігін арттыру;

4. Бес жылғы мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын әзірлеу;

5. Үш жылғы мерзімдегі бюджеттік параметрлерді әзірлеу;

6. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қалалық құрылымдардың жұмысын үйлестіру

Балқаш қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асу барысы:

- экономиканы модернизациялау және бәсекеге қабылетті өндірістерді дамыту;

- қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі саясатты жүргізу арқылы адами капиталдың сапасын арттыру;

- білім саласының сапасын және қол жетімділігін арттыру, балалар құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі;

- жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару фукциялардың орындалу тиімділігін арттыру;

халықты сапалы түрдегі коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығына қарай моноқаланы оңтайландыру;

- экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту;

- моноқаланың еңбек ресурстарының жұмылуын арттыру;

- моноқаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.

 

 

 

ҚР бюджет заңдарымен танысу.

 

Бюджет процесі туралы базалық заңы:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, принциптерін және тетiктерiн белгiлейдi.

Бюджет жүйесінің құрылымы:

Қазақстан Республикасында бюджеттің үш деңгейі әрекет етеді:

- Республикалық бюджет;

- Облыстық бюджеттер (14) және Астана және Алматы қалаларының бюджеттері;

- Аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері.

Бюджет қаражатын резервілеу әдістерін қолдану (тұрақтандыру қорлары, резерв қорлары, келешек ұрпақ қорлары):

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған Ұлттық қор жұмыс істейді, онда экономиканың мұнай секторынан тікелей салықтар және мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсімдер түседі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.

Жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:

Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;

Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;

Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін.

 

«Балқаш қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ жұмыскерлеріне жалақы төлеу.

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатына­сы, сондай-ақ еңбек ақыны мөлшерлеу мен төлеу мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Кодексімен реттеледі. Мемлекет жұмыс берушілерге еңбек ақы төлеу мөлшерін еркін түрде айқындауға құқық бере отырып, бұрын қолданылып келген еңбек ақының ең жоғары мөлшерін шектеуден бас тартты. Сонымен, мемлекет осы Кодекс арқылы бір мезгілде, жал­данба­лы еңбек­ті әлеуметтік қорғау үшін мемлекет ең төменгі еңбек ақыны заңдық тұрғыдан бекіту жолымен оны төлеудің төменгі деңгейін белгілейді.

Әрбір азаматтың қандай да бір құқығын шектеусіз және ҚР-ның заңдылықтарымен белгіленген ең аз еңбек ақы мөлшерінен төмен емес түрде, еңбегі үшін сыйақы алу құқығы ҚР азаматтары мен адам­дар­дың негізгі құқықтарының бірі болып саналады.

Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау басшының рұқсаты мен бұйрығы арқылы іске асырылады. Жұмысқа алу, еңбек шартын құруды, жұмысшылардың құжаттарымен мемлекеттік мекеменің арнайы кадр бөлімі айналысады. Жұмысқа алу барысында жұмысшы мен жұмыс беруші арасында «Еңбек шарты» құрылады және әр бір жұмысшыға «Жеке карточка» ашылады.

Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Еңбек Кодексінде, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

ММ «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасның»есептеу автоматтандырылған. Әрбір қызметкерге «Жеке карточка» бағдарламада толтырылады. Жеке карточкада қызметкердің аты-жөні, тегі, туған жылы, тұрғылықты мекен-жайы, жеке куәлігінің, СТН-нің, ӘЖК-тың нөмірі, сериясы, зейнетақы шарты, бастықтың жұмысқа алу туралы бұйрығы, қызметкердің оклады, лауазымы, қандай бөлімшеде жұмыс істейтіні, еңбекақыны төлеу кезінде еңбекақы шығынының қандай шотта есептелінуі және т.б мәліметтер көрсетіледі. Аталмыш құжаттың келесі жағында әрбір айдағы есептелген еңбекақының барлық түрлері мен еңбекақыдан ұсталынған сомалар жазылады. Осы мәліметтер бойынша: зейнетақы, жәрдемақы есептеу, демалыс ақыларды есептеу, сырқаттығына байланысты еңбекке жарамсыздығы туралы жәрдемақы, жұмыстан шығу кезіндегі өтемақыларды төлеу үшін кез келген кезіндегі орташа жалақыны оңай есептеуге болады.

ҚР-ның Еңбек кодексінің 10-шы «Еңбекке ақы төлеу» тарауы келесілерді қарастырады: Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: айлық жалақының ең төменгі мөлшерін, осы Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын, үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді, мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді, түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді, жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді, жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды, жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері ҚР-ның сәйкес келетін қаржылық жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Еңбек ақы екі бөліктен тұрады.

1. Негізгі еңбек ақы – нақты жұмыс істеген уақытына немесе кәсіпорында орындалған (дайындалған) жұмыс үшін есептеледі. Негізгі еңбек ақы төлеу екі жүйемен ұйымдастырылады:

1. мерзімдік 2. кесімді

Мерзімдік еңбек ақы деп қызметкерлерге жалақы тарифтік кесте және олардың нақты жұмыс істеген уақыты үшін айлық ақысы бойынша есептелетін еңбек ақы төлеудің түрі аталады.

а) қарапайым мерзімдік;

б) мерзімдік сыйлық ақылық.

Кесімді еңбек ақы төлеу кезінде қызметкерлерге жалақы орындалған жұмыстың немесе дайындалған өнімнің әрбір бірлі­гі үшін алдын ала белгіленген мөлшерде есептеледі. Түрлері: тікелей кесімді, кесімді – сыйақы, кесімді үдемелі (прогрессивті), кесімді жанама (косвенная).

2. Қосымша еңбек ақы – заң бойынша жұмыс істемеген уақытқа саналады, олар: демалыс күндерге ақы төлеу, демалыс неме­се мереке күндеріне ақы төлеу, сыйақы төлеу т.б.

Еңбек ақы, сондай-ақ өзге міндеттемелер ай сайын төленіп тұруы тиіс. «ҚР-ның Еңбек кодексіне» сәйкес, жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек ақы төлеу кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге (жұмыскерге) еңбек ақы бо­ры­шын және өсімді төлейді. Өсім (пеня) мөлшері еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау күніне ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша бел­гі­ленеді және төленуі тиіс (мерзімі мен келісім шартта белгі­лен­ген) келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген календарлық күн үшін есептеледі.

Кәсіпорында еңбек және еңбеақы төлемі тізімдік құрам бойынша ұйымдастырылады. Тізімдік құрам кәсіпорындағы қызметкермен жұмысшылардың тізімі. Осы штаттық кестеде әрбір персоналдың еңбекақы оклады көрсетіледі.

Кәсіпорындардың қатысына қарай жұмысшылар да екі категорияға бөлінеді: өндірістік шаруашылыққа қатысты және өндірістік емес жұмысшылар болып. Бірінші катергорияға негізгі өндірістегі жұмысшылар жатады, екіншіге басқа салалардың жұмысшылары (комуналды шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, оқу, автокөлік, денсаулық т.б.).

Жұмыс істеуіне қарай мемлекеттік мекеме қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді. Жұмысшылар – материалды берекені (благо) құрумен шұғылданатын тұлғалар. Ал, қызметкерлер:

Басшылар – бастық және басқарушылар;

Бас мамандар - бас бухгалтер, бас экономист, бастықтың орынбасарлары, бөлім бастықтары;

Мамандар – салалар бойынша жұмыс орындаушылар,бас мамандар.

Еңбек және еңбекақы деректері (факты, данные) өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. Еңбек және еңбекақы ҚР-ның Еңбек кодексімен реттеледі.

Экономика басқармасының жұмыскерлеріне еңбек ақы есептеу үшін ат­қар­ған жұмысы және өнімі туралы деректер қажет, осы мақсатта бөлім­дер, қызметтер бойынша бөлек, барлық жұмыскерлерге жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелі жүргізіледі. Жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелі атқарған жұмыс уақытының есебі үшін ғана емес, сонымен бірге жұмыскерлердің еңбек тәр­ті­бін бақылау үшін де қолданылады. Табель есебінің маңызы жұмыс­керлердің күнделікті жұмысқа шығуын, жұмыстан қай­ту­ын, кешігудің барлық жағдайларын және себептерін көрсете оты­рып, келмей қалу жағдайларын, сондай-ақ бос тұрып қалу са­ғат­тары мен мерзімнен тыс жұмыс сағаттарын тіркеуден тұрады.

Табель 1 дана болып бөлім меңгерушісімен немесе мастер мен жасалады, бастықпен бекітіліп бухгалтерияға тапсырылады. Жұмыста болған болмаған жағдайлары табельмен тексеріліп отырылады. Мемлекеттік мекеме тізімді жұмысшылары кадрлі бөлімшесінде жүргізіледі. Еңбек есептелерде осы бөліммен де бақылау жасалады.

ҚР Еңбек кодексінің 128 бабына сәйкес, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Ал осы Кодекстің 129 бабына сәйкес түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді. Табельден көріп отырғандай, күзетші Богомолова И.Ю қантар айында 15 күн жұмыста болған. Барлығы осы айда 152 сағат жұмыс істеген, оның ішінде 1 қаңтар Жаңа жыл мерекесінде 10 сағат, ал түнгі уақытта 64 сағат жұмыс істеген. Табельді кассир Айтпаева С.Р толтырған.

Келесі кезекте осы табельдің мәліметтеріне сәйкес еңбекақы есеп айырысу ведомосінде есептелінеді. Құжатта осы ведомостың нөмірі, қай құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлеріне еңбекақы есептелінетіні, қайдай айға есептілінетіндігі көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде жұмыскерлердің аты, бастапқы сальдо, оклад мөлшері, түнгі уақытқа төленетін қосымша төлем, мереке күндері төленетін қосымша төлем сомасы, ЖЗҚ-на зейнетақылық жарнасы, жеке табыс салығының сомасы көрсетіліп қорытынды есептелген еңбекақы сомасы көрсетіледі.

Еңбеақы есептелгеннен кейін ҚР Заңдарына сәйкес міндетті түрде шектелген ұсталымдар есептелінеді, олар:

- қызметкердің берешегі (болса);

- бұрын алынған аванс;

- материалды жауапты адамның берешегі (ондай болса);

- аванстық есептен берешек (болса);

- жеке табыс салығы;

- зейнетақы қорына аударымдар;

- кәсіподақтық төлемдер (болса);

- сот, қағазы бойынша (болса).

«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 1997 ж. 20 маусымдағы N 136-1 Заңының 22 бабында «Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті» деп көрсетілген. Осы заңға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексіне сәйкес еңбекақыдан жеке табыс салығы есептелінеді. Жеке табыс салығы салынатын объекті ретінде жеке тұлғаның мынадай кірісі жатады:

1. төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

2. төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.

Экономика басқармасының қызыметкерлерінің жалақысы:

Бастық – 130000

Орынбасарлары – 110000

Бөлім бастықтары – 90000

Бас мамандар – 50000-70000

Заңгер – 60000

Экономист – 60000

Программист – 60000

Еден жуушылар – 40000

Балташы – 45000

Күзетшілер – 40000

Кеңсе – 35000-45000

«______» ____________________________20____ж./г.

 

Студентті кәсіпорыннан практика жетекшісінің сипаттауы


Дата добавления: 2015-07-18; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Практики от предприятия _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ | ТАУАР АЙНАЛЫМЫ | РЫЛЫС САЛАСЫ | Функциялары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАУАР АЙНАЛЫМЫ| УТВЕРЖДАЮ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)