Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

Читайте также:
  1. Орытынды

Жуырда ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты бас құжаттың ел дамуында үлесі зор екенін айтқан ләзім. «Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар - біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар - электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет» деген жолдар бар онда.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауларынан, алқалы жиындардағы сөздерінен, әсіресе, бизнеске айрықша қолдау білдіретінін байқаймыз. Биыл да ел экономикасының өркендеуінің он бағытын айқындап берді. Елбасы сөзі жансыз емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен түрлі кәсіпорындар мен өнеркәсіптер бой көтеріп, ел игілігіне қызмет ете бастады. Олардың біразын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі салтанатты жағдайда ашқанына куә болдық. Біздің әңгімемізге де арқау болғалы отырған «Амангелді» газ кеніші де Президенттің қолдауымен ірге қалап, айналасын шапағатына бөлеп тұр.
Сонау Кеңес заманында табылған газ кенішін игеруді қазақ үкіметі 2001 жылы ғана қолға алды. Президент тапсырмасының арқасында Әулиеата өңіріндегі газ табылған Жуанқұмға биліктің назары ауды. Содан кейін, нақты қаражат бөлінеді, қызу іс басталады. Байырғы Жуанқұмдағы бірнеше ұңғымалардан әбден пісіп-жетілген газ бұрқағы атқылайды. «Амангелді» газ кеніші осылай жұмысын бастайды, елге игілігін тигізеді, шапағатын шашады, әр шаңыраққа көгілдір отын болып енетіні айдан анық.
Жолдау жолдарындағы басымдықтардың ізімен кенішке үлкен қолдау білдіріліп, содан бері екі миллиард текше метрден астам сапалы көгілдір отын өндірілген екен. Өңір экономикасын көтеруге де айтарлықтай үлес қосып келе жатқан жергілікті газ қазірге дейін 25 ұңғыдан алынып, одан газбен қоса газ конденсаты игерілу үстінде. Мамандар жоғарыдағылардан өзге бұл маңайдан тағы да 8 ұңғыма бұрғыланатынын айтады. Сондай-ақ, Қосқұдық, Сұлтан құдық бойындағы кен орындарын барлау жұмыстары да көңілдегідей нәтиже берген көрінеді. Сонымен бірге Айрақтыдағы бұрынғы бұрғыланған ұңғыларды қалпына келтіру, Жарқұмнан жаңа зерттеліп, газ қоры анықталған орындардан көгілдір отын өндіру жұмыстары да қызу іске аса бастаған. «Амангелді» газ орындары тобына жататын аймақты игерудің қолға алына бастауы еліміздің оңтүстігінде ұзақ жылдар бойы халықаралық стандарттарға сай сапалы өнім алынатынына мамандар зор сеніммен қарайды.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 277 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Амангелді газ кенорны | Кен орнының барланған газ қоры | Кен орнының болашақтағы маңызы | Кен орнының технологиясы және оның ерекшеліктері | Табиғи газдарды күкіртті қосылыстардан және көмірқышқыл газынан тазарту |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы| Введение

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)