Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кен орнының болашақтағы маңызы

Читайте также:
  1. Кен орнының барланған газ қоры
  2. Кен орнының технологиясы және оның ерекшеліктері

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тұсауын кескен кеніштегі газдың бекітілген геологиялық қоры 25 миллиард текше метрді, ал конденсат қоры 2,156 миллиард текше метрді құрайды. Кеніштегі жұмыстарды "ҚазТрансГаз" ЖАҚ жүзеге асыруда. Жоба бойынша, газ конденсаты кенішін игеруге 131 миллион доллар жұмсалған.
«Амангелді» газ конденсаты кен көзін игеру қазақ жұртын өзбек газына тәуелділіктен құтқарды. Стратегиялық мақсатта қолға алынған алып жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылғанын естен шығармаған жөн. Міне, 2003 жылы алғашқы алауын Елбасының өзі жаққан көгілдір отынның ел игілігіне айналғанына он жыл толыпты. Кен орнының іске қосылуына байланысты облыс жұртшылығы тұрақты табиғи және қолжетімді отынмен қамтамасыз етілуде.
Бүгінде өндіріс орнында 200-ден астам адам жұмыс істесе, оның 80 пайызын жергілікті азаматтар құрайды. Қазір «Амангелді» газ кен конденсаты тобы орнында жаңа кен көздерін пайдалануға беру жолында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Келешекте Жарқұм, Анабай, Айрақты, Сұлтанқұдық және Қосқұдық кен көздері іске қосылатын болса, жылына осы аумақтан 600 мың текше метрге дейін табиғи газ өндірілетін болады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Амангелді газ» ЖШС облыстағы ірі салық төлеуші кәсіпорынның бірі болып табылады.
«ҚазТрансГаз» компаниясының еншілес ұйымы - «Амангелді Газ» ЖШС еліміздің оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселе, газға деген тапшылықты жоя отырып, миллиардтық белесті бағындыруда. Мәселен, 2007 жылдың 7 қыркүйегінде алғаш рет 1 миллиард текше метр газ өндірсе, екінші рет 2010 жылдың 28 шілдесінде және үшінші рет 2013 жылдың 24 тамызында биік асулар көптеген істер жасалынып, соның арқасында алынды.
Айрықша атап айтарлығы, соңғы толымды жетістік аталған кәсіпорынның он жылдығына тұспа-тұс келді. Бұл жөнінде компанияның бас директоры Серік Сұлтанғали былай дейді: «Үшінші белес үш жылдан кейін жүзеге асыпты. Жыл аяғына дейін 321 миллион 200 текше метр газ бен 20 мың 500 тонна газ конденсатын өндіруді алға мақсат ретінде қойып отырмыз. «Амангелді» тобының жаңа кен қойнауларын қолданысқа енгізу жұмыстары толыққанды қаржыландырылған жағдайда және қабаттық қысымды қолдау, жаңа пайдаланым ұңғымаларын іске қосу жөніндегі іс-шаралар орындалғанда, жыл сайынғы газ өндіру 2017 жылға қарай, шамамен 400-500 млн. текше метрді құрайды, және кенорны еліміз үшін маңызды болмақ».
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 140 миллион долларды құраған. Оған республикалық бюджет қаржысы тартылды. Дегенмен, «Амангелді» кен қойнауларын одан әрі игеру «ҚазТрансГаз» компаниясының қаражаты есебінен жүргізілді. Бұл кенішті теңдессіз деп айтуға да негіз бар. Өйткені, геологиялық сипатының күрделілігі бойынша Қазақстан аумағында мұның баламасы кемде кем. Қызметінің барлық маусымында «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы - «Амангелді Газ» ЖШС Жамбыл облысындағы көмірсутекті шикізатты кен қойнауларын барлау, өндіру және зерделеу істерімен айналысатын жалғыз кәсіпорын болып қалуда.
«Амангелді газ» ЖШС негізінен газ конденсатын, газ өндіру және барлаумен шұғылданады. Кен көзі 2008 жылдың қаңтарынан бастап өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне көшірілді. Бүгінде мұнда 28 өндіру ұңғысы және 2 бақылау ұңғысы жұмыс істейді. Осында өндіріліп, орталық газ дайындау қондырғысында өңделген өнім Тараз қаласы маңындағы Ақбұлым ауылындағы №5 компрессор стансасына жеткізіледі. 2013 жылдың 24 тамызында Амангелді кен көзінен магистралды газ құбыры арқылы стансаға 3 миллиард текше метр өнім жеткізілді. 2013 жылдың қорытындысында жоспардағы 321200 мың текше метр орнына, 321821 мың текше метр газ өндірілді. Осы мерзімде 20500 тонна орнына 21891 тонна газ конденсаты алынды. Үстіміздегі жылға жоспар бойынша тек қана Амангелді кен орнынан 319000 мың текше метр газ өндіріп, жөнелтуге тиіспіз. Сегіз айдың қорытындысында бұл көрсеткіш 210866 мың текше метрді құрады. Бүгінде кен көзінде тәулігіне орта есеппен 875 мың текше метрге жуық газ өндірілуде.
Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында белгіленген геологиялық-техникалық шараларға сай Амангелді кен орнында ұңғылардың өнім беру қабілетін арттыру мақсатында жер қыртысы қабатын қысыммен жару әдісін пайдаланып, кен орнындағы екі өндіру ұңғысында оң нәтижеге қол жеткізілді. Жыл басынан бері екі жаңа пайдалану ұңғысы игеруге қосылды. Осы жұмыс барысында ұжым мамандары пайдаланудағы ұңғыларға жер қыртысы қабатын қысыммен жару әдісін қайталап жүргізу нәтижесінде ұңғылардың өнім беру мүмкіндігін қалпына келтіріп қана қоймай, өнімділігін әлденеше есе өсіруге болатынын да алғаш рет дәлелдеп берді. Мәселен, №126 пайдалануға енгізіліп жатқан жаңа ұңғыдан қабатты қысым­мен жару жұмыстарының нәтижесінде тәулігіне 200 мың текше метрден астам газ алынып, бүгінде бұл ұңғы технологиялық режимге сай жұмыс жасауда. №111 бұрыннан пайдалануда келе жатқан ұңғы қысыммен қабатты жару әдісін қайта жүргізу нәтижесінде тәуліктік өнімділігі 11 мың текше метрден 80 мың текше метрге дейін артып, мамандардың газ өнімділігін арттыру барысындағы жұмыстарының дұрыстығын және тиімділігін дәлелдеп берді. Бұндай жұмыс­тар келешекте де жалғасын таппақ.
Бұл аумақта көмірсутегі шикізаттарының жаңа қорын табу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Оны игеруде қандай шаралар қолға алынуда?
Елбасымыз Амангелді газ кен орны тобы жобасының игерілу барысын өз назарында тұрақты ұстап отыратыны баршамызға белгілі. Келісім-шартта көзделген көмірсутегі шикізаттарын барлау бағытында аумақта ауқымды сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде «Қосқұдық» және «Сұлтанқұдық» құрылымдарында газ кен орындарын іздестіруге алғашқы болжамдар белгіленіп отыр. «Амангелді газ» ЖШС бұл аумақтағы геологиялық-барлау жұмысын 2014-2015 жылдары толық аяқтауды көздеуде.

Көмірсутегі кен орындарын игеру, оның құрамында Жамбыл облысы бойынша «Амангелді» кенорнынан өнім алуды дамыту, сонымен қатар жаңа Айрақты, Анабай, Жарқұм, Үшарал-Кемпіртөбе кенорындарын игеріп табиғи газ, инертті көмірсутегілерін өндіру көзделіп отыр.
Зерттеу жұмысы жүргізілген Жарқұм газ кен көзінде тәжірибелік өнеркәсіптік пайдалануға беру жүзеге асырылуда. Биыл осы орыннан Амангелдідегі орталық газ дайындау қондырғысына газ жеткізілетін болады. Айрақты, Анабай кен көздерін тиісінше 2018 және 2019 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған кен көздері іске қосылған кезде өндірілетін газ көлемі едәуір өседі.
Өнім сапасын жақсартуда және қауіпсіздікті нығайтуда қандай жұмыстар жүргізілуде.
Серіктестік газ бен конденсат өндірудегі жоспарын тұрақты орындауда. Осы жерден өндірілетін өнімнің калориясы өзбек газына қарағанда 10 пайызға жоғары. Табиғи газ өзімізде өндірілуіне байланысты оның бағасы Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарына қарағанда біршама төмен. Өнім сапасы мемлекеттік стандарт талаптарына толық сәйкес келеді. Оның сапасы аккредиттелген зертханаларда қадағаланады. Кәсіпорында 3 менеджмент жүйесі жұмыс істейді. Мамандарымыз қоршаған ортаға зиянды заттар шығармауға айрықша көңіл бөледі.
Қазір серіктестіктегі 222 адамның 166-сы вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олардың денін жергілікті азаматтар құрайды. Мұнда мамандардың алаңсыз демалуы және денсаулықтарын түзетуі үшін барлық жағдай жасалған. Вахталық қалашықта заманауи үлгідегі тұрғын үйлер, асхана, медициналық пункт, кір жуатын орын, қоймалар, мәдени-спорттық кешен, жылы бокс және басқа да нысандар бар. Мамандардың жалақылары да жыл сайын біртіндеп өсіріледі.

Болжам бойынша, жамбылдық кеніштердің ресурстық қоры 18-20 млрд. текшеметр табиғи газға дейін ұлғаяды, жыл сайынғы газ өндіру көлемі 550-650 млн. текшеметрге жетпек.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Амангелді газ кенорны | Табиғи газдарды күкіртті қосылыстардан және көмірқышқыл газынан тазарту | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | Орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кен орнының барланған газ қоры| Кен орнының технологиясы және оның ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)