Читайте также: |
|
2003 жылғы қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аманкелді газ кенішінде газконденсаты кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға бастау берген болатын. Көгілдір отынды өндірудің алғашқы миллиардтық шебіне 2007 жылы қол жеткізілді, екінші миллиард текше метр межесі - 2010 жылы алынды. Амангелді кенішінде қазір барлығы 27 ұңғы пайдаланылуда.
Сонымен қатар Амангелді газ кенішінде вахта жұмысшылары үшін қолайлы жағдай жасалған, заманауи тұрғын жайлар блоктары, мәдени-спорттық кешен салынды.
Осы жылдың қазан айының бас кезінде екі млрд-тан астам газ және 170 мың тоннадан астам газ конденсаты өндірілді, және аменгелділік көгілдір отынның калориялығы өзбектерген импортталатын газдан орташа есеппен 10%жоғары екенін жеткізді.
«ҚазТрансГаз» АҚ қазір АГК-де геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, Жарқұм, Анабай мен Айрақты кеніштерін барлауды жалғастыруда.
«АГК ресурстық базасы едәуір көп деп ойлаймын. Болжанған мөлшер бойынша, газ көлемі шамамен 15-16 млрд текше метр болады деп болжанып отыр, бұл ретте жаңа кеніштерді кезеңмен іске қосу газ өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырады», - деді А. Рябов.
1975-ші жылы ашылған «Амангелді» газконденсаттық кеніш Талас ауданындағы Мойынқұм маңында, Тараздан шамамен 170 шақырым солтүстікте орналасқан.
Бекітілген геологиялық қоры конденсат бойынша – 2,1 млн тонна, газ бойынша - 25 млрд текше метр. Газ қабаты орташа есеппен 2054 – 2376 метр тереңдікте орналасқан.
Кеніш тәжірибелік-өндірістік пайдалануға 2003-ші жылы қазанда тапсырылды. 2008-ші жылы қаңтардан бастап кеніш өндірістік игерілуде. Амангелді кенішін игеруді «ҚазТрансГаз» АҚ іске асырып жатыр.
АСТАНА, 28 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. 2012 жылы Жамбыл облысы Амангелді кен орнында газ өндіру 324,1 миллион текше метрді құрады, деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.
«Амангелді газ кен орнында жұмыстар жүргізілуде, ол жерде 2012 жылы газ өндіру көлемі 324,1 миллион текше метрді құрады», - делінген алқаның алдында таратылған МГМ-ның баспасөз баянында.
АзТрансГаз» компаниясының еншілес ұйымы – «Амангелді Газ» ЖШС еліміздің оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселе, газға деген тапшылықты жоя отырып, миллиардтық белесті бағындыруда. Мәселен, 2007 жылдың 7 қыркүйегінде алғашқы рет 1 млрд. текше метр газ өндірсе, екінші рет 2010 жылдың 28 шілдесінде және үшінші рет 2013 жылдың 24 тамызында биік асулар алынды.
Осы орайда, соңғы толымды жетістік аталған кәсіпорынның он жылдығына тұспа-тұс келді. Жұмыстағы қол жеткізілген табысты қадамдар мен жаңа жоспарлар жайлы және де газ саласында ықтимал алдағы уақыттағы өзгерістер турасында ҚТГ бас директоры Серік СҰЛТАНҒАЛИ әңгімелеп берді.
АзТрансГаз» компаниясының еншілес ұйымы – «Амангелді Газ» ЖШС еліміздің оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселе, газға деген тапшылықты жоя отырып, миллиардтық белесті бағындыруда. Мәселен, 2007 жылдың 7 қыркүйегінде алғашқы рет 1 млрд. текше метр газ өндірсе, екінші рет 2010 жылдың 28 шілдесінде және үшінші рет 2013 жылдың 24 тамызында биік асулар алынды.
Ал жақында Амангелді кенішінде барланған табиғи газ қоры 20 млрд. текше метрді құрады.
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Аманкелді газ кенішінде үш миллиард текшеметрден астам газ және 250 мың тоннаға жуық газ конденсаты өндірілді.
«Он жыл бойы «Амангелді Газ» ЖШС Жамбыл өңірінде көмірсутек шикізаты кеніштерін барлаумен, өндірумен және игерумен айналысып келе жатқан бірден-бір ұйым болып келеді, - деді «Амангелді Газ» ЖШС бас директорының кеңесшісі Шакизада Ибрайым. Оның осы қызметінің арқасында облыс тұрғындары үшін газдың текшеметрі республика бойынша орта көрсеткіштен төмен бағада болып отыр. Қазір жаңа кеніштерді табу және кейіннен пайдалануға беру үшін кең ауқымды геологиялық-барлау жұмыстары жүргізуде, көмірсутектері шикізатын өндіру көлесін ұлғайтуды жоспарлаудамыз».
Қазірде Жарқұм кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру жұмыстары даярлық кезеңінде, «Амангелді-Жарқұм» газ құбыры құрылысының жобалық құжаттамалары жасалды.
Ауқымды сейсмикалық-барлау жұмыстарының нәтижесінде Қосқұдық және Сұлтанқұдық кеніштерінен көмірсутектер қоры табылды. Айрақты кенішінде №8 бұрғылау ұңғысының құрылысы басталды, Анабай кенішінің көлемін есептеу жұмыстары жүргізілуде. Оларды игеру 2015-2016 жылдарға белгіленіп отыр.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 206 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Амангелді газ кенорны | | | Кен орнының болашақтағы маңызы |